Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / История / Конспекты / Урок по истории "Жошы хан"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Урок по истории "Жошы хан"

библиотека
материалов



Тақырыбы: Жошы хан https://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=56c74444ee13e4cb740a47e4bce2cdfc&n=33&h=215&w=176

Негізгі мақсаты: Оқушыларға Жошы хан туралы, оның қазақ хандарының атасы екені туралы мәліметтермен таныстыру арқылы оқушыларды батырлыққа, батылдыққа тәрбилеу.

Күтілетін нәтиже: Жошы хан қазақ хандығына қосқан үлесі жайлы мәліметтер алады.

Тақырып мазмұны:

Шыңғысұлы Жошы хан (1187-1227) - монғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, монғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады.

Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бір қатар шапқыншылық жорықтарын басқарып, Оңтүстүк Сібірді, Алтайды, Жоңғар даласы мен Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне жетеді.

1211-1215 жылдары Қытайды жаулау жорығына қатысады.

Содан үш жыл өткен соң, Жошы қыпшақ даласына басып кіріп, Ырғыз даласына жеткенде Хорезм шахтың алпыс мың әскерімен шайқасқа түседі. Күш ара салмағының кемдігіне қарамастан, Жошы қолбасшылық дарынымен ерекше көзге түседі. Хорезм шах әскері ашық шайқаста жеңіліп, қала қорғандарына барып тығылады.

Бұдан кейін Жошы Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Аспас, Жаңакент қалаларын алып, арада жыл өткенде Хорезмді бағындырып, Түркістанды иеленді. Келесі жылдың көктемінде Жошы әкесінің шақыруымен Сайрам мен Таластың арасындағы Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатысады. Құрылтайдан кейін Шыңғыс ханның басқа балаларының бәрі кері қайтып кеткенде, Жошы өзінің жаңа иелігінде қалады. Ол осында 1227 жылы қайтыс болады.

Жошының өлімі жөнінде әр түрлі әңгіме бар. Оның бірі Жошы аң аулап жүргенде, жараланған құланның айғыры шайнап өлтірді десе, екіншісі аттан құлап, мойны үзіліп өлді дейді. Қалай болғанда да, Жошы ханның қазақ жерінде, Ұлытауда өлгені анық. Соның куәсіндей болып, Жезқазған қаласынан 45 шақырымдай жерде Кеңгір өзенінің сол жағасында Жошының мазары сол күйі әлі тұр.
Жошы- Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Алтын Орданың негізін салушы, қазақ хандығының арғы атасы. Шешесі-Бөрте. Шыңғыс хан қоңырат тайпасының қызы Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте тұтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның көмегімен Бөртені тұтқыннан босатып алады. Осыған байланысты Жошыны Шыңғыс ханның баласы емес деген ел арасында сөз тараған. Бірақ Шыңғыс хан өмір бойы Бөртеге де, Жошыға да құрметпен қараған. Жошы жас кезінен аса көрнекті әскери қолбасшы ретінде көзге түсіп, Шыңғыс хан әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. Шыңғыс хан керей, найман, меркіт, т. б. Тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін (1206ж), Жошы хан әкесінің тапсырмасы бойынша жеке жасағымен 1207–12 ж. Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістанды қоныстанған көптеген тайпаларды бағындырды және 1211–1215 ж. ж. Солтүстік Қытайға жасалған жорыққа қатысты. 1218ж. Көктемде Жошының жасағы Шыңғыс ханға бағынғысы келмеген меркіттердің бір тобын өкшелей қуа отырып, Ырғыз өзені бойында Хорезм шаһы Мұхаммедтің 60 мыңдық әскерімен бетпе-бет кездесті. Әскерлерінің аз екеніне қарамастан Жошы батыл қимылдап, өзінің қолбасшылық дарыны арқасында шайқасты тең аяқтады. Осы шайқастан кейін Мұхаммед шаһ оның әскерлерімен бетпе-бет шайқасудан үнемі қашқақтап, бекініс қамалдарды пайдалануға мәжбүр болды. Келесі жылы Жошы жасағы Жетісудағы барлық қалаларды бағындырып, 1220–1222 жылдары Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Жаркент, т. б. Қалаларды қоршауға алды. Хорезм мемлекеті толығымен жаулап алынғаннан кейін, ол 1223 жылы әкесінің шақыртуымен Сайрам және Талас аралығындағы Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатынасты. Осы құрылтайда Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін үлкен әйелі Бөртеден туған 4 ұлына бөліп береді. Жошыға Ертістен Орал тауларына дейінгі, одан әрі Батысқа қарай бағынған жерлердің бәрі тиесілі болды. Ордасы Ертіс өзені бойында орналасты (қ. Алтын Орда). Құрылтай аяқталғаннан кейін, Шыңғыс ханның басқа балалары әкелерімен бірге мемлекеттің астанасы Қарақорымға қайтқан кезде, Жошы оларға ілеспей өз ордасында қалып қойды. Жошы ұлысының негізін бұрын Дешті Қыпшаққа кірген біріңғай түркі тілдес тайпалар құрылды. Шешесі Бөрте қоңырат қызы болғандықтан, ол өз қол астындағылармен өте жақын қарым-қатынаста болды, әрі ол түркі тайпаларының басын біріктіріп, тәуелсіз саясат жүргізуге тырысты. Сол заманда өмір сүрген шығыс тарихшыларының айтуынша, Жошы күш- қайраты мол, ержүрек, өткір адам болған. Оның іс-әрекеттерін Шыңғыс хан құрған мемлекетке жауыздық деп түсінген тете інісі Шағатай Жошыны үнемі әкесіне жамандап отырған. Баласының ақылдылығы мен ерекше батылдығынан Шыңғыс ханның өзі де сескенетін. Бұл жағдай әке мен бала арасындағы кикілжіңнің басты себебі болды. Жошы әкесінен алты ай бұрын қазаға ұшырады. Оның өлімі жайында халық арасында түрлі аңыз-әңгімелер тараған. Солардың бірінде «аң аулап жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірген» десе, бір деректерде «жау жағына шығып кетеді деп қауіптеніп, құпия түрде өз әкесі Шыңғыс хан өлтірткен» деп көрсетеді. Жошы Шығыс Еуропаға жорық жасау жоспарын жүзеге асыра алмай дүние салды.


Бекіту: тарихи деректерде кездесетіндері: Орда- Ежен, Бату, Берке, Шибан, т. б. Мазары Жезқазған қаласынан 45 км. Жердегі Кеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан. Жошының өлімі атты тарихи күй бар. Жошының өлімі жөнінде қазақ халқында «Ақсақ құлан, Жошы хан» атты тарихи күй бар. Жошы қазасына байланысты аңыз оқиғасы негізінде «Ақсақ құлан» мультфильмі түсірілген (1968 ж, суретші-мультипликатор Ә. Қайдаров)




Автор
Дата добавления 16.03.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров135
Номер материала ДВ-531586
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх