Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Рабочие программы / Урок по химии не тему "Фосфордың оттекті қосылыстары "(10 класс)

Урок по химии не тему "Фосфордың оттекті қосылыстары "(10 класс)

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Химия пәні мұғалімі: Ануова Ж Т

Сабақтың тақырыбы: «Фосфордың оттекті қосылыстары»

Мақсаты:1.Химия пәніне қызығушылықты арттыру,патриоттыққа тәрбиелеу

2.Фосфордың оттекті қосылыстарына сипат беру,физикалық химиялық қасиеттеріне талдау жасау,алынуын,қолданылуын айту арқылы оқушыға біліктілік дағдыларын қалыптастыру.

3.Өзбетінше жұмыс жасауға дағдыландыру,жаттығу орындауға ,білімді пысықтауға икемдеу.1.Ұйымдастыру

2.Ұй жұмысын сұрау

Периодтық жүйедегі орны

1.реттік нөмері

2.Салыстырмалы атомдық масссасы

3.период нөмері (үлкен,кіші)

4.Топ нөмері (негізгі,қосымша)

Атом құрылысы

1.Ядро заряды (z)

2.Электрон саны (е)

3.Протон саны (р)

4.Нейтрон саны (n)

5.Электрондық қабат саны

6.Валенттік электрондардың саны,формуласы

7.Сыртқы қабаттағы электрон саны

Элементтің және оның қосылыстарының қасиеттері

1.Валенттіктері,тотығу дәрежелері

2.Метал,бейметал

3.Ұшқыш сутекті қосылысының формуласы

4.Оксидтерінің қышқылдық-негіздік қасиеттері

5.Гидрооксидтерінің формуласы

Тест сұрақтары

1.Фосфордың ұшқыш сутекті қосылысы ата.

1) аммиак 2)фосфин 3)арсин 4)стибин

2.Фосфорды ашқан ғалым кім?

1)Д. Резерфорд 2)Х.Бранд 3)И.Берцелиус 4)А. Бутлеров

4.Өсімдіктердің дәнінде ,жануарлардың сүтінде,қанда, ми,жүйке ұлпаларында кездесетін элемент қай элемент?

1)фосфор 2)кальций 3)магний 4)фтор

5.Бос күйіндегі фосфор алудағы реактивтерді ата

1)табиғи фосфат,фосфор (Ү)оксиді,көмір

2) фосфор (ІІІ)оксиді ,көмір,азот қышқылы

3)фосфор (Ү)оксиді ,көмір,шыны

4)табиғи фосфат,кремний (ІҮ)оксиді,көмір

Фосфордың жай,күрделі заттармен әрекеттесуі

(V) Р+О2= (V) Р+СІ2 = Са+Р=

(III) Р+О2= (III) Р+СІ2 =

Күрделі заттармен әрекеттесуі

РСІ3+НОН= Р2О3+НОН=

РСІ5+НОН= Р2О5+НОН=

Са3Р2+НСІ=

Білімді жан-жақты тексеру

Нитраттар қасиеттері

Сабағымыздың мақсаты:Фосфордың оттекті қосылыстарының қасиеттері мен қолданылуын үйренеміз.

1-бөлім Фосфор қышқылының дүниеге келуі

2-бөлім Өсіп келеді

3-бөлім Өміріндегі қиындықтар

4-бөлім Жас отбасы болуы

5-бөлім Биік шыңға шығуы

І.бөлім

Мұғалім :Бүгінгі сабағымыз күндегіден өзгеше ,жаңа тақырыпты ертегі айтудан бастаймыз.Бір кездері Химия патшалығында Су Ханшайым мен Фосфор бес валентті оксиді отбасында жас сәби дүниеге келіпті.

Барлығы қуанып,көптен бері өзінің артынан мұрагер болып қалатын ұлды асыға күтіп жүрді .Медбике келіп ұл деп оған көк лента таққанда бірден қызарып кетті.

1-тәжірибе Сынауықтағы фосфор қышқылына лакмусты тамызды ,түсі қызыл түске өзгерді.Қыздың аты-қышқыл ,әкесі -Фосфор еді .Н3РО4

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы фосфордың оттекті қосылыстары және фосфор қышқылы.

ІІ .бөлімСендер бір ауылда өзімен бірге ойнап өскен фосфор қышқылының балалық шағында қандай болғанын айтып берсеңіздер

1.Фосфор қышқылы туралы не білеміз?

-үш негізді

-оттекті қышқыл

-орташа күшті

-Сандық құрамы:үш атом сутек,бір атом фосфор,төрт атом оттек

-сапалық құрамы:сутек,фосфор,оттек

-Лаккмусты қызыл түске бояйды

-ІІІ валентті

-оксидтері Р2О3, Р2О5

-Құрылымдық формуласы

-Қышқыл қалдығы Мағынаны ажыратыңдар

ІІІ.Бөлім

Фосфор қышқылы күн сайын өсіп бой жетті.Жасы-18ге келді.Дүние жүзін аралып көргісі келді,жұмыс жасап өзін көрсеткісі келді.Жолда көп жүрді,әр түрлі кедергілерге кезікті.Бір бұрылыста алдынан үлкен тас шығып онда былай жазылып тұр екен-«Оң жаққа бұрылсаң –қышқылға барасың,солға бұрылсаң тұзға түсесің түзу жүрсең өз жолыңды табасың».Қышқыл көп ойланды.Дұрыс жолды қалай табады көмектесейікші.

1-топ Фосфор қышқылының түзілуі,Негіздік оксидтермен әрекеттесуі

2-топ Физикалық қасиеттері,сілтімен әрекеттесуі

3-топ Алынуы (Лабораторияда,Өнеркәсіпте алынуы),Фосфат ионына сапалық реакция

4-топ Фосфор қышқылының сатылап диссоциялануы.Қолданылуы

4-бөлім Жас отбасын құруы

Бүгін күміс деген жігіт кездесуге келді,ол «Тұз»фирмасында жұмыс жасайтындығы туралы айтты,фосфор қышқылы сол фирмаға жұмысқа тұрды.Екеуі бір жерде жұмыс істеп ,жарасып,үйленуге келісті.Екеуі де үйлену тойына сары киім киіп келді .Неге?

Н3РО4+АgNO3 =

5-бөлім Биік шыңға шығуы

Қорытынды

Үиге тапсырма : «Сабақ ерекшелігі» тақырыбында эссе жазу.







Автор
Дата добавления 31.01.2016
Раздел Химия
Подраздел Рабочие программы
Просмотров90
Номер материала ДВ-399099
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх