Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Конспекты / Урок по историй на тему "Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы" (5-9 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Урок по историй на тему "Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы" (5-9 сынып)

библиотека
материалов

Х.Нұрымғалиев атындағы негізгі орта білім беретін мектебі













Тақырыбы:

«Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы»

(тақырыптық кеш)











Өткізген: Тарих пәні мұғалімі

Шаяхметова Баян Дәулеткерейқызы.















2014-2015 оқу жылы

’’Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы’’

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тарихын түсіндіру,халқы үшін, жері үшін құрбан болған батырлардың ерлігін дәріптеу,елін , туған жерін, халқын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Айнагүл: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқыушылар!Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тіуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсанына арналған «Лаула,лаула,Желтоқсанның мұзда жанған алауы»,атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз. Желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған боздақтардың рухын еске алып, бір сәт үнсіздік жариялаймыз.

Сөз кезегі: Мектебіміздің басшысы Қаныш Жасқайратұлына беріледі.

Ән: Елім менің.

Баян:Желтоқсан бастауы ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі.

Айнагүл:1986 жылдың желтоқсанындағы қәсіретті оқиға өткен шаққа айналғалы да 28 жыл өтіпті-ау.

Баян: Тарих ертегі емес,бұрмалап-бопсалаң шырылдап жылайтын, обал-сауабы өте ауыр ақиқат.

Айнагүл: Олай болса , қазақ тарихына .яғни өткеніне үңілмей кету күнә болар.

Баян: 200жыл патшалы Ресейдің отары болдық,70жыл әміршіл-әкімшіл үкімет үстемдік етті. Тілімізден , дінімізден айырыдық.Тәуелсіздік үшін халқымыз 325 рет көтеріліске шықты.

Айнагүл:Ол көтерілістер 1916 жылы ұлы дүбірлеңге ұласты,1986жылғы желтоқсан қозғалысымен тарихқа енді.

Баян:16 желтоқсан. Бұл желтоқсан ұлтымыз үшін қымбатта,қастерлі белгіге айналған ұғым.Желтоқсан оқиғасы негізінен екі күш-жас буыны бекімеген демократия мен әкімшіл-әміршіл жүйенің қақтығысы болады.Әлемді дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ жерінде ұлттық сана-сезімін,өз халқының намысын,абыройымен байланыстырған жаңа буын өсіп шыққанын көрсетті.

(Көркем сөз 8-9 сынып оқушылары)

Айнагүл: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы толғағы жеткен құбылыстардың жиынтығы. Ұзақ жылдар бойы күшпен, қорқытумен, үркітумен, алдауымен, арбауымен бұғауда ұстап келген халықтың көзі ашыла бастады. Дағдарыс пісіп жетілді.

Ән: «Саржайлау» Орындайтын:Қадырқұл Төлеубай,Құбашев Жақсыбек.

Баян: 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитеттінің V пленумы болды. Пленум бар болғаны 18 минутқа созылды.Республиканы шерек ғасырға жуық басқарған саяси қайраткер Д.А.Қонаевтың орнына бұған дейін КОКП-нің Ульяновск обылыстық комитетінің 1 хатшысы болып істеген республикаға мүлдем бейтаныс Г.В.Колбин тағайындалды.

Айнагүл: Келесі кезекті «Алаңға шыққан жастар» тақырыбындағы көріністі назарларыңызға ұсынамыз.

Көрініс:

Әсемгүл: Руслан сен естідің бе? Кеше Дінмұхаммед ағамыз орнынан алыныпты.

Руслан: Қойшы рас айтасыңба? Кімнен естідің?

Әсемгүл: Кеше куратор ағайдан естідім.Бүгін Брежнев алаңына көп адам жиналды.

Руслан: Неге?Неліктен?

Әсемгүл: Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді,куратор «ол жаққа бармаңдар » деген.

Руслан: Қой біздің мұнда қалғанымыз дұрыс болмас барып көзімізбен көрейік.

Автор: Алаңға жастар жиналып жатты. Қолдарында «Дербестікті талап етеміз», «Қазақстан қазақтардікі» деп жазылған плакаттар бар. Осы кезде мынадай дауыстар естілді.

Баян: Қонаевты шақырыңдар ақиқатын айтсын !

Асыл: Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі.

Салтанат: Қазақстанға қазақ басшысы керек.

Бибігүл: Талап тілекті айтамыз.

Даметкен: Қазақстан-қазақтардыкі.

Баян: Демократия жасасын.

Айсұлу: Біздің қазақ ежелден еркіндікті аңсаған.

(Осы кезде ортаға Роза Бағланова шығады)

Ақмарал: Айналайындарым менің, ақылға келіңдер. Бұның соңы өкінішке ұрындырар үйлеріңе қайтыңдар.

Автор:Бұл наразы болған студент жастарды сабырға шақырған қазақтың белгілі әншісі Роза Бағланова еді.Роза апай осы кезде «Атамекен әнін шырқайды». Алаңға шыққан жастар әнге қосылады.

Автор: Осы уақытта әскери адамдар жастарды ұрып-соғып алаңнан кетуді талап етеді.

Әскери адамдар: (Шыңғысхан, Айшыуақ) Кетіңдер бұл жерден өшең нашақорлар.

Автор: Қарулы әскери адамдар жаралы қыз-жігіттерді бір-бірлеп әкете бастайды. Осы кезде шашы жәйіліп кеткен бір қыз былай деп айқайлайды.

Арай: Әй , туғандар бойларыңда ннамыстарың болса бері қарай шығыңдар.Қосылыңдар менің қатарыма.

Автор: Осы кезде қарулы милиционерлер қыздың көк желкесінен шоқпармен ұрып қалды. Жас қыз Алматы музыка училищесінің студенті – Ләззат Асанова еді.

Ана монологы: Ақмаржан Сағынқызы

Баян: Ән Жаса, Қазақстан. Орындайтын: Алипов Жәнібек.

Баян: Жазықсыз ұл-қыздарын еврейлерді қорлаған немістерді өнегесімен қорлап жатқан кезде дауыс көтере білген ағаларымыз Ж.Молдағалиев пен М.Шаханов еді.

Келесі кезекті оқушылардың көркем сөздеріне береміз. Орындайтындар: Шындықхан Шайхиев, Аружан Ибатова.

Айнагул: Желтоқсан оқиғасының қатал қаһарына ұшыраған қыршын жас, от тілді, қайсар ақын – Қайрат Рысқұлбеков еді.

Олай болса мына бір жолдарға құлақ түріп көрейік:

Шындықхан (Қайрат ролінде)

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десе алыңдар,

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты-құрбандық,

Атам десең атыңдар.

Ән: Ауылым. Орындайтын: Т.Қадырқұл.

Баян: Жас арудың жанарында - Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында - Желтоқсан,

Қаралы өмір қайыстырған халқының,

Қара тұман қабағында - Желтоқсан.

Көркем сөз: «Желтоқсанның 18-і болатын» Айнагүл Махамбетқызы

Би: «Қазақ биі». Орындайтын: Асем Меңдібекқызы, Аяжан Біржанқызы.

Оқушылардың өз шығармашылықтарын тамашалауға кезек береміз.

Баян: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Асау аттай өз тізгінін бермеді,

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі,

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді,

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, тәңірім бізді баққа жолықтыр ,

Бүгін міне Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

Айнагүл: Өсер ұлдың әр сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзда жанған алауы,

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкею тиісті емес жалауы.

Хор: «Көк тудың желбірегені»

Баян: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар «Лаула,лаула,Желтоқсанның мұзда жанған алауы» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.Тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Айнагүл: Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 28.04.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров93
Номер материала ДБ-058191
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх