Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Научные работы / Урок по информатике"Үздік информатиктер"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Урок по информатике"Үздік информатиктер"

библиотека
материалов

««Біле бер, қанша білсең, - тағы тіле,

« Жетерсің мұратыңа біле, біле». Жүсіп Баласағұн

Сайыстың мақсаты:

  • Оқушылардың «XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру» жайында білімдерін тексеру.

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

  • Оқушының логикалық ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін дамыту.

  • Ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

  • Сабақтың тақырыбы : «Үздік информатиктер» викторинасы
    Сабақтың мақсаты :
    Информатика пәні бойынша білімдерін анықтау.
    Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
    Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыны анықтау.
    Көрнекілігі : дк құралдары, слайд, интерактивті тақта, видео проектор.
    Сабақтың түрі : ойын сабақ.
    Сабақтың барысы :
    Ұйымдастырылуы :
    -Оқушыларды түгендеу.
    -Қауіпсіздік ережесін сұрау.

    Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыны анықтау үшін әр сұраққа жауап бергені үшін жұлдызша беріп отырамыз.Ең көп жұлдызға ие болған оқушы «Үздік информатиктер- 2016» атанады.
    Сайыс барысы :
    Таныстыру

  • “Қайталау-оқу айнасы” сайысы

  • “Мақал-сөз мәйегі”

  • “Тест тұрақтары?”

  • “Кім білімпаз”

  • “Венгр сөзжұмбағы”

  • “Қызықты тапсырмалар”

  • Бәйге

  • “Дешифратор”

  • “Кім жүйрік”

  • “Ғажайып тоғыздық”

  • “Кім тапқыр”

  • Есептер шығару

  • “Кім жылдам”

  • “Адасқан әріптер” “Үздік информатиктер-2016” анықтау.

Оқушыларды екі топқа бөлеміз:

1 1.Жас информатиктер

2 2.Интернет

  • Таныстыру

Ойын толқын жатқанда асып, тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңседе, жеңілсе де қалма жасып.

Көрермен жиналған бұл тамашаға Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа , сыныптас, танысқа емес Соқ қолыңды білімді жас таланттарға.

  • Қайталау-оқу айнасы” сайысы

1.Операциялық жүйе неше бөліктен тұрады? (ядро, интерфейс, драйвер)

2. Түрлі рең таңдау үшін қолданылатын түстер кешен? (палитра)

3.Вирустар қалай жұғады? (Дискеттер;Лазерлік дискілер;Компьютерлік желілер)

4. Компьютерлік вирус түрлерін ата? (Троян,файлды, жүктейтін, макро, драйвер, желілік)

5. Антивирус типтерін ата? (Детектор - программалар; Доктор - программалар;



Ревизор – программалар; Фильтр – программалар)

6. Слайдтың фонын қою үшін? (Формат-Фон)

7. PowerPoint бағдарламасында жасалған файлдың кеңейтілуі: (. рpt)

8. Компьютердегі мәліметтерді сақтайтын негізгі құрылғы қалай аталады?

(Қатты диск)

9. Қағазға шығаратын модем (факс)

10. Power Point-та сақталған құжат не деп аталады? (слайд)

Тойлатып , додаласып , өлеңдесіп, Достарым отырсың ба елеңдесіп.

Ата-салт, баба дәстүр жолыменен, Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

Білімнің ұшқырлығы ғылым деген , Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

  • Мақал-сөз мәйегі”

1.(Компьютер) ...............даму бұлағы

2.(Калькулятор)............-дұрыс шешім

3.Ер (ұлсыз).............., компьютер (жүйелік блоксыз)................ болмас.

4.(Колонкасыз).................. компьютердің үні шықпас.

5.Информатика (пәнін оқысаң ерінбей).......(компьютерді жетік білерсің)..........тіленбей.

6.Жігітті компьютеріне (қарап бағала)................

7.(Күлсең ескірген).............. компьютерге күл.

8.Вирустан (қорыққан)............... интернетке (шықпас)...............

9.(Антивирусы)........... күшті компьютерді вирус ала алмайды.

10.Компьютерде (екі колонка)........... жер (жарады)...............

  • Тест тұрақтары?”

 1. Компьютер сөзі қай тілден аударылған?

А) латын

Б) ағылшын

С) грек

2. Компьютер сөзін ағылшын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

А) жұмыс

Б) тапсырма

С) есептеуіш

3. Адам мен компьютер арасында мәлімет алмасуды жүзеге асыруды не деп атаймыз?

А) жетекшегіш

Б) өзқосынды

С) амалдық жүйе

4. Компьютер алдында күніне неше сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды?

А) 5 сағат

Б) 6 сағат

С) 8 сағат

5. Компьютердің негізгі тораптарын қамтуды не деп атаймыз?

А) амалдық жүйе

Б) мультимедия

С) жүйелік қорап

6. Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет не арқылы өңделеді?

А) СД және DVD диск

Б) аналық немесе жүйелік тақша

С) желілік орта

7. Компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға не мүмкіндік береді?

А) дыбыстық тақша

Б) әріптік-сандық

С) жетелік

8. Корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштарды не деп атаймыз?

А) файл

Б) себет

С) порттар

9. Мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін жасайтын құрылғы?

А) парақ

Б) вирус

С) мәтіналғы

10. Дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы?

А) пернетақта

Б) колонка

С) модем

11. Компьютерге ақпарат енгізу және оның жұмысын басқару үшін пайдаланылады?

А) пернетақта

Б) порттар

С) диск

12. Өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне бетті жүгіргіні жылжытатын шағын манипулятор

А) процессор

Б) монитор

С) тінтуір

13. Дербес компьютерлерде тілдесудің түрін не деп атаймыз?

А) қосымшалар және құжаттар

Б) әмірлік және терезелік

С) мәтінмәндік мәзірлер

14. Пайдаланушының құжаттарын қамтиды?

А) баптау

Б) себет

С) менің құжаттарым

15. Файлдар мен қалталарды жою кезіндегі қосымша қауіпсіздік құралы

А) бағдарламалар

Б) анықтама

С) себет

16. Бейне беттегі жиектермен қоршалған тік төртбұрышты аймақ?

А) терезе

Б) пернетақта

С) процессор

 

1. Компьютердің негізгі тораптарын қамтитын қорап?

А) желілік орта

Б) жүйелік қорап

С) себет

2. Компьютерде жұмыс істеу негізінде барлық мәлімет қандай тақша арқылы өңделеді?

А) аналық немесе жүйелік

Б) тінтуір

С) пернетақта

3. Сызбалық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы?

А) принтер

Б) пернетақта

С) колонка

4. Мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін жасайтын құрылғы?

А) порттар

Б) желілік тақша

С) сканер

5. Дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы?

А) колонка,

Б) монитор

С) сканер

6. Бейне беттегі жиектермен қоршаған тік төртбұрышты аймақ

А) жүйелік қорап

Б) тінтуір

С) терезе

7. Корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады

А) терезе

Б) порттар

С) принтер

8. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар?

А) жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір

Б) модем

С) тінтуір

9. Мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге пайдаланушы мен компьютер арасындағы ақпараттың байланысты қамтамасыз етуге арналған құрылғы

А) монитор

Б) терезе

С) сканер

10. Компьютерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы?

А) монитор

Б) модем

С) пернетақта

11. Қандай амалдық жүйесінің негізгі нысаны терезе болып табылады?

А) желілік тақша

Б) порттар

С) Windows

12. Дәл кәзір іске қосылып тұрған бағдарламалардың бір бөлігін, сондай-ақ жүйелік уақытты көрсетеді?

А) индикаторлар үстелі

Б) желілік орта

С) бастау

13. Терезелердің белгішелері тапсырмалар үстелі бастау батырмасы орналасады?

А) құжаттар

Б) бастау

С) себет, желілік орта

14. Өзін тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні жүргізетін шағын манипулятор

А) тінтуір

Б) пернетақта

С) монитор

15. Бұл алуан түрлі тасмалданушылардан мәліметтерді шығарып оқуға және жазуға арналған физикалық құрылғылар

А) диск жетектері

Б) процессор

С) тұрғылықты диск

16. Микропроцессор компьютердегі мәліметтер өңдеу құрылғысы

А) дыбыстық тақша

Б) процессор С) жүйелік қорап



Практикалық тапсырмалар:

Дайын кестелік мәліметтерді пайдаланып әр түрлі диаграммалар құру. Кестеде әр түрлі материалдан жасалған денелердің массасы мен көлемі туралы мәліметтер берілген. Әр материалдың тығыздығын анықтап, гистограмма түрінде диаграммасын сал.

материал

масса, кг

Көлем, куб.дм

қола

973,40

124

Шойын

320,85

45

алюминий

102,70

39,5

Цинк

813,60

113

Мыс

284,80

32

Қорғасын

42,03

3,7

Емен

8,50

10

Қарағай

62,16

111

Бетон

159,12

66,3

шыны

33,54

12,9

  • Кім білімпаз”

1.- операциялық жүйелер пайдаланушыға бір тапсырманы жүктеуге мүмкіндік береді.(бір тапсырмалы)

2. - операциялық жүйелер қуатты компьютердің көмегімен бір мезгілде бірнеше пайдаланушының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.(көп пайдаланушы)



3. операциялық жүйелер пайдаланушыға бір мезгілде бірнеше тапсырманы жүктеуге мүмкіндік

береді. (көп тапсырмалы)

4. операциялық жүйелер компьютерде бір ғана пайдаланушыға жұмыс жасауға мүмкіндік береді. (бір пайдаланушы)

  • Венгр сөзжұмбағы”

Ұсынылып отырған сөзжұмбақтан информатикаға байланысты сөздерді табу керек.

 Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, антивирус

  • Қызықты тапсырмалар”

1.Сандарды кескіндеу тәсіліне қарай санау жүйелері мына топтарға жіктеледі:

(позициялық және позициялық емес)

2. WINDOWS.Кеңеюі. DOC болатын файлдар қай программада құрылады? (Word)

3. Курсорды беттің басына апаратын тетікті ата (Home)

4. WORD текстік редакторында қатарлар арасындағы интервалдарды қою үшін қай менюді ашу керек? (формат)

5. Word құжатындағы графикалық объектілерді белгілеу үшін қандай перне қолданылады? (Shift)

6. Компьютер арқылы өңделетін мәлімет, қалай кодталады? (0 және 1)

7. Дискетаны форматтау командасы:( format a:;)

8. Он байтта неше бит бар? (80бит)

9. Ішкі сақтау құрылғысымен байланыста болатын құрылғыны көрсет? (процессор)

10. Он килобайтта қанша байт бар? (10240)

11. WІNDOWS 95-жүйесінен қандай да бір файлды, программаны табу үшін төмендегілердің қайсысын қолдана алмаймыз?( Корзина папакасы)

12. MS Equatіon формулалар редакторын жүктеу: (Вставка менюі -Обьект- MS Equatіon)

  • Бәйге”

1.Word-та жазылған файл не деп аталады? (құжат)

2) Excel де қанша баған мен жол бар? (256 баған 65536 жол)

3) Электрондық кестенің негізгі элементі (ұяшық)

4) Excel нешінші жылы пайда болды? (1994)

5) Excel-де жиі қолданылатын функция (СУММ)

1) Соңғы параққа өту пернесі (End)

2) Гипермәтінді көру программасы (броузер)

3) Интернетпен қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға? ( провайдер)

4) Интернет қай мемлекетте пайда болды? ( АҚШ)

5) CD диск көлемі (650-700 Мб)

  1. Қатты дисктің басқаша атауы ( Винчестер)

2) Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)

3) Қағаздағы кескінді түсіріп, мониторға шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы? (сканер)

4) Компакт дискіні басқаша қалай атайды? (лазерлік диск)

5) Ақпараттық процесстерді қандай әрекеттер жатады? (жеткізу, өңдеу, сақтау)

  • Дешифратор” 1-топ

1.«Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)

9. Графикалық редактор- графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа. (ия)

10. Компьютердің үстіне кітап, дәптер және т.б. заттар қояға болады. (жоқ)
2-топ 1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Модем – компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. (ия)


5. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
6. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)


7. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
8. Көзден экранға дейінгі арақашықтық 55-65см (ия)

9. Файл-байттардың әлдебір атауы бар тізбегі. (ия)

10. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі-бит (ия)

  • Кім жүйрік”

1.Ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады.Деректерге қарағанда оның жасы 2000-5000жылдар шамасында,ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет,тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін.Бұл санау құралын қытайлықтар “суан-пан”, жапондықтар “серобян”деп атаған.

Сұрақ:Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар не деп атаған? (Абак)

2. Бірінші электронды есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды,құрастырушылар Дж. Моучли мен Дж. Эккерт болды.

Сұрақ: Бұл алғашқы ЭЕМ қалай аталды? (Эниак)

3. 1944 жылы американ математигі Говард Айкен Гарвард университетінде программамен басқарылатын, релелік және механикалық элементтерге негізделген есептеуіш машинасын құрастырды.Сұрақ: Бұл ЭЕМ қалай аталды? (Марк-1)

4. 1694 жылы Вильгельм Готфрид Лейбниц Блез Паскальдың идеясын дамытып механикалық есептеу машинасын құрастырып шығарды ?Сұрақ: Бұл ЭЕМ қалай аталды? (Паскалина)

5. Ол 1642 жылы 19-жасында дүние жүзінде 1-ші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды?

Сұрақ: Ол кім? (Блез Паскаль)

6. Ол 1833 жылы программамен басқарылатын “Аналитикалық машина” құрастырып шығарған болатын. Сұрақ: Ол кім? (Чарлз Беббидж)

  • Ғажайып тоғыздық”

1.Қарапайым есептеулер жүргізетін программа. (калькультор)

2. Электрондық кестелердің құрылымдық элементі. (ұяшық)

3. EXСEL программасында қанша диаграмма түрлері бар? (он )

4. Тілдерді қандай пернелермен өзгертуга болады? (Shift+Alt)

5. Wіndows жүйесі ешқандай командаға жауап бермей, компьютер жүйесі тоқтап қалғанда қолданылатын пернелер комбинациясы: (Ctrl+Alt+Delete)

6. Алғашқы есептеу машинаcын ойлап тапқан кім? (Чарлз Беббидж)

7. F8 пернесінің функциясы? (файлдарды жою)

8. Стандартты программаларды ата (Paint,WordPad, Блокнот,Калькулятор )

9. EXCEL-бағдарламасында қосындыны есептейтін функцияны ата: (СУММ)

10. Үлкен аса көлемде баспаға шығарушы құрылғы? (Плоттер)

  • Есептер шығару

Архивтеу, Антивирус, Информатика , Ақпарат, электрон, 2016, Paint, Excel

  • Кім тапқыр”

Пішім түрі

Программа аты

.doc

World Wide Web

.exe

Сервер атауы

.ppt

Блокнот

.bmp

Access

.svg

Word

.accdb

Excel

www

Коммерциялық мекеме

@

Power Point

.txt

Inkscape



.com

Paint


  • Кім жылдам”

1.Маус дегеніміз не? (Ақпаратты енгізу құрылғысы)

2. Маус түрлерін ата? (Екі батырмалы Үш батырмалы)

3. Шарик не үшін керек ? (Маус нұсқағышының экрандағы орнын өзгерту үшін

4. Мониторды тағы не деп атаймыз ? (Дисплей Экран)

5. Монитор қай құрылғыға жатады ? (шығару)

6. Монитор құрылымына қарай түрлерін ата ? (Электрондық сәулелік түтікше Сұйық-кристалды Плазмалық)

7. Принтер дегеніміз не ? (баспаға шығару құрылғысы)

8. Принтердің түрлерін ата ? (Матрицалық Сия бүріккіш Лазерлік )

9. Лазерлік принтер қалай жұмыс істейді ? (Қағазға порошок (тонер) жағылады)

10. Жадтың түрлерін ата ? (Сыртқы жад Ішкі жад)

11. Қатқыл дискінің екінші атауы ? (винчестер)

12. Қазіргі компьютерлерде қандай дискеттер қолданылмайды ?

(Диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт)

13. Компакт дискінің екінші атауы ? (лазерлік диск)

14. Әдетте компьютерде неше диск жетек болады ? (Екі диск жетек болады)

15. Лазерлік дискінің неше беті болады ? (Екі беті болады)

16. Сканер дегеніміз не ?

(Қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы)

17. Сканердің қандай түрлері бар ?( Планшетті Қолды Барабанды)

  • Адасқан әріптер”

1.КУИВЛАТАР
2.ТОЖЙКДИС
3.ЫАНТШҚ
4.РЕТОПТЛ
5.ЕМРАК
6.КАРНЭ
7.ИРАХСЕКМОС

Сайыс соңында екі топтың жинаған балдарын есептеу Сайыс соңында

Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары әділ шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Ең бастысы, орын емес жарыста Терең білім, жеңу шарты сайыста.
Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз, Өмірде де жетерің хақ, табысқа

“Үздік информатиктер-2016” атанған оқушыныларды марапаттау.



Компьютерлік сауатты боп,

Тілімізді сақтайық!

Қанаттарыңыз биікке қағыла берсін!

Осымен сайысымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!




Дайындаған информатика пәні мұғалімі: Ибрагимова У.И.













hello_html_m5c4fe4e9.pngWordArt 7






hello_html_m6d4b0c60.gifWordArt 3








ВИКТОРИНАСЫ










hello_html_m3c932af2.pngWordArt 7

Автор
Дата добавления 26.03.2016
Раздел Информатика
Подраздел Научные работы
Просмотров106
Номер материала ДВ-557906
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх