Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / УРОК ПО КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ НА ТЕму Тіл- ғасыр аманаты

УРОК ПО КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ НА ТЕму Тіл- ғасыр аманаты

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_4a866d99.gif  Тақырыбы: «Тіл – ғасырлар аманаты»

Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілін білудің маңызы жайлы айту. Қазақ тілі туралы өлең, мақал-мәтел, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Қазақ тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Мақал- мәтелдер, өлең жолдары, қанатты сөздер

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, математика, география

Темірбек Жұлдыздың орындауында «Тіл – ғасырлар аманаты» өлең

  Тілім менің – тірегім, дінім менің,

  Тілсіз қандай болады күнім менің?!

  Өз  халқыма жетеді өз мәнінде,

  Өз тілімде оқылса, жырым менің.

       

Тілім менің- қуатым, күшім менің,

 Күшім кетсе,  не болар  ісім менің?!

 Тілсіз өмір бар десе   түсінбедім,

 Тілімменен тірлікті   мүсіндедім.



Тілім менің – асылым, арым менің,

 Арым кетсе, не пайда  барым менің?!

 Бас кескендер тілімді кесе алмаған,

 Тілден бұрын кетеді    жалын демім.



 Тілім  өлсе, болмайды тірі халық,

 Бірі өліп, тұра алмас бірі қалып.

 Басқа емес, Ана тілінде тек,

Тіршілігін білдірер ұлы халық.



 Тілім менің - ғасырлардан аманат!

 Аманатқа адал болсын Қағанат!

 Ар-намысқа келтірмейік жаман ат!

 

 Өз тіліңді өзгелерге бағалат!!!

Мұғалім: Қайырлы күн қымбатты ұстаздар мен оқушылар!

 Ұлан-ғайыр ата – мекеніміз  қандай кең болса, пейіліміз де, жеріміз де, тіліміз де керемет бай . Біздің тіліміз кешегі өткен  дана Абайдың жыры, семсер тілді Махамбеттің, Бауыржанның, ұлы Мұхтардың тілі екенін мақтанышпен айта аламыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1988 жылы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес  «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Себебі, әр  ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі. Ұлттық тіл - әр халықтың өзіндік ой-санасы мен парасатын, бүкіл болмыс тіршілігі мен сезім-түйсігін, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін күре тамыр. Онсыз халық  - аты бар да, заты жоқ тобыр.

      Бүгін екі топ қазақ тілі еліне сапар шегеді. Алдарындағы көп бекеттердегі тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің топ мүшелері» атағына ие болады. 

Қазылар алқасы: ----------------------------------------------------------------------

Мұғалім: Бүгінгі біздің сайыс мынандай алты кезеңнен өтеді. Тақтаға қарап сонымен таныс болайық.

  1. Сәлем- сөздің атасы /топтардың амандасуы/ 

  2. Қос тілім- қос қанатым /қазақша- орысша/

  3. Сиқырлы ұяшықтар /әр пәннен сұрақтар қойылады/

  4. Қас - қағым сәт /3,5, 7 сандарға байланысты сөздер/

  5. Кім жүйрік /мақалды қиындылардан табу/

  6. Көрініс /шешен, билердің даналық сөздерінен көрніс/

І бөлім : «Сәлем - сөздің атасы»  /топтардың амандасуы

Әр топ өздерін өлеңмен ұранмен өзгеше қылып таныстыруы қажет. Қазылар алқасы әр топтың киім эстетикасына, мәнеріне аса назар аудару қажет. Ең жоғарғы ұпай саны- 10. 

II бөлім: «Қос тілім – қос қанатым»

Бұл сайыста оқушыларға мен өзім жұмбақ жасырам, ал олар шешуін тауып, орысшаға аударып, жауабына мақал іздеп табу керек.

Мысалы былай: «Қабат, қабат қаттама, ақылын болса аттама» деген жұмбақтың шешуі «кітап» енді осы сөзге мақал ұйымдастырамыз.

Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы.

  1. Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер. /қол/ / рука/

Көз –қоқақ, қол- батыр

  1. Жылт-жылт етеді,

Жылғадан етеді /су/ /вода/

Судың да сұрауы бар

  1. Көзіңе көрінбейді,

Қаңғуға ерінбейді.

Шалғынды жапырады,

Жол бойын сыпырады. /жел/ /ветер/

Жел соқпаса шөптің басы қозғалмайды

  1.  Бiлiмнiң дәнiн тередi, 
    Балаға тәлiм бередi (ұстаз)  /учитель/

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға

  1. Кесе, шыны, пиала –

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді? /ыдыс/ /пасуда/

Үй болған соң ыдыс- аяқ сылдырламай тұрмайды

  1. Құрғақ жерде сақтайды,

Менсіз тамақ татпайды /тұз/ /соль/

Доссыз –өмір, тұссыз –ас

  1. Қожанасыр үйде жоғалтқан затын даладан іздейді ол не? /ине/ /иголька/

Оқу – инемен құдық қазғандай

  1. Ағайынды бәрі,

Шықса- көк, түссе сары /жапырақ/ /листь/

Ата- бәйтерек, бала- жапырақ

  1. Ақ құман жүзіп жүр, су бетін сүзіп жүр /аққу/ /лебедь/

Аққуды -атпа, досыңды- сатпа

  1. Бес алманың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады? /екі/ /два/

Жігіттің екі сөйлегені өлгені

  1. Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат,

Байлауынан бір босамас қызық ат. /тіл/ /язык/

Өнер алды - қызыл тіл

Тілден ұшып, құлаққа қонады /сөз/ /слова/

Сөз – сүйектен өтеді, таяқ- еттен өтеді

  1. Отыз екі мықты, қаз- қатар боп шықты.

Он алтысы асты, он алтысы үсті. /тіс/ /зубы/

Отыз екі тістен тараған сөз, отыз екі руға тарайды

  1. Өзіңмен бірге өседі, өзіңмен бірге төсегі.

Көргенде оны жіп дейсің, бірақ киім тікпейсін. /шаш/ /волысы/

Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа

  1. Су астында ірімейді, жер астында шірімейді. /алтын/ /золота/

Қолда барда алтынның қадірі жоқ

  1. Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Жүрмейтұғын жолы жоқ /хат/ /письма/

Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді

  1. Тиіп кетсе жырлаған, даусы көпке ұнаған. /домбыра/ /дамбра/

Нағыз қазақ , қазақ емес, нағыз қазақ домбыра

III бөлім: Сиқырлы сандар

10. Уақыт бірліктерін ата: /секунд, минут, сағат,тәулік, ай, жыл, ғасыр/

10. Көкжиектің төрт тұсын ата /оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс/

10. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы жариялады? /1991ж/

20. Ойдың аяқталуын күтпейді, онсыз сөйлем бітпейді /үтір/

20. Қосымша нешеге бөлінеді /жалғау және жұрнақ/

20. Отан үшін отқа түс күймейсің /Арың үшін алыссаң өлмейсің/

30. Ұзындығы 7см, ал ені 2см тіктөртбұрыштың периметрін тап. /18см/

30. Қазақ тілінде неше төл дыбыс, неше дауысты дыбыс, неше дауыссыз бар?

/12 дауысты, 25 дауыссыз/

30. «Атасызға ата бол, батасызға бата бол» /Төле би/

IV бөлім: Кім жүйрік

Мұнда әр топ алдарына берілген қиықтардан мақал құрастырып, қағаз бетіне жабыстырып шығуы қажет.

  1. Топ: Ана алдында – құрмет,

Ата алдында- қызмет.

  1. Топ: Ана сүтін ақтамағанды,

Ешкім мақтамайды.

V бөлім: «Қас- қағым сәт»салт –дәстүрге байланысты сұрақ –жауап кезеңі

  1. Жеті ата: / ата, әже, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене/

  2. Жігіттің үш- жұрты: /өз жұрты, қайын жұрт, нағашы жұрт/

  3. Бес қару: /садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта/

  4. Жеті жоқ: /жерде өлшеуіш,аспанда тіреуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аллада бауыр, аққуда сүт, жылқыда өт/

  5. Жеті қазына: /ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат,қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы/

  6. Бес дұшпан: /өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ/

  7. Жеті жұт: /құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба ауру, соғыс, топан су, зілзала/

  8. Үш арсыз: /ұйқы, күлкі, тамақ/

VI . «Шешеннің сөзі алтын»

Мұнда әр топ үйден дайындап әкелген көрністерін қояды. Сөз кезегі әділ- қазыларға беріледі.

Қортынды:

Сеің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай тура қараймын,

Ана тілім егер сені білмесем

Біздің ана тіліміз, өз тіліміз, Абай мен Мұхтарлар сөйлеген тіліміздің тұғырын асқақтата берейік деген сөзбен бүгінгі тәрбие сағатымызды «Анамның тілі» атты әсем әнмен аяқтағымыз келеді. Құрметті оқушылар өздерінді сапқа тұру жиынында марапаттайтын боламыз.





Қырық құдық ауылы орта мектебі











( Тілдер апталығына арналған сыныптан тыс іс- шара)

















Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы: Зейне А











2015-2016 оқу жылы































































Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 10.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров156
Номер материала ДВ-246531
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх