Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Презентации / Урок по истории казахстан на тему "Қазақ жерінің Ресейге қосылуының алғы шарттары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Урок по истории казахстан на тему "Қазақ жерінің Ресейге қосылуының алғы шарттары"

библиотека
материалов



Маңғыстау техникалық колледжі










АШЫҚ САБАҚ


Тақырыбы: Қазақ жерінің Ресейге қосылуының алғы шарттары










Оқу тобы: СП-07-14

Оқытушы: Мырзатаева Л
























Шетпе, 2015ж



Тақырыбы: Қазақ жерінің Ресейге қосылуының алғы шарттары.

Мақсаты:

а) Білімділік: Қазақ жерінің Ресей империясынның құрамына кіруінің алғы шарттары, сол кезеңдегі қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер Жоңғарлардың басқыншылық саясаты қазақ халқының жағдайынының нашарлауы, қазақ халқының Ресей империясының құрамына енуіне себеп болғандығы туралы білімге дағдыландыру.

ә) Дамытушылық: Оқушыларды түрлі оқиғалар мен құбылыстардың себеп - салдары мен тарихи маңызын талдай білуге, жаңа деректер мен фактілерге, ақпарат көздеріне сүйене отырып логикалық ойлай білуге дамыту.

б) Тәрбиелік: Студенттерді өз Отанын, елін, жерін сүюге, халқын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: СТО бағдарламасы, интерактивті, топтық.

Пән аралық байланыс: синергизм, математика, әдебиет.

Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (2-мин)

  • Студенттермен амандасу, сабаққа қатысын түгендеу

  • Студенттер назарын сабаққа аударып, үш топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасы «Алтын қақпа» ойыны

hello_html_m398e22a8.gifhello_html_6ac6f915.gif

1-топ «Хандар» 2-топ «Батырлар» 3-топ «Билер»

«Алтын қақпа» ойыны


Тас қақпаның сұрағы:


Күміс қақпа


Алтын қақпа


«Хандар» тобына

Қазақ хандығы қашан құрылды және оның құрылуына не себеп болды? (1465-1466 жж)


Абылай ханның билікте болуы? (1771-1781)

Орбұлақ шайқасы туралы айтып беріңдер

«Батырлар» тобына


XV-XVI ғасырларда қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы неше сатыдан қаланды және осы сатыларды атаңдар?

(7, ауыл, ата-аймақ, ру, арыс, ұлыс, жүз, хандық)


Есім ханның билік еткен жылдары? (1598-1613жж)

Қазақ хандығындағы салықтың түрлері?

«Билер» тобына


Қазақ хандығының құрылған жері және құрылғандағы адам саны?

(Жетісудың батысындағы Қозыбасы мен Шу жерінде, 200 мың адам)



Тәуке хан қай жылдары билік құрды? (1680-1715)

Қазақ хандығындағы билер кеңесінің қызметі қандай?










hello_html_25bd0143.gifhello_html_mb54e1b0.gif


hello_html_m6062e9fe.gif


Үй тапсырмасын қорытындылау

ІІІ. Жоспары

  1. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы

  2. Қазақ хандығының сыртқы саясаты

  3. Қазақ-орыс қарым қатынастары

  4. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы соғысы


Құрылтай- халықтық мәселелер қаралатын, көп адам қатысатын үлкен жиылыс

Сұлтан – Шыңғыс тұқымынан шыққан адамдарға берілген атақ.

Қара сүйек – қазақ ру-тайпаларынан шыққан адамдар қарасүйек аталған.

Қонтайшы – Жоңғар мемлекеті басшысының титулы


Қазақ хандығы шығысында Ертістен батысында Еділге дейін, солтүстігінде Орал тауының далалы аудандарынан, оңтүстікте Бұхар Самарқанд жерлеріне дейін кең байтақ жерлерді алып жатты. Бұл аймақта үш жүздің құрамына енген 112 ру-тайпалар өмір сүрді.

1680-1715 жж Тәуке ханның ел билеген кезеңі, бұл кезде ел ішіндегі талас-тартысты тоқтата білді. Халық ауызында Тәуке ханның ел билеген кезеңін «алтын ғасыр» немесе «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп аталған.

hello_html_m6b1b539b.gif

Тәуке хан қаза тапқаннан кейін Қазақ хандығы бытыраңқылыққа түсіп, әрбір жүз өз хандарын сайлап жатты. Ұлы жүзді Жолбарыс хан (1720-1740 жж) басқарды, Орта жүз аумағын Сәмеке (1724-1738 жж), Күшік (1718-1750) хандар басқарды, кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілқайыр (1693-1748)



1723 жылы жетекші хан болып танылып, қолбасшылық және дипломатиялық қабілеттерімен ерекшеленеді.


hello_html_m224dc0c3.gifhello_html_6c70dc26.gif

Жоңғар мемлекетінің басына келген жас қонтайшы Себан- Рабдан (1663-1727 жж) Қазақстанның оңтүстік аймақтарына көз тігеді. Олар Жетісу және Сыр бойындағы қалаларға тонаушылық әрекет жасайды, 1708-1710 жж аса ірі жоңғар шапқыншылығы басталады. Қазақтар ауыр талан-таражға түседі.

Қазақтың көрнекті билері мен батырлары жауға тойтарыс беру үшін 1710 жылы Қарақұмда құрылтай жиынын өткізеді, басқосуда Бөгенбайды қолбасшы етіп сайлайды.

1722 жылы Цинь императоры Канси қайтыс болғаннан кейін Жоңғария барлық әскерін қазақ еліне қарсы жіберуге мүмкіндік алады. Шабуыл 1723 жылы басталады. Себан-Рабдан 70 мың


жоңғар әскері 7 шепке бөлініп қазақ өлкесін ойрандады. Ол ел аузында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен сақталған.


Қазақ және орыс халықтарының жақындасуына Ресей патшасы І Петр ерекше көңіл бөлген. Патша Шығысқа шығатын «кілт пен қақпа» қазақ жері деп есептеп, ол Ресейдің қол астында болуы қажет деп тапқан. Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты.

  • Солтүстік-батыстан – башқұрттар

  • Солтүстіктен – Сібір казактары

  • Оңтүстіктен – Қоқан, Хиуа хандықтары

  • Шығыстан – Жоңғария

  • Оңтүстік-шығыстан – Қытай

Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндіргені – жоңғар мемлекеті. Жоңғар қонтайшыларының басты мақсаты:

  • Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру.

  • Қазақ жерін иемдену

Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға қазақ жүздері де мүдделі болды.

1717 жылы қазақ-жоңғар арасындағы шайқас Аягөз жерінде болды, бұл шайқаста қазақ жауынгерлері саны жағынан басымдылығына қарамай жеңіліске ұшырады.

1726 жылы Бадам өзені бойындағы Ордабасы деген жерде екінші құрылтай өтеді. Нәтижесінде бүкіл қазақ халқының екінші құрылтайынан рухтанған қазақ жасақтары Ұлытау жерін басып алуға жылжыған жоңғарларды 1726 жылы Шұбар теңізі жанында, Бұланты өзенінің бойында, 1728 жылы Қарасиыр деген жердегі шайқастарда ойсырата жеңеді.

Жоңғар басқыншыларына тағы бір ойсырата соққы берген жер – Алматы маңындағы Аңырақай деген жерде 1730 жылы шайқас болды. Осы шайқастан кейін аман қалған жоңғарлар қазақ жерін тастап, Жоңғар қақпасы арқылы біржолата өз жеріне қайтты.

hello_html_m232fbf2.gif





Топтарға тапсырма беру


І тапсырма «Семантикалық карта» (4 мин)


Жылдар

Оқиғалар

Дұрыс

+


Дұрыс емес

-

1

1717 жыл

Аягөз шайқасы

+


2

1663-1727 жж

Жоңғар мемлекетінде Себан-Рабданның билікте болуы

+


3

1475 (76)

Қазақ хандығының құрылуы


-

4

1643ж

Орбұлақ шайқасы

+


5

1726 жылы

Қарақұмда құрылтай жиыны өтті


-

6

1723-1727 жж

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»

+


7

1693-1748 жж

Әбілқайыр ханның ел билеуі

+


8

1710 жылға

Жиынан кейін Бөгенбай хан сайланады


-

9

Алтын ғасыр немесе «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кезең»

Тәуке хан ел билеген кезеңде аталған

+


10

1724 жыл

Әбілқайыр жоңғарларға қарсы күресте Түркістан түбінде жеңіліске ұшырайды


-


ІІ тапсырма: Сәйкестілік тестілері (3 мин)


Қазақ хандығын құрған сұлтандар Қозыбасы

«Қасым ханның қасқа жолы» Тәуке хан

Қазақ хандығының туын тіккен жер Керей мен Жәнібек

Созақ, Сығанақ, Сауран Сығанақ

«Жеті жарғы» Сырдария бойында

Қазақ хандығының орталығы Қасым хан

hello_html_m1d1753a5.gif

IІІ тапсырма. Математикалық ойын (4 мин)

(60 х2) + ( 70х2) – 148 = 112 (Үш жүздің құрамына енген ру-тайпалардың саны)

733х2+0=1466 (Қазақ хандығының құрылған жылы)

(800+820-560) + 650 = 1710 (Қарақұмдағы құрылтай жиыны)

441 х 3 + (800/2) = 1723 («Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарының басталуы)

444х 3 + 396 = 1728 ( Қазақтар Қарасиыр деген жерде жоңғарларды ойсырата жеңуі)


502х2+ (363х2) = 1730 ( Аңырақай шайқасы)

3800/2+91= 1991 (ҚР-ның Тәуелсіздік алған жылы)



hello_html_28ce44e0.gif


ІV тапсырма. Тарихи сынақ хат (3 мин)

Қазақ және орыс халқының арасының жақындасуына Ресей патшасы ................ ерекше көңіл бөлген. Ол .................. шығу үшін ............. теңізіне қалай көңіл бөлсе, Шығысқа шығу үшін де ........................ сондай көңіл бөлген. Патша Шығысқа шығатын .............................. қазақ жері деп есептеп, ол Ресейдің қол астында болуы қажет деп тапқан.

Патша өкіметі ................................... осал жерін тауып, өзінің айтқанына көндіріп, айдауына жүргізуді ойластырады. Ол қазақ жеріне жағалай ............ салып, дипломатиялық ықпалын


нығайтуға тырысты. Патша өкіметі қазақ жері арқылы ................................ хандықтарымен, Солтүстік Кавказбен, ......................, Иранмен, ............................, Үндістанмен және басқа елдермен қарым-қатынас жасады.

Керекті сөздер: І Петр, Еуропаға, Балтық, Қазақстанға, «кілт пен қақпа» Қазақ хандығының, бекіністер, Орталық Азия, Түркиямен, Ауғанстанмен.

Сөздермен жұмыс:

Ресей- Россия- Russia

Шығыс- Восток- east

Патша- царь- king

Кілт- ключ- key

Қақпа- ворота- gate

Бекініс- укрепление- fortification


V. Бекіту

«Анаграмма»


Набес-Барнад, Рыйақлібә, Өлте иб, Дабаорсы, Риысрақа, йа-міле.


Себан-Рабдан (1663-1727 жж) Жоңғардың жас қонтайшысы.

Әбілқайыр ( 1718-1748 жж билік еткен жылдары)

Төле би ( 1663-1756 жж өмір сүрген Ұлы жүздің биі)

Ордабасы (1726 жылы қазақ сұлтандары мен билерінің екінші құрылтай өткен жері)

Қарасиыр (1728 жылы жоңғарларға ойсырата соққы берген жер)

Елім-ай (Қожаберген жыраудың әуені)


Қорытындылау

Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы. Қазақ хандығына көз тіккен сыртқы жаулар соның ішінде Жоңғар шапқыншылығының әкелген зардабы тарихтағы маңызды оқиға саналады. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай, тарихты білу баршамыздың парызымыз деп сабағымды қортындылаймын.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 24.12.2015
Раздел История
Подраздел Презентации
Просмотров260
Номер материала ДВ-283311
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх