Сабақтың тақырыбы:
Күкірт және оның қосылыстары.
Мақсаты:1. Білімділік: Күкірттің
периодтық жүйедегң орны ,атом құрылысы ,табиғатта таралуы қасиеттері ,алынуы
,қолданылуы туралы білімді меңгерту.
2.Дамытушылық:Оқытудың
технологиялары мен элементтерін пайдаланып,тақырып мазмұнын талдауға ,салыстыра
білу қабілетін дамыту танымдық қиыншылықтарын жеңіуге тырысу.
3.Тәрбиелілік:Күкірт
және оның қосылыстарының қолдану саласын,пайда-зиянын айыры білуге
насихаттау,оқушыларды бірлесе жұмыс жасап мақсатқа жетуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:дәстүрлі
Сабақтың түрі: аралас
Ұйымдастыру түрі:Ұжымдық,жеке оқыту
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Деңгейлік
тапсырмалар,Тірек сызбалар арқылы оқыту,Сатылай комплексті талдай
оқыту,Түсіндіре –әңгімелеу,сұрақ-жауап,топтастыру,Ой шақыру стратегиясы
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау кезеңі
Деңгейлік тапсырмалар құрастырдым С ,В ,А
деңгей
С Деңгей
1) Су
қалай қолданылады?
Кесте толтыру, мәнін ашу.
Білетінім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім
келеді
|
|
|
|
В деңгей
Бұл дидактикалық кезеңде ауызша,жазбаша
дағдысын қалыптастыратын тапсырмалардан тұрады.
1) ауызша
1.Судың табиғатта таралуын сипатта
2.Таза судың физикалық қасиеттері қандай?
3.Кермек судың құрамында қай металдардың
тұздары болады?
4.Кермек судың зияндылығы қандай белгілерден
байқалады?
5.Суды тазалауда қандай әдістер қолданылады?
2)жазбаша
2)H2O+Na =
H2O+CaO =
H2O+SO3 =
H2O+CиSO4 =
H2O+Nа2CO3 =
H2O+Ca =
А деңгей.
Есептер шығару.
ІІІ.Білімді жан-жақты тексеру кезеңі
Тірі және өлі табиғат арасындағы су айналымы
туралы әңгімелеп беру.
Дәлелдеп,маңызын түсіндіру.Оқушылардың су
жөніндегі
дәлелдері ,өмірмен байланыстыра келе бірін-бірі
толықтырып тақырыптың мәнін ашып беру керек. Бұл тапсырма оқушылардың өмірмен
байланысын дәлелдейді ,ойлау қабілетін .шапшаңдығын көрсетеді.
ІҮ. Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындау кезеңі
Мына әріптерді дұрыс құрастырсақ атом
атом ядро құрамының формуласы
(16р
16п)16э болатын
белгісіз біл элементтің атауы
пайда болуы керек.
Ол қай элемент?Оқушылар периодтық жүйемен жұмыс
жасап,элементтің атын табады.
Ү.Жаңа сабақты меңгерту кезеңі
1) дидактикалық кезең
Күкірт және оның қосылыстары тақырыбын меңгерту кезеңінде бірінші дидактикалық мақсат тірек сызба арқылы ,сабақ түсіндіремін.Сабақта оқулықтан тыс,қызықты мәліметтер айтып,тарихы туралы әңгімелеп беремін.
Күкіртті тану
Тірек сызба
Периодтық жүйедегі орны Периодтық жүйедегі
орны
электрондық,графикалық
формуласы
табиғатта таралуы
Физикалық қасиеттері
Жай
заттармен әрекеттесуі
Химиялық қасиеттері Күрделі заттармен әрекеттесуі
Алынуы өнеркәсіпте
Лабораторияда
Күкірттің биохимиялық рольі
Маңызды түйін
2)дидактикалық кезең
Сатылай комплексті талдау технологиясы арқылы жаттығу орындатамын,сабақты меңгертемін,бұл тапсырманы әр партаға таратып беремін.Оқушылар
естігенін,көргенін,енді кітаппен жұмыс жасап,тақырып мазмұнын меңгеруді жазбаша түрде жалғастырады.Тиімділігі:оқушы көреді,естиді ,іс жүзінде қолдану дағдысы қалыптасады.Сабақты қабылдау деңгейі төмен оқушыларға ,оқытудың қажетті түрі деп есептеймін.
Сатылай комплексті талдау
Сыртқы деңгейде 6 электрон бар себебі,
Көп тараған ,ертеден белгілі өйткені,
Минералдары
Физикалық қасиеттері
Аллотропиялық түр өзгерістері
Күкірт жылдам суланғаннан,
Күкірт суда ерімейді себебі,
Күкірттің ІІ ден басқа ІҮ,ҮІ валенттілік көрсетуінің себебі,
Күкірттің қалыпты жағдайда белсенділігі төмен бірақ,
Күкіртсутек түзеді себебі,
Оксидтер түзеді себебі,
Күкірт қышқылын,сульфидтер түзеді себебі,
қолданылуы
Алынуы Өнеркәсіпте- Күкіртті немен балқыту арқылы,
Лабораторияда- Күкіртті тотықтыру арқылы,қай қосылыстар...
Күкірттің беріктігі ,серпімділігі жоғарылайды себебі,
Эбониттің қатты болу себебі,
ҮІ. Жаңа тақырыпты
«Топтастыру»стратегиясы тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар қоямын.
ҮІІ.Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
«Ой шақыру»стратегиясы арқылы өтілген
тақырыпты бекітемін.
ҮІІІ.Үйге тапсырма:Күкірт және оның
қосылыстары. №6 жаттығу
Бағалау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.