Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Урок по истории Казахстана на тему "Әдебиеттің дамуы" (9 класс)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Урок по истории Казахстана на тему "Әдебиеттің дамуы" (9 класс)

библиотека
материалов

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қоянды орта мектебі
















Тақырыбы:Әдебиеттің дамуы







Жүргізген: тарих пәні мұғалімі

Ж.Хадет

















2015 ж.


Сабақтың тақырыбы: Әдебиеттің дамуы


Мақсаты:ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі мен дамуы туралы мәлімет беру.

Міндеттері:

  1. Қазақ әдебиетінде жаңа жанрлардың пайда болуы және дамуымен таныстыру, нәтижесін айқындау;

  2. 2. Бірлескен жұмыс негізінде жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерту; берілген тапсырмаларды бір-бірімен ынтымақтастықта орындау, өзгеге қарап өзін-өзі реттей білуге үйрену.

  3. Тұлғалардың халыққа еткен қызметін үлгі-өнеге ете отырып елін сүйетін азамат тәрбиелеу, тұлғаларға құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

  1. Жаңа тақырыпты меңгереді, қосымша мәліметтер алады;

  2. Өзіндік ой пікірлерін сенімді, жүйелі түрде жеткізе алу дағдалары қалыптасады;

  3. Әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындай алады.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі:интерактивті

Сабақтың көрнекілігі: деректі фильм, портреттер, буклеттер, слайд

Стратегиялық әдіс-тәсілдер: үлестірмелі тапсырмалар беру, сұрақтарға жауап-алу, кесте толтырту

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру (5 мин)

а) Сұрақтар (эвристикалық әдіс).

б) Тарихи диктант

ІІІ. Сабақтың кезеңдері:

1. Постер құру (әр топқа жеке сұрақтар беріледі)(дайындалу 5 мин. Қорғау 5 мин.)

2. “Математикалық лото”(3 мин)

3. “Тұлғаны таны”(5 мин)

4. “Шежіре сыр шертеді ..”(2 мин)

ІҮ.Білімді бекіту (4 мин)

Ү. БҮБ кесте толтыру (2 мин)

ҮІ. Үйге тапсырма

ҮІІ.Бағалау


Үй тапсырмасы


1) сұрақтар (эвристикалық әдіс)


1/10. Қазақстанда ашылған тұңғыш ЖОО? / қазақ пед.институты 1928 ж.

1/20. ҰОС қарсаңында қанша ЖОО мен арн.орта оқу орны болды?/ 19 . 120

1/30. Республиканың Жоғ.білім жүйесінің қалыптасуынакімдер көп көмек көрсетті?

С.Асфендяров, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин,А.Байтұрсынов, О.Жандосоы т.б.

2/10. Қазақстан ғылымының қалыптасу кезеңі?/ 1920-1930 жж.

2/20. Қазақстанды зерттеу Қоғамы секцияларының жұмысына ат салысқан ғалымдар?

С.Асфендияров, А.В.Затаевич, Ә.Диваев, Қ.Жұбанов, А.П.Чулушников

2/30. Ғылыми форумдардаҚазақстаннның қай жерлері зерттелді?

Қарағанды, Алтай, Үлкен Жезді, Орал-Ембі

3/10. КСРО ҒА Қазақ филиалы қай жылы құрылды? / 1938ж.

3/20. Қазақстан ғылымының дамуына зор үлес қосқан ғалым?/ Қ.Сәтбаев

3/30. Архив басқармалары қай қалаларда Ұйымдастырылды?

Семей, Орал, Қостанай,Бөкей, Ақтөбе

4/10. Қай қалаларда қазба жұмыстары жүргізілді? / Тараз, Қойлық

4/20. “Сөз теориясы” оқу құралының авторы? / А.Байтұрсынов

4/30. Қазақ әліпбиі қай жылы криллицаға көшірілді? / 1940 ж.

Тарихи диктант

  1. ............ жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіінң ашылуы республиканың мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды.

  2. 1919 жылдыі желтоқсанында ................ қаласында Қазақстанның табиғаты мен тарихын зерттеу мақсатында тарихи-статистикалық бөлім ашылды.

  3. 1926 жылы ........................ ежелгі Тараз қаласынынң орнында қазба жұмыстарын жүргізді.

  4. Республика ........................... қазбалардың бірқатарын өндіруде Одақтағы алдыңғы орындарға шықты.

  5. 1935 жылы профессор .................. жазған “Қазақтың көне заманнан бергі тарихының” бірінші бөлімі жарық көрді.

  6. Соғыс қарсаңында Қазақстанның 57 ғылыми мекемесінде ......-ден астам ғалым еңбек етті.

  7. Қ.Сәтбаев ................ оқулығын жазды.


ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:

1. Постер құру (әр топқа жеке сұрақтар беріледі) – 5 мин.

2. “Математикалық лото” (сұрақтарға жауап) – 2 мин.

3. “Тұлғаны таны” (әр түрлі тапсырмалар).

4. “Шежіре сыр шертеді ..”



1 топ. Ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ әдебиеті

Бастапқы сөйлем

Кеңейтілген сөйлем

ХХ ғ.басындағы қазақ әдебиетінің жағдайы

200-ге жуық кітап шықты. Орыс жазушыларының шығармалары аудырылды. Қазақ халық шығармашылығының озық үлгілері, шығыс классиктерінің шығармалары, діни-батырлық қиссалар кітап болып шықты. Бұл жалпыұлттық мәдениеттің қалыптасуына игі ықпалы етті.

Кеңес билігіне дейінгі ақын- жыраулар мен жазушылар

Ж.Жабаев, К.Әзірбаев, Ш.Жәңгіров, М.Көпеев, М.Қалтаев, Н.Наушабаев, С.Торайғыров т.б.

Жазушылықпен қатар журналистік, аудармашылық жұмыстарды қатар атқарғандар

М.Сералин, Б.Ізтөлеуов

Сол дәуір әдебиетінің озық үлгілері ретінде танылған С.Торайғыровтың шығармалары?

Қамар сұлу” романы, “Кедей” поэмасы

2 топ.

Бастапқы сөйлем

Кеңейтілген сөйлем

Қазақ әдебиетінде бұрын болмаған жаңа жанрлар пайда болып, дамыды.

Қазақ әдебиетінде бұрын-соңды болмаған жанрлар – романдар, повестер, новеллалар пайда болды.жаңа жанр - драматургия қарыштап дамыды, сценарийлер мен либреттолар жазылды.

ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиетінде ерекше орнын алған, ұлттық мәдениет тарихының жаңа бетін ашқан көрнекті ақын-жазушы, қоғамдық-саяси қайраткерлер

А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ш.Құдайбергенұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б.

Абай дәстүрін жалғастырушы, кемеңгер ақын М.Жұмабаев қазақ поэзиясына жаңа серпін әкелді.

Оның поэмалары қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерді, жанрлық көптүрлілік әкелді. “батыр Баян”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Жүсіп хан” эпикалық шығармалары оқырманның сүйікті шығармаларына айналды.

Абайдың рухани ізбасары әрі шәкірті Ш.Құдабердіұлының шығармаларын ата.

Еңлік-Кебек”, “Қалқаман-Мамыр” поэмалары, “Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі” тарихи еңбегі, “Үш анық” философиялық кітабы

Ағартушы ғалым, жазушы Ж.Аймауытовтың қазақ мәдениетіне үлкен үлес қосты.

Ол классикалық қазақ романының және драматургияның негізін салушылардың бірі. Публицистика, әңгіме, фельетон, сын мақалаларға қалам тартты.1916 ж.бастап пьесалар жазды, алғашқы театр топтарын құрды. 1917ж. Семейде өзінің “Рабиға” пьесасын қойды. М.Әуезовпен бірге “Абай” журналын шығарысты.




3 топ.

4 топ.

2 тапсырма. “Математикалық лото”

3 тапсырма. “Шежіре сыр шертеді...”

1.Бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжан сөзі” (М.Әуезов)

2. “Сәкен еңбегіне сыншы да, тарихшы да емес, жай қатардағы оқушы ретінде көз жіберсек, өзгеде жоқ екі түрлі қасиеті айқындалады: біріншісі, жалтағы жоқ шыншылдығы, екіншісі ақындық тәкаппарлығы” (Ғ.Мүсірепов)

3. “Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам – Ахмет” (С.Мұқанов)

4. “Міржақып өте жылдам жазған және өте өткір тақырыпқа жазған...”Қазақ” газеті сондай сапада, сондай мазмұнда , сондай биіктен көрінуіне, меніңше, бірден-бір Міржақып Дулатұлына қарыздар”. (Мәмбет Қойгелдиев)

5. “Бейімбет жау болса, мен де жаумын”(Ғ.Мүсірепов)


4 тапсырма. «Тұлғаны таны».

  1. Деректі фильм

Сабақты бекіту.

1 . Семантикалық карта

2. тест.

  1. Кеңес билігіне дейінгі ақын-жазушылар. Артығын тап.

А) Ш.Жәңгіров ә) Ж.Жабаев б) М.Дулатұлы

2. С.Торайғыровтың романын романы?

А) “Батыр Баян” ә) “Қамар сұлу” б) “Сұлушаш”

3. Сәйкестендір.

  1. Батыр Баян” а) Ж.Аймауытов

  2. Үш анық” ә) М.Жұмабаев

  3. Шернияз” б) Ш.Құдайбердиев

  4. Ж.аймауытов 1918 ж. “Абай журналын кіммен бірге шығарды?

А) М.Әуезов ә) М.Дулатов б) ш.Құдайбердиев

5. Ж.Аймауытовтың С.Торайғыровтың өміріне арналған шығармасы

А) “шернияз” ә) “Ақбілек” б) “Қартқожа

6. “Оян, қазақ!” өлеңдер жинағының авторы?

А) А.Байтұрсынұлы ә) М.Дулатұлы б) Ә.Бөкейханов

7, 1910 ж.жарық көрген қазақ тілінде жазылған алғашқы роман?

а) “Қамар сұлу” ә) “Бақытсыз жамал” б) “Қартқожа”

8. І.Жансүгіровтың Ақан серіге арнаған поэмасы?

А) “Ақан сері” ә) “Құлагер” б) “Шернияз”

9. А.Байтұрсынов қай орыс жазушысының мысалдарын аударды?

А) М.Лермонтов ә) И.Крылов б) И.Шухов

10. М.Дулатұлының өмір сүрген жылдары?

А) 1885-1935жж ә) 1889-1931жж. Б) 1887-1941жж.


БҮБ кестесі


Үйге тапсырма. & 24 оқу


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-008045

Похожие материалы