ПӘНІ: Ежелгі Қазақстан тарихы
|
|
САБАҚ: Ерте
темір дәуіріндегі Қазақстан аймақтары. Сақтар мәдениеті
|
Мектеп: №202
орта мектеп
|
Күні: 21 қаңтар 2017 жыл
|
Мұғалімнің есімі: Нариман Айгүл Нариманқызы
|
СЫНЫП: 6 «Ә»
|
Қатысқандар саны: ___
|
Қатыспағандар саны: ___
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Қазақстан аумағын мекендеген сақ тайпалары жарқын мәдени
мұралар қалдырғанын ұғынады. Сақ тайпалары мәдениетінің сипаты ортақ
саналғанымен, аздаған өңірлік ерекшеліктерін ажырата алады.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
• «Алтын киімді адам» туралы айта алады, Шірік-Рабат қаласының
орналасуын біледі, сақ мәдениетінің адамзат өркениетіне қосқан үлесіне талдау
жасай алады.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
• Сақ тайпаларының орналасуын біледі және сақ мәдениетінің
өңірлік ерекшеліктерін ажырата алады.;
|
Кейбір оқушылар:
|
• Сақ қорғандарының құрылымын біледі және табылған аймақтарын
картадан көрсете алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Тыңдалым
• жиынтық «м+о» қарым-қатынасында;
• өзара «м+о ⁄ о+о» болып талқылағанда;
• ұжымдық «м+о+т+с» қарым-қатынасында тыңдай алады.
Оқылым
• жаңа сөздерді оқып біледі, тақырыптық суреттер бойынша сақ
қорымдары туралы түсінігі қалыптасады;
• арнайы берілген тапсырмаларды оқи отырып орындайды;
Жазылым
• тарауды қайталауға арналған тапсырмаларды орындауда
білімдері сараланады, бірін-бірі бағалайды;
• жаңа сөздерді дәптерге жазып анықтамасын береді;
• үй тапсырмасын жазып алады;
Айтылым
• сұрақтарға нақтылы жауап бере алады;
• өзара талқылап, талдайды, диалог құрады;
• кері байланыста ойын еркін айта алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
• Цитадель, ақинақ, саркофаг, дромос, «мұртты» обалар т.б.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
• Ү-тарау. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан аймақтары. Сақтар
мәдениеті.
§32-33. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан;
§34-35. Орталық Қазақстан;
§36-37. Солтүстік Қазақстан;
§38-39. Шығыс Қазақстан.
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Жоғары деңгейлі жетелеуші сұрақтар:
|
1) Сіз неліктен Есік қорғанынан табылған сақ адамына «Алтын
киімді адам» деген атау берілгенін айта аласыз ба?
2) Сіз неліктен Орталық Қазақстандағы обаларды «мұртты» деп
аталатынын айта аласыз ба?
3) Сіз Солтүстік Қазақстанның ескерткіштері басқа қай
өңірлердің мәдениетіне ұқсас келетінін айта аласыз ба?
4) Сіз Шығыс Қазақстанның патша қорғандары жөнінде айта аласыз
ба?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Жаңа сөздерді дәптерге түсіріп, жазбаша түсінік береді:
• Цитадель,
ақинақ, саркофаг, дромос, «мұртты» обалар т.б.
|
Алдыңғы оқу
|
§38-39. Шығыс Қазақстан.
|
Жоспар •
Сергіту сәті. «Үш әлем билеушісі» ойыны;
• Топты таныстыру «Сақ
мәдениетіне саяхат»;
• «Ширату» сұрақтары
арқылы өткен материалды еске түсіру;
• «Қызықты мозайка» (сақ
тайпаларын картада орналастыру);
• «Адасқан әріптер» (реті
бұзылған әріптерді ретімен орналастырып, әрбір берілген
сөздегі бір әріптерден бір
сөз шығару);
• «Артығын тап!» (суреттердің
ішінен артығын тауып, тақырыпты ашады);
• «Сіз неліктен ... екенін
айта аласыз ба?» (деңгейлік жетелеуші сұрақтар қою);
• «СМСтер» (топтардың
бір-біріне сұрақтары);
• Топ басшыларының бағалауы;
• Үйге тапсырма беру;
• «Үш С және Ә» кері байланысы.
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
2 мин.
6 мин.
5 мин.
|
І. «Үш әлем билеушісі» ойыны (сергіту сәті).
ШАРТЫ:
Мұғалім сұқ саусағымен біресе төбені, біресе жерді, біресе алақанын
ашып «аспан» , «жер асты», «жер үсті» деп айтып тұрады. Мұғалім кейде айтқан
сөзі мен қимылын керісінше жасап, оқушыларды жаңылыстыруға тырысады. Аңғарымды
оқушы жеңімпаз деп танылады.
ІІ. «Сақ мәдениетіне саяхат» (топты таныстыру).
Әр топқа суреттер таратылып беріледі. Суреттің тақырыбына
қарай топтарын таныстырады. Мысалы:
1) «Алтын киімді адам» суреті - Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
тақырыбын арқау етіп тобын ертегі арқылы таныстырады;
2) «Шілікті алтын адамы» - Шығыс Қазақстан тақырыбымен тобын
қырық өтірік арқылы таныстырады.
3) Ақтау бекініс қалашығы - топ мүшелері қала көрінісінен
жұмбақ жасырады.
ІІІ. «Ширату» (жылдам сұрақтар қою).
1) Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы сақ
ескерткіштері қай өзендер бойында кездеседі?
2) Арал теңізінің шығыс жағында орналасқан сақ
тайпаларының ең көне ескерткіштері?
3) Сырдарияның көне арнасы Жаңадария бойында
орналасқан қала?
4) Бесшатыр обасының хронологиясы?
5) «Есік обасын» тапқан ғалым?
|
АКТ
(Ойын шарты барлық оқушыларға көрініп тұру үшін)
1) 2) 
3) 
|
5 мин.
|
6) Есіктен соң алтын киім киген адам қай өңірлерден
табылды?
7) «Аңдық стильдің» пайда болған мерзімі?
8) Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері қандай
атпен белгілі?
9) «Мұрт» сияқты құрылыстың ұзындығы?
10) Дала тұрғындары көктайғақ кезде мұзды бұзу үшін
жасаған әдістері?
11) Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан ерте темір
дәуірінің бекініс-қалашығы?
12) Аримаспы атауының шығуы неге байланысты?
13) Шілікті жазығындағы ескерткіштер саны?
14) «Шілікті алтын адамы» киімінің алтын қаптырма-
түймешіктерінің саны?
ІҮ. «Қызықты мозайка» (Сақ тайпаларын картада орналастыру).
Сұрақтары:
1) Сарыарқаның орталығында орналасқан тайпалар?
2) Сарыарқаның шығысында орналасқан сақ тайпасы?
3) Геродоттың айтуынша аргиппейлермен көрші болған
тайпа?
4) «Ақ жалды жүйрік аттың иелері» деп аталатын
тайпа?
5) Жетісу алқабы мен Оңтүстік-Шығыс Қазақстанды
қоныстанған «шошақ төбелі сақтар»?
|

|
10 мин.
2 мин.
3 мин.
6 мин.
2 мин.
|
Ү. «Адасқан әріптер» логикалық
ойыны.
Тарау бойынша бірнеше сөздердің әріп реті бұзылып берілген.
Сонымен бірге әрбір сөзде бір әріп артық берілген. Әрбір қатардағы әріптерден
дұрыс сөзді тауып, артық әріпті оң жақтағы қатарға жазу керек. Тапсырманы
дұрыс орындап, оң жақтағы әріптерді тігінен оқығанда тағы бір сөз шығады.
1) ФОСАГКАРБ __________________ ∙∙∙∙∙ _________;
2) ТИЕДЕЛАЦЬ __________________ ∙∙∙∙∙ _________;
3) РАМАТОСЛ __________________ ∙∙∙∙∙ _________;
4) ӘБЕЙБӨГЕТЕ __________________ ∙∙∙∙∙ _________;
5) МОРСЛОД __________________ ∙∙∙∙∙ _________.
ҮІ. «Артығын тап!» логикалық ойыны.
Суреттердің ішінен артығын тауып, тақырыпты ашады.
ҮІІ. «Сіз неліктен ... екенін айта
аласыз ба?».
Деңгейлік жетелеуші сұрақтар қою:
1) Сіз неліктен Есік қорғанынан табылған сақ адамына «Алтын
киімді адам» деген атау берілгенін айта аласыз ба?
2) Сіз неліктен Орт. Қазақстандағы обаларды«мұртты» деп
аталатынын айта аласыз ба?
3) Сіз Солтүстік Қазақстанның ескерткіштері басқа қай
өңірлердің мәдениетіне ұқсас келетінін айта аласыз ба?
4) Сіз Шығыс Қазақстанның патша қорғандары жөнінде айта аласыз
ба?
ҮІІІ. «СМСтер» (топтардың бір-біріне сұрақтары).
Оқушылар қағаздан жасалған жасанды ұялы телефонға өз
сұрақтар жазып қарсы топқа береді. СМС сұрақтар күрделі болу тиіс.
ІХ. Топ басшыларының бағалауы.
Топтың басшылары сабақтың әр кезеңінде бағалап отырған
топтағы оқушылардың қорытынды ұпайын айтып, бағасын береді.
|
  
 
Ұялы телефонның суреті бар кеспе қағаздар

|
2 мин.
|
Х. Үйге тапсырма беру.
Оқушыларға үй тапсырмалары беріледі:
1) Ү-тарауды қайталау (100-120 беттер);
2) §32-39 соңындағы тесттермен жұмыс (104, 109, 113,
120 беттер);
|
АКТ
(Үй тапсырмасы барлық оқушыларға көрініп тұру үшін)
|
2 мин.
|
ХІ. «Үш С және Ә».
Оқушылар сабақ барысында өздерінің орындаған 3 сәтті тұсын
және жетілдіруі тиіс деген 1 ұсынысын айтады.
|
|
Қосымша ақпарат 1) Ежелгі Қазақстан
тарихының терминдерін түсініп оқу (200-205 беттер);
2) Ежелгі Қазақстанның
басты оқиғаларын дәптер жазып алу (206-207 беттер);
3) Пән бойынша білім
деңгейін тексеретін тест тапсырмалары (208-213 беттер, 1-31
сұрақтар).
|
Саралау - Сіз
қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
құндылықтардағы байланыс
|
Тақырыпты не үшін алдым?
Қазақстан аумағын мекендеген сақ тайпалары жарқын мәдени
мұралар қалдырғанын ұғыну үшін. Сақ тайпалары мәдениетінің сипаты ортақ
саналғанымен, аздаған өңірлік ерекшеліктерін ажырата білуі үшін
Қалай жоспарладым?
1) Тақырыпқа арналған тарихи деректерді жинау;
2) Кітапханамен байланыс жасау, қызықты
деректермен танысу.
Қабілеті жоғары оқушыға қалай
күрделендіремін?
1) «Ұқсастық пен айырмашылық» әдісі бойынша сақ
тайпаларының жерлеу дәстүрі мен мәдениетін салыстыртамын; (мұнда дұрыс
жауаптар, қателіктер, ұқсастық пен айырмашылық ара қатынасы, басым белгілері
т.б айқындалады);
2) Тақырыпқа тірек сызбалар
жасатамын.
|
1) «Ширату» сұрақтары арқылы өткен материалды еске түсіруде оқушылардың
сұрақтарға шынайы, нақтылы жауап беруі өзара бағаланады;
2) «Қызықты мозайка» сұрақтарға жауап беру арқылы сақ
тайпаларын картада орналастыра алады, бірін-бірі бағалайды;
3) «Адасқан әріптерде» тарау бойынша әріп реті бұзылып
берілген сөздерді дұрыс тауып жазуда оқушының логикасының деңгейі анықталады
және өздері орындау шеберлігін бағалайды;
4) «Артығын тап!» суреттердің ішінен артығын тауып, тақырыпты
ашады және сол арқылы бірін-бір сын тұрғысынан ойлауын бағалайды;
5) «Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?» деңгейлік жетелеуші сұрақтар қою арқылы кейбір оқушылар
бағаланады;
6) «СМСтер» кезеңінде топтар бір-біріне сұрақтар қою арқылы
вербалды бағаланады.
|
1)
1) Қазақстанның қай өңірлерінен ерте темір дәуірінің
археологиялық ескерткіштері табылғанын білу үшін география пәнімен
байланыстылығы;
2)
2) Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан аймақтары мен Сақтар
мәдениетінің суреттері интерактивті тақта арқылы көрсетіледі;
3)
3) Тарау бойынша әріп реті бұзылып берілген сөздерді дұрыс
тауып жазу үшін оқушыларға қателеспей, шапшандық-
4)
пен орындауға интерактивті тақтада үлкейтіліп беріледі.
|
|
|
|
|
|
|
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.