Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Урок по казахскому литературу " Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі""

Урок по казахскому литературу " Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі""


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Пән аты: әдебиет

Класы: 6 «А», «Ә»

Күні, айы, жылы: 15.10.15

Мұғалім: Икласова Н.К.

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі

Сабақтың мақсаты: ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін нақтылау,

Міндеті:

1.Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу түсіндіру; дамытушылық-оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, көркем сөз оқуын дамыту;

2.Адамгершілікке, өнер-білімді меңгеруге, өлеңді мәнерлеп оқуға тәрбиелеу.

3. Өлеңді талдай отырып, оқушының өнер, оқу - білім туралы ойларын кеңейту;

Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, топтастыру, талдау.

Көрнекілігі: Абай суреті, плакаттар

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын, оқу құралын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Қызығушылықты ояту “Кім жылдам?”

1. Абай кім?

2. Қашан. Қай жерде, дүниеге келген?

3. Абайдың шын есімі кім?

4. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

5. Қандай әндерін білесіңдер?

6. Қанша қара сөзі бар?

7. Ұлы ақын туралы жазылған роман-эпопея қалай аталады?

8. Оның авторы кім?

9. Ән туралы жазылған қандай өлеңдері бар?

Топтастыру әдісі


ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқушылар, біз бүгін Абай ақынның “Әсемпаз болма әрнеге” өлеңімен танысамыз. Бұл өлеңінде ақын өнерге, білімге, биік адамгершілік қасиеттерге баулиды. Адам баласына қайрат пен ақыл, әділет пен мейірім қатар керек қасиеттер екенін жырына арқау етеді. Әділет пен мейірім болмаса, адам баласы алды-жалын, арты – мұз болып қайда барарын білмейді. Пайда іздеп, мақтанға салынбау керектігін, өзімде бар деп біреуден артық болудан, қызғаншақтық қасиеттен аулақ жүру туралы ой айтады.

ІV. Бекіту.

Әсемпаз болма әрнеге” өлеңін мәнерлеп оқыту.

«Әсем» және «әсемпаз» сөздерінің мағынасын ашып түсіндіріңдер

Өлең мазмұны жайлы оқушылардың ой-пікірін тыңдау.

  1. Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң-арқалан дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Ақын қандай жақсы қасиеттер туралы айтады?

  3. Алдың-жалын, артың – мұз” деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

  4. Пайда, мақтан, мінін ұрлап, бәйге, жасыру,” сөздерінің мағынасын ашыңдар?

  5. Осы өлеңде нақылға айналып кеткен қандай өлең жолдары бар?

Дәптермен жұмыс. “Пайда, мақтан, бәйге, жасыру” сөздерінің синонимін тауып, дәптерге жазу.

Ақыннң нақылға айналып кеткен өлең жоладарын дәптерге түсіріп алу.

Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

Өлең 6 шумақтан, әр шумақ 4 тармақтан құралған.

Шалыс ұйқаспен жазылған.

Ә-сем-паз // бол-ма// әр-не-ге 8 буын а)

Ө-нер-паз // бол-саң// ар-қа-лан, // - // б)

Сен/-де бір // кір-піш // дү-ние-ге, // - // а)

Ке-ті-ген // тап та //бар қа-лан! // - // б)

Сөздікпен жұмыс.

Шапқат (шапағат) - мейірім, жәрдем, көмек.

Ез (езбе) – мезі етуші, мыжыма.

V. Қорытынды:

Ситуациялық сұрақ. Барлық адам мектепте оқиды? Бірақ бәрі білімді адам болады ма?Білімді адам болуы мұғалімге байланысты ма, адамға байланысты ма?

Білімді адам болуы қандай қабілеттер болу керек?Төмендегі сөздерді тізімін қара, қандай сөздер сіздің ойыңызға сай келеді?

  • Талапты білімді тез ұғып алатын зерек

  • Ұқыпты сабырлы ойлы Тойшыл

  • қыдырымпаз салмақты тынымсыз ерме

Осы сөздердің ішінен білімді адам болу үшін керекті сөздерді табыңдар

VІ. Үйге тапсырма.. Өлеңді жаттау; осы тақырыпқа ой толғау жазу.

VІІ.Бағалау





Автор
Дата добавления 19.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров48
Номер материала ДБ-090139
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх