Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / УРОК ПО истории "Орта ғасырлардағы ғылым мен білімнің дамуы"

УРОК ПО истории "Орта ғасырлардағы ғылым мен білімнің дамуы"

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:


hello_html_m415816fc.gifhello_html_m415816fc.gifhello_html_m415816fc.gifСабақтың тақырыбы: 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс


Сабақтың мақсаттары:

А)білімдік: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің отаршылдыққа, империализмге қарсы сипатын және ұлт-азаттық соғысқа ұласқанын түсіндіру.

Ә) дамытушылық – Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтеріліске талдау  жасап, топтамалар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Б) тәрбиелік – Жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, отаншылдық тәрбиебере отырып, халқымыздың басынан өткен қатпарлы тарихын ден қойып оқуға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа білімдерді хабарлау, меңгерту, білімді бекіту

Сабақтың әдісі: Әңгіме, ауызша сұрау, тест. Мультимедиалық лекция, ойтолғау және шағын пікір талас. түсіндіру, көрсету, өзіндік жұмыс.


Сабақтың көрнекті құрал-жабдықтары

А) Оқытудың дидактикалық көрнекіліктері:Кешенді әдістемелер. Карта. Слайттар

Пәнаралық байланыс:Дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті, География



Сабақтың барысы


I. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Оқушылардың сабаққа зейінін аудару

б) сабаққа қатысуын тексеру

ә) сабақтың мақсатын хабарлау, оқушылардың сабаққа белсенділігін ұйымдастыру.

II. Өткен тақырыпты сұрау.

Сынып оқушыларын екі топқа бөліп екі тест тапсырмасы арқылы білімдерін интерактивтік тақта арқылы тексеру

Тест сұрақтары №1


1.Қазақ жерінің Ресейге қосылуының алғы шарттары

а) жер кеңейту

ә) орысша үйрену

б) сыртқы жаулардан қорғану


2. Ресей бодандығына алғаш өткен жүз және оның ханы

а) ұлы жүз Семеке хан

ә) орта жүз Абылай хан

б) кіші жүз Әбілхайыр хан


3. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары қазақ халқының қанша бөлігі қырғынға ұшырады?

а) үштен бірі

ә) үштен екісі

б) үштен үші


4. Ұлытау жерін басьш алуға жылжыған жоңғарларды қандай жерде ойсырата жеңді?

а) Аңырақай

ә) Жоңғар қақпасы

б) Қарасиыр


5. Аңырақай шайқасының жеңісінен кейін қазақ үстем тап өкілдерінің арасында қандай жағдай болды?

а) алауыздық туып, ыдырай бастады.

ә) үш жүздің басы қосылды

б) патша үкіметіне тәуелді болу басталды


6. Тевкелев әкелген патша үкіметінің талап ету нұсқауы қанша ережеден тұратын еді?

а) 20

ә) 12

б) 18


7. Қазақ елінің басына түске ауыр кезеңді суреттейтін ән:

а) Атамекен

ә) Қамажай

б) Елім-ай


8.XIX ғасырдың 20-жылдарының басында қазақ қоныстарына шабуыл жасап отырхан хан:

а) Шыңғыс хан

ә) Мухаммед Рахым

б) Қалден - Серен


9. Ұлы жүздің шығыс бөлігін билеген Суйік султан 1819 жылы қандай шешім қабылдады?

а) сыртқы жаудан қорғау және саяси бытыраңқылықты жою үшін қол жинау туралы

ә) хандық билікті тоқтату туралы

б) жергілікті халықтың атынан патша өкіметінің қол астына өтуге тілек білдіру туралы


10. XIX ғасырдың 20—30-жылдары "Азия комитеті" құрылу себебі?

а) бекіністер салу үшін

ә) патша өкіметінің саясатын Азияның ішкі аудандарына енгізу үшін.

б) қарапайым халықты айтқандарына күштеп көндіру үшін






Тест сұрақтары №2


1. 1824 ж. Кіші жүзде хандық өкіметтің жойылуына қандай жарғы әсер етті?

а) «Сібір қырғыздарының Жарғысы».

ә) «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы»

б) «Азия комитетіін құру туралы Жарғы»


2.XIX ғасырдың 60-жылдары Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерінің Ресейге қантөгіспен қосылуы қандай оқиғаны білдіреді?

а) жергілікті жерлерде көтерілістердің шығуы

ә) бекіністер салудың көбейюі

б)бүкіл қазақ жерінің Ресейге қосылуының аяқталған кезі болды.


3. Еуропаға даңқы жеткен ең ірі қозғалыс

а) Сырым Датұлы бастаған көтеріліс

ә) Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс

б) Кенесары ханның басшылығымен болған 1837-1847 ж.ж. ұлт-азаттық көтеріліс.


4. Билер сотын жойып, хандық сот енгізген қай хан?

а) Нұралы

ә) Кенесары

б) Жәңгір


5. Патша үкіметінің қол астындағы қазақ елінде қандай өзгерістер болды?

а) Феодалдық – көшпелі шаруашылықтан капиталистік өндіріске көше бастады. 

ә) қазақ халқы салт-дәстүрін ұмытты

б) қазақ халқы отырықшылыққа көшті


6. Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі не болды?

а) жерге егін егу

ә) орыстарды қоныстандыру

б) жергілікті халықтың жағдайын жақсарту


7. 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының қанша пайызын қамтыды?

а) 10,5

ә) 20,5

б) 30,5


8. Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Қазақстанның қай өңірінде ашылды?

а) Батыс және Оңтүстік Қазақстанда

ә)Шығыс және Орталық Қазақстанда

б) Солтүстік және Жетісуда

9. 1905 ж. қаңтарда іске қосылған Орынбор – Ташкент темір жолының ұзындығы қанша км болды?

а) (ұз.2000 км)

ә)(ұз.2185 км)

б) (ұз.1656 км)


10. «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бойынша қоныстанушы әр жанға қанша десятина жер берілді?

а) 30 десятина жер берілді.

ә)30 десятина жер берілді.

б) 30 десятина жер берілді.


III. Жаңа сабақ


Жоспар

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай менЖетісуда оның танылған жетекшілері А. ИмановӘ. ЖанкелдинТ. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (БокинНиязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» газеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. БөкейхановАхмет БайтұрсынұлыМ. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. Көтерілістің аса ірі ошақтары ЖетісуТорғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Торғай көтерілісі (басшылары А. ИмановӘ. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді. Патшалық Ресейдің XX ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады. ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайдаболды. 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Соғыс ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өсуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднитінде, Орынбор –Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді. Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды. 1916 жылы 25 мусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық – түлік екі – үш есе қымбаттауы да халықтың наразлығына өршіте түсті. Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерліуіне себеп болды. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттері майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты» , ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарында ұлт – азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалстік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал – байларға қарсы бағытталды. Бұл қозғалыста еңбекші халықтың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда – Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында - Әділбек Майкөтев, Жетісуда – Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды. Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті жақтаған жоқ. Өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне көрсете алмай, тағыда қырғынға ұшырайтынын сезді. Бірақ оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны – халық көтерілісін тоқтату мүмкін болмады. 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды.

IV. Бекіту

Оқушылардың алған білімін бекіту барысында: отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістің маңызына талдау  жасап, тапсымалар арқылы ой-өрісін дамыту жұмыстары


Тапсырма №1

Жаңа тақырыптың жоспары бойынша сынып оқушыларына зерттеме жұмыстары



Тапсырма

«Зерде»тобы

«Тарихшылар»тобы

«Алғырлар» тобы

Көтерілістің шығу себебі




Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық – зомбылығы




Көтерілістің Жетісудағы орталығы





Тапсырма №2

Көтеріліс барысындағы тұлғаны танып, ойтолғау жасау.

Амангелді Үдербайұлы Иманов.jpghttp://pomnipro.ru/resources/image/memorypage_48621.jpeg?v=1397164630http://alashainasy.kz/alashuni/kudiyarhan-tezek-toreulyi-turalyi-derekter-bolm-52574/userdata/d94cadc9a6174e1ce43b821297979d98.jpghttp://asyl-bilim.kz/kartinki/1916_koterilis/1916-1.jpg

Бекболат Әшекеев, Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов, Жаңабай Құдайбергенов, Серікбай Қанаев, Қазбек Шорманов, Тоқаш Бокин, Әубәкір және Жақыпберді Солтанбекұлдары, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар, т.б.

Тапсырма № 3

Қазақстанның түпкір-түпкірінде болған ұлт-азаттық көтерілістер жайындағы әңгімелер, өлеңдер, жырлар халық жадында сақталып, бізге дейін жеткен. Жетісудағы көтерілісті басқарған Бекболат Әшекеевке арналған «Бекболат» атты жырды оқушылардың кезектесіп оқуы.


...Даланы қара бұлт басты,

Найзағай ойнап, от шашты.

Жым-жырт жатқан сахара,

Басқандай болды албасты.

Зілді кезең кездесіп,

Кәрі, жастан сұр қашты,

Жарлығы шығып патшаның,

Ел сенделді, ер састы.

Ежелгі кек оянып,

Көтеріліп жұрт дуласты 

...Біреу олай сөйледі,

Біреу былай сөйледі:

-Баланы қолдан бергенше,

Қасірет, қайғы көргенше,

Патшаға қарсы тұрамыз.

Өлсек, шәйт боламыз, -

«Сұры жаман қазақты»,

Көздерімен көргенін,

Патшаға жігіт бергенше,

Жақсы көрер қырылып,

Өз жерінде өлгенін,

Жолықты бізге көп қазақ,

Жайнаған оттай шоқ қазақ.

Ауыл сайын біз бардық,

Ықыласы жоқ қазақ.

Палбаум,тақсыр,жанарал!

Қазақ әскер бермейді,

Бұл сөзіме құлақ сал.

Қанға былғар қолдарын,

Беруге қимай ұлдарын,

Көзім көрді көп қазақ

Баталасып тұрғанын 

Жұрт жиылды айқайлап,

Ырым қылып өзінше,

Бір ағашқа ту байлап,

Көп халайық көтерді,

Бекболатты бас сайлап... 

Сол уақытта ұрыстың,

Басталар кезі дәл болды.

Біреудің біреу малына,

Ие болар күн болды.

Патша әскері қазаққа,

Күйік болар күн болды.

Айдағаны әскердің

Түйе болар күн болды.

Үсті-басы қазақтың,

Шие болар күн болды 

...Қазақтан талай кісі шығын болды,

Жүз елу жылқы жауға тығын болды.

...Әуелі Бекболатты әкетті айдап,

Ат үстінде аяқ қолын байлап,

Артынан қалғандарын қоса айдап,

Бейшара түсті қолға соры қайнап,

...Атты казак орыстар,

Қамап алып келеді.

...Көк мылтықты көпіртіп,

Көкке қарап келеді.

Ер Бекболат сияқты,

Бекке қарап келеді.

Бекболат ер ашулы,

Шетке қарап келеді.

Елден адам бар болса,

Сәлем айтсам жұртыма,

Деп те қарап келеді.

Дар түбіне барады,

Жан-жағына қарады.

Ауылдасы Мұстафа,

Дереу келе қалады,

Көзіне жас алады.

Абдоллаға сәлем де,

Танырсыз менің баламды.

Басқа сөзге уақыт жоқ,

Мойныма арқан салады... -

Біз де адамнан туып едік,

Адамбыз деп жүріп едік.

Сарала шенді шошқаға

Қандай күнә қылып едік?

Алым бермей қойдық па?

Малын бермей қойдық ба?

Сендердің де біздей болып,

Бала-шағаң шуласын,

Үстіңдегі патшаң

Апиын жеп уласын, -

Сойылы бар батырдың

Талайын атқан оқпенен,

Жапалақтай жығылған,

Сай-салада тығылған.

Қызыл жоса,қырман боп,

Қырылдық жаман шыбыннан.

Албанның қасқа қайсары

Серікбай, Ұзақ, Жәмеңке -

Бәрі он екі кісі еді,

Қарақолға бет алып,

Қара жолмен шұбырған 

Ел күңіріне үріккенде

Кеулей қашып жөнелдік.

Атадан қалған қой, жылқы

Тимей қашып жөнелдік.

Тіккен үйді тенкейтіп

Кірмей қашып жөнелдік.

Екі жеңін шапанның

Кимей қашып жөнелдік.

О қашқаннан бардық та

Қытайға барып тығылдық

Аяғын құшып қалмақтың

Жалынып, жарбап жығылдық, -



V. Сабақты қорытындылау


Кестені толтыру








VI. Бағалау: Оқушылардың білімін сараптап баға қою

VII.Үйге тапсырма беру. Тарихи-әдеби шығармалардан реферат жазып келу

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы білім беру жүйесінің қалыптасуы және дамуы

Сабақтың мақсаттары:

А) білімдік – Қазақстандағы білім беру жүйесінің кешегісі және бүгінгісі келешегі жайлы оқушыларға кең түрде мағлұмат беру

Ә) дамытушылық – оқушылар тұлғасын рухани жетілдіріп, білімділік дағдыларын меңгерте отырып, ізденімпаздыққа, қабілеттілікке, шығармашылық білімдерін дамыту.

Б) тәрбиелік – әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлға болуға тәрбиелеу. Отан тарихын білуге, елжандылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың типі: жаңа білімдерді хабарлау, меңгерту, білімді бекіту

Сабақтың түрі: аралас сабақ, сұрақ жауап

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету

Сабақтың формасы: фронтальдық; жекелеген топпен жұмыс


Сабақтың көрнекті құрал-жабдықтары

А) Оқытудың техникалық құрал-жабдықтары: терілім техникасы.

Ә)Дидактикалық көрнекіліктер: карточка тапсырмалар, сұрақ карточкалары, схемалар, кестелер Ұлы философтардың нақыл сөздері.


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу

Ә) Оқушылардың сырт бейнесіне назар аудару

Б) Оқушылардың техника қауіпсіздігін сақтауына назар аудару

ІІ. Өткен сабақты қайталау сұрақтары.

Кешенді әдістемелер арқылы үй тапсырмасын сұрау:

А) Карточка тапсырма

Ә) Схема толтыру







ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспар:

1. Қазақстандағы білім берудің кешегісі

2. Қазақстан білімінің бүгінгісі

3. Қазақстандағы білім берудің болашағы


Енді осыларға жеке жеке тоқталып, жоспардағы үш бөлікті сыныптағы оқушылар санына сәйкес үш топқа бөлемін.


Бірінші топ: Қазақстандағы білім берудің кешегісі

А) XV-XVII ғасырдағы білім.

Қазақ хандығы кезінде араб жазуы қолданылып, діни оқу кең өріс алады. Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласында, басқада қалаларда мешіт, медіреселер салынады. Сол кездегі білім беру жүйесін мына сызба нұсқа бойынша елестетуге болады.


  1. Сызба нұсқа



  1. Сызба нұсқа





XV-XVII ғасырларда медреселік оқу діни сипатта бола тұрсада осы медреселерде оқып, білім алған адамдар арасынан сауатты өз заманына лайық ғұлама ғалым жазушылар шықты.

  1. Сызба нұсқа





Кемеңгер ойшыл Асанқайғы да тарихта қазақ халқының философиялық ой-пікірін өрістетуге үлес қосқан ғұламалардың бірі.

XV-XVII ғасырлардағы ақын жыраулар:

  • Асанқайғы (XVғ)

  • Қазтуған жырау (XVғ)

  • Доспамбет жырау (1490-1523жж)

  • Шалкиіз жырау (1465-1560жж)

  • Жиембет жырау (XVIIғ)

  • Марғасқа жырау (XVIIғ)

  • Ақтамберді жырау (1675-1768жж)

Бұхарадағы Көгелташ медресі, салынуы тарихынан қысқаша мағлұмат. Мешіттің салынған уақыты XVIғ


Ә) XVIIIғ –XIX ғасырлардағы білім.


«Ғылым білімдіге қонады, ғылымсыз білім тым құрғақ» Ж.Аймауытов.


Патшалы Рессейдің билігі кезінде Қазақстанда білім отарлау бағытында болды. Қазақ арасынан патша үкіметіне қызмет ететін кіші шенді шенеуліктер, тілмаштар, хатшылар даярланды. Сол кезегі білім жүйесін көз алдымызға елестету үшін мына төмендегідей сызба нұсқаны пайдалануға болады.

Сызба нұсқа


Әскери оқу орындары

Мектептер

Омбы

1789ж. Азиялық мектеп

Орынбор

1813ж. Әскери училище

Сібір

1837ж. Кадет корпусы

Орынбор

1844ж. Неплюев кадет корпусы

Ішкі Ордада

1841жылы

Торғай

1861-1864 жылдары

Қазалы

1861-1864 жылдары

Перовск

1861-1864 жылдары




Училищелер

Гимназиялар

1831ж. Семей, Өскемен

1836ж. Қыздар училищесі

Ырғыз

Қостанай

Қарабұтақ

Ақтөбе


XIX ғасырдың аяғы

Верный- әскери

Орал - ер балалар

Семей - ер балалар және қыздар



Институттар

1872ж. Омбы

1879ж.Ташкент

1879ж.Орынбор



«Жәңгір мектебі», «Ыбырай мектебі» құжат материалдары пайдалынылды.


Қорытынды

Абай: «Халқым надан болған соң...», «Мыңмен жалғыз алыстым...», «Қайран сөзім қор болды» деп қазақ халқының басындағы отарлық бұғау, қараңғылық пен надандық туралы ашына жырлады.


Б) XX ғ. Кеңес үкіметі кезіндегі білім.

Қазақстанда Кеңес үкіметі кезінде білім беру ісі кеңестік жүйеге түсті, бірақ ұлтық педагогика ескерілмеді, сонда да халықтың білімділігі артты.

Білім берудің барлық саласы мемлекет есебінен іске асырылды. Оқушыларға оқулық тегін берілді. Кеңес адамдары дүние жүзінде ең көп оқитын халық болды. Мысалы: 155 тілде кітаптар, 8 мың газеттер, 5 мың журнал шығып тұрды. 1465 мұражай жұмыс істеді. Әр отбасына 6 басылымнан келді.

Тапсырма карточкасы


Тапсырмада берілген сұрақтарға жауап іздеңдер

Сұрақ

Жауап

1

Алған білімнің өмірде қолданылуы қалай болды?


2

Білім өмір талабына сәйкес пе?


3

Қоғамның, өндірістің талабынан алшақ па?




Тоқсаныншы жылдары халық шаруашылығының тең жартысында жұмыс үрдісінің елу пайыздан астамы машина механизмді пайдаланбай қолмен атқарылған. Әсіресе, ауыл шаруашылығында, құрылыста, транспорт салаларында. Оның себебі: шаруашылықтың көп салалары жаңа техникамен қамтамасыз етілмеді, екінші оларды қолданушы адамдардың кәсіби біліктілігі жеткіліксіз болды. Алған білім өмірден алшақ болды. Ұлт мамандары қара металургияда 5-6 пайыз, түсті металургияда 3-4 пайыз ғана болды.


Екінші топ: Қазақстандағы білім берудің кешегісі


А) Тәуелсіз Қазақстан білімі

Тәуелсіз елдің дамуы білмге байланысты. Еліміз тәуелсіздік алды, материалдық рухани байлық өз меншігімізге айналды. Өркениетті елдер ҚР ның тәуелсіздігін мойындады.


Кесте карточкасы

Өркениетті елдермен түрлі байланыстар орнықты. Олар қандай? Жауабын кестеге толтыр


Экономикалық

Саяси

Мәдени























Ендігі міндет - қоғамның жан жақты дамуы үшін заман талабына сай білімді адамдар дайындау. Халыққа білім берудің жаңаша стратегиясы жасалды. Яғни, жаңа 1999 жылы білім туралы заң қабылданды. 2000 жылы қарашада Білім туралы мемлекеттік бағдарлама жасалды. Алған білімнің сапасын, тиімділігін, құндылығын арттыру әлемдік стандарттқа сәйкестендіру үшін әрекеттер жасалуда. Ұлттық интеллегенцияны қалыптастырудың мақсаты, тәуелсіз қоғам дамуының маңызын түрлі фактілер келтіру арқылы ашу. Кәсіби бір жақтылықтың теріс ықпалын Арал Балхаш, Семей, мәселелері туындады. Тың игеру кезінде жіберілген бір жақтылықтың салдарынан халық шаруашылығына зиян келтірілді.


Ә) Білімнің күнделікті өмірде қолданылуы

Нарық жағдайында қиыншылықтан құтылудың бір жолы қосымша кәсіби шеберлікті меңгеру. Мысалы: телевизор, тоңазытқыш, тағы басқа нәрселер бұзылса, жөндеп алу отбасы қаржысын үнемдейді. (оны күнделікті өмірден кездестіруге болады).

«Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы» М.Әуезов айтқандай, кәсіби білімнің ұрпақтан ұрпаққа берілуінің маңыздылғына тоқталу. Мысалы: қазақ халқының қол өнер кәсібі иіру, тоқу, тері өңдеу, етікшілік, ұсталық т.б. кәсіптерді ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып отыр. Сонда ғана қоғамымыз маманға зәру болмай дүниежүзілік өркениетті елдердің дәрежесіне сәйкес болады.


Б) Қоғамның, ғылыми жаңалықтың дамуына ықпалы.


Кеңес үкіметі кезендегі бюрократизм ғылыми жаңалықтарға өндіріске бірден енгізілмей, ондаған жылдар кеңселерде сарғайып жатып қалды, ескерді. Ғылым партиялық қатаң қыспаққа түсіп отырды. Ал сол кезеңдерде АҚШ –та усынылған ғылыми жобалар бірден өндіріске енгізіліп отырды.

Қоғам ғылымды дамытуға ұдайы ықпал етіп отыруы тиіс. Қорыта айтқанда адам баласы білімді игереді, дамытады, керемет жаңаналықтар ашады. Осы жаңалықтарды ұрпақ, және қоғам игілігіне жұмсау өмір талабы.





Қорытынды

Қоғамдағы жазудың өзгермей тұрақты болуы білімнің үзілісіз кедергісіз дамуына және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына үлкен әсер етеді.

Үшінші топ: Қазақстандағы білім берудің болашағы.


А) Қазақстан Республикасының болашақтағы білім беру жүйесінің бағдарламасы. (ҚР Білім заңына сәйкес оқушылардың өздері жасаған жобасы).

Ә) Бидайық орта мектебінің бағдарламасы. (гимназия сыныптарына арналған жоба) ҚР Білім туралы жаңа Заңы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Жаңа заңның құрылымы білім беру саласын модернизациялауды жүзеге асырудың, оның академиялық мазмұнын жаңартудың, субъектілердің құқықтық ережелерін жақсартудың жалпы концептуалды бағыттарын толық қамтып тұр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Ол республикадағы жетілдірілген  жаңа білім беру ортасын қалыптастырудың концептуалдық идеясына сәйкес құрылған. Білім беру қызметі  іштей жүйелендіріліп, оның барлық аспектілері құрылымға бағындырылған, қисындық сабақтастыққа сәйкес заңның мазмұнынан көрініс тапқан. Заң «білім беру жүйесі» ұғымымен оны құрайтын білім беру деңгейлерінің анықтамасынан басталады. Одан әрі әр түрлі деңгейдегі оқу бағдарламалары арқылы  білім берудің мазмұны ашылады. Келесі кезекте білім беруді ұйымдастыру, білім алушыларға қойылатын талаптар,  қабылдау ережелері, оқу түрлері, білім берудің оқу, тәрбие, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс сияқты түрлі бағыттары сипатталады. Сондай-ақ білім беру деңгейлері мен оларға сәйкес келетін білім беру ұйымдарының түрлеріне сипаттама беріледі. Білім беру қызметінің субъектілері, олардың құзыреттері, құқықтары, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналары, басқа да заңды өкілдерінің міндеттері мен жауапкершіліктері жеке тарауға бөлініп берілген.

Заң құрылымындағы маңызды жаңалықтардың бірі – педагогикалық қызметкердің мәртебесі туралы норманың енгізілуі. Бұрынғы заңда педагогикалық қызметкердің мәртебесі  туралы бірде-бірсөз айтылмаған еді. Одан кейін білім саласын басқарудың мазмұны ашып көрсетілген. Онда білім беру саласындағы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік билік субъектілерінің құзыреттері жазылған. 

Осы жобаны өз беттеріңше орындап шығыңдар


Тапсырма

ҚР дағы білім беру жүйесінің жобасы

Бидайық орта мектебінің даму жобасы

1

Әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге (интеграцияға);



2

Педагог қызметкерлердің  мәртебесін көтеруге;



3

Сапалы білім берудің қол жетімділік кепілдігін көтеруге;



4

Басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіруге



5

Білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңартуға;



6

Оқыту технологиясын жетілдіруге;




Қорытынды

«Ғылым білімдіге қонады, ғылымсыз білім тым құрғақ» Ж.Аймауытов.

Білімнің өмірмен байлынысты, қоғам қажетіне жарауы, жан-жақты және үнемі дамуға, ұрпаққа жалғасуға тиісті екені әңгімеленді.

Мұғалім өзі басшылық ете отырып, оқушы мынадай жоба жасады. (Бидайық орта мектебінің дамуы)

1.Әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге (интеграцияға);

2.Педагог қызметкерлердің  мәртебесін көтеруге;

3.Сапалы білім берудің қол жетімділік кепілдігін көтеруге;

4.Басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіруге

5.Білім берудің құрылымы мен мазмұнын

6.Гимназия сыныптарын ашу, оған конкурс бойыншы қабылдау,

7.12жылдың мектеп болғанда, кәсіби мамандықтың іске асуы.

8.Республикалық жарыс жеңімпаздары н/cжоғарғы санаттағы ұстаздардың жетекшілігіменен 1 сыныптан бастап ғылыми жұмыстармен, шығармашылық шұғылдануды ұйымдастыру.

9.Аудан әкімшілігінен кәсіпкерлердің салықтарын өтеу есебінде мектептің материалдық жағдайын жақсартуға қаржылай, заттай көмек беруге міндеттеуді сұрау.

10.Мектепте «Мәдениет тану», «Шеберлікке үйрету» іспетті жаңа сабақтар енгізу. « Дін тану» пәнін 7 сыныптан енгізу.

IV. Бағалау

V. Үйге тапсырма. Жаңа жобалар қарастырып келу.


Сулейменова Рымжан Файзуллаевна

Қарағанды облысы,

Жаңаарқа ауданы,

Бидайық ауылы,

Бидайық жалпы орта білім беретін мектебі

3


Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров137
Номер материала ДВ-334374
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх