Инфоурок / Другое / Статьи / Урок по казахскому языку на тему "Сан есімнің емлесі. Сан есімнен өткенді қайталау"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Урок по казахскому языку на тему "Сан есімнің емлесі. Сан есімнен өткенді қайталау"

библиотека
материалов

1.Пән аты: қазақ тілі

2.Класы: 6 «А», «Ә»
3.Күні, айы, жылы:
5.12.15.

4.Мұғалімі: Икласова Н.К.

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің емлесі. Сан есімнен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты. Сан есімнен алған білімдерін пысықтау, сан есімнің емлесін түсіндіру

Міндеттері:

1. Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру;
2.Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін
дамыту.
3. Ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі. қайталау, білімді жинақтау

Сабақтың әдістері. :   сұрақ – жауап, өз бетімен және топпен жұмыс істеу.         

Сабақтың көрнекілігі. интерактивті тақта,
Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі, орыс тілі.

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі. оқушыларды түгендеу; оқу құралдарын тексеру;оқушылардың зейінін сабаққа аудару, топқа бөлу.

Шаттық шеңбері:

  • Балалар, кәне баршамыз ортаға дөңгеленіп тұрып, бір-бірінмізге бүгінгі күнге жақсы тілек тілейік.

Тілек тілеп болғасын 1,2,3-ке саналайықшы. Ал енді әркім өз санының тұсына отырады.

II.Үй тапсырмасы.

116, 122- жаттығулар. Ереже

р

Сан есімнің емлесі

Мысалдары

1

Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады.

Жиырма бес, бір миллион жеті жүз алпыс бес мың

2

Цифрмен берілген сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады.

Атам 70-ке толды. Інімнің жасы 10-нан 11-ге қарады.

3

Реттік сан есімдер араб цифрымен таңбаланғанда, -ыншы, -інші, -ншы,     -нші жұрнағының орнына дефис қойылады.

6-сынып, 5-қатар, 20-есеп, 123-мектеп, т.б.

4

Ал рим санымен берілгенде дефис қойылмайды.

V Сынып, ХХІ ғасыр, V қатар, т.б.

5

Жыл, ай, ғасыр, күннің ретін білдіретін сан есімдер араб цифрымен берілсе де, дефис қойылмайды. 

1986 жыл, 16 желтоқсан, 8 наурыз

6

Екі, алты, жеті есептік сан есімдеріне жинақтық сан есім жасайтын –ау, -еу жұрнақтары жалғанғанда, түбір соңындағы (ы, і) дыбыстары түсіп қалады.

Ек(і)еу, алт(ы)ау, жет(і)еу

7

Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, олардан кейін келетін қосымшалар дефис арқылы жазылады.

10-даған, 20-дай, 1000-дап, 50-55-тердегі

III Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сан есімнің емлесі» тақырыбы жайлы түсіндіремін. (слайд №1)

ІV Бекіту .

Оқулықтан 183-жаттығу орындау
Дара сан есімдерді бір бағанға,күрделі сан есімдерді бір бағанға жазу


Полиглот Мақал-мәтел құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді тауып,оны қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде айту, дәптерге түсіру. . (слайд №2)
1. ...атасын білмеген жетесіз (жеті)
2. Қызға ... үйден тыйым (қырық)
3. ... сомың болғанша, ... жүз досың болсын (жүз)
4. ... ала болса, ауыздағы кетеді (алтау)
5.Білекті ... жығар, білімді ... жығар (бір,мың)
6.Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені (екі)
7. ... жасар бала алыстан келсе, ... қария сәлем берер (алты,алпыс)
8. ... өлшеп , ... рет кес. (жеті,бір )
9. Білгенің - ... , білмегенің - ...(тоғыз,тоқсан тоғыз)

« Сиқырлы сандар сөйлейді»

Балалар, бұл – сиқырлы сандар. Әр санның өз құпиясы бар.Сандардың құпиясына тоқталайық.Сандарды рет – ретімен ашамыз. Ашқан сандар нені білдіретініне жауап беру. Және сол санның сұрағына жауап беру. . (слайд №3)

Мақал- мәтелдерді аяқта.

· … саусақ бірдей болмас.

· Білекті … жығады, білімді … жығады.

· …. кісінің түсін білгенше, … кісінің атын біл.

· … ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

· … ала болса,ауыздағы кетеді, … түгел болса, төбедегі келеді.

2017

Сандарды оқы, құрамына талда. 25, 201, 894, 1045, 506, 1023, 5,6

2030

Сөз тіркестерін ағылшын тіліне аудар. 21 дом, 6 улица, 1991 год, 8 стол, 16 лет



Кім жылдам ? . (слайд №4)
Бір буынды , екі буынды , үш буынды сан есімдерді тез тауып жазу шарт.

Ойлан тап ! . (слайд №5)
1. Нөмірленгендегі таңба мен жазылғандағы әріп саны тең болып келетін қандай сан есімдер ?
( жүз -100 , миллион -1000000, он – 10)
2. Сандық мәні көп болса , буыны бірге тең қандай сандар.
(100 – жүз, 1000 – мың )


Жалғастыру . . (слайд №6)
Төмендегі сөздерге лайықты сөздер тіркеп, кім жылдам жалғастыра алады.

V Сабақты қорыту.

Қатесін тап. . (слайд №7)

1.     Мен биыл 6 сыныпқа барамын.

2.     Сен «Абай жолы» романының  II - томын оқыдың ба?

3. 2009 - жыл, 22 - наурыз.

4.Марат биыл 10 ға толады.

5. Екіеу, алтыау, жетіеу

Үйге тапсырма.

Сан есім түрлерін қатыстыра отырып, «Сандар әлеміндегі қызықтар» тақырыбында шағын шығарма жазыңдар. . (слайд №8)

VІІ Бағалaу.

«Көршімізді бағалайық» ойыны арқылы бағалайды.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-040142

Похожие материалы