Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Конспекты / Урок по казахскому языку на тему Сын есімнің шырайлары

Урок по казахскому языку на тему Сын есімнің шырайлары

  • Русский язык и литература

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m50b1592a.gifhello_html_433a3a45.gifhello_html_508627a.gifhello_html_m7052cb1c.gifhello_html_696dcaf5.gifСабақ жоспары

Бекітемін:

Сыныбы: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің шырайлары

Салыстырмалы шырай

Күшейтпелі шырай

Сабақтың мақсаты: а) білімділік – оқушыны сын есімнің күшейтпелі, салыстырмалы шырайларымен таныстыру. Сын есімнен алған білімдерін шыңдау.

ә) дамытушылық – оқушының білім,білік, дағдыларын дамыту. Сонымен қатар ойын еркін жеткізуін дамыту.

б) тәрбиелік – оқушыны адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Жаттығу барысында ержүректікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау жұмыстары.

Сабақтың көрнекілігі:

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

- оқушымен сәлемдесу;

- сабаққа керекті құралдарын дайындау;

- назарын сабаққа аудару.


Үй тапсырмасын сұрау

Зат есімге байланысты өтілген тақырыптарды қайталау.



Өткен сабақты бекіту

Өткен сабақты бекіту үшін лездеме сұрақтарын қоямын.

1.Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

2.Зат есім дегеніміз не?

3. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?

4. Көптік жалғау дегеніміз не?

5.Тәуелді жалғау дегеніміз не?

6. Қазақ тілінде неше септік бар?

Жаңа сабақ

Сын есім шырайлары. Салыстырмалы шырай. Күшейтпелі шырай

Сапалық сынды білдеретін бір текті сөздердің әртүрлі дәрежеде (мағыналас сын есімдердің бірінен екіншісінің артық я кем сипатталп) қолданылуы сын есімнің шырай формасына тиесілі.


Шырай







Салыстырмылы шырай

Күшейтпелі шырай





Заттың біркелкі сындарын күшейте немесе кеміте түсетін шырай түрі

Бір заттың сынын екінші заттың сынына салыстыра қарастырып, салыстырылатын белгілердің бір-бірінен я кем, я арқық екенін білдіреді.















Жасалу жолдары





  1. Сын есімнің шырайлары сапалық сын есімдерден ғана жасалады.

Біртектес сынның әртүрлі дәрежеде болуы тек сапалық сынға ғана тән, ал қатыстық сында ондай қасиет болмайды.

  1. Шырай түрлері сапалық сын есімге:

  1. қосымша жалғану арқылы;

  2. күшейткіш буын қосарлануы немесе күшейткіш үстеулер тіркесу арқылы жасалады.

















Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар:

Көкше көктенгөрі көгірек тау екен

Сөздің соңғы дыбысы дауысты болса –рақ, -рек,

Жұрнақтар: Мысалдар



Қаройға қарағанда Сұлутөбек бойшаңырақ

Сөздің соңғы дыбысы дауыссыз болса – ырақ, -ірек























Сөздің соңғы дыбысhello_html_m703248db.gifы дауысты болса –рақ, -рек,









Өзінен сәл ғана биіктеу болғанмен, бітімі ерекше көрінген балаға зер сала қарады

Дауысты және үнді р,у,й дыбыстарынан соң - лау, -леу, -дау, -деу жұрнағы жалғанады

Соңғы дыбысы қатаң сөздерден кейін –тау, -теу буын үндестігін сақтай отырып жалғанады.











Сапалық сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын өнімсіз жұрнақтар:

Жұрнақтар

Мысалы

-ғыл, -қыл, -ғылт, -қылт, -ғылтыфм, -қылтым

Дымқыл шалғынның арасында, бозғыл тұмнның ішінде барлаушы бала да көрінбейді.

-шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім

Жігіттің сұрғылт жүдеу жүзі енді көкшіл тартқан сияқты.

-ғыш, -ілдір

Аққулар қалқыған көгілдір көлдің беті кешкі күннің қызғылт-сарғыш араймен аса нұрланып тұр.

-аң, -қай, -ша, -ше

Қуаң дала бөзаң тартып, көңілге мұң ұялатқандай.



1. Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың қосарлануы арқылы жасалады.

Мысалы: қап-қара, кіп-кішкентай, т.б.

2.Күшейтпелі шырай сапалық негізгі сын есімдерге тым, өте, аса, ең, тіпті, орасан, кілең, т.б күшейткіш үстеулердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: шымқай қара, өте ұсақ, т.б.

Сын есімнің п дыбысымен аяқталып жасалатын күшейткіш буындары негізгі сын есімдерден дефис (-) арқылы бөлініп жазылады: жап-жасыл, ап-ауыр, зіп-зілдей, т.т. тек ақ, көк сын есімдері күшейткіш буын қосарланғанда аппақ, (ап-пақ емес), көкпеңбек (көп-көк емес) болып бірігіп жазылады.

Күшейтпелі шырайдың жасалу жолдары





























Дәптермен жұмыс

50-жаттығу. Өлеңнен сын есімдерді теріп жазып, шырай жасаңдар.

Сұлушаш – сұлу, ару қыз,

Қолаң қарашаштары.

Шаттанып құрбы-құрдаспен,

Сүйетін тау, жер, аспанын.

Жау келіп тиді еліне,

Аттанды елін қорғауға.

Сауытты киіп, бұрымын

Кесіп ап көмді бір бауға.

Анасы беріп ақ бата,

Аттанды сұлу ұрысқа.

Көміліп қалды қап-қара,

Қос бұрым сыймас уысқа.


55-жаттығу. Мақал-мәтелдердегі сын есімдерді теріп алып, салыстырмалы шырай жасаңдар. Мән-мағынасын түсініңдер.

Тершең, кіршең, ұзын, үлкен, көп, аз, өткір, қатты, тәтті, қысқа.

56-жаттығу. Көп нүкттенің орнына салыстырмалы шырай жұрнақтарын қойыңдар.

Сондай ашық көгілдір аспанның астында көрінген Көкше – аспан астынан өскен кіші ... аспан секілді. Бірақ Көкше көктен гөрі көг... !

Көгілдір Көкшенің көркін көркем... көрсетіп тұрған басына кілегей ақ ұлпа бұлт пен етегін көмкере толқыған бұйра сағым. (С.Мұқанов)

Жақын... келгенде алты қанат киіз үйдің орнынан төрт сүйем жоғары көтеріліп тұрғанын байқады (ертегіден).

60-жаттығу. Сын есімдерден күшейтпелі шырай жасаңдар.

Ақ, көк, қызыл, сары, әдемі, биік, ұзын, жіңішке, нәзік, аласа, суық, жылы, таза, ұсақ, жаңа, су, жеңіл, оңай, жас, тұнық, жарық, қараңғы, жұқа, қалың, жақын, сұйық, қою, жұмсақ, қатты, қысқа.

62-жаттығу. Мәтінмен танысып, сын есімдерді тауып, астын сызыңдар. Екі сөйлемге синтаксисік талдау жасаңдар.

Тайбурыл ұзыннан созылып сала берді. Бесін кезінде маңдай тұстан шүйкедей шаң көрінді.

Қосымша

Көне түркі ескерткіштерінде кездесетін шырай түрлері

Салыстырмалы шырай

Күшейтпелі шырай

  1. рақ;

Ақсырақ –ағырақ

  1. тег;

Бөрітег-бөрідей, Тәңіртег-тәңірідей

Ең

Ең ілкі – ең ілкі (алғашқы)

Мысалы:

Ең ілкі Тоғу қаласында соғыстық.



Үйге тапсырма

  1. 57-жаттығу. Мәтіннен салыстырмалы шырайды теріп жазыңдар.

  2. «Бізді қоршаған түрлі-түсті әлем» деген тақырыпта шағын эссе жазыңдар.

Бағалау

Оқушының сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау

Қорытынды



































267 орта мектеп















Ашық сабақ



Тақырыбы: Сын есімнің шырайлары

Салыстырмалы шырай

Күшейтпелі шырай

Сыныбы: 7 «А»

Пән мұғалімі: Нұржанова А.А.

















Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Конспекты
Просмотров230
Номер материала ДВ-341079
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх