Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Урок по казахскому языку

Урок по казахскому языку

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



3—4-сабақ


Сабақ тақырыбы:



Көңілді жексенбі



Білімділік: Дамытушылық: Тәрбиелік:



Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы жексенбі күні туралы оқушылардың ақпараттық қорын молайту.

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтық минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру.

Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы оқушылардың бойында рухани-мәдени құндылықтарды қалыптастыру.



Сілтеме:



Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.



Жетістік критерийлері:



Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты қысқа мә- тіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырып жайлы негізгі ақпаратты таба алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында қысқа мәтін- дерді талдау, сипаттау арқылы жексенбі күні туралы толық ақпарат бере алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып көлемінде шағын сөйлемдерді құрау арқылы тілдесімге түсіп, көңілді өткізген жексенбі күні жайлы сипаттай алады.



Негізгі түсініктер:



Кездесу, келісу, өнерлі, түстен кейін, түске дейін, кешке дейін, сайқымазақ, көңілді, шаршау/шаршамау.



Сабақта қолданылатын материалдар:



Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, кесте.



Оқыту әдістері:



Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, рөлдік ойын, «Жеке әңгіме» техникасы, «Кері байланыс» әдісі, сергіту жаттығуы.



Дереккөздері:



Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. Білгеннің пайдасы. Балалар кітапханасы.



Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психология- лық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.

Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, мұғаліммен сәлемде- седі. Бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.



Өткен сабақты тексеру



Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.



Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.



І. Қызығушы- лықты ояту



Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында сұрақтар қояды: —Балалар, сендер жексенбіні қалай өткізесіңдер? Ең қызықты өткізген жексенбілерің бар ма? Сипаттап беріңдерші.



Сұрақтарға жауап береді. Сипаттайды.



ІІ. Мағынаны тану



1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.



Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, мұғаліммен бірге оқиды. Айтылым. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.




2. Мәтіналды жұмыс.

А) Жазылым. Дұрыс сауатты жазу үшін 1, 2, 3-тапсырманы орындатады.



Жазылым. Тәулік мезгілдерін белгілейді. Өзінің күн тәртібін баяндап мәтін жазады, үш жолды жұмбақ құрастырады.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру оқулықтағы

«Көңілді жексенбі думаны» атты мәтінді талдайды.



Тыңдалым. Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.




Ә) Айтылым. Қисынды ойлау қабілетін жандандыру үшін 4, 7-тапсырманы орындатады.



Айтылым. Кестедегі ақпараттың мәтінге сәйкестігін тексереді, мәтін мазмұнын айтады.



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазу үшін 5-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Жеке сөздерден сөйлем құрап жазады.




4. Мәтінсоңы жұмыс. А) Тілдесім. Дұрыс, сауатты жазу үшін 9-тапсырманы орындатады.



Тілдесім. Рөлдік орын шартын орындайды.




  1. Мәнерлеп оқу.

Е. Елубаевтың «Демалыс күні» өлеңін оқып береді. Мәнерлеп оқуға машықтандырады. Өлеңнің желісі бойынша сұрақ қояды.

Жексенбі де кеп жетті,

Әр демалыс сайын біз Өзімізге міндетті

Істі істеуге дайынбыз. Қызы үйін тазалап, Анасы ас істейтін.

Әкесі базарлап, Азық іздейтін.

Ұлы отырып ап күн ұзын Теледидар қарайды, Жұмысы ғой талайғы.



Балалар, сендер жексенбіде ата-аналарына көмектесесіңдер ме? Үйде не істейсіңдер?

  1. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жасатады.





Тыңдалым. Оқылым.

Айтылым.

Тыңдайды, дұрыс оқуға

машықтанады, сұрақтарға

жауап береді.



Ойын шарттарын орындайды.









Сергіту жаттығуын жасайды.



ІІІ. Ойтолғаныс



Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.



Төменде берілген сөздерді

«дейін», «кейін» сөздерімен тіркестіріп, сөйлем құрап жазады.



IV. Бекіту



«Жексенбі» сөзіне кластер құрады




V. Бағалау



Формативті бағалау. Мұғалім оқушылар- дың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.



«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.



VI. Үйге тапсырма



6-тапсырманы орындау.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

VII. Рефлексия

Мұғалім «Кері байланыс» әдісімен кесте таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кестеге толтырады.





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров10
Номер материала ДБ-396247
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх