1.Ұйымдастыру:
психологиялық ахуал қалыптастыру:
Күн
жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме
басып ұстай қаламын.
Нұрын
шашып жарығы мен мейірімін,
Көркін
ашар мына әсем даланың.
2.Тыңдалым.
АКТ-мен
жұмыс (бейнеролик көрсету,) .Тапсырма: бейнеролик арқылы сабақтың тақырыбын
ашып, мақсат қою.
Тілдесім.
Ой-толғаныс:
сұрақ
- Бейнефильмнен
не көрдің?
- Ойыңа не
келді?
- Қандай
ой түйдің?
(Қазақстан,
Отан,туған жер, атамекен)
-
Бұл
сөздер мағынасы бойынша қандай?
-
Бір-біріне
жақын сөздер.
-
Осындай
сөздерді қалай атайды?
-
Синонимдер.
«Отан- оттан да ыстық.» Тақтада
мақал жазылып тұр.
Оқушылар тақтадағыны оқып сұраққа жауап
береді.
-
Бұл
не? Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбымыз қандай?
-
Туған
жер туралы мақал-мәтелдер.
4.Жазылым.
Күн мен сабақтың тақырыбын жазады.
Тағы
қандаймақал-мәтелдер білесіңдер?
«Отансыз
адам- ормансыз бұлбұл», «Жері байдың елі бай», «Ел іші алтын бесік», «Ер
елінде, гүл жерінде», «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас».
5. Карточкамен
жұмыс.
Тапсырмалар: (Жұппен
жұмыс.)
Менің туған жерім өте әдемі. Ауасы тап-таза, даласы жап-жасыл, табиғаты өте
сұлу.Таудан өзендер ағады.Орманда аңдар мен құстар көп. Таудың етегінде
қойлар, жылқылар, сиырлар жайлып жүреді.
Көктемде гүл тереміз. Жазда шомыламыз, балық аулаймыз. Күзде тауға барып,
жеміс-жидек жейміз. Қыста қармен ойнаймыз, мұзда сырғанаймыз.
Мен
туған жерімді өте жақсы көремін.
Мәтін мазмұны
бойынша не туралы жазылған.
А.
Орманда аңдар мен құстар туралы.
В.
Көктемде гүл тереміз.
С. Қыста
қармен ойнаймыз, мұзда сырғанаймыз.
D. Туған
жерім туралы.
Е. Мен
туған жерімді өте жақсы көремін.
8. Мәтіннен
көптік жалғаулы сөздерді теріп жазыңдар. ( өзендер, аңдар, құстар, қойлар,
жылқылар, сиырлар).
9.
Мәтіннен
тәуелді сөздерді теріп жақтарын анықтап жазыңдар.
Жерім-1 ж.
Ауасы-3ж.
Табиғаты-3ж.
Етегінде-
3ж.
Жерімді-
1ж.
10. Сөздерді
құрамына қарай талдаңдар: жерімді, табиғаты, таудың, етегінде,
ауасы.
11. Сөйлемдерге
синтаксистік талдау жасаңдар.
Көктемде
гүл тереміз.
Жазда
шомыламыз, балық аулаймыз.
Күзде
тауға барып, жеміс-жидек жейміз.
Рефлексия.
Мақалды толықтырыңыз:
1.Отансыз ... - ормансыз бұлбұл.
2.Жері
байдың ... бай.
3.Ел іші ... бесік.
4.Ер елінде, гүл ... .
5.Туған жердей ... болмас,
Туған
елдей ... болмас.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.