Инфоурок Русский язык ПрезентацииУрок по казахскому литературу на тему "Абай Құнанбаев. Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ"

урок по казахскому литературу на тему "Абай Құнанбаев. Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ"

Скачать материал

Күні: 31.10.2011.

Класы: 6«ә»

Сабақ тақырыбы:    Абай Құнанбаев.

                               Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ.

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік – қазақтың ұлы ақыны –Абай Құнанбаевтың өмірінен дерек келтіріп,шығармашылығына шолу жасау,«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ »өлеңін оқыта отырып, тақырыбы мен идеясын ашу;

2 . Дамытушылық –ақын пікірінің құндылығы мен өміршеңдігіне назар   

     аудартып,оқушылардың қызығушылығын арттыру,танымдық ой-өрісін      

     дамыту.

3.     Тәрбиелік – Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі арқылы оқушыларды жылқы малын қастерлеуге, аялауға тәрбиелеу.

 Сабақтың әдісі: қатысымдық.

Сабақтың тәсілдері: түсіндіру,баяндау, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру.

Пәнаралық байланыс:биология, қазақ тілі.

Сабақтың көрнекілігі:  кестелі слайд, суреттер,нақыл сөздер,Абайтану бұрышы.

          Сабақтың барысы.

I.  Ұйымдастыру кезеңі:

 а) Оқушылармен амандасу.

-      Сәлеметсіздер ме,балалар?

                  ә)Оқушыларды түгендеу

                -  Бүгін кім кезекші? ( кезекшінің мәліметі).

ә) оқушылар  мен сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау;

б) оқушылардың назарын сабаққа бұру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1.«Жақсы мен жаман адамның қасиеті» өлеңін жатқа оқу.

2.«Қожанасырдың қоржыны» ойыны.Оқушылар қоржыннан бір сұрақтан алып,сол сұраққа жауап береді.

 

Сұрақтар:

1.Сүйінбай Аронұлы қай жылы,қай  жерде дүниеге келді?

1815 жылы қазіргі Алматы облысы ,Жамбыл ауданының Қарақыстақ деген жерінде дүниеге келген.

2.Мұхтар Әуезов Сүйінбайға қандай баға берген?

Он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі.

3.Сүйінбай неше жасынан бастап ақындық өнерді машық ете бастаған?

  Он төрт- он бес

4.Сүйінбай шығармаларының негізгі тақырыптары?

Ол халықтың мұңын мұңдап,үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін жырлаумен бірге,оларды  адамгершілікке тәрбиелеген.

5.Сүйінбайды ұстаз тұтқан айтыскер ақын?

Жамбыл Жабаев

6.«Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінің негізгі идеясы неде?

Адамзатты жақсылыққа жетелеп,жаман істерден аулақ болуға шақырады,адамгершілікке тәрбиелейді.

III.      Жаңа сабақ.

          1.Дәптерлеріне күннің шартын  жазғызу.

            (Қазан айының отыз бірі).

2.Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев.

Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ.

         

Сабақтың түсіндірілу барысы:

  а) жаңа сабақ пен өткен сабақты байланыстыру.

-Балалар,жақсы адам артынан қандай істер қалдыру керек?«Өлді деуге бола ма,ойлаңдаршы?Өлмейтұғын артына із қалдырған » дегенді қалай түсінесіңдер?Яғни, өзі өлсе де сөзі өлмейтін ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы.

 

      Асыл сөзді іздесең,

                           Абайды оқы, ерінбе.

                           Адамдықты көздесең,

                           Жат тоқып ал көңілге.

                                        Сұлтанмахмұт Торайғыров.

  Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының баурайындағы Қасқабұлақ деген жерде туған.Осы Шыңғыс тау баурайында қазақ әдебиетінің үш алыбы дүниеге келген.Олар:

                                               

Блок-схема: решение:    Үш алып

 

 

 

 

 


                                                                 

                            Абай                         Шәкәрім                     Мұхтар

                        Құнанбаев             Құдайбердіұлы                 Әуезов

                       (1845- 1904)               (1858 - 1931)               (1897- 1961)

 

 

Прямоугольник: скругленные углы: ақын
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Прямоугольник: скругленные углы: сазгерПрямоугольник: скругленные углы: аудармашы                                                 

 

 


Прямоугольник: скругленные углы: суретші ақын

Прямоугольник: скругленные углы: философПрямоугольник: скругленные углы: данаПрямоугольник: скругленные углы: ұстаз                                                   

  

                     

 

 

  Абайдың керемет суреткер ақын екенін көрсететін өлеңдеріне жылдың төрт мезгіліне арнаған өлеңдері мен оқулықта берілген «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ » деген өлеңі болып отыр.

  1).Өлеңге кіріспе ретінде Абайдың Көкбай деген шәкіртіне Абылайдың атына өлең шығаруға тапсырма беріп,кейін оған көңілі толмай, көз алдына жылқы малының  тұрған қалпы келеді.Соны Абай «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ » деп өлеңмен

сипаттап береді.

  2).Оқулықтан  «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ » өлеңін мәнерлеп  оқу.

  3).Өлеңнің тақырыбы – жылқы малы. Өлеңнің идеясы : жылқы малының қазақ халқының өміріндегі маңыздылығы.

Жылқы- тақтұйяқтылар отрядының бір тұқымдасы.

Жылқы малы – мінсе көлік, ішсе сусын.Аңшылықтың қызығы мол.Оның шарты да зор.Үстінде ықшам киім,тату жолдас және жақсы,мықты  ат болу керек дейді.Жылқы жеті қазынаның бірі.Қазақ халқы жылқы малын қатты қастерлеген.Ертеде батырларымыздың қасынан жүйрік аттары қалмайтын болған.Мысалы: Қобыландының Тайбурыл,Алпамыстың  Байшұбар,Ертөстіктің Шалқұйрық ,Ер Тарғынның Ақбозат деген жүйріктері болған.

Жылқы малының пірі – Қамбар ата.

4).Қазақ халқында «жылқы мінезді»  теген тіркес бар.Ер адамнан,әйел адамнан,қояннан,түлкіден алған үш мінез туралы баяндау.

5).Ғасырлар бойы мал өсірумен,көшпелі күйде тіршілік еткен елдің ақыны аттың қадірі мен қасиетін ерекше түсінген.Өлеңді оқи отырып,ақын суреттеуінен аттың түр- тұлғасы,жүріс- тұрысы ,қасиеттері суреттелген жерлерін таптырып, талдау жұмыстары арқылы Абайдың нағыз суретші  ақын екенін дәлелдеу.

ІV.Талдау жұмыстары. 

1.Өлең ішінен жылқы малының анатомиялық мүшелерін тауып,соны сурет арқылы көрсету.

   кекіл,құлақ,мойын,жақ,қабақ,ауыз омыртқа, жал,желке,сағақ,мұрын,ерін,тіс,қабырға,жота,ойынды еті,омырау, төс,бақай,тұяқ,шынтақ,сіңір,аяқ,жауырын,сауыр,мықын,қалбағай,алды,арты, құйрық, көтендігі,аламай,ұршық,саны,бауыр,ұма,шідерлік,тірсек,көз,иек.

 

v  Қой мойын – қысқа мойын,созып  шапқанда  талмайды.

v  Қоян  жақ – етсіз  жеңіл  бас, мойынға  салмақ түсіріп шаршатпайды.

v  Бөкен  қабақ – қалың  қабақ, егескенде есе бермейді.

v  Үңірейген  сағақ – кең сағақ, дем  алуға  жақсы.

v  Теке мұрын – ауаны сирек әрі  мол алады.

v  Омыраулы, салқын  төс – кеудесі  кең

v  Жұмыр тұяқ – қанша шапса да  қызбайды, тұяғы қызған ат шаба  алмайды.

v  Шынтағы қабырғадан  аулақ  тұру – өкпені   қыспайды.

v  Жерсоғырлы, сіңірлі  аяқ тік, бота  тірсек – серпімді,өзге  аттың  екі  аттағанын бір – ақ  аттайды.

2.Өлең ішінен теңеу,эпитеттерді тауып,өлең құрлысына талдау .

Теңеу-бір заттың, не құбылыстың басқа бір затпен не құбылыспен теңестірілуі.

-дай,-дей,-тай,-тей деген жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады.

Жауабы:шоқпардай,бүркіттей,тақтайдай,жүргізгендей,кигізгендей.

 

Эпитет( сипаттама) – заттың,  не құбылыстың айрықша белгісін,қасиетін білдіретін бейнелі сөз. « Қандай? » деген сұраққа жауап береді.

Жауабы:

Қамыс құлақ, қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ, майда жалды,үңірейген сағақ, теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,салқы төс,тояттанған төс,жуан бақайлы, тақыр бақайлы,жұмыр тұйяқ, кең сауырлы,тар мықын,күлте құйрық,шақпақ етті, дөңгелек көтті, бауыры жазық,арты талтақ, ұмасы үлпершекті, бота тірсек, бейне жел,жүрдек көсем.

 

Өлең құрылысына талдау: 4 тармақтан, 11буыннан, 3 бунақтан тұрып, (а,а,б,а) қара өлең ұйқасын құрайды.

3.Жылқы малына қатысты мақал – мәтелдер мен нақыл сөздер айту және берілген мақал – мәтелдердің жалғасын табу.

1.Алып анадан туады, ат биеден туады.

2.Екі бие-ел асы,үш бие –бұлақ басы,бір бие-жоқтың қасы.

3.Желің құтты болса,биең сүтті болады.

4.Жылқының сүті- шекер, еті -  бал.

5.Арық атқа қамшы ауыр.

6.Аттың сыры иесіне мәлім.

7.Жақсы ат жанға серік,

   Жақсы ит малға серік.

4.Ой қозғау.

« Ер қанаты -ат » деген қанатты сөзді қалай түсінесіз?

V.Сабақты бекіту

Оқушылар төмендегі мысалға қарап, алған білімдерін бекітеді.

Мысалы:

Зат есім: Ат

Сын есім: жүйрік,асау

Етістік: шабады,кісінейді, аунайды.

Сөйлем:Асан атымен ауылға қарай бет бұрды.

Синоним:жылқы

.VІ.Қорытынды:

  Оқушылар, бүгін біз Абай атамыздың ақын, аудармашы,сазгерлігінен басқа  нағыз суретші ақын екенін  тағы да дәлелдеп отырмыз.«Абай- дана, Абай -дара қазақта »,- деп сөзімді қорытындылаймын.

VІІ.Үй тапсырмасы:

І) «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ » өлеңін жаттау.

ІІ)Өз көкейлеріндегі жылқының суретін салу.

ІХ.Қоштасу.

-Балалар,барлығы түсінікті болса,сабақ аяқталды ,келесі сабақта есен –сау көріселік.Сау болыңыздар!            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по казахскому литературу на тему "Абай Құнанбаев. Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Күні: 31.10.2011.

Класы: 6«ә»

Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев.

Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік – қазақтың ұлы ақыны –Абай Құнанбаевтың өмірінен дерек келтіріп,шығармашылығына шолу жасау,«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ »өлеңін оқыта отырып, тақырыбы мен идеясын ашу;

2 . Дамытушылық –ақын пікірінің құндылығы мен өміршеңдігіне назар

аудартып,оқушылардың қызығушылығын арттыру,танымдық ой-өрісін

дамыту.

  1. Тәрбиелік – Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі арқылы оқушыларды жылқы малын қастерлеуге, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: қатысымдық.

Сабақтың тәсілдері: түсіндіру,баяндау, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру.

Пәнаралық байланыс:биология, қазақ тілі.

Сабақтың көрнекілігі: кестелі слайд, суреттер,нақыл сөздер,Абайтану бұрышы.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен амандасу.

  • Сәлеметсіздер ме,балалар?

ә)Оқушыларды түгендеу

- Бүгін кім кезекші? ( кезекшінің мәліметі).

ә) оқушылар мен сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау;

б) оқушылардың назарын сабаққа бұру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1.«Жақсы мен жаман адамның қасиеті» өлеңін жатқа оқу.

2.«Қожанасырдың қоржыны» ойыны.Оқушылар қоржыннан бір сұрақтан алып,сол сұраққа жауап береді.


Сұрақтар:

1.Сүйінбай Аронұлы қай жылы,қай жерде дүниеге келді?

1815 жылы қазіргі Алматы облысы ,Жамбыл ауданының Қарақыстақ деген жерінде дүниеге келген.

2.Мұхтар Әуезов Сүйінбайға қандай баға берген?

Он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі.

3.Сүйінбай неше жасынан бастап ақындық өнерді машық ете бастаған?

Он төрт- он бес

4.Сүйінбай шығармаларының негізгі тақырыптары?

Ол халықтың мұңын мұңдап,үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін жырлаумен бірге,оларды адамгершілікке тәрбиелеген.

5.Сүйінбайды ұстаз тұтқан айтыскер ақын?

Жамбыл Жабаев

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 432 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2015 3144
    • DOCX 360.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шамғонова Ақсамал Айбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шамғонова Ақсамал Айбекқызы
    Шамғонова Ақсамал Айбекқызы
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3223
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и культура речи: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель русского языка и культуры речи

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 183 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания русского языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 478 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и культура речи: теория и методика преподавания в дополнительном образовании

Педагог дополнительного образования по русскому языку и культуре речи

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 165 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 138 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 32 человека