Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Урок по казахский язык на тему "Күрделі сөздер" (6 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Урок по казахский язык на тему "Күрделі сөздер" (6 класс)

библиотека
материалов










Ашық сабақ





Тақырыбы: «Күрделі сөздерден өткенді қайталау»



Сыныбы: 6



Пәні: Қазақ тілі



Пән мұғалімі:



Өту мерзімі:





2015-2016 оқу жылы



Сабақтың өтілетін мерзімі:. Қазақ тілі 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздерден өткенді қайталау. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға күрделі сөздерден өткенді қайталау мақсатында
білімдерін тексеріп бекітемін.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс түріндегі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

1.Өткен сабақта өтілген ережені сұрау

  1. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Күрделі сөздерден өткенді қайталау сабағын» жүргіземін. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларға сабақ мақсаты түсіндіріліп, сабақ жоспарын тақтаға көрсету.


1. "Бірін-бірі тексеру" ойыны

2 "Хан тағы» ойыны

3. Кітаппен жұмыс

4. Үйге тапсырма.

Сабақта өтілген материалдар бойынша оқушылардыц алған білімі тексеріледі. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ алдын . I жоспар бойынша дайындалады. Әр түрлі кітапта өтілген I, II, III тапсырмалардағы қажетті мақал-мәтел, жаңылтпаштарға көңіл аударады. Ойын шарты бойынша тақырыпқа сай материалдар дайындалады,ішінен күрделі сөздерді табады.


1."Бірін-бірі тексеру" ойынында әр топ өзара бірін-бірі тексеру мақсатында бір-
біріне сұрақ қояды.

"Біріккен сөздер" тобына

  1. Біріккен сөздер деген не? Мысалдар келтір.

  2. Біріккен сөзден болған ұлттық ойын атауларын ата ,құрамына талда.

  3. «А» эрпінен басталатын біріккен сөздерді айт..

"Қос сөздер " тобына

1.Қос сөздер дегеніміз не, түрлері туралы не білесің? Мысалдар келтір.

  1. Өлең жолдарынан қос сөздерді тауып, талда.

  2. Құрамында қос сөздер кездесетін мақал-мәтелдер айт.


"Қысқарған сөздер" тобына

1. Қысқарған сөздер туралы не білесің? Мысалмен дәлелде.

  1. Қысқарған сөдерді қатыстырып сөйлем құра..

  2. Қысқартылып айтылатын қандай оқу орындарын білесіңдер?


«Тіркесті сөздер» тобына

1.Тіркесті сөздер дегеніміз не? Мысалдар келтір.

2.Тіркесті сөздерден келетін қандай ән- күй атауларын білесіңдер?

3. Тіркесті сөздер қандай сөз таптарында кездеседі?


2. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі. Оқушы мүмкіндігіне қарай
материалды деңгейлеп беру тәсілі қолданылады.

Оқушылық деңгей тапсырмасында оқулық бойынша жұмыс жүргізеді. Алғашқы орындалатын тапсырма: 108-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді оқып шығып, құрамындағы күрделі сөздерді теріп жазыңдар және оларды түрлеріне қарай ажыратып талдаңдар.

Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 109-жаттығу жұмысының орындалу шарты төмендегідей: Өлеңді мәнерлеп оқып, құрамындағы күрделі сөздерді түріне қарай анықтаңдар.

Келесі тапсырма: 110-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Мақал –мәтелді оқып, сөз құрамына талдап ,мағынасын түсіндіріңдер.

111-жаттығуда қысқарған сөздердің толық мәнін түсініп,қысқарған түріне қосымша жалғап,сөйлем құраңдар.


3.«Хан тағы» ойыны.Шартын түсіндіремін.Тақтада хан тағының суреті ілінеді ,оған жету үшін түрлі кедергілерден сүрінбей өтіп, бірінші жеткен адам хан тағына отырып ,жеңімпаз атанады.( кедергілер: түрлі суреттердің асында жасырынған тапсырмалар).

4.Смаилигтер арқылы әр топ бірін-бірі бағалайды.

5.Кері байланыс:Не білдім? Нені білемін? Нені білгім келеді?

6.Сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылаймын.

7.Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

8.Үйге тапсырма: 113-жатығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін.



Тексерілді:






Автор
Дата добавления 16.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров116
Номер материала ДБ-035033
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх