Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Урок по казахскому литературу на тему "Халық ауыз әдебиеті" (6 калсс)

Урок по казахскому литературу на тему "Халық ауыз әдебиеті" (6 калсс)



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: Әдебиет

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер бейнесі

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: жырдың мазмұны мен идеясын игерте отырып, "Алпамыс батыр" жырындағы Алпамыс бейнесін сыни тұрғыда талдау арқылы жан-жақты ашу, меңгерту. Ол бейненің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көркі екендігін дәлелдеу.

ә) дамытушылық : топпен жұмыс негізінде Алпамыс бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата отырып, окушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, олардың көркем сөйлеу мен көркем жазу шығармашылығын арттыру.

б) тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, батырлыққа тән қасиеттерге баулу. Өз Отанын, туған елін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: талдау

Сабақта қолданылатын стратегиялар:

1) "Сын тұрғысынан ойлау" бағдарламасы бойынша

а) Ой қозғау
ә)Топтастыру

б) Қарама-қарсы элементтер

2) "Оқушылардың көркем сөйлеу мен жазу шығармашылығын дамыту" бағдарламасы бойынша

а) Ғылыми талдау

3) Тумалы бейне

б) Түйінді сөздер

в) Дыбыстар сөйлейді

Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі: "Алпамыс батыр" бейнесі салынған плакат, нақыл сөздер жазылған плакаттар,

Пәнаралық байланыс: тарих, әуез өнері, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу.

ә) Кезекші мәлімдемесі.

б) Журнал бойынша түгелдеу.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

а)"Алпамыс батыр" жырының жалпы мазмұны жайлы сұрау.

ә) Сұрақ қою арқылы оқушылардың білімін тексеру.

3) Жаңа сабақты түсіндіру.

Алпамыс батыр. Қазақ елі өз арманындағы ердің, батырдың образын бір Алпамысқа біріктіре сомдаған. Алпамыстың бар күш-қуаты Отанына арналады. Алпамыстың эке-шешесі оны сонша тілеп барып, аңсап көреді. Алпамыс ерекше күшті болып өседі. Оның бірінші ерлігі кемпір айтқан «Алсайшы Гүлбаршынды, қу жүгермек» деген сөзінен соң, қалыңдығын іздеп шыққанда көрінеді. Гүлбаршынды алмақ болып, Сарыбай ауылын қамап жатқан қалмақты шабады. Демек, Алпамыс—сүйгені үшін еш нәрседен шошымас, ғашықтық үшін басын тіккен жан. Гүлбаршынды алып еліне келсе, өз жүртын тайшық хан шауып, мал-мүлкін алып кетіпті. Тайшық та Алпамыстың келерінде түс көріп, сезіп сасады. Бұдан Алпамыс атағы алыс кеткен батыр екені білінеді. «Батыр аңғал» дегендей жолда Тайшық жіберген мыстан кемпір сөзіне алданып арақ ішіп, қапыда жау қолына түседі. Осы кезде Алпамыстың айрықша қасиеттері көрінеді.

Зынданда жатқан Алпамысқа Қаракөзайымдай Тайшықтың қызы ғашық болады. Қойшы Кейқуаттың сырнай тартар өнері аркылы, Қаракөзайымның көмегімен, сырнай тартар өнері арқылы бостандыққа шығады.

Туған еліне келген Алпамыс қорлықта жүрген ата-анасын, қарындасын көріп егіледі. Осыдан оның адамдық қасиеті, нэзік жүрегі көрінеді.

Жары. Тұлпары. Алпамысты шын сүйетін, атастырған ата салтын қадірлейтін жан— Гүлбаршын. Ол Қарамандай батыр келіп экетем дегенде көнбейді. Ұлтандай қүл алам дегенде бармайды. өйткені ол—адамдықтың символы. Бар өмірін жарына арнаған адал жолдас екенін танытады.

Шұбар жай ат емес, ол мыстанның арам екенін біліп мінгізбейді. Тайшық хан ұанша қинаса да, Байшұбар ешкімді жанына жолатпайды. Байшүбар—Алпамыстай ерге лайық ат.

Қараман—Алпамыстың майданда жолықтырған, жауды ерлікпен жеңіп, достығын мойындаткан батыр. Қараман ерлікті ғана бағалайтын, Алпамыс үшін мұсылман дініне кірген, сол жолда баласы мен түлпарын қүрбандыққа шалып, достыққа адалдығын танытқан ер екенін көрсетеді.

Жырдағы Кейқуат қарапайым қойшы бола түра Алпамыстың ер екенін танып, көмектесіп кейін хан орнына хан болады.

Қаракөзайым—Алпамысқа ғашық болған, Тайшық ханның жаулықтан махаббатты биік қойған, сол жолда бэрін құрбан еткен сүлу қыз.

¥лтан—бүған дейінгі жырларда кездеспеген ерекше бейне. Ол—бар зүлымдығын жауға емес, өз туғанына жүмсаған, асырап алған экесі Байбөріге Алпамыс жоқта түйе бақтырып, Құлтайды қойға жұмсап, Алпамыстың баласы Жэдігерді аяқ-қолын кісендеп қозы бақтырып, Аналықты күң етіп, Гүлбаршынды алмақшы болған жат бауыр жан. Ол—іштен шыққан жау.

Мыстан—жаман қасиетерді бойына лшнаған, ел жиіркенер бейне. «Қабағы тырысқан, көрінгенмен үрысқан, тізесіне шекпені жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген, бір ширек бойы бар, адам таппас ойы бар»—деп жырлаушы оны жек көре, үнатпай суретейді.

Залым мыстан Алпамысты күшпен емес, аярлықпен тэтті сөйлеп, алдап қолға түсіреді. Бірақ бэрібір соңында ит өліммен өледі.

Қызығушылықты ояту:— "Ой қозғау" стратегиясы.

Ердің бағын ашпаса,

Ер мұратқа жетерме?! Ерінің сағын сындырса,

Ел мүратка жетер ме?! - деп Әйтеке би айтқандай, елін, жерін жаудан қорғап, еліне бостандық. бірлік сыйлаған батырлардың бірі - Алпамыс.

"Топтастыру" стратегиясы бойынша Алпамыс батырға сипаттама беру.

Батыр

Нәзік жүректі жан Арлы

Алпамыс

Өнерлі Айлалы Аңғал

II. Мағынаны таныту

Сынып 5 топқа бөлінеді. Әр топқа Алпамыс бейнесін талдату тапсырмалары беріледі.

1) "Ғылыми талдау" стратегиясы

I топ - Алпамыстың батырлығы

II топ - Арлы батыр

  1. топ - Аңғалдық - батырға тән қасиеттің бірі

  2. топ -Айлалы, өнерлі жан

V топ – Нәзік жүректі жан

Әр топ Алпамыска тән осы қасиеттерді пікірлесе отырып, ғылыми тұрғыда талдап шығады.

  1. "Тумалы бейне" стратегиясы IV топтың окушылары Алпамыстың өнерлі екендігін "Тумалы бейне" стратегиясы арқылы "Күйдің қүдіреті" атты көрініспен дәлелдеп шығады.

  2. "Түйінді сөздер" стратегиясы

Ғылыми талдаудан кейін әр топ оқушыларынан өз таңдауларындағы ең түйінді сөздерді атауларын талап етемін. Мысалы:


I топ - батырлық

II топ - арлылық III топ - аңғалдық
IV топ - өнерпаздык V топ - мейірімділік

Алдымен бұл сөздерді "Топтастыру" әдісі бойынша сипаттап жазады. Кейіннен сипаттамадағысөздердібайланыстыра отырып, (бір-екеуін қолданса да болады), сол сөздердің ой тұжырымын жазады. Мысалы:

Ержүректілік

Отаншылдық Батырлық Намысшылдық

Ер адамға тән қасиет Мейірімділік

Батырлык - ержүректіліктен туған ер адамға тән қасиет.

4) "Қарама-қарсы элементтер" стратегиясы

Тақтада "Алпамыс - досқа берік, жауға- мейірімсіз батыр" жазуына назар аударайық.
Жырдағы Алпамыс бейнесі ондағы кейіпксрлер істерінен өрбіп отырады. Сондықтан сол
кейіпкерлерді « Қарама-қарсы элементтер" стратегиясы арқылы бейнелейік.
Дос Жау

Гүлбаршын Мыстан кемпір

Қаракөзайым Таймас

Кейқуат Тайшықхан

Қараман Үлтан

Байшұбар

Жақсылық Жамандық

Қайырымды Қайырымсыз

Шыншыл Алдампаз

III. Ой-толганыс "Дыбыстар сөйлейді" стратегиясы

А- айлалы

Л- лапылдаған П- патриот

А - арлы

М-махаббатқа берік

Ы- ынталы

С- саналы

Міне, осы сөздерден-ақ Алпамыстың кандай батыр екендігі көрініп тұр, бейнесі ашылып түр. Олай болса, батырлыкқа тән осы қасиеттер біздің, яғни Казақстан ұрпақтарының бойынан табыла берсе екен деген тілек туады. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жылдан-жылға гүлденіп келеді. Осы бейбітшілік өмірді бізге әперген еліміздің алып батырлары емес пе? Кәне, сол батырларды атап жіберейікші.

ІҮ. Сабақтың қорытындысы:

Ақсұңкар ұшар жем үшін, Тоқтай алмай барамын,

Туады ерлер ел үшін. Ағайын-туған ел үшін, - демекші, елімізді, жерімізді

қорғаған батырлар әрқашан өз Отаны үшін қандай қиыншылық болса да жауға қарсы тұра алады. Біз де сол батырлар сияқты өз Отанымызды қорғайық, гүлдендірейік!

Ү. Үйге тапсырма

"Туады ерлер ел үшін" тақырыбына ой-толғау жазу.

ҮІ. Оқушылар білімін бағалау.


Пәні: Әдебиет

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті.

Батырлар жыры туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі - батырлар жыры, олардың өзге жырлардан айырмашылығы жайлы толық түрде түсінік беру.

ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шебер-лігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге,адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау, сөздікпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, реферат.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс.

Сабақтың типтері: кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі.


а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә)Журнал бойынша түгелдеу.


Үй тапсырмасын сұрау.


1. Сөз құдіреті жайлы сұраймын.

  1. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.


Жаңа сабақты түсіндіру.


Батырлар жыры - көлемі жағынан да, мазмұн-мәні жағынан да қазақ фольклорында ауқымды орын алатын аса көрікті жанрлардың бірі.

Батырлар жырының басты тақырыбы - ерлік, батырлық, елді сыртқы жаулардан қорғау. Елді, жерді сүю, Отан қорғау мөселесі - кай жырдың болмасын алтын арқауы. Онда ел басынан өткен елеулі оқиғалар нақты бейнеленбегенмен де, тарихи кезеңдердің табы айқын байқалып отырады. Елдің әрідегі ескілігін жырға қосатын көне эпостарда («Құламерген», «Жоямерген», «Дотан батыр», «Қүбығүл», т. б.) тарихи оқиғалар тым көмескі тартып, киял-ғажайыптық сипат басым болса, одан беріректе туған қаһармандык эпостарда («Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Едіге», «Қамбар», т. б.) тарихи оқиғалар сілемі нақтырақ көрініс береді. Ал аты мәлім тарихи түлғаларды (Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Есет, Жанқожа, т. б.) жырға қосатын шығармаларда тарихи деректілік тіптен басым. Яғни батырлар жыры - елдің азаттықка ұмтылган күрес жолының ерлік шежіресі.



Халықтың елге қорған болған айбынды адал ұлдарына сөзден соққан ескерткіші.

Батырлар жыры елдің сан ғасырлық тарихын, ерлік дәстүрін, кезеңдік оқиғаларға деген халық бағасын, алдан күткен үміті мен аңсар-мұратын көркем жинақтап бейнелейді. Ол тарихтың салқар кешінде жиі қайталанатын соғыстар мен шайқастардың жылнамасы емес, ел есінде ерекше қалған елеулі оқиғаларды жинақтай бейнелейтін көркем туынды. Халықтың оны ерекше қастерлеп, сүйсіне жырлап, ұрпақтан- ұрпақка мұра етуінің тағы бір сыры ондағы отаншылдык идеяның ерекше асқақтығында. Халықтың арман-мұңының үнемі алдыңғы ксзекте тұратындығында.

Батырлар жырын фольклордың басқа эпикалық жанрларынан өзгешелейтін өзіне тән белгілері бар.

Ең алдымен оның басты каһарманы - батыр. Батырлар жырының барлығында ол әдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балага зар болған ата-анасы оны тәңірден тілеп алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді. Алғашқы ерлігін өзіне жар таңдау сапарында көрсетеді. Оның жары да өзіне сай ер мінезді, ақыл-парасатқа бай, сезімтал, айнымас жолдас болып келеді. Жырда батырмен ажырамастай бірлікте сипатталатын бейненің бірі — оның аты. «Ат — ердің қанаты» деген нақылға берік халық жырларында ат -батырдьщ ең жақын серігі. Батырдың аты жырда ерекше әсірелене суреттеледі. Ол «алты ай жорытса арымайтын» жауга мінетін тұлпар ғана емес, қысылған жерде батырға ес қосатын ақыл иесі болып көрінеді. Сол сияқты батырлар жырында "Қобыланды сонда сөйлейді, сейлегенде бүй дейді», «Қорамсаққа қол салды, бір салғанда мол салды» деген сияқты тұрақты кайталаулар болады.

Батырлар жырының өзгешелігі, композициялық құрылысы жайлы әңгемелеп болғаннан кейін қосымша сұрақтар қоямын.

1. Ертегілер мен батырлар жырларын салыстырыңдар, қандай

айырмашылықтар байқайсыңдар?

2. Батырлар жырында ерлік, батырлық, ел қорғау мәселесінің, алдыңғы кезекте болатындығы неліктен деп ойлайсыңдар?

3. Батырлар жырына тән сипаттар қандай? 4. Батырлар жырының кейіпкеріне айналған қандай тарихи тұлғаларды білесіңдер? Олар тарихта қандай ерліктер көрсеткен?

Сабақтың қорытындысы.

а) Сабақ соңында сұрақ қою арқылы қорытындылаймын.

ә) Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Үйге тапсырма: Батырлар жыры туралы мағлұмат жинап келу жырын оқып келу.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров80
Номер материала ДВ-409777
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх