Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Урок по казахскому языку "Мағынасы қарама-қарсы сөздер" 2 сынып

Урок по казахскому языку "Мағынасы қарама-қарсы сөздер" 2 сынып



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Күні: 20.12.2013

Сабақтың тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Сөз туралы оқушылардың алған білімдерін пысықтау. Кейбір сөздердің мағынасы қарама-қарсы болатыны туралы түсінік беру. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді мәтіннен таба білуге, оларды орнымен жұмсауға үйрету.

  2. Оқушылардың сөздік қорын молайту.

  3. Тез ойлауға,дұрыс шешім қабылдауға,бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Халық педагогикасын дәріптеуге үйрету.

Сабақтың түрі: саяхат

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап,

Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар,

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан ерекше болмақ. Өйткені, қазір біз « Жеті ата»ауылына саяхат жасаймыз.

Саяхатқа шығу үшін өзімізге көлік әзірлеп алайық. Бұрын ата-бабаларымыз техника дамымаған,машина болмаған кезде көлік ретінде нені пайдаланған?
- Атты,түйені,өгізді
- Сендер соның қайсысын қалайсыңдар?
- Атты.
- Жарайды,атты жолға әзірлейік.
- Атты шанаға жегу үшін қандай жабдықтар керек?
- Қамыт,доға,делбе,шана,ершік т. б.
Сұрақтарға жауап бере отырып,атамыздың ауылына келіп қалыппыз.
1 «Ата»ауылы сендердің білімдеріңді тексермекші екен ,мынадай тапсырмалар дайындапты.
«Сынақ дорбасы»
● Сөз мағынасының түрлерін ата.
● Мағынасы қарама-қарсы сөздерге мысал келтір.
● Дидактикалық ойын. (Мағынасы қарама-қарсы сөздерді айт). Жұптық жұмыс
Жуан – сұлу -
Арзан – еріншек –

Ал балалар,жер тайғақ,құлап қалмайық. (бәріміз жөнделіп отырайық). Алдымызда көрінген қай ауыл?.
2 «Әке» ауылы.
Көркем жазу.

Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.


3 «Бала» ауылы.

  • Балалар тақтадағы ребусқа қарады, ребусты шешіп көрейік. Ребустың жауабы не екен?

  • Дұрыс айтасыңдар, жарыс.

  • Ал енді сендерге тапсырма, 1-ші қатар «Жарыс» сөзіне дыбыстық талдау жасайсыңдар, 2-ші қатар «Жарыс» сөзімен әңгіме құрайсыңдар.

  1. Ал балалар,үш ауылға саяхат жасап,шаршаңқырап қалған болармыз. Енді «Немере» ауылына келдік. Бұл ауылда «Сергіту сәтін» жасап алайық.

  2. Кәне,балалар шанаға жөнделіп отырайық. Әлі де баратын ауылдарымыз бар,уақыт болса жақын қалды.
    Көзді ашып жұмғанша «Шөбере» ауылына келіп қалыппыз. «Сиқырлы сандық» әзірлепті.

Тақтамен жұмыс
● Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.
Бар -
Жуас-
Қымбат-
Сұйық-
Қашық-

Алды -

  1. «Шөбере» ауылынан шығып,«Шөпшек» ауылына бет алдық. Міне,
    «Шөпшек» ауылына келдік. «Шөпшек» ауылы сендерге мынадай тапсырма дайындапты.

  • Барлықтарыңызға да қима қағаздар үлестірілінді, енді сендер жұппен жұмыс жасайсыңдар, қай жұп тез болады екен.




Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.

1. Қант тәтті болады, бұрыш ащы болады.

2.Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар.

3.Жақсы бала – қуаныш, жаман бала - өкініш.




Мағынасы қарама – қарсы сөздерді жұптап жаз

Салқын, ақ, тәтті, жылы, жас, қара, кіші, ащы, кәрі, үлкен.

Сөйлемнің жалғасын жаз.

Жазда күн ұзарады, ал қыста ... (қысқарады).

Дала салқын, ал үйде ... (жылы).


7. Ал,балалар,соңғы ауылға келіп жеттік. Бұл қандай ауыл? «Немене»ауылы
«Немене» ауылы сендерге тақтада ішінде қарама-қарсы сөздері бар мақалдар берілген, ал сендер соның ішінен қарама қарсы сөздерді теріп жазасыңдар.
3. Сабақты қорыту.
Бүгінгі сабақта не істедің,не үйрендің?
4. Бағалау.
5. Үйге тапсырма. 12-жаттығу







Антоним — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. 

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-222276

Похожие материалы