Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Урок по казахскому литературу на тему "Өзен" (3 класс)

Урок по казахскому литературу на тему "Өзен" (3 класс)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ: 1

Сынып: 3

Күні: 10.03.2015ж

Тақырыбы: «Өзен»

Бастауыш сынып мүғалімі: С. Ш. Ергалиева

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты: Оқушыларға автор туралы кең түрде түсінік беру.Өлең мазмұнын ашу , негізгі ойын анықтау.Өзендердің тіршілік үшін маңызы жайлы білім беру. Дүниетанымдылық қабілеттернің ойлауын дамыту, сөйлеу дағдыдарын жетілдіру. Табиғатты аялауға, оған қамқоршы бола білуге баулу.

Сілтеме: 3 сынып «Әдебиеттік оқу» оқулығы Атамұра,2014ж

http://my.mail.ru/mail/gocha51-13/video/3469/3481.html

Оқыту идеясы:

  1. Өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықтыру.

  2. Өлеңнің мағынасын аша білу.

  3. Сөздік қорларын арттырып, тіл байлығын жетілдіру.


Оқыту нәтижесі:

  1. Сыни тұрғыдан ойлауға қалыптасады.

  2. Мәтінмен жұмыс істеуге үйренеді.

  3. Өз пікірін дәлелдей алады.

  4. Өзін-өзі бағалауға машықтанады.

Оқу құралдары: Интербелсенді тақта, ҚР – ның географиялық картасы, суреттер.

Оқыту технологиясы: СТО, АКТ, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Әдіс-тәсілі: диалогтік оқыту, топтастрыру

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын сұрау (10мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (27 мин)

а. Ой қозғау (5 мин)

ә. Мағынаны тану (10 мин)

б.Сергіту сәті (2 мин)

в. Қорытынды(10 мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (1 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІ кезең – Рефлексия (1 мин)






























Әдебиеттік оқу 3 «Ә» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ыбырай Алтынсарин «Өзен»

Сабақтың мақсаты:

Өлеңді мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру арқылы идеясын ашу.


Сілтемелер:

3 сынып «Әдебиеттік оқу» оқулығы Атамұра 2014 ж, интернет көздері

Күтілетін нәтижелер:

1.Өлеңді мәнерлеп оқуға қалыптасады.

2.Өлеңнің мазмұнын түсінеді.

3.Өзеннің тіршілік иелері үшін маңыздылығын түсінеді.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Ассоциация , топтық жұмыс, жеке жұмыс, миға шабуыл, диалогтік әдіс, дидактикалық ойын, кері байланыс

Қолданылатын материалдар:

Қима суреттер, интертақта, слайд, бейнетаспа, географиялық карта, қосымша тапсырма, автор суреті, пікірағашы, қима балықтар

Оқыту технологиясы:

СТО, АКТ, Оүб және оқуды бағалау. Оқыту ж/е оқудағы жаңа тәсілдер.

Сабақтың жоспары:

І кезең – Ұйымдастыру (3 мин)

ІІ кезең – Үй тапсырмасын сұрау (10мин)

ІІІ кезең – Жаңа тақырыпты меңгеру (27мин)

а. Ой қозғау (5 мин)

ә. Мағынаны тану (10 мин)

б. Сергіту сәті (2 мин)

б. Қорытынды(10 мин)

ІV кезең – Үйге тапсырма беру (1 мин)

V кезең – Бағалау кезеңі (3 мин)

VІ кезең – Рефлекция (1 мин)



Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті мен белсенділігі

І Ұйымдастыру кезеңі

(3 мин)

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.Мұғалім жануарлар, құстар, өсімдіктер суреттеріін береді.

(3 топқа)

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі, суреттерді таңдау арқылы үш топқа бірігеді.

ІІ

Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин)



Әр топқа «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» тарауы бойынша тапсырмалар береді.

1 – топ: «Көктемгі табиғат»

2 – топ: «Көктемгі тіршілік»

3 – топ: «Көктемгі мерекелер»

Оқушылар берілген тақырыптардың мағынасын топтастыру стратегиясы арқылы ашып, түсіндіреді.

ІІІ Жаңа тақырыпты меңгеру

(27 мин)

Ой қозғау: Интербелсенді тақтадан табиғат көрінісі туралы видеоролик көрсетіледі.

Сұрақтар:

  • Бұл көріністен нелерді көрдіңдер?

  • Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?

  • Табиғаттың адам өміріндегі маңызы қандай?

Оқушылар видеороликті тамашалап, мұғалім сұрақтарына жауап береді.

Мағынаны тану:

1.Оқулықпен жұмыс.

Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.

Сөздік жұмыс:

Диалогтік тәсіл арқылы өлең мазмұнын талдатамын.

( Әр топқа екі сұрақтан бөліп беремін)

1-топ

-Ақын өзенді қалай суреттеген?

-Ақынның «сарқыраған», «жарқыраған», «арқыраған» деген сөздері неге қатысты?

2-топ

-Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай?

-«Тас таста, алтын таста сынамаққа, Сонда да аққан өзен қалыбында» деген жолдардан не түсіндің?

3-топ

-Өзеннің қандай пайдасы бар екенің өлең жолдарынан тап.

-Қазақстанда қандай өзендер бар?

2. Картамен жұмыс.

Қазақстанның географиялық картасынан өзендерді көрсету.

Сергіту сәті.

Оқушылар дәптерлеріне сөздік жұмысын орындайды.

Өлеңді оқушыларға шумақтарға бөліп оқиды. Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді.

3.Ой толғаныс.

Өзен тақырыбына постер қорғату.


Дидактикалық ойын: «Артығын тап»

Оқушылар өзен тақырыбын өз түсініктері бойынша суретін салып қорғайды.

«Ыбырай ата» пікірағашынан артық шығарманың атын атайды.

ІV Үй жұмысы

( 1 мин)


1.Өлеңді жаттап, мәнерлеп айтуға жаттығу.

2. Әр оқушы бір өзен туралы мағлұмат жинау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V Бағалау

( 3 мин)

Мұғалім сабақ барысында топтарға бір - бірін бағалатты.

Топтар бірін - бірі бағалайды.

VІ Рефлексия

( 1 мин)

Жалпы сабақ қалай өтілгенін екі түсті балықты өзенге жапсыру арқылы оқушылардың пікірін білемін.

Ұнады – жасыл балық

Ұнамады – сары балық

Оқушылар өзен суретіне балықтарды жапсырады.






















Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров115
Номер материала ДВ-317434
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх