Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Урок по историй на тему "Қазақ ағартушылары" (5 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Урок по историй на тему "Қазақ ағартушылары" (5 сынып)

библиотека
материалов

Бекітемін:

Директордың ОІЖО _____________ И.С. Каменова



Күні: 24.12.2015 ж

Сыныбы: 5 - сынып

Сабақтың тақырыбы: §16. « Қазақ ағартушылары»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ ұлы ағартушыларының өмірі мен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбектерін жан – жақты таныстыра отырып, оқушылардың өз бетімен білім алуына жетелеу;

Дамытушылық: Жаңа сабақ материалдарын оқып - үйренуде оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау, іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Адамгершілік, елжандылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Көрнекілік: Қазақстан тарихынан әңгімелер оқулығы, суреттер, слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдасытыру кезеңі:

  • Сәлемдесу

  • Оқушыларды түгендеу

  • Түсті қағаз суыру арқылы сыныпты екі топқа бөлу

І топ «Ғұламалар»

ІІ топ «Ғалымдар»

Үй тапсырмасын тексеру:

ІІ. «Сіз білесіз бе?» кезеңі

hello_html_4b6fd407.png



І топ «Ғұламалар»

  1. Абылай хан қай жылы дүниеге келді?

3. Абылай ресми түрде қай жылы хан болып сайланды?

5. Әбілмансұрдың Сабалақ атану тарихы туралы әңгімелеп бер?

7. Абылай хан қай жылы қайтыс болды? Қай жерде жерленді?

9. Абылай ханның ел билеудегі басты мақсаты не болды?

Жауабы:

1. 1711 – 1781 жж

3. 1771 жылы Абылай үш жүздің ұлы ханы болып жарияланды.Қазақ хандығының ежелгі астанасы Түркістан қаласында Абылайды ақ киізге салып хан көтереді.

5. Әбілмансұрдың бала кезінде ауылына жоңғарлар шабуыл жасап, адамдарын қырып кетеді. Әбілмансұрды күтуші аталығы тығып, аман алып қалады. Ол кезде қаза тапқан хан ұрпағынан біреу тірі қалса, кейін кек алады деп, іздеп жүріп өлтіретін әдет болатын. Сондықтан жетім қалған Абылай тегін жасырып, Сабалақ деп атын өзгертеді.

7. 1781 жылы қайтыс болды, оның сүйегі Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленеді.

9. Қазақ халқының басын қосып, жерін сыртқы жаулардан азат ету еді.

ІІ топ «Ғалымдар»

2. Абылай ханның әкесінің аты?

4. Абылай ханның шын есімі?

6. Абылай хан 20 жасында қалмақтың қай батырымен жекпе жекке шықты?

8. Ресей тарихшысы, түркітанушы А.И. Левшин Абылайға қандай баға берді?

10. Абылай хан ел басқарған кезде Қытай елі қазақтарға, арнап сауда, жәрмеңкелерін қай жылы, қай жерлерде ашты?

Жауабы:

2. Уәли сұлтан

4. Әбілмансұр

6. Шарышпен

8. «Сұлтан Абылай өте ақылды және болашағын болжай білген. Жауларының өзара қырқысына әрқашан көмектесе отырып, өз жерін, халқын соғыстан құтқарып қалды »

10. 1758 жылы, Тарбағатай, Іле, Үрімшіде.

ІІІ. «Шығармашылық жұмыс» кезеңі

«Абылай хан туралы оқушылардың ізденісі» эссе жазу

І топ «Ғұламалар» ІІ топ «Ғалымдар»

Абылай ханның өмірбаяны Абылай ханның саяси қызметі

IV. «Тарихи тұлғаны танып көр» кезеңі

Жаңа сабақ жоспары:

  • Шоқан (Мұхаммедханафия) Уәлиханов

  • Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы

  • Ыбырай Алтынсарин

Бұл кезеңде жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға ағартушы – ғалымдардың қысқаша өмірі көрсетіледі сол кезде оқушылар табуы қажет.

1835 —1865 жылдары өмір сүрген  қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы,тарихшыфольклоршыэтнографгеографағартушы...

Шоқан (Мұхаммедханафия) Уәлиханов

hello_html_67cdcb3f.png

1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген.  Қазақ халқының ұлы ақыны , сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл......





Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы

hello_html_m62a38000.png

Ағартушы ұстаз, жазушы, этнограф, 9 жасында Орынбор қаласындағы орыс - қазақ мектебіне оқуға түсіп, ол мектепті алтын медальмен бітірген педагог.......

Ыбырай Алтынсарин

hello_html_51320bcd.png

Шоқан (Мұхаммедханафия) Уәлиханов (1835 - 1865) - қазақтан шыққан тұңғыш ғалым. Абылай хан - оның арғы бабасы. Шоқанның әкесі Шыңғыс Құсмұрында аға сұлтан болған.

1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға апарып, кадет корпусына оқуға береді. 18 жасында Шоқан кадет корпусын бітіріп, корнет атағын алып шығады. Батыс Сібір генерал - губернаторының кеңсесінде адъютант болып қызмет атқұарады. Шоқан 20 жасында экспедиция құрамында алғаш рет Іле Алатауына, Жоңғар қақпасына, Тарбағатайға саяхат жасайды.

Шоқан Ыстықкөлдің картасын жасайды.

Осы сапардың нәтижесінде 20 жасар Шоқан «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Жоңғария очерктері», «Қытай империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» атты ғылыми еңбектер жазады. 1858 – 59 жылдары өзін бүкіл әлемге паш еткен Қашқарға саяхат жасады.

Қашқарға саяхат нәтижесінде жазылған «Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан – Лу провинциясының шығысындағы алты қаласының жағдайы туралы » атты еңбегі Германияда неміс тілінде, кейінірек ағылшын тілінде Англияда жарияланды. Шоқан орыстың озық ойлы ақын – жазушыларымен, ғалымдарымен достық қарым – қатынаста болды.

Шоқан 30 жасында қайтыс болды. Ол өзінің қысқа өмірінде бес томдай әдеби және ғылыми шығармалар жазып қалдырды.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845 – 1904) – қазақ халқының ұлы ақыны, сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл. Оның әкесі Құнанбай өз заманында беделді адам, аға сұлтан, қажы болған.

Абай 12 жасынан бастап өлең жазған. Бірақ қатал әкеден жасқанып, өлеңдерін достарының атымен таратады. Тек қырық жастан асқаннан кейін ғана өлеңдеріне өз атын қоя бастайды.

Абай қырық жасында «Жаз», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдерін жазды.

Абай өлең, ғибрат сөздер, поэмалар жазумен қатар аудармамен де айналысты. Ол А.С. Пушкиннің, Гёте, Шиллер, Байрон, М. Лермонтов, И. Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Абай Құнанбаев 59 жасында дүниеден өтті. Абайдан қалған асыл мұра дүниежүзі халықтарының рухани игілігіне айналды. 1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен Абайдың туғанына 150 жыл толуы әлемдік деңгейде тойланып өтті. Бұл – әлем халқының Абайға деген үлкен құрметі.

Ыбырай Алтынсарин (1841 – 1889) – ағартушы ұстаз, педагог, жазушы, этнограф. Ыбырай 9 жасында Орынбор қаласындағы орыс – қазақ мектебіне оқуға түседі. Ол мектепті алтын медальмен бітіреді. Содан кейін үш жылдай аудармашы, Орынбор басқармасында хатшы болып жұмыс істейді.

Ыбырай Алтынсарин 1860 жылы өзінің ұстаздық қызметін бастады. 1879 жылы Ыбырай Алтынсарин Торғай облысында мектеп инспекторы қызметін атқарады. Ол балаларға арнап екі сыныптық орыс – қазақ училищесін ашты.

Ыбырай Алтынсарин қазақ тіліндегі алғашқы оқулық – «Қазақ хрестоматиясын» жазып, басып шығарды.

Ыбырай Алтынсарин қыздарға білім беруге ерекше көңіл бөлді. Ол 1888 жылы алғаш рет қазақ қыздарын оқытатын мектеп пен жанында интернаты бар училище ашуға қол жеткізді. Оқушыларға арнап тілі жеңіл оқулық, мұғалімдерге көмекші оқу құралдарын жазды. Бұның барлығы ағартушы ұстаз еңбегінің тамаша жемісі еді. Ол қазақ халқы келешекте өнерлі, білімді болуы тиіс деп, сол жолда аянбай еңбек етті.







V. Өлең - жырлар кезеңі

Бұл кезеңде оқушыларға ақындардың өлең жолдарынан бір үзінді беріледі, әрі қарай оқушылар жалғастырып кімнің өлең жолдары екенін табуы керек.

Ақ киімді денелі ақсақалды

Соқыр мылқау танымас тірі жанды,

Үсті басы ақ қырау түсі суық.

Басқан жері сықырлап келіп қалды. Абай («Қыс»)


Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Ыбырай Алтынсарин («Өнер - білім бар жұртта»)


Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң әр қалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалаң. Абай Құнанбаев(«Әсемпаз болма әр неге»)


Бір құдайға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық! Ыбырай Алтынсарин («Кел, балалар оқылық»)


Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып, дымқыл туман жерді басқан,

Білмеймін тоңғанымба, тойғаным ба.

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. Абай Құнанбаев («Күз»)


Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Ыбырай Алтынсарин («Өзен»)


Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді - өзі

Көрінбей жердің топырағы

Құлпырған жасыл жер жүзі. Абай Құнанбаев («Желсіз түнде жарық ай»)


Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сауле беріп жарқыраған .

Жел соқса,ыстық соқса,бірқалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған. Ыбырай Алтынсарин («Өзен»)







VI. Сандар сөйлейді кезеңі

І топ «Ғұламалар» ІІ топ «Ғалымдар»

1835 жылы………………….. 1858 – 59 жж ………………………...

1847 жылы…………………... 1995 жылы…………………………..

1845 жылы …………………. 1888 жылы…………………………..

1860 жылы…………………... 1879 жылы………………………….

І топ «Ғұламалар»

Жауабы:

1835 жылы Шоқан (Мұхаммедханафия) Уәлиханов дүниеге келді.

1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға апарып, кадет корпусына оқуға берді.

1845 жылы Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы дүниеге келді.

1860 жылы Ыбырай Алтынсарин өзінің ұстаздық қызметін бастады.

ІІ топ «Ғалымдар»

Жауабы:

1858 – 59 жж Шоқан Уәлиханов Қашқарға саяхат жасады.

1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен Абайдың туғанына 150 жыл толуына әлемдік деңгейде тойланып өтті.

1888 жылы Ыбырай Алтынсарин алғаш рет қазақ қыздарын оқытатын мектеп училищесін ашты.

1879 жылы Ыбырай Алтынсарин Торғай облысында мектеп инспекторы қызметін атқарды.



VII. Бекіту сұрақтары: «Сақина ойыны».













VIII. Қорытынды: Сонымен оқушылар Шоқан Уәлиханов атамыз қазақтың тұңғыш ғалымы. Қазақ халқының тарихын, тұрмысы мен мәдениетін, өлке табиғатын зерттесе,

Абай Құнанбайұлы қазақтың ұлы ақыны. Өлеңдерімен әділетсіздікті әшкереледі, адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқорлыққа үндеді, басқа ұлт адамдарымен достасып, олардан өнер - білім үйренуге шақырса.

Ыбырай Алтынсарин қазақтың тұңғыш педагог - ағартушысы. Алғаш мектеп ашып білімді сауатты болуға шақырды. Қазақ әліппесін құрастырып, қазақ тілінде тұңғыш оқулық жазған аталарымыздың бірі. Молдалардаң шыбығынан қазақ балаларын құтқарды. Қыздарға білім алу жол ашып берді. Қазір балалар тегін сәулетті, жылы мектепте оқиды.
Елбасы өзінің жолдауында да білім ордаларына көп көңіл бөліп келеді.Сондықтан оқушылар Абай, Ыбырай, Шоқан аталарымыз қалдырып кеткен мол мұраны біз пайдалана білуіміз қажет. Тек білім алсақ қана биік шыңға шыға алатынымызды ұмытпауымыз керек.

IX. Бағалау картасы арқылы бағалау:

X. Үйге тапсырма: §16. параграфты оқу.

«Ғалым – Шоқан», «Кемеңгер ойшыл – Абай», «Алғашқы ұстаз – Ыбырай» тақырыптарында шағын әңгіме құрастырып келіңдер.

























Карманов жалпы орта білім беретін мектеп - балабақшасы











Ашық сабақ



Тақырыбы: «Қазақ ағартушылары»

5 - сынып











Пән мұғалімі:

Шаяхметова Баян Дәулеткерейқызы















2015 – 2016 оқу жылы

Автор
Дата добавления 28.04.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров371
Номер материала ДБ-058196
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх