Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Урок по информатике на тему "Файл, бума, жарлық"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Урок по информатике на тему "Файл, бума, жарлық"

библиотека
материалов

Күні: 21.11 – 5 «А»


Сабақтың тақырыбы:

Файлдар, бумалар және жарлықтар.

Сабақтың мақсаты:



Білімділігі:


Файлдар, бумалар және жарлықтар құру, атын өзгерту тәсілдерімен танысу және жұмыс жасауды үйрену.

Дамытушылығы:


Жаңа мәліметтер арқылы білім қорын көбейту, ой-өрісін дамыту, «білсем» деген дағдыларын қалыптастыру, қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік мәні:

Компьютерде жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу



Сабақта қолданылатын көрнекілік:


компьютер, слайд, кестелер, таратпа қағаздары

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап арқылы түсіндіру


Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылардың көңіл-күйін сүрау, сабаққа қатысуын тексеру.

2. Оқушыларды сабаққа бейімдеу, сабаққа дайындық барысына шолу жасау

3. Оқушыларды топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Сәйкестендіру тесті. Терезенің түрлерін анықта




1

hello_html_5ae21066.png

А

Қапшық терезесі

2

hello_html_44150b49.png

Б

Қосымша терезесі

3

hello_html_m4f4e24c7.png

В

Анықтама терезесі

4

hello_html_2a469d2e.png

Г

Сұхбаттық терезесі


  1. Әр топтан терезенің түрлерінің анықтамаларын, бір-бірінен айырмашылықтарын сұрау


ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау


ІҮ. Жаңа сабаққа кіріспе

Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсаты айтылады.


Ү. Жаңа сабақ.

І кезең. Жаңа сабақты түсіндіру (презентация бойынша)

Компьютердегі барлық ақпарат белгілі бір тәртіппен орналасады. Ол тәртіп файлдық жүйе деп аталады. Файлдық жүйенің негізгі нысандары: файлдар, бумалар, жарлықтар. Файл дегеніміз – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі, яғни белгілі бір атпен дискіге жазылып сақталынып қойылған мәлімет (оның аты 255 символдан аспауы керек). Файлдар дискіде белгілі мөлшерде орын алып тұрады, оны берілген аты бойынша кез келген уақытта ашып, мазмұнын экраннан көруге болады.

Әр файлдың аты болады. Оның оң және сол жақ бөліктерден тұратын екі аты болады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және олар файлдың типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін жетеді.

Компьютер файлдың типі бойынша оның программа немесе құжат екендігін анықтайды. Егер файлдың типінде .ехе немес .сом белгілеулері тұрса, онда бұл программа болғаны. Ал қалған белгілеулерді компьютер құжат деп анықтайды. Файл типтері:

.bmp - Paint графикалық қолданбасының суреті

.doc - Word және WordPad мәтіндік редакторларының құжаттары

.txt - Блокнот қолданбасының құжаты

.wav - Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы

.avi - бейнеклип

.xls - Excel

.ppt - Power Point


Файлдарды реттеу үшін бумалар құрылады.

Бумалардың түрлері:

Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесі өзі құрып, пайдаланушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге орнын алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады.

Жұмысшы бумалар. Пайдаланушының өзі құрады.

Жарлық – нысанға қол жетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші. Жарлық программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы тез ашуға арналған.

Жарлықты файлдан немесе бумандан ажырату үшін жарлықтың төменгі сол жақ бұрышында сілтеменің суреті салынады, ал файл мен бумада мұндай сілтеме болмайды. Егер файлды немесе буманы жойсақ, программа жұмысын тоқтады. Ал жарлықты жойсақ программаға ештеңе болмайды.


Жаңа бума құру

Жаңа буманы дискіде, бума ішінде құруға болады. Ол үшін:

1. Жаңа қапшық құрылатын орынды көрсету қажет. Мысалы: Мои документы қапшығының терезесін ашамыз.

2. Терезенің бос жерінде тышқанның оң жақ батырмасын шерту. Контекстік менюден Создать–Папку командасын таңдаймыз.

3. Новая папка деген атауы бар белгіше пайда болады. Пернетақтадан буманың жаңа атын енгізіп, ENTER пернесін басамыз.


Жұмыс үстелінде жарлық жасау үшін:

  1. Жарлық жасайтын объектігі тышқан нұсқағышын орнатып, оң жақ батырмасын шерту.

  2. Пайда болған контекстік менюден Отправить- Рабочий стол (создать ярлык) командасын орындау.


Нысандардың атын өзгерту үшін:

  1. Атын өзгертетін файлда немесе бумада тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз.

  2. Контекстік менюден Переименовать командасын таңдаймыз.

  3. Пернетақтадан жаңа атын енгізіп, ENTER пернесін басамыз.


ҮІ. Сабақты бекіту.

ІІ кезең. Практикалық жұмыс

А деңгейі

  1. «Менің құжаттарым» бумасында өз есіміңмен аталатын жаңа бума құр.

  2. Өзің құрған бумаңа жұмыс үстелінде жарлық құр.

  3. Құрған жарлықтың атын өзгерт


В деңгейі

  1. Өз есіміңмен аталатын бумада бірінің ішіне бірі салынған үш бума құр.

(Өз есімің– 5сынып– Инфор)

  1. Екінші буманың атын өзгерт (5сынып бумасын Компьютер деп өзгерт).

  2. Құрылған үшінші бумаға (Инфор) жұмыс үстеліне жарлық құр.


С-деңгейі

  1. Блокнот программасында жарлық құру тәсілін жаз.

  2. Құжатыңды Жарлық деген атпен өз есіміңмен құрған бумаңа сақта.

  3. Осы бума үшін жарлық құр.

  1. Жұмыс үстелінде өзің құрған жарлықтарды өшір.


ҮІ. Сабақты қорытындылау

Сәйкестігін тап

1

hello_html_m2b3b8a19.png

А

Файл

2

hello_html_m2b3b8a19.png

Б

Жарлық

3

hello_html_m2b3b8a19.png

В

Бума


ҮІІ. Оқушылар білімін бағалау.


ҮІІІ. Үйге тапсырма: §11 оқу, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау


Тексерілді ………………..



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-333626

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"