Инфоурок Всеобщая история КонспектыУрок по истории на тему "Сәулет өнері" (7-класс)

Урок по истории на тему "Сәулет өнері" (7-класс)

Скачать материал

«Семенов орта мектебі»ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

 

 

ТақырыбыҚазақстанның   XІV-XV ғасырлардағы сәулет өнері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                             Өткізген:тарих пәнінің мұғалімі

                                                                            Тоқаева Ж.Т.

 

 

 

 

 

 

 

2016 оқу жылы

 

 

                            

 

 

Тоқаева Жаңылсын Төкенқызы

«Семенов орта мектебі» ММ тарих пәні мұғалімі

 

Сынып:  7 «А»

Пән аты: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:   Қазақстанның   XІV-XV ғасырлардағы

 сәулет өнері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: XІV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгілері – ескерткіштер, қолданбалы өнер туындыларын, кесенелерді, құрылыс материалдарының жоғары сапалы болғаны жөнінде түсінік қалыптастыру, әлемдік өркениеттегі еліміздің сәулет өнерінің тамаша туындыларымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын арттыру, мәдениеттің даму барысы мен сәулет өнері жайлы өз беттерінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: : Орта ғасырлардағы сәулет өнерінің туындыларын қазіргі заманғы архитектураның озық үлгілерімен салыстыра отырып, оқушыларды еліміздің барлық тарихи құндылықтарын құрметтеуге, тарихи мәдени ескерткіштерді қорғауға және оларға деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақты тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері, презентация, картамен жұмыс, жеке,  топтық,электронды оқулық,  оқулықпен жұмыс.  

Сабақтың пәнаралық байланысы: Қазақ тілі мен әдебиет,география т.б.

 Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы, карта, қосымша тарихи әдебиеттер,электронды оқулық ,  интерактивті тақта, тақырыпқа сай суреттер.

 

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру( Оқушылармен амандасу, сыныпты  түгендеу, бар ынтасын сабаққа аудару)

2. Өткен сабақты пысықтау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Бекіту, қорытындылау, бағалау

5. Үйге тапсырма беру

II. Үй тапсырмасын сұрау:

 

1-тапсырма. Мына берілген ұғымдарды сәйкестендіріңдер.

 

 

1. Ертегілер

Кетбұға, Қотан, Сыпыра жырау, Асан қайғы жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, т.б.

 

2. Аңыздар

«Ескендір», «Қамбар батыр», «Шора батыр», «Жошы ханның жортуы», «Ақсақ құлан», «Ел айырылған», «Сағыныш», т.б.

 

3.Жыр дастандар

«Кодекс Куманикус», «Озызнама», өзбек ақыны Хорезмидің «Мухаббатнамасы», Кутбтың «Хұрсау мен Шырыны», Дурбектің «Жүсіп-Зылиха» шығармалары

 

4. Эпостық жырлар

«Күннің баяны», «Темірқазық пен жетіқарақшы».

5. Жазбаша әдебиет

«Ер тарғын», «Орақ-мамай», «Ер Қосай», т.б.

 

6.Күйлер

«Көк тәңірі», «тасаттық», «бойтұмар»

7.Діни наным-сенімдері

 

«Құламерген», «Жоямерген», «Жерден шыққан Желім батыр», «Ер Төстік», «Керғұла атты Кендебай», т.б.

 

 

 

2 тапсырма: «Қайсысы артық?» ойыны:

1.     Киіз үй, киім, сандық, кілем, аңыз, торсық.

2.     Әдет-ғұрып, салт-сана, ат әбзелдер, ауыз әдебиет, қиял-ғажайып.

3.     Қожа Ахмет Йасауи, Арыстан баб, Алаша хан, Құламерген, Рабиға Сұлтан Бегім.

4.     Тоғылық-Темір, Кетбұға, Қотан, Сыпыра жырау, Асан Қайғы.

5.     Әңгіме, поэмалар, мақал, мәтел, сөздер.

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

                Бүгінгі жаңа сабақты Қазақстан Респуликасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен бастағанды жөн деп санаймын.

“Адамзат тарихының күре тамыры мәдениет болса, мәдениеттің күре тамыры – адам баласының ақыл-ойы мен қиял-қарекеті дүниеге әкелген ғажайып рухани және материалдық құндылықтар”

Н.Назарбаев

 

Балалар, сәулет өнері Қазақстанның 10 – 12 ғғ Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей бастады. 13 ғасырдағы Монғол шапқыншылығы сәулет өнерінің дамуына үлкен кесірін тигізді, 14 ғ – 15 ғ басынан архитектуралық маңызы бар ірі құрылыс салына бастады, ол кезден бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгілерінеАрыстан-баб,Қожа Ахмет Йасауи ,Көккесене, Алаша хан, Рабиға Сұлтан Бегім, Дәуітбек, Тектұрмас сияқты кесенелер жатады.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру:

Жоспар:

А) Сәулет өнері;

Ә) Арыстан баб кесенесі;

Б) Қожа Ахмет Йасауи кесенесі;

В)  Көккесене;

Г) Алаша хан кесенесі

Д) Рабиға Сұлтан Бегім

Е) Қолданбалы өнер

1. Кесене – діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған.

1. Сәулет өнері – Архитектура (латынша құрылысшы) жайлы сендер өткен сабақтардан білетін боларсыңдар. Енді біз сол тақырыпты жалғастырайық. Қазақстаңда өнердің бұл түрі X-XІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей бастаған білерсіздер.  Оған дәлел Тараз қаласының маңынан 18 ш жерде салынған Айша Бибі, Бабаджахатын сияқты сәулет өнерінің ең тамаша туындысы, әрі қарай өркендеуіне Монғол шапқыншылығы үлкен зиян тигізді. Дәлел ХІІІ-ХIV ғасырларға дейін құрылыс нысандары салынбаған. Ал ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған . мысалы бізге жеткен тамаша сәулет өнері Арыстан баб Қ.А.Иасауи, Көккесене, Алаша хан т.б. кесенелер жатады. Арыстан баб кесенесі Отырардың Батыс жағында 3 км жерде Сырдария өзеніне жақын жерде орналасқан.

 

2. XIV-XV ғ аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнері - Қожа Ахмет Иасауидің кешенді кесенесі. Қожа Ахмет исі мұсылман дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушысы, ақын. Кесене ОҚО Түркістан қаласының орталығында орналасқан. Тарихи деректерге жүгінсек 1397 жылы Әмір Темір салдырған, негізгі мақсаты Қожа Ахметтің мұсылмандар арасындағы беделін көтеру, пір тұтушылардың сеніміне ие болу. Аумағы 46,5х65,5м биіктігі 37,5 м, алдынғы беті шығысқа қараған, екі беті күмбезді 35 бөлмеден тұрады. Ең үлкен орталық бөлмесі 18,5 х 18,5 м, ортасында 1399 жылы жасалынған үлкен Тайқазан тұр. Ең негізгі бөлмелердің бірі кітапхана мен Оңтүстік үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай. Оларда атақты адамдар жерленген.Ең басты бөлмесі Көрхан деп аталады, онда Ахмет Иасауидің мүрдесі қойылған. Кесененің сырты әйнек, сырлы құйма кірпіштермен қапталған., қабырғалары түрлі өрнектермен әшекейленген. Көрханның үстіне қатпарлы күмбез тұрғызылған.

Диуани хикмет

 

3.Алашахан кесенесі – ХIV – XV ғасырлар арасындағы сәулет өнерінің басты бір ескерткіші. Б.з.д ІІ-І ғасырда өмір сүрген. Алаша хан көне қытай, араб деректерінде де есімі аталатын тұлға. Ұлытау жерінде Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Кесене Х –ХІ ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы, ерекшелігі далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалынған, іргесі текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Ондағы өрнек Орта Азияның сәулет өнерінде кездеспейді. Сырты қазақтың дәстүрлі ою – өрнегі, таңдай, жүрекше оюларымен безендірілген.

 

4.Көккесене – Ақ Орданың астанасы болған Сығанақ қаласының маңында Төменарық деген жердің Солтүстік Батысында 8ш жерде орналасқан бір күмбезді кесене. Сырт беті кілем сияқты өрнек үлгісімен жасалған. Өкінішке орай бүгінгі күні тек жұрнағы ғана қалған.

5. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі - XV ғасырдың екінші жартысында салынған. А.Иасауи кесенесінің Шығыс жағынан 60м жерде орналасқан, 5 бөлмеден тұрады. XIX ғасырдың соңында қираған. Төбесіндегі күмбезі Иассауидің кесенесінің ішінен табылған. Қалай келгені белгісіз. 1485 жылы қайтыс болған ол Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы екені жазылған. 1895 ж қараусыздықтан бұзылып кеткен, қалған бөлігі 1950- 1957 ж археологиялық қазба жұмыстарынан кейін кірпіштері Ахмет Иасауи кесенесіне жөндеуге жұмсалған деген дерек бар. Зерттей келе кесененің астыңғы сағанасында 5 адамның мүрдесі табылған. Ортасындағы Рабияның мүрдесі деген болжам бар.

 

6. Қолданбалы өнер - өнер атаулының ішіндегі ең күрделісі, үлкен шығармашылықты қажет етеді. Кез келген сәулеттік құрылысты жасаған соң әрленуіне көңіл бөлу керек, болмаса шыққан шығын зая кетеді. Сондықтан құрылысшылар әдемілеуде қолданбалы өнерді пайдаланған.Жаңа үлгілері қалыптаса бастады, күмбез шатыр пайда болды. Күйген кірпіштен бір жағын түрлі-түсті әйнек сыр жағылған кірпішті пайдаланды. Оның сыры әлі күнге ашылмаған. Орта ғасырдағы құрылыс материалдарының сапалы жасалуынан сәулет өнерінің жоғары деңгейде болғанын көреміз.

 

IV. Сұрақ-жауап әдісі

1. Сәулет өнері деген қандай өнер?

2. Алашахан кесенесі қай жерде, қандай ерекшелігі бар?

3. Қ.А.Иасауи кесенесін кім салдырған, құрылыс жүйесі?

4. Археологиялық зерттеуде қандай сәулет өнерінің ескерткіштері белгілі болды?

5. Отырар қаласынан табылған қоғамдық құрылыс орындарын ата?

6. Қолданбалы өнер қандай өнер?

V. Электронды оқулықты тыңдату.

Тапсырма:

Кестедегі бос орынды толтырыңдар.

 

XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері

Кесенелер

Орналасқан орны

Ерекшеліктері

Арыстан баб

Отырар

Екі бөлме, төбесі күмбезбен көтерілген.

Қожа Ахмет Йасауй

Түркістан

Орта Азияда ешбір теңлесі жоқ сәулет өнерінің туындысы. Биіктігі 37,5м,

35 бөлмеден тұрады,

залдың ортасында тайқазан тұр,

негізгі бөлмесі кітапхана.

Көккесене

Сығанақ,Төменарық.

Қабырғаларының сырты Алаша хан күмбезі секілді қыштан, кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қаланған.

Алаша хан

Ұлытауда, Қаракеңгір өзенінің бойында

Күмбездің сыртын әсемдеу ісінде

қазақтың дәстүрлі ою – өрнегі кең қолданылған.

Рабиға Сұлтан Бегім

Түркістан

Басына қойылған құлыптасы Ахмет Йасауй күмбезінің ішінен табылған.

 

 

Картамен жұмыс. Алты кесененің орналасқан жерін картадан анықтап тауып, кесенелердің кішірейтілген суреттерін картаға жабыстыру.

 

VІ. Дәптермен жұмыс.

Тест.

1. Аталған сәулет өнері ескерткіштерінің қайсысы монғол шапқыншылығынан кейін салынған?

а. Айша-бибі кесенесі

ә. Білеулі ғимарат

б. Арыстан баб кесенесі

в. Ақыртас ғимараты

2. Әмір Темір бұйрығымен тұрғызылған сәулет өнерінің ғажайып туындысы

а. Қожа Ахмет Иасауидің кешенді кесенесі

ә. Алашахан кесенесі  б. Боран мұнарасы  в. Бабаджа қатын кесенесі

3.ХІV-XV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде салынған ескерткіш

а. Аяққамбыр күмбезі  ә. Мырзарабат сардобасы

б. Алаша хан кесенесі  в. Дың ескерткіші

 

4. Материалдық игіліктер қандай шикізат көзіне негізделеді?

а. Мал басынан алынатын ә. Саудаға

б. Қолөнерге в. Жер өңдеу кәсібіне

 

5. Қуаңшылық жылдары қандай ырым жасалған?

а. Көкке табыну  ә. Пұтқа жалбарыну

б. Тасаттық  в. Аруақтарға сиыну

 

VІІ. Жаңа сабықты бекіту

 Сәйкес келетін тарихи жылдарды табыңдар

• 1397 жыл –

• 1399 жыл –

• 1485 жыл –

• 6 ай

Дұрыс жауабы:

 1397 жыл – Әмір Темір Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салуға бұйрық берді.

 1399 жыл – Залдың ортасындағы үлкен тайқазан жасалған.

 1485 жыл – Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы Бегім қаза болды.

 6 ай – Отырар қаласы монғол шапқыншылығына осы уақыт аралығында төтеп беріп тұрды.

 

Кім ұшқыр?

          Қ.А.Йасауи кесенесі орналасқан қала?

          Көккесене қай қаланың маңында орналасқан?

          ХIVXV ғасырда салынған кесене?

          Түрік дәуірінен ХIV – XV ғасырдағы ертегі?

 

ІІ.Қорытындылау

Мұғалім:Қазіргі кездің сәулет өнері қарыштап дамуда.Дегенмен әлі күнге дейін ортағасырлық ескерткіштердің салыну деңгейінен асу қиын.Олар ғасырлар мен мыңжылдықтар өтсе де сыр бермей, әлі де өзіндік ерекшеліктерімен таң қалдыруда.

- Осыған байланысты біздің міндетіміз қандай болады деп ойлайсыздар?

- Ескерткіштерді сақтау, қорғау, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу

 

ІХ. Бағалау:Бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды.

 

Х. Үйге тапсырма:1) Өзің тұрған өлкеде сәулет өнерінің ескерткіштері бар ма?Мәліметтер жинау

2) Қожа Ахмет кесенесіне эссе жазу

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по истории на тему "Сәулет өнері" (7-класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 508 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Тест по теме "Русско-японская война"
  • Учебник: «История России (в 2 частях)», Арсентьев Н.М., Данилов А.А., Левандовский А.А. и др./ Под ред. Торкунова А.В.
  • Тема: § 29. Внешняя политика Николая II. Русско-японская война 1904—1905 гг.
  • 10.11.2016
  • 1103
  • 14
«История России (в 2 частях)», Арсентьев Н.М., Данилов А.А., Левандовский А.А. и др./ Под ред. Торкунова А.В.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.11.2016 614
    • DOCX 65.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Токаева Жанылсын Токеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Токаева Жанылсын Токеновна
    Токаева Жанылсын Токеновна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 737
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе