Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Урок по казахскому литература "Махамбет Өтемісұлы" (9 класс)

Урок по казахскому литература "Махамбет Өтемісұлы" (9 класс)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 29.01.2015 жыл

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 9 «б»

Сабақтың тақырыбы: Махамбет – күрескер ақын

Сабақтың мақсаты: Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығынан мәлімет

а) білімділік: Ақындықтың алдаспаны, намыстың наркескені атанған Махамбет Өтемісұлының өмір жолымен таныстыру, жырларының тақырыбын таныту, өлеңдерінің идеясын ашу, өзектілігі ұғындыру.

ә) дамытушылық: Қосымша деректерді пайдалану, танымдық, шығармашылық ізденіске жетелеу, өз ойларын еркін айтуға, әдеби көркем тілмен сөйлеуге дағдыландыру.
б) тәрбиелілік: Ұлтжандылыққа, батылдыққа, туған елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ

Сабақтың әдістері: топтастыру, СТО стратегиялары, хронологиялық кесте, семантикалық карта

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, кеспе қағаздары

Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, география

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. амандасу;

  2. оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

  3. сабаққа қатысымын тексеру

Оқушыларды 4 топқа бөлемін. XV-XVIII ғасырдағы «Жыраулар поэзиясы» тарауын аяқтап, XІX ғасыр әдебиеті тарауын бастағалы отырмыз. Ендеше «Жыраулар поэзиясы» өкілдері бізге қонаққа келіп отыр.

1-топ. «Асан қайғы» тобы

2-топ. «Бұқар жырау» тобы

3-топ. «Үмбетей жырау» тобы

4-топ. «Жиембет жырау» тобы

Тобымызды анықтап алсақ, үй тапсырмасына көшейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма XІX ғасыр әдебиетіне шолу. Үй тапсырмасына жауап беру үшін «Сиқырлы ұяшықтарды» таңдап, жасырынған сұрақтарға жауап береді.Бағалап отыру үшін топ басшыларына бағалау парағы беріледі (белсенділігі, сабаққа қатысымына қарай бағалайды)

Топтық жарыс

«Жүйрік жырау» тобын анықтаймыз.

1. ХІХ ғасырдағы тарихи жағдай қандай болды?

2. Отарлық қысымға қазақ халқының көзқарасы? Отаршылдыққа қарсы күрескендерден кімдерді білесіңдер?

3. Отарлау кезеңіндегі әдебиет өкілдерінің көтерген тақырыптары қандай болды?

4. Майлықожа термелерінің тақырыптары неге үндейді?

5. ХІХ ғасыр әдебиеті тарихында әнші, ақындардан кімдерді білесіңдер? Олардың шығармаларындағы басты ерекшелік?

6. ХІХ ғасыр әдебиетінің құнды өкілі Шәңгерей Сейіткерейұлы туралы не білесіңдер?

7. Дулат Бабатайұлы кім? Ол туралы не білесіңдер?


8. Шортанбайдың “Қалықтаған сұңқар ем” өлеңінде көтерілген мәселе?

9. Шортанбай Қанайұлы туралы не білесіңдер?

10. Шортанбай неге өз заманын “зарзаман” деп атады?

11. Дулаттың “Ақтан жас” өлеңі кімге арналады?

12. Дулат шығармаларының негізгі сарыны?

ІІІ. Қызығушылығын ояту.

«Ой шақыру» (бейнетаспадан үзінді)

  • Мына бейнетаспаны көргенде, тыңдағанда ойларыңа не келді?

  • Бұл терменің авторы кім деп ойлайсыңдар?

  • Ол кім? Қандай ерлік істерін білесіңдер?


Иә, балалар, бұл терменің авторы Махамбет Өтемісұлы. Сендердің тыңдағандарың Махамбеттің «Адыра қалғыр Нарында» толғауы болатын. Бүгін біздер Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы танысамыз. Махамбет Өтемісұлы туралы біз төменгі сыныптардан білеміз. Инсерт стратегиясы арқылы Білемін деген бағанға батыр туралы өздерің білетін мәліметтерді толтырып жазыңдар. Білгім келеді деген бағанға нені білгілерің келетінін жазып шығыңдар. Үйрендім деген үшінші бағанды сабақтың соңында толтырасыңдар.

INSERT стратегиясы

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім





ІV.Жаңа сабақты түсіндіру

Бүгінгі күннің жадын, тақырыпты жазып алайық.

Қаңтардың жиырма тоғызы

Махамбет – күрескер ақын

Махамбет Өтемісұлы

(1803-1846)

Тақырыпты 4 топқа бөліп беремін.

  1. Жыраулар көтерілісінің шығу себептері.

  2. Махамбеттің балалық шағы.

  3. Махамбет көтеріліс кезінде.

  4. Исатайдың қазасынан және көтеріліс басылғаннан кейінгі кезеңде.

Оқушылар оқиды, топта талқылайды, бір-біріне түсіндіреді. Кейін түсініктерін айтады.

Қосымша мәлімет (слайд)

V. Сергіту сәті «Жұмыр қылыш» күйін тыңдату

Шығармашылық сәт (Өлеңді жалғастыру)

Білмеймін, бұл Махамбет – жел ме, сел ме,

Онымен жырда тұлға теңесер ме?

.....................................................

.................................................. .

VІ. Мағынаны тану

1, 2, 3, 4 жеребе тандау арқылы тапсырмаларды таңдайды.

1-топқа тапсырма.

Доспамбет пен Махамбеттің өлеңдеріндегі ұқсастық.

Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда? Күн қайда?

Еңсесі биік боз орда,

Еңкеймей кірер күн қайда? Айналайын Ақ Жайық

Қара бұланның терісін Ат салмай өтер күн қайда?

Етік қылар күн қайда? Еңсесі биік боз орда,

Толғамалы ақ балта Еңкеймей кірер күн қайда?

Толғап ұстар күн қайда? Қара бұланның терісін ,

(Доспамбет жырау) Етік қылар күн қайда?

Толғамалы ақ мылтық

Толғап ұстар күн қайда?

( Махамбет)

Доспамбет жырау, Махамбет және Қайрат Рысқұлбековтың өлеңдеріндегі ұқсастықты табу.

Ұлы арман” “Ақтық сөз”

Елбең- елбең жүгірген, Елбең-елбең жүгірген

Ебелек отқа семірген, Ебелек отқа семірген.

Арғымақ туған асылды, Арғымақ мінген жаратып,

Барыстай жал-құйрығын таратып, Ақ сауыт киген темірден.

Бауырынан жаратып, Алатаудай бабалар,

Басын көкке қаратып, Аруағыңмен жебей көр!

Баптап мінер күн қайда? Сырттағы құрбы - досыма.

МахамбетАқтық сөзің не” деген,

Бүгін қойды сот сұрақ....

Қорлай да беріп қайтадан

Титыққа орыс жетпесін

Туған жердің намысы,

Бөтен қолда кетпесін!

Қ. Рысқұлбеков «Даралық және ұқсастық»

Үш тұлғаның ортақ қасиетін жазып, өзіндік ерекшеліктерін көрсету тапсырылады.

2-топқа тапсырма.

Берілген өлеңдердегі сөздерді тауып, соған сәйкес күйлерді табу.

1.«Абайламай айрылдым

Ар жақтағы елімнен

Анау.......... деген жерімнен

Тірі кеттім демеймін

Кем болмады өлімнен» («Нарын»)

  1. Мінгені Исатайдың ...........

Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны –ай («Исатайдың Ақтабаны»)

3. Мінкен де мінкен, мінкен ер

Біз сықылды неткен ер?!

Көлденең жатқан .........

Қырқаланып өткен ер («Жайық асу»)

3-топқа тапсырма.

1) «Мұнар күн» өлеңін мәнерлеп оқы.Өлеңде ақын не туралы айтқан? 

2) Ақын өлеңдерінде жиі кездесетін сөздерді тап. 

Жауабы. 1. Мәнерлеп оқиды.Ақынның Исатай өліміне арнаған мұң мен өкінішке толы элегиясы 

2.Жиі кездесетін сөздер:мырза,ер,оқ,қылыш,дұшпан т.б 

4-топқа тапсырма.

  1. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін мәнерлеп оқып,идеясын айт. 

  2. Өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды тап. 

Жауабы. 1.Мәнерлеп оқиды. Бұл өлеңде ақын тек халқына рух беріп, намысын қайрап, күреске шақырады. 

2. Сөз тіркестері: ереуіл ат, егеулі найза,алты малта ас,тебінгі жер, түн қатып 
VІІ. Ой толғаныс

«Махамбет рухымен сырласу» өлең немесе ойтолғау жазу.



VІІІ. Семантикалық картамен жұмыс

М.Өтемісұлы елін, жерін қорғаған батыр болған. Қазір сендермен сергіту мақсатында батырлық, туған жер туралы мақал-мәтелдер жазылған семантикалық картамен жұмыс істейміз. Ішінен ұнаған біреуінің мағынасын ашып беру.

(Күй жіберіп қою)

Ол үшін арнайы дайындалған карталарды әр топқа бір-бірден үлестіріп беремін де, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тапқызамын.

Семантикалық карта

Мақал-мәтелдер

Көлінен безген қаз оңбас

Сайынның тасы болайын

Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар


Құс жаңылып торға түсер

Би басына дау келсе, билігі кетер басынан

Өз жеріңдей қайда бар


1.

Өз елімнің басы болмасам да







2.

Елінен безген ер оңбас







3.

Пәлен жерде пайда бар







4.

Ат үйірін сағынса,

Артқы аяғын қағынар







5.

Ер басына дау келсе, ерлігі кетер басынан







6.

Ер жаңылып қолға түсер








ІХ. Поэзия минуты (Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу)

Х Бекіту. Сабақ басталғанда толтырған INSERT стратегиясы кестесінің үйрендім атты бөлігін толтырады.

Әр топ хронологиялық кестені толтырып, бір-бірлерін тексереді.

Хронологиялық кесте

Жылдар

Болған оқиғалар


Махамбет Өтемісұлы дүниеге келді


Түрмеге отырады


«Қиялымола көтерілісі»


Исатай мен Махамбет бастаған 3 мыңдай адам хан ордасына аттанады.


Исатай қаза табады


Жәңгір хан Баймағанбет сұлтанға Махамбетті ұстауды бұйрық береді


Ақын Калмыков түрмесіне және Орынбор абақтысына айдалады.


Күрескер ақын дүниеден өтті


Х. Қорытынды.

Рефлекция «Бүгінгі сабақтан...»

Махамбеттің өмірі мен отты жырлары азаттықты аңсаған күллі қазақтың теңсіздікке ұмтылған күштеріне ұшқын тастады. Сол ұшқыннан жалын туды. Махамбет бабамыздың өмір жолы – үлгі етуге тұрарлық жол. Махамбет елі үшін жанын шүберекке түйген ақын. Халқының еркіндігі мен бостандығы үшін күрескен батыр. Тәуелсіздік жолында қасиетті де қасіретті жолды өз еркімен таңдап, осы жолда құрбан болған өр тұлға.

ХІ. Үйге тапсырма.

  1. Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы туралы оқып келу.

  2. «Әй, Махамбет, жолдасым» өлеңін жаттау.

ХІІ. Бағалау



Автор
Дата добавления 15.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров188
Номер материала ДВ-260695
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх