Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Урок по информатике на тему "Ақпарат тасуыштар" (7 класс)

Урок по информатике на тему "Ақпарат тасуыштар" (7 класс)



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Пән: Информатика Күні: 08.11.15 Сынып: 7 :


Сабақтың тақырыбы:Ақпарат тасуыштар


Сабақтың мақсаты:

- оқушыларға ақпаратты жазу мен оқу, иілгіш және компакт-дискілер сияқты ақпарат тасуыштар туралы түсінік беру; дискіжетек, USB-порты, CD-ROM мен DVD-ROM жұмыстарымен таныстыру;

- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту; шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;

- оқушыларды ақпараттық мәдениетке, тәртіпке, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі:аралас сабақ


Көрнекілік: ДК, интерактивті тақта, электрондық оқулық, қатқыл диск, иілгіш және компакт-дискілер, дискіжетек, дәптер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Интерактивті тақтамен жұмыс. Оқушылар топтарға бөлініп, тапсырмаларды орындайды.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.


Сыртқы жад.

Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Біздің білетініміздей, файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналаса алады. Сыртқы жад – бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш, компакт және флеш-диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет.

Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша – магнитті, магнитті-оптикалық, оптикалық болады. Соңғы уақытта IBM типі Pentium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-оқу әдістерін қолданылады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге кіретін қатқыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді, флеш-дискілерді жатқызуға болады.

КОМПЬЮТЕР ЖАДЫ

Ішкі жад

Сыртқы жад

Магнитті таспалар

Магнитті дискілер

Лазерлік дискілер

Қатқыл диск

Иілгіш диск

ОЖҚ (оперативті жадтау құрылғысы)

ТЖҚ (тұрақты жадтау құрылғысы)

Стример

Флеш- дискілер

Сыртқы жад – бұл компьютерді өшіргеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.












Иілгіш диск (дискета)

Иілгіш дискілер (дискеттер, англ. floppy disk - флоппи-дискілер).

Флоппи-диск – төзімділігі жеткілікті және өлшемі тұрақты, арнайы пленкадан жасалған тегіс диск. Оның ферромагниттік қабаты бар және қорғаушы конвертке салынған (дискеттің қабы).


Тығыздығы жоғары идентификатор

Дискет таңбашасы дискеттің мазмұның жазып қою үшін керек.

Жазудан қорғау терезесі, ол маңызды ақпаратты абайсыз жоюдан сақтауға арналған

Жұмыс алаңының қорғаушы пердесі қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларын қорғауға арналған.

hello_html_m4e86cca8.gifДискеттің құрылымы









Магниттік дискіде ақпарат қалай орналасады?






Жолдар - бұл концентрлі шеңберлер, оларда ақпарат орналасады.


Сектор – бұл түрлі жолшықтардағы нөмерлері бірдей деректер жиыны.








Дискетті бірінші рет қолдану алдында әдіспен оны форматтау қажет. Бұл арнайы бағдарламалардың көмегімен орындалады. Форматтау кезінде әдетте дискеттің беті тексеріледі.Жаңылыстар байқалған учаскелері дефектілі деп белгіленеді де, ол бөліктерге ары қарай жазу жүргізілмейді. Кейбір өндірушілер дискілерді форматтап шығарады. Стандартты компьютердің бір үшдюймдық дискіжетегі – 1,44 Мб болады.


Қатқыл диск (винчестер, англ. HDD — Hard Disk Drive)hello_html_m726c0fab.gif

Қатқыл магнитті дискідегі жинақтауыштар немесе винчестер – бұл дискілер жиыны бар (екі жақ бетіне де ақпарат жазылатын, жылтыратып тегістелген ферромагнитті қабаты бар мүлтіксіз жазық бірнеше пластина), жетекпен бірге жинақталған (сәйкес электронды басқару схемасымен оқу – жазу механизімінің үйлесуі) жадтайтын құрылғы. Қатқыл магнитті дискілердің жинақтауыштарда бір емес, бір блокқа жиналған магнитті бастиектер тобы жұмыс істейді. ЭЕМ қосылып тұрғанда дискілер пакеті үзіліссіз және үлкен жылдамдықпен айналады, сол себепті бастиектер мен дискілердің механикалық түйісуі (котакті) мүмкін емес. Әрбір бастиек диск бетінің үстінде 0,5-0,3 микрон қашықтықта «жүзеді». Жинақтауыштың электромеханикалық бөлігі механизмге шаң тимеуі үшін, герметикалы корпусқа салынған. Винчестер әдетте жүйелік блоктың ішіне орналастырылады және ақпараттың өте үлкен көлемін тұрақты сақтауға арналған.

Қатқыл дискінің схемасы.

Металл дискілер

Жалпы айналу осі

Бастиектер жетегінің иығы

Оқу-жазу бастиегі












Стример

Стример (ағылш. streamer) - үлкен көлемді ақпараттарды резервтті көшіруге арналған құрылғы. Тасымалдаушы ретінде 1-2 Гбайт және одан да жоғары магниттік лентасы мен кассетасы бар. Сыймдылығы 4 Тбайтқа (терабайт) дейін.




Компакт-диск

Компакт-диск – бұл металмен қапталған оптикалық диск, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 600-700 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы жоқ. Компакт-дискілер арнайы орауышта сақталады.


Лазерлік дискіні құрайтын қабаттар:

Көркем сурет.

Түссіз пластик.

Желімді қабат

Шағылдырушы қабат


Түссіз пластик

Иілгіш және компакт-дискілерде сақталған ақпаратпен жұмыс істеу үшін тиісті жинақтауыштарды қолданады. Жинақтауыш – бұл жадтайтын құрылғы, ол ақпараттың үлкен көлемін ұзақ уақыт сақтауға (электр қоректендіруінен тәуелсіз) арналған. Жинақтаүышты тасуыш пен (дискілер) тиісті жетектің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Иілгіш дискілер (дискіжетек) мен компакт – дискілерге (CD-ROM) арналған жинақтауыштар-ауыстырмалы тасуыштарға арналған жинақтауыштар, ал винчестер – ауыстырмалы емес жинақтауышқа арналған. Жетек бұл оқу-жазу механизімі мен электрондық басқару схемасының үйлесуі болып табылады.


Флеш-жад

Флеш-жад – деректерді жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін тегіс корпусқа енгізілген микросхема. Флеш-жадқа жазылған ақпарат ұзақ уақытқа сақталады. Магниттік және оптикалық дисководтарға қарағанда флеш-жад тұтас және энергияны азырақ тұтынады. Флеш-карталар портативті құрылғыларда пайдалануға өте ыңғайлы.

Ақпаратты оқу және жазу үшін жадтың картасы компьютерге қосылған USB-портқа немесе мобилді құрылғыларға (цифрлық видео және фото аппаратура, мобильдік телефон және т.б.) кірістірілен жинақтауыштарға енгізіледі.

Флеш-дискілердің сыймдылығы 64 Гбайтқа дейін

Флеш-карталардың сыймдылығы 32 Гбайтқа дейін





Дискіжетек – бұл дискідегі оқуға және жазуға арналған құрылғы.

Дискіжетек - бұл иілгіш магнитті дискілерден ақпаратты оқуға және жазуға арналған құрылғы. Ол компьютерде тұрақты түрде қолданылмайтын ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыру және сақтау үшін қолданылады. Ақпарат иілгіш магнитті дискіге тікелей жазылады. Дискіжетектер екі өлшемді болады – бес дюймді (ол 1995 жылдан бері шығырылмайды) және үшдюймді болады.

Үшдюймді дискіжетектер 1,44/2,88 Мб жазуға мүмкіндік береді. Қатты пластикалық корпус дискеттің бетін сыртқы зақымданудан қорғайды.


CD-ROM және DVD-ROM

Компакт-дискілерге арналған дискіжетектердің көмегімен компьютерлер арнайы компьютерлік компакт-дискілерді оқи алады және дыбыс картасы болса, аудиокомпакт-дисілерді ойнатады.

CD-ROM компакт-дискілерінде қолданылатын ақпаратты цифрлық жазу әдісі оларға жазуға және бір-ақ тасымалдауыштан мүлде әр түрлі ақпаратты - әріпті-цифрлі, дыбыс, (музыка және сөз), графикалық, сондай-ақ түсті қозғалмайтын және қозғалатын кескіндерді шығаруға мүмкіндік береді.


CD-RW және DVD-RW приводтары деректерді компакт-дискіден оқуға және оған жазуға мүмкіндік береді.


IV. Бекіту.


1. Тақтадағы рефлексивті экраннан фразаның басын таңдап, әр оқушы сабақ туралы бір сөйлеммен өз пікірін айтады.

Бүгін мен .................................. білдім.

...................................... қызықты болды.

....................................... қиын болды.

Мен ...................................... үйрендім.

Мен тапсырмаларды ................................ орындадым.

............................ орындап көремін.

............................... мені таң қалдырды.

Өмір үшін сабақ маған ...................... берді

......................... мен орындай алдым.

Енді мен .............................істей аламын.

2. «Комплимент» жаттығуы. Оқушылар бір-бірін бағалайды, сабаққа бір-бірінің қосылған үлесі туралы айтады да, бір-біріне және мұғалімге алғыс айатды.


VI. Үй тапсырмасы.. Ақпаратты тасымалдаушылар. Мәнжазба


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-232659

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>