Инфоурок Другое Другие методич. материалыУрок по казахскому языку "Еліктеу сөз" 6 класс

Урок по казахскому языку "Еліктеу сөз" 6 класс

Скачать материал

Еліктеу сөздер туралы түсінік

Сабактың мақсаты:

Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру;

білімділік – еліктеу сөздердің мағыналық ерекшелігін таныту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру;

тәрбиелік - сөздерді байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру, сергектікке, жинақылыққа, еңбексүйгіш болуға тәрбиелеу:

дамытушылық – логикалық ойлау қабілетін, лексикалық сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: баяндау сұрақ  - жауап, ой қорыту.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кітап,  карточкалар.кестелер

Пәнаралық байланыс: әдебиет,

Сабақтың барыс:

І. Ұйымдастыру

Балалармен амандасу,  түгендеу, шаттық шеңберіне тұру.

                            Қолымызды ұстайық

Күн нұрына ұқсайық

Шын жүректен ашылып,

Тілек досқа сыйлайық

 

Бір – біріне жылы лебізін білдіреді.

 

 Сабағымызды бастамас бұрын біз 2 топ құрып аламыз,   . ( алдарына 2 сурет беріледі. Суретті құру арқылы топ құрылады)

Әр жерде өзінің ережелері болады. Біздің де сол сияқты ережеміз бар олар мынандай:

1.     Шуламау

2.     Бір –біріміздің жауаптарымызды тыңдау.

3.     Атқарған жұмысымызды дұрыс бағалау (бағалағанда алдарымыздағы смайликтарды пайдаланамыз.)

4.     Топта белсене қатысу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау(сұрақ – жауап және жаңа технологияларды пайдаланып өткенді қайталау)

-         Үйге қандай тапсырма тапсырылды?

-         Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

-         Біз қандай сөз таптарымен таныспыз?

-         Ал енді назарымызды тақтаға аударайық.

Интербелсенді тақтада мынадай тапсырмалар беріледі:

 

1 – тапсырма:  мына сөздерді сөз таптары бойынша ірікте.

 

 

 

Үстеу

 

 

Етістік

 

 

Есімдік

 

 

Сан есім

 

Сын есім

 

Зат есім

 
                                                                                                                                                                                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 – тапсырма:                              «Кім тапқыр?»

                          Мына кестені дұрыстап орналастыр

                                                 

                                                       Үстеу

Мағынасына қарай

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дара үстеу

 

Күрделі үстеу

 

Негізгі үстеу

 

Туынды үстеу

 
 

 

 


, , , ,;

қайда?

 

қалай қарай? 

 

Неліктен?

 

Калай?

 

Калай? 

 

қайдан?

 

Неге?

 

Кайтып?

 

Қаншама?

 

Қашан?

 

Қалайша?

 

Қаншалық?

 

Қаншалап?

 

Не себепті?

 

Қашаннан бері?

 

Не мақсатпен?

 

қимыл сын

 

мөлшер

 

мекен

 

  мезгіл

 

себеп – салдар

 

күшейткіш

 

мақсат

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бағалау

 

 

Үстеу тақырыбын қорытындылау.

– сонымен балалар үстеу сөз табы құрамына қарай қалай бөлінеді?

 

ш

а

й

н

е

к

 

 

 

 

т

о

қ

ы

л

д

а

қ

 

 

 

 

е

с

і

к

 

 

 

к

і

р

п

і

к

 

 

 

 

 

с

а

ғ

а

т

 

 

 

 

 

 

 

 

ж

е

л

 

 

 

 

 

 

 

с

у

 

 

 

 

Өткен сабақты жақсы меңгерген екенсіңдер балалар

 

Жаңа сабақ

 Ал енді мына сөзжұмбақты шешейік:

Жұмбақтың шешуін тап

 

1.Отқа қойсаң елпiлдеп,

Быж-быж етiп тұншығар.

Тақиясы селкiлдеп,

Танауынан бу шығар.   

2. Тоқ – тоқ етіп тамағын

Ағаштан іздеп табатын

 

3. ерте тұрдым,

Алып ұрдым

4.Күндіз айқасады,

Түнде шайқасады.

5 .Сырт – сырт еткен дыбысы

Ояту оның жұмыс

 6. Аяғы жоқ ұшады,

Аузы жоқ ән салад

Кездескен жеңіл нәрсені

Аспанға ұшырады.

7. Жылт – жылт еткен,

Жырадан өткен.

-         Балалар мына жұмбақтың быж- быж деген сөзіне назар аударайықшы.

Бұл қандай дыбыс

 

 

 

Еліктеу сөздің анықтамасын балалар өздері шығарады.

Ереже слайд:

-         Мына ережеге қарап,  біздің шығарған ережемізді салыстырайық

Сонымен, айналадағы (табиғаттағы) әртүрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған  немесе қимыл әрекетті бейнелеп тұратын сөздер еліктеу сөздер деп аталады.

 

 

-         Ендеше балалар,  бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Еліктеу сөздер туралы түсінік».

Бүгінге сабағымыздың мақсаты:  (Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру; )

-         Бүгінгі сабағымызда еліктеу сөздермен танысып, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін анықтаймыз және өмірде түрлы мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ажыратамыз.

-          Дәптерімізді ашып бүгінгі күн мен жаңа сабақтың тақырыбын жазып қояйық.

 

Суреттер мен дыбыстарды қою керек.

 

Иттің суреті мен дауысын естірту. Балалардан сұрау.

 

Шымшықтың шықылықтағанын естірту.

 

 

Дыбыстарды тақтаға жазып, құрамына, мағынасына , тұлғасына қарай талдату. Ойларын дәлелдеу.

 

 

-         .

Мысалдардан көрінгендей, еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл сөздер айналадағы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарынан есту арқылы және түрлі қимылдарына еліктеуден туған.

Мысалы: сарт етті, гүрс етті, қорс етті, т.б. дыбысқа еліктеуді білдірсе, жылт етті, қалт-құлт, далаң-дүлаң, т.б. әр түрлі қимыл, іс-әрекетке, құбылысқа еліктеуді білдіреді. Сондықтан да олар еліктеу сөздер деп аталады. Екіншіден, еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістіктермен (негізінен ет) тіркесіп немесе қайталанып, қосарланып келіп қолданылады.

 

 

Түсіндіріп өту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Барлық басқа сөз таптары сияқты еліктеу сөздер де құрамына қарай дара күрделі болып екіге бөлінеді

Мағынасына қарай еліктеуіш бейнелеуіш болып, тұлғасына қарай негізгі және туынды болып бөлінеді.

1-    Тапсырма. ауызша

 Олеңді оқып,  еліктеу сөзді тауып, талдаңдар.

1 - топ

Кобелек келіп көлп етті,

Көбігін ішіп ол кетті.

Жапалақ келіп жалп етті,

Жартысын ішіп ол кетті.

Қарға келіп қаңқ етті,

Қалғанын ішіп ол кетті.

Сауысқан келіп саңқ етті,

Сарқып ішіп ол кетті.

 

 

 

2-топ

Шыр –шыр еткен торғайды,

Қорғамасаң болмайды.

Кіп – кішкене торғай да,

Балапанын қорғайды.

Мақтауға есіріп,

Барынша көсіліп,

Ырғалып қарқ етті ,

Ірімшік жерге салп етті.

 

Бағалау

 

2 – тапсырма Еліктеу сөз нешеге бөлінеді? Мәтіндегі көп ніктенің орнына тиісті еліктеу сөзді жазып, қай түрі екенін ажырат.

1-топ

   Осымен бір жарты сағаттай уақыт өткенде, есіктің сыртында..... дыбыстар шықты. Асығып, ерсілі – қарсылы қақтыққан көп кісінің ...... жүрісі естілді.

Камера іші толған жұрт түгелімен...... етіп шошынып, есікке...... қарады. Сол- ақ екен,  келесі секундта барлық абақты іші дозақ үніндей жат суық үн шығарып, көп мылтық даусы ....., ......естіліп қалды.(М.Әуезов)

Керекті сөздер: абыр – сабыр, күбір –күбір, селк, гүрс-гүрс, сатыр- сұтыр,  жалт.

 

2-топ

 Есіме мұғалім айтқанда ғана түсіп, бүйірімнің түп жағы ...... ете қалды. Азиат! – деп ....... еткізіп, Еламанды жағынан тартып жіберді. Бермесеңіз, қойыңыз, - дедім де ....... бұрылып, есікті бар күшіммен ....... жауып, жөнеле бердім. 5. Балалар ананы – мынаны сұрап, ....... болып жатқанда мен ләм деместен ........ еткізіп, ақшаны сатушының қолына ұстата салдым.6.Ақша маңдайлы, кең сұлу жүді Үмітей ашық үнмен ........... етіп, үй ішіне естірте күлді.

Керекті сөздер: қып, шарт,  жалт, тарс,  у-шу, сақ, сыңқ – сыңқ.

 

Бағалау

 

-         Міне балалар манадан бері тақтамен жақсы жұмыс атқардыңдар, меңгердіңдер,  енді дәптерде жаттығулар орындаймыз.

-          

-        Сергіру сәті

-         

3 – тапсырма

  325 – жаттығу.

Кестені толтырып , суреттелген оқиғаға байланысты еліктеу қалай қабылдағандарың жөніндегі өзіндек түсініктеріңді жазыңдар (кітапта 219 бет)

Слайдқа тапсырманы толығымен жазу.

 

Бағалау

 

4– тапсырма Берілген еліктеу сөздерді етістіктермен тіркестіріп, сөйлем құра.

1-     топ : бұрқ – сарқ,  сатыр – сұтыр, шиқ – шиқ, зу –зу, зыр – зыр, гүрс,  сарт – сұрт, қытыр – қытыр;

 

2-     топ: Етістіктерді тиісті еліктеу сөздермен тіркестір сөйлем құра.

қарау, құлау, шайнау, секіру, күлу,  жүру,

 

 

Бағалау

 

5 – тапсырма.  Сурет арқылы еліктеу сөздерді қатыстыра отырып,  әңгіме құру

Слайд арқылы көрсету

 

Бағалау

 

6- тапсырма: семантикалық карта

Р/с

Еліктеу

Дара

Күрделі

Еліктеуіш

Бейнелеуіш

1

Тыпың – тыпың

2

Гүрс – гүрс

3

лап

4

бүрсеңдеп

5

Қаңғыр- күңгір

6

Сылқылдап

7

Салдыр - гүлдір

8

Елпең -елпең

9

селк

10

күмп

 

 

Бағалау

 

 

Сабақтың қорытындысы

:

-         енді балалар бүгінгі сабақтан не білдік соны Венн диаграммасы арқылы қорытындылайық.

Алдарына әр топқа постер тарату арқылы, бүгінгі сабақты қорытындылау.

Әр топ тақта алдына шығып, постерін қорғайды

 

Бағалау

(Кандай смайлик коп болса сол баға болады. Қойған бағасын сараптау).

 

Үйге тапсырма: ереже жаттау. Еліктеуіш сөздері бар жұмбақ, мақал – мәтелдер жазып келу. 10




 

  

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по казахскому языку "Еліктеу сөз" 6 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 432 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2015 2515
    • DOCX 40.4 кбайт
    • 38 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адракова Раушан Абаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Адракова Раушан Абаевна
    Адракова Раушан Абаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7900
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 371 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 279 человек