Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок по казахском языку на тему "9санының құрамы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Урок по казахском языку на тему "9санының құрамы"

библиотека
материалов

hello_html_m63e1e4f6.gifhello_html_m76b14be1.gifhello_html_m76b14be1.gifhello_html_m63e1e4f6.gifhello_html_27a5df2f.gifhello_html_79acd0dc.gifhello_html_5d562ccf.gifhello_html_m535843c3.gifhello_html_m4a07d613.gifhello_html_m227bc560.gifhello_html_m227bc560.gifhello_html_m2756339.gifhello_html_m5514b980.gifhello_html_m68b44767.gifhello_html_4daf36c4.gifhello_html_m6e83de48.gifhello_html_mb1e743e.gifhello_html_4daf36c4.gifhello_html_12434b11.gifСабақтың тақырыбы: «9 санының құрамы»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: 9 санының құрамын анықтап, сәйкес теңдіктерді жазуға және оқуға үйрету. Екі санның қосындысына кері азайту амалын дұрыс құрастыруға дағдыландыру.

2.Дамытушылығы: Оқушының зейінін, зерде үрдістерін, пәнге қызығушы - лығын жүйелі ойлау қабілетін дамыта отырып, шапшаңдық, жылдамдық, қасиеттерін дамыту.

3.Тәрбиелігі: Ұжымдық бірлесе отырып жұмыс жасай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: Cандар қатары, суреттер, кестелер, геометриялық фигуралар, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оқушыларды сабаққа әзірлеу.

-Сәлеметсіздерме оқушылар!

-Бүгін бізде математика сабағы ерекше болмақ. Бізге көптеген қонақтар келіп отыр, сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді, алғырлықтарыңды, тексеруге келіп отыр. Ендеше бүгінгі сабағымызда өз өнерлерімізді, білімдеріміз бен тәртіпті екенімізді көрсете отырып сабағымызды бастайық. Сабағымызды бастамас бұрын ойымызды жинақтап, көңіл-күйлерімізді көтерейік.

Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.

-Жаңа айтып өткенімдей бүгінгі сабғымыз шыныменде ерекше болғалы тұр. Яғни бүгін біз ертегілер еліне саяхаттаймыз.

-Сендер қалың орманды көріппе едіңдер?

- Орманда қандай жануарлар өмір сүреді?

-Ендеше осы қалың орманның арасында жүрміз деп ойлаңдар.

-Кейіпкерлері жабайы жануарлардан тұратын, ағылшын жазушысы Редьярд Киплингтің хайуанаттар өмірі жайында жазған әйгілі “Джунгли кітабы” атты ертегісіне саяхаттаймыз. Осы ертегі желісі бойынша мультхикая түсірілген болатын. Қазір бұл мультхикая Қазақстанның ұлттық «Балапан» телеарнасында көрсетіліп жатыр. Ендеше осы мультхикаядан үзінді тамашалайық.

Видео ролик: «Джунгли кітабы»

-Енді барлығың зейін қойып тыңдаңдар Маугли  қасқырлар асыраған үнді баласы. Кішкентай бала қасқыр апанына қорықпай кіріп, оның бөлтіріктерімен бірге айбатты  ана қасқыр Ракшаны еме бастайды. Біз Мауглимен осы сәттен бастап танысамыз. Оны осылайша ана қасқыр бөлтіріктерімен бірге бауырына алып, асырайды. Адамзат ұрпағы Маугли мен жабайы аңдар бірдей бір әділ заңға бағынып өмір сүреді. Бұл заңды тек қана қанішер тарғыл жолбарыс – Шер-Хан бұзбақ болады. Шер-Хан – Мауглидің ең қатерлі жауы. Мауглидің қалың ормандағы достары, өзінің бөрі-бауырлары, одан кейін ақылды аю Балу, джунглидегілердің бәрі сескенетін қара қабылан Багира, сондай-ақ ержүрек қасқыр Акела, айдаһар жылан Каа болатын. Әділ заңды үнемі бұзып жүретін, Шер-Ханды жеңу үшін Мауглиге көмек керек, ержүрек танытып оның апанына бару үшінде көптеген кедіргілерден өтуіне тура келдеіді. Міне осы жағдайда біз Мауглиге көмектесуіміз керек.

-Көмектесеміз бе?

-Ендеше бізде қалың орманға жол тартайық. Шер-Ханның апанына бара жолда ормандағы ең үлкен ағаш болатын сол ағаштың тапсырмаларын орындауымыз керек. Сонда ғана апанға жақындай түсеміз.

II. Өткенді пысықтау:

Ағаштың жапырақтарында өткен сабақты қайталау мақсатында қойылған сұрақтар жасырулы тұр.

-9 санынан кіші сандарды ата?

-5 санының құрамдарын атап бер?

-Өзара кері амалдарды ата?

-8 санының құрамдарын атап бер?

-Салыстыруда қандай таңбалар қолданылады?

-Енді келесі үлкен шалшықты суға кезікті. Осы судың иесі әрине қолтырауын. Осы қолтырауынның тапсырмасын орныдасақ ғана осы жерде өте аламыз.

III. Жаңа сабақ

-Шалшықты судың жанынында жатқан тастарда тапсырмалар жасырылған.

1. 8 санының құрамын атаңдар?

2. Cандар қатарында 8 санынан кейін тұрған сан.

3. 9саны.

-міне бугін танысқалы отырған тақырыбымыз осы 9 санымен байланысты, яғни 9 санының құрамымен танысамыз.

9



9



9



9











5

3



7

1







-Алдымен өткен сабақтарда санның құрамын қалай анықтап жүр едік, есімізге түсірейік.

-Құрамын қалай анықтау керек сол жайында айтылады.

-Бірігіп еңбектенудің арқасында қолтырауынның тапсырмаларын орындап, 9санының құрамымен де таныстық.

-Енді келесі өткел орманның ең қу жануары түлкінің айлағынан оңай өтудің жолын табуымыз керек. Оның оңай жолы түлкі берген тапсырманы қатесіз орындасақ жетіп жатыр.

IV. Оқулықпен жұмыс

1 Берілген суретке қарап теңдік құру және оқу.

Кері амалдар құру.

8+1=9 9-1=8

7+2=9 9-2=7

6+3=9 9-3=6

5+4=9 9-4=5

2 Кесіндінің ұзындығын өлше. Салыстыру.

-Бұл тапсырманы орындамас бұрын сұрақтарға жауап беру керек.

-Кесінді дегеніміз не?

-Кесіндінің ұзындығын қандай оқу құралының көмегімен өлшейміз?

-Оқулығымыздағы берілген кесінділерге назар аударайықшы, жай көзбен қарағанда қай түстегі кесінді ұзын? Салыстыруды оқу.

9см > 8cм

8см < 9 см

-Жарайсыңдар балалар. Шер-Ханға барар жолда Мауглидің алдынан кездескен кедергілерде берілген тапсырмаларды қатесіз орындап көмектесіп жатырмыз.

-Келесі Мауглидің журетін жолында маймылдардың тұрағы бар. Әрине маймылдардың патшасы Маша оны оңайлықпен өткізіп жібермесі анық. Сондықтан оның тапсырмасын мұқият тыңдап, орындауға көмектесуіміз керек.

V. Сергіту сәті

Видео ролик

-Сергіп алған болсақ, маймылдардың патшасы берген тапсырманы орындап Мауглидің бұл аймақтан өтіп кетуіне көмектесейік.

VI. Дәптермен жұмыс

Көркем жазу: 9 санының жазба түрінің жазылуын еске түсіріп айтып кету.

3 Салыстыр:

0 * 9 9см * 7см 6 * 9 4см * 9см

9 * 9 9см * 9см 9 * 8 9см * 6см

4 Өрнектерді салыстыр:

9-1 *8-4 6+3 * 2+4

5+3 * 9-7 9-5 * 4+3

9-8 * 3+0 1+8 * 5+2

5 Фигураларды ата











-Жарайсыңдар балалар. Маймылдардың патшасы берген тапсырманыда қатесіз орындап, бұл кедергіденде сүрінбей өттік.

-Келесі Мауглидің алдынан шығатын соңғы кедергі ол көлшік. Көлшікте нелер мекендейді білеміз бе? Әрине балықтар. Міне осы балықтардың тапсырмасында орындасақ Мауглидің барар жерінеде таяап келдік.



VII. Шығармашылық тапсырма

«Қандай сурет болуға тиіс?»



IX. Сабақты қорытындылау

-Қолтырауынның тапсырмасы арқылы нені анықтадық?

-9 санының құрамын ата?

-Қосуға кері амалды ата?

-Сонымен бізге берілген тапсырмаларды толығымен орындадық. Бұл ертегінің соңы сонымен былай аяқталады.

Маугли хикаясы, негізінен, баланың осы жолбарыспен айқасқа шығу тарихы болып табылады. Шер-Хан Мауглиді оның қаршадай кезінен бастап аңдиды және әрқашанда жолына кесе-көлденең тұрады. Алайда Маугли одан қорғана біледі, ақыр аяғында тарғыл жауын жеңіп шығып, оның терісін Мәміле жартасына алып келеді. Адал достарының көмегі болмаса Маугли Шер-Ханды жеңе алмас еді.

X. Бағалау





Автор
Дата добавления 24.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров172
Номер материала ДВ-183486
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх