Инфоурок Информатика Другие методич. материалыУрок по информатике на тему "Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар "

Урок по информатике на тему "Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар "

Скачать материал

Пәні: Информатика   6-сынып
Сабақ тақырыбы: Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

Сабақтың мақсаты:

• Оқушыларды компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан қорғану әдістерімен таныстыру. Аса белгілі вирусқа қарсы программаларды қарастыру;
• Оқушыларды “Вирус”, қайдан пайда болғанын, олардың таралу жолдарын, сол сияқты вирусты жоятын “Антивирус” ұғымымен, негізгі қызметімен таныстырып, жұмыс істеу ережесін меңгерту;
• Компьютерлік вирустар туралы түсінік бере отырып, ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
• Оқушыларды жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Оқу нәтижесі: Оқушылар вирус ұғымын, вирусқа қарсы программаларды, өз компьютерлерін вирустан сақтауды, қорғауды, вирустардан тазартуды біледі.
Негізгі идеялар: Бірлескен жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.
Сабақта қолданылатын материалдар: ДК, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, оқулықтар, дәптерлер,  видео, тұсаукесер
.
Оқыту әдістері: Практикалық элементтері бар, көрсетіп түсіндіру сабағы. АКТ қолдану
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
(3 мин) Оқушылармен амандасу, түгендеу. Оқушылар шаттық шеңберіне жиналады. Бір оқушы қасындағы көршісіне жақсы лебіз білдіреді. Екінші оқушы үшіншіге т.с.с амандасады

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 6 мин )
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
1. Ақпараттың қасиеттерін түсіндіретін мысалдар келтіріңдер:
Шындық
Толықтылық
Дұрыстылық
Дәлдік
Өзектілік
Құндылық
2.
Сөйлемдерді аяқтаңдар:
Егер ақпарат біреуге қажет болса және оны пайдалану мүмкін болса, онда ... . Ақпарат ... шындықты бейнелейді.
Барлығына түсінікті тілмен берілген ақпаратты ... деп атайды. Егер ақпарат шешім қабылдауға жеткілікті болса, ... . Дәл уақытында алынған ақпарат ... болады.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин)
Компьютерлік вирустар тарихы дербес компьютерлер пайда болған уақыттан басталды. Вирус – өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа. Компьютердің зақымданғанын білдіретін көрсеткіштер бар. Егер сендер компьютерде ақылға қонымсыз «оғаш» дүниелер орын алып жатса, атап айтқанда:
• Экранға қарастырылмаған хабарлама немесе кескіндер шықса;
• Жоспарланбаған дыбыстық сигналдар берілсе;
• Күтпеген жерден DVD-ROM – құрылғылар тартпасы ашылып және жабылып қалса;
• Компьютерде сендердің қатысуларыңсыз қандай да бір программалар іске қосылса;
• Сендердің ешқандай программа қоспағандарыңа қарамастан, жедел жад бітіп жатыр деген хабарлама берілсе, онда үлкен ықтималдықпен сендердің компьютерлерін вируспен зақымданған деп болжауға әбден болады.
Вирусқа қарсы программа (антивирус) – зақым әкелетін нысандарды анықтауға және вирус жұққан файлдарды емдеуге, сондай-ақ файлдардың немесе операциялық жүйенің тұтастай зақымдануының алдын алуға арналған программа. Орындарында отырып, тақтаға қарайды, керекті мәліметтерді дәптерлеріне көшіріп алады.

IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс. (7 мин)
25-27 б.б. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
ДК–ін қосып деңгейлік тапсырмаларды орындау.
А деңгейін орындағандар –«3» деген баға алады;
А және В деңгейлерін орындаған оқушыларға – «4» деген баға қойылады;
А,В және С деңгейлерін орындаған оқушыларға «5» деген баға қойылады. А деңгейі
1. Microsoft Security Еssentails программасымен (немесе) өздерінде бар антивируспен өз бумаларыңды тексеруді орындаңдар.
2. Программаны іске қосыңдар.
3. Үйге тіркеме бетінде Тексеру параметрлері – Ерекше (Особая) ажыратып-қосқышын тағайындаңдар.
4. Тексеру батырмасын шертіңдер, өз бумаларыңды көрсетіңдер. ОК-ді шертіңдер.
5. Сканерлеу нәтижесінің соңын күтіңдер.
6. Жұмыс нәтижесін мұғалімге көрсетіңдер.
В деңгейі
1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. Microsoft Security Еssentails программасының баптауларын өзгертіңдер.
3. Параметрлер тіркеме бетіне ауысыңдар.
4. Сол жақтағы тізімнен Үнсіз келісім бойынша әрекеттер (Действия по умолчанию) бұйрығын таңдаңдар.
5. Хабарлаудың ауыспалы деңгейі үшін Жою бұйрығын таңдаңдар.
6. Сол жақтағы тізімнен Толығырақ (Подробно) бұйрығын таңдаңдар.
7. Ағытылатын тасығыстарды тексеру (Проверять съемные носители) параметрін белгілеңдер.
8. Жұмыс нәтижесін мұғалімге көрсетіңдер.
С деңгейі
1. В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
2. Microsoft Security Еssentails программасының (http://windows.microsoft.com/ru.ru/windows/security-utilities) жүйеге қандай талаптар қоятынын оқып – біліңдер.
VI. Cергіту сәті
(2 мин) Қол саусақтарына арналған жаттығулар
• Алақанды уқалау.
• Қолды қысу
• Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
• Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
• Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса Жаттығуды
орындарында отырып орындау.
VII. Қорытындылау (5 мин) Тест
1. Вирус – ол...
А) дискілерді тексеру құралы
В) файлдарды көшіруге арналған программа
С) операциялық жүйедегі қателердің салдары
D) көбеюге қабілетті зақымдаушы программа +
2. Вирустың компьютерге өтуінің көзі бола алмайтын құрылғы?
А) модем +
В) электрондық пошта
С) қатты диск
D) ажырап алынатын тасығыштар
3. Антивирус – ол...
А) файлдарды сығуға арналған программа
В) файлдарды көшіруге арналған программа
С) компьютерлік вирустарды жоюға арналған программа +
D) вирустарды құруға арналған программа
4. Антивирус не істей алмайды?
А) файлдарды сканерлей алмайды
В) мұрағаттарды қарай алмайды
С) файлдарды қайта қалпына келтіре алмайды
D) файлдарды сығыстыра алмайды +
5. Компьютердің вируспен зақымданудың алдын алудағы бұрыс кеңесті табыңдар.
А) бейтаныс адамдар жіберген хаттарды және хаттардың тіркемелерін ешқашан ашпау
В) компьютерде «әкімшілік (администратор)» мәртебесінде емес, шектелген есепке алу жазбасында жұмыс істеу
С) компьютердегі барлық бумаларға толық қол жеткізу құқын әрқашан ашып қою +
D) вирусқа қарсы қорларды жүйелі түрде жаңартып отыру.
VII. Үйге тапсырмасын беру (2 мин) § 4 оқу. Қорытынды жасайды, ой толғайды.

«Вирустың таралу жолдары мен шығу тарихы» реферат жазу Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
IX. Бағалау
(2 мин)
Әр оқушыға жеке тұлға ретінде баға беру. (жарайсың, қолыңнан келеді, көп еңбектендің) Бір- біріне баға береді, ұнаған жерлерін айтып пікір таласады
X. Рефлексия
(2 мин )
Білемін
Білдім Білгім келеді

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по информатике на тему "Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 820 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.12.2015 652
    • DOCX 39.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем 1 Жұлдыз 2. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    1 Жұлдыз 2
    1 Жұлдыз 2
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8368
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Разработка и сопровождение требований и технических заданий на разработку и модернизацию систем и подсистем малого и среднего масштаба и сложности

Системный аналитик

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 685 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 808 человек

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 154 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 717 человек

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе