Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Урок по казахскому литература "Қазтуған жырау" (9 класс)

Урок по казахскому литература "Қазтуған жырау" (9 класс)



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Пән аты: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 9 б

Күні: 10.12.2014 ж.

Сабақтың тақырыбы: Қазтуған жырау (ХV ғасыр)

Сабақтың мақсаты: Қазтуған жыраудың өмірі мен шығармашылығы жайында толық мәлімет беру.

Білімділік: Жыраудың өмірінен толық мәлімет бере отырып, шығармаларының тақырыбы мен  идеясын, көркемдігін ашу, толғау туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: шығармашылық ізденіске бағыттау, сөз өнеріне қызығушылығын     арттыру, поэзияны түсінуге, сырына үңілуге шақыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, топтастыру

Көрнекіліктер:  жыраудың суреті, кестелер, кеспе қағаздар, бағалау парағы

Пәнаралық байланыстарих, география, қазақ тілі.

Сабақ барысы :

І. Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушылардың зейіндерін аудару

  3. Сабаққа қатысымын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасы

Асан қайғының өмірі мен шығармашылығы. «Еділ бол да, Жайық бол», «Көлде жүрген қоңыр қаз» толғауларын жатқа айтып келу.


ІІІ. Жаңа сабақ

Оқушыларды 4 топқа бөлемін.

1-топ «Күлтегін»

2-топ «Қорқыт ата»

3-топ «Йассауи»

4-топ «Оғызнама»

Әр топтың өз топ басшысы болады.

Жаңа сабақ Қазтуған туралы өздері дайындап әкелген баяндамалары бойынша және оқытушы берген мәліметтер бойынша өздері дайындалып бүгінгі сабақты түсіндіреді.

Қазтуған жырау Сүйінішұлы (15 ғасыр)

Туған жері: Астрахан қаласына жақын Қызылжар деген жер (қазіргі Астрахань облысы, Красный Яр қаласы маңы).

Қызметі: қазақ ақыны, жырау, жорық жыршысы, қазақ эпосын жасаушылардың бірі. Еділдің салалары Ақтұба, Бозан бойын жайлаған түркі тайпаларының рубасы көсемі, әскербасы батыры.

Ол өзін «айдаса қойдың көсемі», «сөйлесе қызыл тілдің шешені», «буыршынның бұта шайнар ауызы», «бидайықтың көл жайқаған жалғызы» деп таныстырады.

1480 жылы Қазақ хандығына қосылған Алшын тайпасы руларымен бірге Еділдің бергі бетіне өткен.

Бізге жеткен шығармалары:

«Бұдырайған екі шекелі»

Өз портретін өзі жасаған. өзін «айдаса қойдың көсемі», «сөйлесе қызыл тілдің шешені...» - деп таныстырады

«Алаң да алаң, алаң жұрт»

Халықтың туған мекені Еділін тастап, Шу бойына алғаш хандық құрып, қоныс тебуі, тәуелсіз ел болу кезеңін меңзейді

«Белгілі биік көк сеңгір»

Жыраудың өмір жайлы таным-түсінігі ерекше аңғарылады

Жыраудың бұл жырларыең алғаш Ғ.Мұштақтың «Шайыр яки қазақ ақындарының басты жырлары» деген атпен 1912 жылы Орынбор қаласында бастырған кітабында жарық көрді.

Түсініксіз сөздермен жұмыс

Жабысы – қазақ жылқысының байырғы қарабайыр тұқымы.

Жабағы – 6 ай мен 1 жас аралығындағы тай.

Батташығы – шатырма гүлділер тұқымдасына жататын тамыры сәбізге ұқсас, көп жылдық шөптесін өсімдік.Онда эфир майы болғандықтан, оны жас күйінде мал жемейді.
Көбе – көбесі болаттан немесе темірден жасалған сауыт түрі.
Құрық – жылқыны ұстау үшін ұшына ілмек жіп бекітілген ұзын сырық.
Сырық – киіз үйдің киізін жөндеуге, түндікті көтеріп ашуға арналған ұзын таяқ.
Балдағы – қылыштың, пышақтың сағағын, сабын бекітіп тұратын сақина.
Қылшан – жебе салып жүру үшін, жылқының қылынан тоқып жасалған оқ қабы, қорамсап
Салуалы – салауатты, парасатты, байыпты

Ботташық – шатырша гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік
Кежі – күзет, қарауыл, шолғын, торуыл

Шөк – түйенің тізесін бүгіп жатуы

Бекіту сұрақтары

  1. Жырау қай кезеңде өмір сүрген?

  2. Жыраудың толғаулары

  3. Жырау толғауларының тақырыбы


ІҮ. Қорытынды. «Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім...» оқушылардың қорытындысы. Назар аударғандарыңа рахмет! Сабақ аяқталды, сау болыңдар!

V. Үйге тапсырма. Қазтуған жыраудың өмірі және «Мадақ жырын», «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауларын жаттап келу.

Бағалау.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 15.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров173
Номер материала ДВ-260736
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх