Инфоурок Другое КонспектыУрок по казахскому языку на тему "Жарнаманың қажеттілігі"

Урок по казахскому языку на тему "Жарнаманың қажеттілігі"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Жарнаманың қажеттілігі 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Жарнама туралы түсінік беру; түрлі жаттығулар арқылы жарнаманың түрлерін меңгерту; 
Дамытушылық: Мемлекеттік тілде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту; жарнама мәтіндерін құрастыруға жаттықтыру; 
Тәрбиелік: Ұлттық жарнама жасауға, ұлттық құндылықтарды жарнамалауға баулу. 
Сабақтың түрі: сайыс сабақ 
Көрнекіліктер: проектор арқылы жарнамалар слайд-шоуы; плакат, түрлі-түсті қарындаштар 
Сабақтың барысы: 
I.Ұйымдастыру (амандасу, жаңа тақырыпты жарнамалау, сабақ жоспарымен таныстыру) 
II.Жаңа сабақ 
1. Сөздік жұмысы: Жарнама-реклама-advertisement 
БАҚ-СМИ 
көлемі-объем 
ақпарат-информация-information 
қамтамасыз етеді-обеспечивает 
ұйымдар-организации-organization 
2.Жаңа сөздерді бекіту жұмыстары: 
Жарнама, ақпарат, ұйымдар сөздерімен сөз тіркестерін жасаңдар. 
3.Сынып оқушылары «жарнама», «реклама» сөздерін теру арқылы екі топқа бөлінеді. 
1-тапсырма. «Жарнаманың қажеттілігі» мәтінін мәнерлеп, түсініп оқу; екі топқа мәтін бойынша сұрақтар қойылады, қай топ көп жауап берсе, сол топқа 5 ұпай беріледі; (оқулықта 184-бет). 
2-тапсырма. 1-слайд. Слайдтағы жарнамаларды түрлеріне дұрыс ажырату.(5 ұпай) 
3- тапсырма. 2-слайд. Слайдтағы өнімдерді жарнамалау. Жарнама жазбаша плакатта дайындалады, мәтіні қысқа мазмұнды болуы шарт. (5 ұпай) 
1-қазақтың ұлттық тағамы: қазы-қарта; 
2-қазақтың ұлттық сусыны: қымыз. 
4-тапсырма. Сату орнындағы жарнама. «Жарнама» тобы қымыз,шұбат, құрт жарнамалап сатады , ал «Реклама» тобы ұлттық киімдерді (қамзол, шапан, тақия) жарнамалап сатады.(5 ұпай) 
5-тапсырма. Ауызша жарнама.Ауызша мектеп туралы жарнама дайындау.(5ұпай) 
6-тапсырма. Екі топқа бір газет саны беріледі. Газеттегі жарнамаларды пайдалана отырып төмендегі кестені толтырыңдар.(5ұпай) 
Көше жарнамасы Сату орнындағы жарнама Көлік жүйесіндегі жарнама Баспалық жарнама Тележарнама 


7-тапсырма. «Жарнама» тобы жарнаманың міндеттерін, ал «Реклама» тобы жарнаманың қызметі туралы айтып шығады.(5ұпай) 
8-тапсырма. Слайдта берілген жарнамалардың қателерін табыңдар. (5ұпай) 

V. Сабақты қорытындылау 
1.Жеңімпаз топты анықтау, «5» деген бағамен марапаттау. 
Жеңілген топты «4» деген бағамен марапаттау. 
2. Бүгін біз не туралы білдік? 
Оның қандай түрлері бар екен? 
Қандай жарнамаларды білеміз? 
Қазақ тілінде бір жарнаманы жатқа айта аласыңдар ма? 
Сабақ ұнады ма? 
VI. Үйге тапсырма: 
Қазақтың ұлттық музыка аспаптарына жарнама дайындау


 

Жарнаманың қажеттілігі

Жарнама барлық істің басы болып саналады. Жарнама жасаудың ең қарапайым түрі – баспа өнімдері.  Олар: каталогтер, хабарлама-бағдарламалар, жарнама парақшалары,  газет- журналдар. Жарнама – қысқа, мәнді болуы керек.  Рас, жарнама мәтіндерін жасау оңай емес. Ол үшін жақсы шығармашылық дағды қажет. Жарнаманың тұтынушыны қызықтырып тұрғаны жөн.

Жарнаманың негізгі  үш міндеті бар: бірінші – тауар жайында немесе көрсетілетін  қызмет түріне байланысты толық мәлімет беру. Екінші – тауардың артықшылығын, ерекшелігін көрсете білу.  Үшінші – тұтынушыларды  сол затты алуға ынталандыру. 

Қазіргі кезде нарықтық экономика жақсы жарнаманы қажет етеді. Радио, теледидар, баспасөз, көше жарнамалары көп қолданылады. 

Бәлкім, саған да жарнама ісі ұнайтын болар. Ол үшін қазірден өзіңді дайында. Оған тапқырлық , ұшқыр қиял, жазу дағдысы, сурет сала білу  керек.

Жарнама тарату тәсілдері мен түрлері:
—   
қала көшелерінде ілінетін суретті жарнамалар;
—   
қала көшелеріндегі ауыспалы-аудармалы көп нұсқалы жарнамалар;
—   
қала көшелеріндегі арнайы экран арқылы ұлғайтылған ролик жарнамалар;
—    б
ұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін ролик жарнамалар;
—    мерзімді басылым беттерінде жарияланатын фото жарнамалар;
—    киімге салынатын сурет жарнамалар;
—    шаруашылы
қ тұтыну заттарына (сіріңке қорабы, сумка-пакеттер) салынатын  сурет жарнамалар;
—    кітап, д
әптер, альбомдардың сыртқы мұқабасына салынатын  сурет жарнамалар;
—    к
үнтізбеде салынатын  сурет жарнамалар;
—    плакаттар
ға салынатын  сурет жарнамалар;
—    визит карточкаларына салынатын   жарнамалар;

Жарнаманың қызметі:
— тауарды
ң өтімділігін арттыру;
—    коммерциялы
қ мақсатта;
—    ж
ұртшылықты белгілі бір өніммен  таныстыру, құлағдар ету;
—    тілді
ң қолданыс аясын кеңейту;

 

1-тапсырма.  Жарнаманың не туралы екенін анықтау.

«Аламан» атты туристік саяхат фирмасы Қазақстан қалаларына саяхат жасау жоспарын ұсынады. Алматы, Астана , Қарағанды қалаларын тамашалайсыздар. 3 күн бойы Сіздерге ең  жақсы ұшақтар, автокөліктер, қонақүйлері қызмет етеді. Бағдарламада спорт, сауықтыру, концерттік кештер бар.

 

2-тапсырма. Өнімді жарнамалау.

 

3-тапсырма. Сату орнындағы жарнама.

 

4-тапсырма. Ауызша жарнама. Мектеп туралы жарнама жасау.

 

5-тапсырма. Кестені толтыру .

Көше жарнамасы

Сату орнындағы

Көлік жүйесіндегі

Баспалық жарнама

Тележарнама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


Қазақ халқының ұлттық киімдеріп ерлер киімдері және әйелдер киімдері деп екіге бөлсек; ерлер киімдеріне: айыр қалпақ, зерленген тақия, шапан, шалбар, тымақ, ішік, саптама, етік жатады. Ал әйелдер киімдеріне: қос етік, койлек, сәукеле, кимешек, кебіс-мәсі, тақия, бөрік, көкірекше жатады. 
Айыр қалпақ – ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі. Айыр қалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі. Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар – қалпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. Шебер тігілген төрт қиынды киізді арасына қара барқыттан сыздық салып, қайып тігеді. 
Тақия – ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, тана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз» «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», «қабырға» тігістермен әдеміленіп сырылады. Тақияны пүліштен, қыжымнан ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияны тіккенде оның етегін жалпақтығын үш елідей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алады. Оның төбесі үш бұрышы формалы төрт не алты сайдан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады. 
Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақия жасап шығарады. 
Шапан – Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі. Оны қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлап немесе қос астарлап сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы да болады. Шапан: сырмалы шапан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді. Қыз-келіншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдан тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. 
Шапан – қалындықтың сырт киімі. Ол да асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Шапанның өңіріне оюлы өрнек салынса, етегіне өсімдік тектес өрнектер кестеленеді. Бұл - өсіп-өңсін, өркенді болсын деген тілек белгісі. 

Камзол – әйелдердің ұлттық киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі. Камзолды кей жерлерде «жеңсіз бешпент» немесе «көзекей» деп атайды. Камзолда жең де, жаға да болмайды және де екі өңірі тек тыс пен астардан тұрады. Камзолдың астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдалынады. Оның екі өңірі біріне бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігеді. Сондықтан, түйме орнына камзолдың алдына зергерлер әшекейлеп жасаған, алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қаусырма қадалады. Камзолдың желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа басады не зер тігеді. Кейде құндыз бен түлкінің қара пұшпағымен әдіптейді. 

Сәукеле – әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның еріп жүретін құрбылар киген. Сәукеленің негізгі бөліктері тәж, төбе, құлақ бау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде «тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Оны асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп алтын жіппен әшекелейді. 

Сәукеленің төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде оданда биік болады. Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішіне астар, сырт жағына бидай шүберек ұстап жиі етіп сыриды. Одан соң оның сыртын қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені әшекейлеу үшін оның тысының сыртыны зер жіптен тоқылған оқаларды белдеулеп басады. Оның етегін мақпалмен не қара барқытпен әдіптеп көмкереді. Ал маңдай тұсына зер не жібек шашақтың шоқтарын тағады. Шашақтың сәукелеге жалғасқан тұсын асыл тастан көз орнатқан алтын, күміс түйреуіштермен бекітеді. Сәукеленің ең сыртынан шашақты, әшкейлі жібек матамен төгілтіп жауып қояды. Ол көйлектің етегі сияқты жерге сүйретіліп жүреді. Сәукелеге ұзын құлақ бау тағады. Оны шеті шырайландыра зер не жібек жіппен шалып көмкеріледі. Түбіне сәнді түйреуіш түйреледі. Қазіргі кезде де кейбір жерлерде қалындықтың басына сәукеле кигізіп, ақ желек жабатындар да кездеседі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қымыз - бие сүтінен дайындалатын сусын.Қымыз жылқы терісінен тігіліп, әбден - тобылғы түтіннің ысы сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы "қор" деп аталады. Дәкеге түйген қорды сабаға не күбіге салып, оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын саумалды (биенің жаңадан сауылған сүті) құйып, ыдыстың сыртын жылылап орап тастайды. Қор езіліп саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. Сөйтіп, жана қор жасалынады. Жаңа қордың үстіне салқындатылған (әйтпесе қымыз ірімтіктеніп кетеді) саумалды құйып, әр жолы самал құйылған сайын піспекпен жарты сағаттай пісіп араластырып отырады. Қымыз ашытылатын ыдыстың ішіне қойдың сүр құйрығын не болмаса жылқының сүр қазысы мен семіз жаясын салып жіберсе, қымыз майлы әрі жұмсақ болады. Әдетте қымыздың өзінен де май шығады. Ол май қаралтқымданып, қымыздың бетінде қалқып жүреді.Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне, уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі:

уыз қымыз - биені алғаш байлағанда ашытылатын қымыз. Мұны "бие бау" деп атайды;

бал қымыз - әбден пісілген бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндай қымыздың өңі әдеттегі қымыздан көрі сары әрі қою болады;

бесті қымыз - төрт күн асып, ашуы мейілінше жеткен қымыз;

дөнен қымыз - үш түнегеннен кейін қотарылатын, мейілінше ашуы жеткен қымыз;

жуас қымыз - үстіне саумал (биенің жаңа сауылған сүті) қосып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенде ішуге қолайлы болу үшін осылай істейді;

құнан қымыз - екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. Бұл түнеме қымызға қарағанда күшті болады;

қысырақ қымыз - бірінші рет құлындаған қулық биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қулық биенің сүті жылда саулып жүрген сары қарын биелердің сүтіне қарағанда әлдеқайда қуатты болады. Қысырақ қымызды әдетте "ту қымыз" деп те атайды;

қысырдың қымызы - бие ағытылып кеткеннен кейін, жем-шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып қалып, қыстай қолда ұстап сауады. Сондықтан, бұл қымызды "қысырдың қымызы" дейді;

сары қымыз - шөп пісіп, биенің сүті қоюланған кезде ашытылатын қымыз. Бұл жазды күнгі қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады;

сірге жияр қымыз - бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады;

түнеме қымыз - ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі түні (тағы бір түн асқаннан кейін) қотарылатын қымыз.

Шұбат - түйе сүтінен дайындалады. Ол әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Шұбатты ашыту тәсілі қымыз ашытуға қарағанда жеңіл. Өйткені оны бір қорландырып алса, одан әрі ешқандай ашытқысыз аши береді. Қымыз секілді мезгіл-мезгіл пісіп отырудың да қажеті жоқ. Тек кісіге құйып берерде ғана шайқап-шайқап жіберсе, ол жақсы араласып, көпіршігі азаяды. Шұбат құйылған ыдыстың тығынын алып немесе местің пұшпағын шешіп, газын шығарып отыру керек. Әйтпесе тығынды ұшырып, месті ісіндіріп жібереді.

Шұбаттың құрамы

Шұбат құрамындағы спирт мөлшері мен қышқылдығына қарай үш түрге бөлінеді.

 

Құрт - сүттен дайындалып, ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Сабаға сүтті біртіндеп жинап, сүт ашығаннан кейін піседі, сүт іркітке айналып, майы бетіне қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да, іркітті қазанға құйып, суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін, ернеуін қырып, әлсін-әлсін араластырып отырады. Құрт қайнап, әбден қоюланған соң қапқа құйып, керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады. Құрт қапта бір тәулік тұрған соң, суы әбден сарқылып, құрғайды. Бұдан кейін құртты қаптан алып, ұсақтап бөліп, шиге, тақтайға қолмен әр түрлі формаға келтіре сықпалап өреге жайып кептіреді


Қайнатқан құрттың өзі екі түрлі болады:

ақ құрт - көп ашымаған және пісуін жеткізіп, майын әбден алған іркіттен қайнатылады. Кейде аздап тұз қосын кептіреді. Ол көбінесе жазда, күзде желінеді.

қара құрт - ашуы жеткен іркіттің пісуін қандырмай, майын жартылай алады немесе алмай қайнатады. Құрттың осы түрін қыста езіп, дәмді "құрт көже" даярлайды. Езілгеннен қалған қиыршық құрт "малта" деп аталады. Астауға салып қолмен езуге немесе қойдың бас сүйегімен (азу тістерімен) үгуге болады. Құртты ыстық суға,сорпаға езеді. Езген құртты сол күйінде ішуге де, сорпаға не көжеге қосып ішуге де болады. Құрт аса қуатты әрі жағымды тағам.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по казахскому языку на тему "Жарнаманың қажеттілігі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 291 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.10.2016 1238
    • DOCX 30 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балахмет Гүлім Мұратқанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Балахмет Гүлім Мұратқанқызы
    Балахмет Гүлім Мұратқанқызы
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7355
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе