Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Урок по истории "Шақшақ Жанибек"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Урок по истории "Шақшақ Жанибек"

библиотека
материалов

ШАҚШАҚ ЖӘНІБЕК БАТЫР

Тақырып : ШАҚШАҚ ЖӘНІБЕК БАТЫР

Негізгі мақсаты: Оқушыларға Шақшақ Жәнібек туралы толық мағлұмат беру. Оқушыларды отансүйгіштікке, өз жауынгерлік парызын абыроймен орындауға тәрбиелеу.

Тақырыптың мазмұны:

Шақшақ Жәнібек — қазақтың тұңғыш генералы

Шақшақ Жәнібек – жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қолбасшы, даңқты баһадүр, кемеңгер саясаткер, мемлекеттік жоғары дәрежедегі қайраткер. Тұңғыш рет тархан (фельдмаршал) деген дәрежеге ие болған қазақ батыры. Ол жеңіліс көрмей, қорқыныштың не екенін білмей өткен.

Отбасы

Жәнібек Қошқарұлы 1693 жылы қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданы, Тосын құмында (қазіргі Жәнібек ауылы) дүниеге келіпті. Оның атасы арғын руынан шыққан Шақшақ Аманжолұлы Есім ханның тұсында хан қолбасшыларының бірі болған екен.

Жастайынан қаруды серік еткен -Жәнібек те өзінің сұңғыла ақылдылығымен, көзсіз батырлығымен тарихта қалды. Ол 16-14 жасынан бастап жорықтарда қол бастады. Жәнібек тархан алғаш Тәуке ханның қолымен бірге жауға шауып, жекпе-жекте қалмақтың бас батырын өлтіріп, көзге түсті. 18 жасында ол өз жасағын құрды. Ержүрек батырлардан құралған жасақ жоңғарлармен шайқастарда жан аямай күресті. Хандықтың солтүстігіндегі жерлерді жаудан қорғаған Жәнібектің қолы болатын.

1726 жылы Ордабасыдағы ұйғарымнан кейін құрылып, Бұланты өзені бойында жоңғарларға ойсырата соққы берген орта жүз әскерлерінің ең ірі қолын Шақшақ Жәнібек батыр басқарған.

Батырды ақындар да жырға қосқан

Батырды ел ақындары да жырға қосты. Бұқар жырау өзінің үш жүз батырларына арнаған толғауында Жәнібекті ерекше атап өтсе, Тәттіқара ақын:

«Қамыстың басы майда, түбі сайда,

Жәнібек Шақшақұлы – болат найза.

Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,

Ер жігіттің ерлігі осындайда»,- деп бағалаған.


Қолбасшы әрі саясаткер

Абылай ханды жоңғар тұтқынынан босату ісіне араласып, кейін оның негізгі кеңесшілерінің бірі болды.

Шақшақ Жәнібек – жалғыз қазақ жұрты ғана емес, күллі Ресей патшалығы тарапынан да жоғары бағаланған тұлға. Оған көне жазбалар мен Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан, Орынбор, Омбы архивтерінде сақталған құжаттарда кездесетін Шақшақ Жәнібекке қатысты деректер дәлел бола алады. 1742 жылы Орынбор губерниясының генерал-губернаторы И.Неплюев Сыртқы істер алқасына жазған мәлімхатында «Ол ықпалы мен беделі жағынан халық арасында хандар мен сұлтандардан кем саналмайды. Хан немесе сұлтан тұқымынан болмаса да, Жәнібек өте ақылды, өзін басқа ел ағаларынан артық санайды» деп жазған.

Құрметті атаққа ие болуы

Осы жылы ол үлкен сый-құрметке бөленді. Оған ресми түрде үлкен тархан деген атақ берілді. Тархан – шығыс әскери тілінде «фельдмаршал» дегенді білдіреді. Ресей жағы Жәнібек тарханға Орынбор мен Орта Азия арасында қатынап тұрған сауда керуенінің қауіпсіздігін сақтауға сенім артқан екен. Қазақтың тек төре тұқымынан шыққандарды ғана хан сайлайтын заңынан хабарсыз орыс жағы Әбілқайыр хан дүниеден өткенде орнына Жәнібекті ұсынған. Өмірінің соңғы жылдары батыр хандықтың солтүстік өңірлерінің шаруаларымен айналысып, шекарадағы қалалар тұрғындарының орыс көпестерімен арадағы сауда қарым-қатынасын реттеуге күш салды.

Ұрпақтары

Шақшақ Жәнібектің 4 әйелі болған. Олар батырға 4 ұл, бір қыз туып берген. Оның үлкен ұлы Дәуітбай да тархан дәрежесін иемденеді. Қазақтың дұшпанына сес, кейінгі батырларына да ес болған Жәнібек баба 1752 жылы өзінің туған топырағында дүниеден өтті. Денесі Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген.

Шақшақ – бұл Жәнібек батырдың шыққан руының атауы. Әкесінің аты Қошқар болса, атасы Көшей Есім ханның сенімді батырларының бірі болған. Жәнібек батырдың өмір сүрген жылдарына қатысты әлі күнге дейін бір ортақ байлам жасалмады. Соңғы жылдары қалыптасқан ресми дата бойынша 1693 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданының Тосын құмында дүниеге келіп, 1750-1752 жылдары осы жақта дүниеден озған.

   Қошқарұлы Жәнібек батыр туралы тарихи деректер оның басқа тұстастарымен салыстырғанда аса көп сақталған. Алайда мұрағат материалдарының көптігіне қарамастан, батырдың өміріне қатысты кей оқиғаларды дәл анықтау мүмкін болмай отыр. Шақшақ Жәнібек батырдың өмірін мұрағат материалдарына сүйене отырып зерттеушілер оны Кіші жүз ханы Әбілқайырдың сенімді серігі, әрі ресейлік бағыттағы саясаттың белсенді қолдаушысы болғандығына баса мән береді. Осыған байланысты Шақшақ Жәнібектің тарихи қызметі аз насихатталып, көбіне шеттетіліп, өзіне лайықты бағасын ала алмай келеді деген пікірлер айтылуда. Дегенмен, Шақшақ Жәнібек батыр көзі тірісінде-ақ халқының зор құрметі мен сүйіспеншілігіне ие болған даңқты батыр, ел басқарған тұлға ретінде танылды. Шақшақ Жәнібек Әбілхайыр хан кезінде бүкіл кіші жүздің бас қолбасшысы болады

   Сонымен, Шақшақ баласы Көшей екеуі Есім ханның тұсында өмір сүрген. Ел аузында сақталған аңыз бойынша Шақшақ Аманжолұлы Есім ханның белгілі қолбасшыларының бірі болған. Есім ханның қалмақтарға қарсы соғысында ерен ерлігімен көзге түскен. Осындай көп соғыстың бірінде ол өз әкесінің атын ұран қып, «Аманжолдап» шауыпты. Содан бастап тоқал арғындар жауға бүкіл арғынның ежелгі ұраны «Ақжолға» қосып, «Аманжол» деп шабатын болған көрінеді. Тоқал Арғынды шежірешілер «Кіші жүзге» жатқызады, өйткені тоқалдан туған арғындар туысқандарымен келіспей қалып Торғай жеріне көш аударады. Кіші жүзне кірген Арғын тайпасының рулары: Шақшақ, Сарыжетім және Әйдерке.(Олардың ұрпақтарының негізгі бөліктері қазіргі заманда Торғайда және Науырзымда тұрақтаған). Есім хан Ташкенттің ханы Тұрсынды шапқанда да Шақшақ қалаға «Аманжолдап» ұран сала кіріп, үлкен ерлік көрсеткен. Осы ерлігін бағалаған Есім хан Шақшаққа соғыс олжасына қосып, Тұрсын ханның қыздарының бірін сыйлайды. Шақшақ жасы егде тартып қалғандықтан, қызды өзінің ұлы Көшей батырға қосады. Көшейдің осы әйелінен Жәнібектің әкесі Қошқар батыр туады.

Шақшақ Жәнібектен үш ру тарайды: Дәуітбай, Жауқашар, Тоқтамыс. Олардың көбі Торғайда жасайды. Орыс патшайымы ІІ Елизавета Шақшақ Жәнібекке Тархан атағын берген, ол атақ орыстың фельдмаршал лауазымына тән, яғни ол атақты алған адам «дворян» болып саналады. Ал «дворян» деген ақсүйек деген мағынаны білдіреді, және Тархан атағы ұрпақтан ұрпаққа, үлкен ұлға беріліп отырылған. Осыған байланысты Жәнібек батырдың ұлы Дәуітбайға оның Тархан атағы берілген, сондықтан Дәуітбай руын торғайлықтар Тархандар деп де атайды және тектілер ұрпағы деп санайды. Шақшақ Жәнібектің екі ұлы Ақманбет пен Тоқманбет Кенесары хан иеміздің соңынан еріп ақырына дейін соғысқан, олардың тағдыры белгісіз.

Бекіту: Атақты Ыбырай Алтынсарин нағашысы Алтынсарының (Дәітбай руынан) қолында тәрбиеленіп , алғашы мектептерді салып берген Дәуітбайдің ұлдары, өйткені олар Шақшақ Жәнібектің өсиетін орындаған. Шақшақ Жәнібек былай деп айтқан «Егер қазақ мықты ел болғысы келсе, ұрпақтары сауатты болуы тиіс» деген.









Автор
Дата добавления 16.03.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров212
Номер материала ДВ-531594
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх