ПӘНІ: Ежелгі Қазақстан тарихы
|
|
САБАҚ: Қолөнердің
пайда болуы және дамуы
|
Мектеп: №202
орта мектеп
|
Күні: 11 қазан 2016 жыл
|
Мұғалімнің есімі: Нариман Айгүл Нариманқызы
|
СЫНЫП: 6 «Ә»
|
Қатысқандар саны: 18
|
Қатыспағандар саны: 2
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Адамдардың өнім өндіріп, құрал-сайман жасауда жеткен
жетістіктері тарихта «неолит төңкерісі» деп аталу себебін ұғынып, түсіне
алады.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
•Неолит дәуірінде тоқымашылықтың пайда болу алғышарттарын айта
алады;
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
•Неолит дәуірінің «Қыш құмыралар заманы» деп аталу себебін
түсіндіре алады;
|
Кейбір оқушылар:
|
•Тас дәуірінің үш кезеніне хронологиялық талдау жасай алады,
неолит төңкерісінің мәнін түсінеді, неолиттік тас өндеу мәдениетіне
сипаттама береді және Қазақстандағы неолиттік тұрақтарды орналасуын картадан
көрсете алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Тыңдалым
• жиынтық «м+о» қарым-қатынасында;
• өзара «м+о ⁄ о+о» болып талқылағанда;
• ұжымдық «м+о+т+с» қарым-қатынасында тыңдай алады.
Оқылым
• мәтінді қатесіз, түсініп оқуға
тырысады;
• арнайы берілген деңгейлік тапсырмаларды оқи отырып
орындайды;
Жазылым
• сурет не символдар арқылы өз ойларын бейнелейді;
• жаңа сөздерді дәптерге жазып анықтамасын береді;
• үй тапсырмасын жазып алады;
Айтылым
• «Ой шақыру», деңгейлік сұрақтарға жауап береді алады;
• критерий арқылы бірін-бірі бағалағанда түсіндіре алады;
• кері байланыста екі оң сәтті және бір ұсынысын айтады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
• Тоқымашылық, «қыш құмыралар заманы», жылтырата тегістеу,
бұрғылау
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
• §11. «Қолөнердің пайда болуы» тақырыбы:
1) Тоқымашылық;
2) Неолит - қыш құмыралар заманы;
3) Тастан, сүйектен жасалған еңбек құралдары мен әшекей бұйымдар.
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
|
Жоғары деңгейлі жетелеуші сұрақтар
1) Сіз неолиттік ыдыстардың сыртындағы өрнектері жайлы айта
аласыз ба?
2) Сіз неліктен әшекей заттар үшін қатты, бағалы тастарды пайдаланғанын
айта аласыз ба?
3) Сіз Қазақстанның қай өңірлерінен неолиттік әшекейлер
табылғанын айта аласыз ба?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
Жазып орындайтын тапсырмаларды
• Тоқымашылық, «қыш құмыралар заманы», жылтырата тегістеу,
бұрғылау сөздерін дәптерге түсіріп, жазбаша түсінік береді
|
Алдыңғы оқу
|
Жаңа тас дәуірі (неолит) (б.з.б. 5-3 мың жыл)
|
Жоспар • «Ой
шақыру» сұрақтары арқылы алдыңғы оқуды еске түсіру;
• Сергіту сәті;
• «Ғажайып алаң» ойыны;
|
• «Миға шабуыл» арқылы
жаңа тақырыпты ашу;
• Жеке, топтық жұмыстар
(тақырып мәтінің оқу, сурет не символдар арқылы өз
ойларын білдіру, постер
қорғау, критерий арқылы бағалау;
• Негізгі сөздер мен
тіркестер (жаңа сөздерді үйден толықтыру үшін дәптерге
жазып алу);
• “Сіз неліктен ... екенін
айта аласыз ба?” (деңгейлік жетелеуші сұрақтар қою);
• Картамен жұмыс
(неолиттік тұрақтарды Қазақстан картасынан көрсету,
түсіндіріп өту);
• РАФТ;
• Үйге тапсырма беру
(қабілеті жоғары оқушыларға логикалық тапсырмалар беру);
• Кері байланыс «Екі
жұлдыз, бір тілек».
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
2 мин.
1 мин.
10 мин.
|
І. «Ой шақыру»
- Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібін
атаңдаршы (терімшілік)?
- Мезолит кезеңіндегі адамдардың негізгі кәсібінің бірі
(аңшылық)?
- Мұздық ерігеннен кейін судың мол болуы қандай аулау жағдайды
туғызды (балықтардың өсіп-өнуіне және балық тәсілдерін жетілдіруге ықпал
жасады)?
ІІ. «Балық» ойыны
ШАРТЫ:
Мұғалім оң қолын балық секілді сол қолының үстінен
секіртеді. Оқушылар «балық» қанша секірсе сонша аулауға тырысу керек, яғни
шапалақ арқылы. Осылайша мұғалім оқушылар назарын өзіне тез аудара алады,
сабақты бастап кетуге мүмкіндік алады;
ІІІ. «Таңғажайып алаң» ойыны
Мезолиттік еңбек құралдарының атауы жазылған парақшалары
шеңбер барабанда ілулі тұрады. Оқушылар «құралдарды» таңдау арқылы артындағы
сұрақтарға жауап береді.
|
1) Оқулық (жетпесе тақырыптың көшірмесі бар мәтін);
2) 
«Ғажайып алаңның» шеңбер барабаны;
|
2 мин.
10 мин.
3 мин.
2 мин.
|
ІҮ. «Миға шабуыл» әдісі
Оқушылар жаңа сабақтың кілт сөзі ретінде тақтаға ілінген
суреттер арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашады;

Ү. Жеке, топтық жұмыстар
Оқушылар §11 қатесіз, түсініп оқиды, мәліметтерін ватманға сурет не символдар арқылы бейнелейді,
постер қорғайды және бір-бірін критерий арқылы бағалайды;
ҮІ. Негізгі сөздер мен тіркестер
«Қыш құмыралар заманы», тоқымашылық, жылтырата тегістеу, бұрғылау
сөздерін дәптерге жазады;
ҮІІ. Картамен жұмыс
Неолиттік тұрақтарды Қазақстан картасынан көрсету,
түсіндірме жұмысын жүргізу.
|
3) Жаңа сабақтың кілт сөзі ретінде тақтаға ілінетін себет,
құмыра, дәнүккіштің суреттері;
4) Ватмандар, түрлі-түсті маркерлер, критерийлер жазылған
бағалау парақшалары;
5) 
|
10 мин.
2 мин.
|
ҮІІІ. «РАФТ» әдісі
Бұл
стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Оқушылар формасын
түрлендіріп: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама жасау
арқылы жаңа сабақты пысықтайды.
ІХ. Үйге тапсырма беру
Оқушыларға
үй тапсырмалары беріледі. Сонымен қатар дарынды оқушыларға жекелеген
тапсырмалар жазылған кеспе парақтар таратылады.
|
6) Ватмандар, түрлі-түсті маркерлер;
7)
Жекелеген тапсырмалар
|
Қосымша ақпарат history.tarsu.kz/index.php/lektsii?id=72
http://www.itest.kz/lekciya_zhanga_tas_hasyry_neolit
|
Саралау - Сіз
қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
құндылықтардағы байланыс
|
Тақырыпты не үшін алдым?
Неолит дәуірі алғашқы адамдар өміріне көптеген жаңалықтар
әкелді, қоғамның жаңа түрі -тайпаның, тайпалық одақтардың құрылуына әзірлік
байқалды.
Қалай жоспарладым?
1) Тақырыпқа арналған тарихи деректерді жинау;
2) Кітапханамен байланыс жасау, қызықты деректермен
танысу.
Қабілеті жоғары оқушыға қалай
күрделендіремін?
1) «Ұқсастық пен айырмашылық» әдісі бойынша
палеолит, мезолит, неолит дәуірлерінің қоғамын, еңбек құралдарын,
тұрмыстарын салыстыртамын; (мұнда дұрыс жауаптар, қателіктер, ұқсастық пен
айырмашылық ара қатынасы, басым белгілері т.б айқындалады).
2) Тақырыпқа тірек сызбалар
жасатамын.
|
1) «Ғажайып алаң» ойыны арқылы алдыңғы оқуға қайталау
жасағанда оқушылардың сұрақтарға шынайы, нақтылы жауап беруі өзара
бағаланады;
2) «Миға шабуыл» әдісі бойынша жаңа сабақтың кілт сөзі ретінде
тақтаға ілінген себет, құмыра, дәнүккіштің суретіне қарап ойын айта білген
оқушылар смайликтер арқылы бағаланады;
3) Жаңа тақырып мәтінімен топтасып танысып, оқыған
мәліметтерін флипчартқа сурет не символдар арқылы өз ойларын бейнелеуде
белгілі бір критерийлер арқылы топтар бірін-бірі бағалайды:
•сурет не символ түрінде жеткізгені үшін - 3 балл;
•тақырыптың ұшқыр идеясына - 3 балл;
•тақырыпты уақытылы орындағаны үшін - 2 балл;
•тақырыпты терең ой арқылы жеткізгені үшін - 3 балл;
•тақырыпты әр топ 1 мин. қорғаса - 2 балл.
|
1)
1) Қазақстанның қай өңірлерінен неолиттік әшекейлер табылғанын
білу үшін география пәнімен байланыстылығы;
2)
2) Қазақстан картасынан неолиттік тұрақтардың орналасуы
интерактивті тақта арқылы көрсетілелі; 3) Сол тұрақтардан табылған әшекейлер
үшін пайдаланылған бағалы тастардың атауы жазылып тұрады; (оқушылардың
тастардың атауын дұрыс айту үшін).
|
Х. Рефлексия
3 мин.
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма
қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
• «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы
қорытындылаймын.
• Сабақ
мақсаттары шынайы болды;
• Неолит
дәуірінде тоқымашылықтың пайда болуының алғышарттарын, «Қыш құмыралар заманы»
деп аталуының себебін, жаңа тас дәуірінің
хронологиялық шеңберін білді, неолит төңкерісінің мәнін түсінді.
• Сынып оқушыларының көңіл - күйі
жақсы. Топтық жұмыста ұйымшылдықпен, белсенді жұмыс жасады.
|
• Жоспарлаған саралау шаралары тиімді. Қабілеті жоғары оқушылар тақырыпқа арналған тарихи деректерді
жинады, кітапханамен байланыс жасап, қызықты деректермен танысты
және сынып оқушыларының сыни ойлау дағдылары
қалыптасты.
• Сабақтың барлық кезеңдерін берілген уақыт ішінде үлгердім.
• Алдыңғы жоспарымның тапсырмалары аз болғандықтан
оны толықтырдым. Ал, «Текшелер» ойыны оқушылардың белсенділігін тежейді деген
болжаммен оның орнына «Ғажайып алаң» деп аталатын үй тапсырмасын қайталауға
арналған жұмыс қостым.
Жоспар төмендегі жұмыстармен толықтырылды:
- «Ой шақыру» сұрақтары арқылы алдыңғы оқуды еске түсіру;
- Сергіту сәті;
- «Ғажайып алаң» ойыны;
- Картамен жұмыс;
- РАФТ;
- Үйге тапсырма беру
- Қабілеті жоғары оқушыларға жекелеген тапсырмалар беру.
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды
(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: «РАФТ» стратегиясы бойынша «Алма» тобы жарнама, «Алмұрттар»
хабарландыру, ал «Шие» тобы бұйрық жасаулары - оқушылардың
ойлау деңгейлері әртүрлілігін және соған байланысты қарсы айтылған пікірлерді
сыни тұрғыдан ойлай отырып, ортақ шешімге келулері сабақты табысты етті.
Сонымен қатар бұл стратегия жоспарда көрсетілген модульден тыс көшбасшылықты
да анықтап берді;
2: «Алма», «Алмұрт», «Шие» топтарының бірін-бірі критерий
арқылы бағалаулары.
|
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: «Ой шақыру» сұрақтары арқылы сергіту сәтіне өтуім. Яғни,
сергітуде оқушылардың жас ерекшелігі ескеріле отырып, «Балық» ойынымен
оқушылардың назарын өзіме аудардым, сабақты тез бастап кетуімен жол аштым;
2: «Миға шабуыл» әдісімен оқушылардың жаңа сабақ тақырыбын
жетелеуші сұрақтарға жауап беру және суретке қарап болжау арқылы ашулары.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы
менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
1. Тақырып мәтінін оқу, топта талқылау, мәліметтерін сурет
арқылы бейнелеу және постерлерін қорғау секілді бірнеше жұмысты орындатуда
оқушылардың физиологиялық, психологиялық
ерекшеліктері ескерілу керектігін білдім;
2. Дарынды оқушыларға жекелеген тапсырманы
бергенде сұрақтар әзірленген кеспе парақшаларды үйде орындауға берумен
шектелмей, керісінше оны талқылап немесе сабақ үстінде орындатқан жөн деп білдім.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.