Инфоурок Всеобщая история КонспектыУрок по истории Казахстана на тему "Гани Муратбаев".

Урок по истории Казахстана на тему "Гани Муратбаев".

Скачать материал

             Сыр елінің жұлдызы - Ғани Мұратбаев

Дегендей, Сырдың елі – сырдың елі,

Манаптар, Нартайлар бар жырдың елі.

Атағының алдын орап аты шыққан –

Асқарлар, Ғанилардай ұлдың елі.

         Йә, расында да, Сыр елі – атағы әлемге таралған талай тарландар мен таланттыларды дүниеге әкелген қасиетті мекен. Мадина Ералиева апамыздың даусынан бастап, Әбділла Тәжібаевтың өлеңдері, Асқар Тоқмағанбетовтың жырлары бар қазақтың қанына сіңген. Міне, солардың бірі, Сыр жерінде дүниеге келіп, Түркістан автономиясының құрылуына ат салысқан Ғани Мұратбаев болып есептеледі. Ғани Мұратбаев 1902 жылы 3 маусым күні Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, қазіргі Ғани Мұратбаев ауылында дүниеге келген.

         Білмейтұғын бар ма қазақ Ғаниды

         Айтқан сөзі, істерінің бәрі игі.

         Жарқыраған шығысымның жұлдызы,

         Исі қазақ деймін тегіс таниды. 

         Жиырма үш-ақ жыл өмір сүріп, осынша қысқа мезгілде өзін халыққа танытып үлгерген талантты перзент жайлы сыр шертіп көрелік.

         Ғани Мұратбаев – таңда туған шолпандай қазақтың көгіне із тастай ағып өткен қыршын жас, қайраткер тұлға, даңқты болмыс, аты орта Азия мен Қазақстанға және Ресейге танымал жалынды жастардың жетекшісі. Ол өскелең ұрпақ үшін алыстаған сайын жақындап, жақындаған сайын асқақтай түсер ерекше бітім.

Жерлесіміз Жетіскен Мәкенәлі «Жас Алаш» газетінің 80 жылдығы құрметіне арнаған «Мен Ғанимын!» атты монологында:

Мен Ғанимын –

Ұлымын Қазалының

Ел-жұртыма жетеді, азалы үнім.

Қыршын кеттім өмірден жазамын деп,

Қасіретін қырсыққан қазағымның -

Мен Ғанимын –

Жалынмын лапылдаған

Қалды артымда таңдарым атырмаған.

Халқым үшін қаңтарда мұз жамылдым,

Мәселе жоқ басымды қатырмаған, - деп жыр жолдарын бастаған.

Жылдар, жылдар зымырап қаншама өткен,

Мен тарих беттерін ашам еппен.

Сен Ленин жанының ұщқынысың

Мәңгі жанып тұрасың сол себептен.

Мәңгі жанып тұрасың лапылдайсың,

Шабытына өртенген ақындайсың.

Жыл керуені алысқа жылжығанмен –

Бізге қарай сен ылғи жақындайсың, - деп  Тұманбай Молдағалиев Ғаниға арналған ескерткіш ашылған күні «Ғани Ескеркішіне» атты өлеңіне арқау еткен[7]

Лениннің шәкірті және серігі Николай Ильич Подвойский «... Біз Советтік Күншығыстың  үлкен тұлғасынан айрылдық. Жолдас Мұратбаев аса ауыр еңбектен бас тартпай жанып кетті...» десе, РЛКСМ Орталық Комитенінің бірінші хатшысы Н.П. Чаплин: «... Ғани Мұратбаев бұрынғының лағнет атқан ұлтшылдық қалдықтарынан аулақ жас ұрпаққа жатады және солардың ішіндегі аса көрнектісі» деген.[5]

 Ал көрнекті қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов Ғаниды ақтық сапарға аттандыруға арналған 15 мың адам жиналған митингіде: «... Оны жүректегі зер де оттай жандырды, жұмысқа сүйреді. Ғани іске білімсіз келген бірақ, жайнаған көз, жанған жүрек, сыбанған білекпен, жан тәнімен келген... Ғани жабайы даланың жаужүрек ұланы, тартыстың отымен жанып кетті...»

Мінекей, осы сөздерден-ақ, Ғани Мұратбаевтың азаматтық және қайраткерлік тұлғасын айқын танимыз. Ғаниды аңсамауға, оны жырламауға амалың да қалмайды.  Себебі, оның жүріп өткен жолы, істеген ісі, айтқан сөздері, жарқын болашаққа деген жалынды жүрегі мен сенімі бүгінгі өскелең ұрпақ үшін әрқашан да үлгі-өнеге.[1]

Тарих беттерінен сыр шертер елдің өткенін бүгінгідей сақтап келген  қазына қры кітапханадан алған шырын сөздің шебері Қарасақал Ерімбеттің  бабамыз жайлы терең  мағлұмат берген «Ұлағатты сөзім ұрпаққа» атты кітабын оқып отырып мына мән жайға қанықтым. [8]

Ауыл адамдары жиналып, әңгіме – дүкен құрып отырған кезде: «Мұсылманша оқудың қадір қасиеті кетіп бара жатыр. Балаларды орысша оқыту керек. Жастарды заманынан кейін қалдырмауымыз керек»,-деп Мұратбайдың інісі Ерімбет Ғаниды меңзейді. Ауыл адамдары да шуласып мақұлдаса кетеді. Сол кезде Мұратбай: «Дұрыс айтасың Ерімбет, Мен Ғаниымды қайда оқытсам деп жүр едім, Менің ойымнан дөп түстің», - дейді. Ғанидың көзінде от ұшқыны бар, оны оқыту керек болатын. Мұратбай Ғаниды дауыстап шақырып алып: «Балам мен сенің болашағыңды ойлаймын, сондықтан сені қалаға орысша оқуға сені Ерімбет ағаңның қасына жібермекшімін. Ағаң сені баласы Құлахметтің оқып жүрген мектебіне апарады. Құлахметпен бірге оқитын боласың», - деп қалаға жібереді. Қазіргі қаладағы №16 іргелі мектепте Ғани мектепке қабылданып, осында орысша оқуды бітірген.

Қазалы өңіріндегі Құмшөл деген жерде жастардың басқосуы болып, сонда Ғани жұбайы Бақытжан апаймен танысқан екен. «Мен елден ерекше көрікті болған жоқпын, оның үстіне білім алыпта жарытпаған кезім. Бар – жоғы он алты жаста едім.  Шамасы, жастарға жиналған жерде өткір пікір айтып, көзге түссем керек. Мәжілістен соң өзі келді. Әңгімеміз бірден жарасты. Ұзамай бірлесіп, отау құрсақ деген ниетін айтты. Содан кейін, Ғани екеуміз. Мәскеуге келіп, комсомол қызметкерлеріне арналған аядай бір бөлмеге қоныстандық. Маған бәрі таңсық. Ғани жұмыстан қолы қалт босағанда Мәскеу көшелерін аралататын. Ғани ажарлы, онымен бірге әңгіме айтқанда бетіне қарай бергің келетін еді. Жай сөйлейтін. Біздің қуанышымз ұзаққа созылмады – ғой. 1925 жылы 15 сәуірде 23 жасында «Биіктау» санаторийнде ұзақ науқастан көз жұмды. Мәскеудегі Ваганьков зиратына жерленді» дейді, Ғанидың сүйген жары Бақытжан апай. [3]    

«Шығыстың маңдайға біткен шынары», есімі асқақ естілетін Ғани Мұратбаевтың өскелең ұрпаққа қалдырған өсиеттерінің біразын әңгімеге арқау етсек:

·        Қиын деп қынжылма, тау екен деп тартынба;

·        Болашақ сендердің қолдарыңда, сол өмірді орнатуға бүгіннен бастап әрқайсың белсене араласуларың керек;

·        Біз жұртшылықтың ұйытқысы, заманның қожасы, тірегіміз. Алдымызда асқар таудай ауыр істер тұр. Соған әзір болуға тиіспіз;

·        Оқу-білім сендерге аса қажет. Келешектің шамшырағы сендерсіңдер.

Былтыр Ғани Мұратбаевтың 110 жылдық мерейтойы Республика көлемінде тойланып өтті. «Аққан жұлдыз» Шохан Уалиханов ағамыз секілді Ғани Мұратбаевтың да есімі ел тарихында, Шығыс елдері тарихында ерекше аталатын болады.

Ғани ағамызға арналған зерттеу жұмысымды Мұқағали Мақатаев атамыздың мына бір керемет жыр-шумақтарымен аяқтамақшымын:

« Жаңа заман басталды,  Жалындаған жастарды.

Ұлы Ленин ісіне,  Ғани аға басқарды.

Жайдары жаз, жаны игі, Жасұландар бүгінде

Вожатый деп таниды.»

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. « Ғани  Тағылымы»  Құрастырған: Ж.  Мәкеналы

3.  «Ортаймаған  қазаны-Қасиетті  Қазалы»  Авторы:  А.  Мусабаева,    Н.  Мусабаев

4. Ш.Өтепов. «Ғани  Мұратбаев» . Алматы,1972ж

5.   «Өнегелі  өмір, өшпейтін  рух».  Қызылорда, 2002ж

6.«Қазыналы Қазалы» аудандық баспасөз материалдары.

7.«Сыр бойы» облыстық баспасөз материалдары.

8. «Ұлағатты сөзім ұрпаққа» Қарасақал Ерімбет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по истории Казахстана на тему "Гани Муратбаев"."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 020 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2016 1248
    • DOCX 46.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абуова Акмарал Сапаргалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абуова Акмарал Сапаргалиевна
    Абуова Акмарал Сапаргалиевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11054
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе