Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Урок по казахскому языку на тему "Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарының түрлері. Өтініш, етістік туралы түсінік".
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Урок по казахскому языку на тему "Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарының түрлері. Өтініш, етістік туралы түсінік".

библиотека
материалов

Күні: 14.05.2014

Сабақтың тақырыбы: Жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының

түрлері, оның тілдік құрылымдық ерекшеліктері. Өтініш, етістік туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушыларға ресми ісқағаздар стилі, оның ішінде жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік , құрылымдық ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып, өмірбаян мен өтініш, арыз құрылымдары туралы, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет беру;

дамытушылық: : Оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой - өрісін дамыту, жаңа сөздік қорды игерту , ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілеттерін жетілдіру;
тәрбиелік: құжат үлгілерін толтыруда ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу, оқушыларды сыйластыққа, бір - бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: сындарлы сабақ

Сабақтың әдісі: : Б. Блум жүйесі бойынша ,түсіндіру, репродуктивтік,ішінара іздену, проблемалық сұрақтарды шешу

Сабақтың көрнекілігі: құжат үлгілері, үлестірмелі қағаздар

Тех. құрал-жабдық: мультимедиялық проектор

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, ағылшын

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

IV.Жаңа сабақты түсіндіру

V. Жаңа сабақты бекіту

VI. Жаңа сабақты қорытындылау

VIІ.Үйге тапсырма беру

VIІІ.Оқушылардың білімін бағалау






I.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Балқаш көлі туралы мәлімет жинау

  2. Өмірбаян жазу

  3. Сын есім туралы:


ІҮ. Жаңа сабақ

Өтініш –мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек- өтінішті білдіретін құжат.
Өтініштің деректемесі:
- Адресат;
- Құжаттың аты;
- Мәтін;
- Күннің жады;
- Өтініш иесінің қолы, аты-жөні.


hello_html_m57e55d48.gif




Өтініштің түрлері:
1)Жұмысқа қабылдау туралы;

2)Жұмыстан босату туралы;
3)Басқа қызметке ауысу;
4)Демалыс алу туралы;





1. Білу
Жеке адамның өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік

құрылымдық ерекшеліктері

Ісқағаздар, оның түрлері.
2. Түсіну
Мультимедиялық проектордан слайдтар арқылы жаңа материалды түсіндіру.
Жеке адамның өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік құрылымдық ерекшеліктері.

Өтініш, жазылу стилі.

- Құжат адресациясы ;
- Құжаттың аты;
- Мәтін;
- өтініш жазылған күні, айы, жылы.
- Өтініш иесінің қолы, аты-жөні.(үлгі көрсетіледі)

3. Қолдану.
Дидактикалық материалдар

117-тапсырма

а) Үш күн сабақтан босатуын сұрап,мектеп директорына өтініш жазыңдар.

б) Бір мекеме басшысына өзіңді жұмысқа алуын сұрап өтініш жазыңдар.

в) Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қосымша сабақ беруін сұрап, сол пәнді

жүргізетін мұғалімге өтініш жазу. Оның себептерін ашып жазыңдар.

VI. Сабақты бекіту: тестпен жұмыс

VIІ.Үйге тапсырма беру

Өтініш туралы оқу, өтініш жазып келу

Етістіктің түрлерін қайтала

VIІІ.Оқушылардың білімін бағалау















Күні: 19-24.05.2014

11 Б (орыс сыныбы)

Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздар. Түйіндеме, өтініш, өмірбаян

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушыларға ресми ісқағаздар стилі, оның ішінде жеке адам өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік , құрылымдық ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып, өмірбаян мен өтініш, арыз құрылымдары туралы, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет беру;

дамытушылық: : Оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой - өрісін дамыту, жаңа сөздік қорды игерту , ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілеттерін жетілдіру;
тәрбиелік: құжат үлгілерін толтыруда ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу, оқушыларды сыйластыққа, бір - бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: сындарлы сабақ

Сабақтың әдісі: : Б. Блум жүйесі бойынша ,түсіндіру, репродуктивтік,ішінара іздену, проблемалық сұрақтарды шешу

Сабақтың көрнекілігі: құжат үлгілері, үлестірмелі қағаздар

Тех. құрал-жабдық: мультимедиялық проектор

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, ағылшын

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

IV.Жаңа сабақты түсіндіру

V. Жаңа сабақты бекіту

VI. Жаңа сабақты қорытындылау

VIІ.Үйге тапсырма беру

VIІІ.Оқушылардың білімін бағалау

I.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІҮ. Жаңа сабақ

ІІ. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.

Оған мына құжаттар жатады

  1. өмірбаян

  2. түйіндеме

  3. жеке іс парағы

  4. визит карточкасы

  5. өтініш

  6. арыз

  7. мінездеме

  8. кепілдеме

  9. кеден мағлұмдамасы

  10. жеделхат

Жеке адамның өміріне қатысты ісқағаздарының түрлері, оның тілдік құрылымдық ерекшеліктері.

Өтініш, жазылу стилі.

- Құжат адресациясы ;
- Құжаттың аты;
- Мәтін;
- өтініш жазылған күні, айы, жылы.
- Өтініш иесінің қолы, аты-жөні.(үлгі көрсетіледі)

3. Қолдану.
Дидактикалық материалдар

117-тапсырма

а) Үш күн сабақтан босатуын сұрап,мектеп директорына өтініш жазыңдар.

б) Бір мекеме басшысына өзіңді жұмысқа алуын сұрап өтініш жазыңдар.

в) Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қосымша сабақ беруін сұрап, сол пәнді

жүргізетін мұғалімге өтініш жазу. Оның себептерін ашып жазыңдар.

VI. Сабақты бекіту: тестпен жұмыс

VIІ.Үйге тапсырма беру

Өтініш туралы оқу, өтініш жазып келу

Етістіктің түрлерін қайтала

VIІІ.Оқушылардың білімін бағалау















































Бланкі бойынша өтініш толтырыңыз.


______________________

(мекеме атауы)

______________________


______________________

(мекеме басшысының аты - жөні)

______________________

Кассир А.Р.Әлиевадан

Өтініш

__________________________________________ байланысты мені

(ауысудың себебі жазылады)

__________________________________________________________

(құрылымдық бөлімшенің атауы жазылады)

__________________________________________________________

(қызметінің атауы жазылады)


ауыстыруыңызды өтінемін.


______________ ___________ ______________________

(күні,айы,жылы) (қызметкердің қолы) (аты-жөні)


5) Жағдаяттар бойынша өтініш жазыңыз.

1 қатар.
Материалдық көмек сұрау туралы.
2 қатар.
Отбасы жағдайыңызға байланысты ақысыз демалыс сұрау туралы
3 қатар.
Жұмысқа қабылдау туралы




IV. Жіңішке-жуан сұрақтар:


  • Өмірбаян қандай құжат?

  • Ол қандай жағдайда жазылады?

  • Өтініштің құрылымын ата?

  • Өтініш бойынша не шығарады?

  • Өтініштің түрлерін ата?


V. Үйге тапсырма:
1) Өз өмірбаяндарыңызды жазу
2) Академиялық демалыс алу туралы өтініш жазу

VII. Бағалау.

Семантикалық карта арқылы бекіту

түрлері

Мысалдар

Жіктеу есімдігі

Сілтеу есімдігі

Сұрау

есімдігі

Өздік есімдігі

Белгісіздік есімдігі

Болымсыздық есімдігі

Жалпылау есімдігі

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

1

Сіздер

+







2

Біреу






+


3

Барлығы







+

4

Анау


+






5

өзі




+




6

Ешқандай






+


7

Олардың


+






8

Бәрі







+

9

Қай?



+





10

Сол


+






3. Сұрақ-жауап: 
1. Кеңселік іс қағаздарының түрлерін атаңдар. 
2. Өмірбаян қандай құжат? 
3. Ол қандай жағдайда, нешінші жақта жазылады? 
4. Өмірбаянда қандай мәліметтер жазылады? 
5. Өтініш кімнің атынан жазылады? 
6. Қандай жағдайларда жазылады? 
7. Өтініштің құрылымы қандай? 
8. Өтініш бойынша не шығарады? 
9. Арыз қандай жағдайларда жазылады? 
10. Арызда қандай мәліметтер көрсетілуі керек? 
11. Арыз бойынша қандай іс-әрекет жүзеге асырылады? 
12. Талап арыз қандай құжат? 
13. Оның қандай құрылымдары бар? 





hello_html_m18fef1f3.pngБайқоныр қаласы
Қ.Қ. Тоқмұхамедов атындағы жалпы

білім беретін №14 орта мектеп

Бекпанова Бағила



Оқытушы шеберлігі


ХХI ғасыр білім мен ғылым ғасыры болғандықтан білім беру жүйесін жетілдіру талабы оқушыдан шығармашылық белсенділік, инновациялық, жаңа өзгерістерге дайын болуды талап етуде. Оқытушы бар қабілеті мен қарым-қасиетін оқу мақсатын орындауға жұмсай алатын, тіл заңдылықтары үйренуде оқытудың формалары мен тиімдіәдіс-тәсілдерін таңдай алатын, өз қызметін сапалы білімімен, шығармашылықпен ұдайыжетілдіріп отыратын жан. Сонымен оқытушыларды қамтитын бірінші деңгейдегі шеберліктері:

  • Репродуктивтілік: оқытушы материалды жақсы білу шарт, педагогика ғылымының барлық сласының тарихи кезеңдерін, оның дамуының басты ұстанымдары мен идеяларын меңгерген тұлға.

  • Бейімделуші педагог нақтылы жағдайды есепке ала отырып оқу үрдісін түбегейлі өзгерте алады. Мұндай мақсатты жүзеге асыру үшін оқытушыға мынадай білімдерді терең білуі қажет:

а) жас ерекшелік, әлеуметтік және педагогикалық психологияны;

б) педагогиканың теориясы мен технологиясын;

в) дидактика әдістемесінің тарихы жайлы білімі терең болуы қажет;

Педагог оқытудың моделін көрсете алады және жүйелі түрде талдама жасап шығаруға мүмкіндігі бар. Білімнің ерекше саласының бірі – педагогикалық диагностика – әр түрлі педагогикалық құбылыстарды терең сезіну процесі және олардың белгілі бір кезеңдерінде қажетті жағдайда жүзеге асыруының негізгі сипаттамасы болады. Білім беру жүйесінде технологиялардың әрқайсысы тілді меңгеруде өзара орын ала келіп, бір-бірімен тығыз бірлікте, тұтас қолдану арқылы, әрбір технология тілді меңгертудің түпкі нәтижесіне қызмет ететін, соған қолайлы жағдай туғызатын оқытудың өзара сабақтас жүйесі деп қараған жөн.

Оқытушыны дайындауда ұйымдастырушылық, мазмұндылық және технологиялық аспектілері де есепке алынады. Бұдан шығатын қорытынды, болашақ оқытушы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі қалыптасу кезінде педагогқа тән машықты толығымен меңгеруітиіс. Ойға жақсы сақтап қалу оңайға түспейді, сол үшін де өз бетінше кәсіби шеберлікті үнемі жетілдіріп отыруымен бірге, білімін де көтеріп отыруға дағдылануы тиіс. Оқытушының қалыптасуына зейінділгі есте сақтау қабілетінің зейінділігі, мықтылығы, жылдам датерең ойлылығы саналы да белсенді түрде өз бетінше тынымсыз жұмыс жүргізгенде ғана қол жеткізеді. Орта оқу орындарында білім беру мәселелеріне талдау жасағанда көңіл аударатын мәселелердің бірі оқытушының инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздерін қалыптастыру болып табылады. Инновациялық іс-әрекетінің тууына әсер ететін механизімі мен жағдайын сөз етер болсақ, бұл механизм жұмыс істейді, сол уақытта, егер кездесетін оқытушының психологиялық кездегілерді жеңе білсе, кәсіптік талаптарды шешу барыснда жеке тұлға бұрыннан жеке тұлға бұрыннан қалыптасқан жүйеден шығып, іс-әрекетті басқашажүзеге асыруды жаңа, тың өзіндік пікірінің болуы да есептеледі. Әрине, бұл айтуға оңай, шын мәнінде педагогикалық шеберлік көп ізденіс пен тәжірибеге байланысты қалыптасады. Педагог шәкірттерінің алдындағы өзінің инновациялық қызметіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сонда ғана ол сапалы білім беру үрдісінің шыңына шығады. Қорыта келгенде, оқытушы мектептің оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану атты ашық сабақтарға, біліктілігін көтеретін арнайы семинарларға қатысып тұру шарт.






































Байқоныр қаласы
Қ.Қ. Тоқмұхамедов атындағы жалпыhello_html_m18fef1f3.png

білім беретін №14 орта мектеп

Бекпанова Бағила


Сабақтың тақырыбы Жүсіпбек Аймауытов-қазақ әдебиетіндегі проза. жанрының классигі. «Қартқожа» романы

Мақсаты: Білімділік: Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен

шығармашылығы туралы мәлімет беру, «Қартқожа»

романының мазмұнына талдау жасай отырып,

тақырыбы мен идеясын ашу.Романдағы әлеуметтік

теңсіздік мәселесі кейіпкердің өзінің дәуіріне сай

жаңа тип ретінде қалыптасу жолын көрсету,

романның көркемдік ерекшелігіне талдау.

Дамытушылық: Көркем шығарманы талдай білуге төселдіру, сын тұрғысынан ойлап,өз пікірін қорғауға

дағдыландыру.өзіндік пікір қалыптастыруға

жетелеу.Ынтасын,шығармашылық ізденушілік

белсенділігін дамыту.


Тәрбиелік : Жазушы өмірін үлгі ету Оқушыларды

елін,жерін сүйе білуге баулу.Кейіпкер бейнесі арқылы өмірді таныту,өмірге көзқарастарын қалыптастыру,ақыл-ой адамгершілік қасиеттерін

бойларына сіңіре отырып,имандылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың типі: дамыта оқыту сабағы

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Әдісі: түсіндірмелі –көрнекілік,баяндау,ішінара іздендіру,

репродуктивті,топтастыру,«түсініктеме күнделігі»,

«әңгіме кестесі» «Еркін жазу» стратегиялары, тест-

интервью.


Көрнекілігі: ақын портреті,шығармалары

Тех. құрал-жабдық: мультимедиялық проектор

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

III. Өткен оқу материалын қорыту

IV.Жаңа сабақты түсіндіру

V. Жаңа сабақты бекіту

VI. Жаңа сабақты қорыту

VIІ.Үйге тапсырма беру

VIІІ.Оқушылардың білімін бағалау



I.Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар түгенделіп, назары сабаққа аударылады.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.«Батыр Баян »поэмасының мазмұны.

2.Ұнаған өлең шумақтарынан үзіндіні жатқа оқу.

3.М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы мен І.Есенберлиннің

«Жанталас»романы( Венн диаграммасы)

ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту.

1. Баянның ,қалмақ қызының бойынан қандай қасиеттерді өзімізге үлгі

қылып аламыз? Ноян бейнесі арқылы не түсіндің?

2. Поэманың идеялық-тақырыптық мақсаты не?

3. Поэманың мазмұнына қарап, ақынға мінездеме бере аламыз ба?

«...Мағжан-ең алдымен сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі,оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса , сырлы, көркем, сәнді жазады... Мағжанның ақындық күші,сөзге еркіндігі,суретшілігі «Баянда» толық көрінеді.Абай айтқан сөз патшасы «Баянда»бар.Адамдардың мінезін толық келтіру,махаббатты,батырды,соғысты өлімді суреттеуі өмірді түйе білгендігін көрсетеді.«Баян»қазақ әдебиетінде бола бермеген табыс»,-деп баға берген жазушы Ж. Аймауытов.

ІV.Жаңа сабақ. ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Ол - ақын , прозашы, публицист, сыншы, театр режиссері , аудармашы, педагог болды. Бір өзі әдебиет пен ғылымның әр саласында еңбек етті.Қазақ әдебиетін проза , драматургия жанры жағынан қалыптастыруды және мектептер мен оқу орындарының оқушыларын арнап, бірнеше оқу құралдарын , оқулықтарын жазуға қатысты.

Жаңа сабақта алдын ала іздендіру мақсатында берілген тапсырмалар бойынша жазушы ғалымдардың Жүсіпбек Аймауытов жайлы жазған естелік , сын , зерттеу мақалалары бойынша дайындаған оқушылардың пікірлерін , еңбектерін тыңдау. Оның өмірі мен шығармашылығын төмендегідей талдау.

Жүсіпбек Аймауытовтың өскен ортасы,ата – анасы , алғашқы білім алған орындары .

Жүсіпбек Аймауытовтың поэзиялық туындылары

Прозалық жанрдағы шығармалары.

Қазақ драматургиясының дамытудағы сүбелі үлесі .

Ғылыми еңбектері , аудармалары .

Осындай әдебиетіміздің , театрдың , ғылымның дамуына айрықша қызмет еткен қаламгердің еңбектері 60 жыл бойы оқушының назарынан тасада қалып келді. Еліміздегі қайта құрудың нәтижесінде болған өзгерістерден кейін ғана – 1988 жылдан бастап Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы сындарды ғылыми – зерттеу еңбектері мен мақалалары жарық көре бастады.Жүсіпбектануға айрықша үлес қосқан ғалымдар мен әдебиетшілер: М.Қаратаев, С.Қирабаев, М.Атымов, Б.Құдақбаев, Т.Қожакеев т.б. Әсіресе Жүсіпбектің артындағы бай мұрасын зерттеген қоғамдық пікір қалыптастырушы, белгілі ғалым әдебиетші С.Қирабаевтың қосқан үлесі зор. «Жүсіпбек Аймауытов» атты кітапша шықты.

«Қартқожа» романы туралы қысқаша түсінік беру.

Жазушының Қартқожаны романға негізгі кейіпкер етіп алуының сыры .


Қартқожа Жананұлы Торғанбаев. Ол кім?(Жазушы З.Ақышевтің естелігі)


Бенжамин Блумның сұрақ қою өлшемдері әдісін пайдаланып,сұрақтар қою


арқылы романның қысқаша мазмұнына талдау :


1.Оқиға қай кезеңді суреттейді?


2.Романдағы бала Қартқожаның портретін тауып оқы.

3.Қартқожаның жәбір көріп, әділетіздіктен жапа шеккен кездері болды ма?

(«Ұядағы зорлық »бөліміне талдау жаса.)

4.Қартқожаның білім алу жолындағы әрекеттерін әңгімеле.

5. Әкесі Жұман шаңырағының құт-берекесі болған, көк биесі өлген соң –ақ

бірінен соң бірі қырсық шала береді. «Әкесі төмен қарап: «Қол-аяғымызды

кестің бе?» деп еңкілдеп қоя беріп еді... «таңдайды бір жола ағартайын дегені ғой» деп, тағы да егіліп, зарланып жылап жіберді. Кімге айтылған? Аллаға ма? Өліп бара жатқан жануарға ма, болысқа ма? Өсіп келе жатқан Қартқожа көз жасын көрсеткісі келмейді, үйді айнала барып жылайды...(Қартқожаға мінездеме беру)

5.С.Торайғыров романың қай тұсында көрінеді?

6.Романда қандай тарихи оқиғалар көрініс тапқан? Соғысқа жарамды

адамдардың жасы жазылған кітапты өртеу арқылы кедейлер мәселені

шешті ме?

7.Қартқожаның ой-өрісінің толысуына Андрейдің қандай әсері болды?


8.«Туған жер » тарауы.(Монолог)


9 .Уақыт пен заман Қартқожаның өмірі мен тағдырына қандай өзгеріс

жасады?

V.Жаңа сабақты бекіту

1-қатардан Қартқожа бейнесі бойынша тест-интервью алынады.

Қартқожаның өзіне тән ерекшелігі (ескерту: астын сызу керек; өзің жауап қосуға болады.)

сөзге шешен, ақылды, терең ойлы, қайратты,момын,ұстамды,сабырлы...

Қартқожа бейнесі өзіңе ұнады ма, жоқ па? Неліктен?


Қартқожа бейнесі арқылы өзіңнің болашаққа түйген түйінің.


«Менің Қартқожа жайлы білетінім»



2-қатар Шығарманы модельдеу

І бөлім. Шығарма тақырыбы:

ІІ бөлім. Шығарманың идеясы:

ІІІ бөлім. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер:

ІV бөлім. Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер:

V бөлім. Шығарма жазылған әдеби бағыт:

VІ бөлім. Шығармада суреттелетін салт дәстүр:

VІІ бөлім. Қолданылған мақал-мәтелдер:

VІІІ бөлім. Басқа тілден енген сөздер:

ІХ бөлім. Шығарма құрылысы:

1.Басталуы 2.Байланысуы 3.Дамуы 4.Шиеленісуі 5.Шарықтау шегі 6.Шешімі.


3-қатар «Менің мақсатым...»(ойтолғау)


«...Әсіресе, өз елі, өз ауылы қандай болды екен? Соларды көрсем,көмегімді берсем,сонда менің жетілгендігім,жетілгендігімнің пайдасын көргенім.Әйтпесе мен не үшін,кім үшін оқып жүрмін? Өз басымның қамымен кетсем,менің оқығанымнан елге не пайда? » (Қартқожа пікірін негізге алу)



VI. Жаңа сабақты қорыту


















Байқоныр қаласы

Қhello_html_m18fef1f3.png.Қ. Тоқмұхамедов атындағы жалпы

білім беретін №14 орта мектеп

Бекпанова Бағила



Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-

эпопеясындағы Құнанбай образы

Мақсаты: білімділік: романға сүйене отырып, Құнанбай

бейнесін талдау, жаңарған көзқарас тұрғысында

баға беру, Құнанбайдың шын тарихтағы

тұлғасы жайлы мәлімет беру.

білуге дамытушылық: көркем шығарманы білуге талдай төселдіру, өз ойларын еркін, нақты жеткізе

баулу, тіл байлықтарын дамыту, сын тұрғысынан

ойлап, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, өзіндік

пікір қалыптастыруға жетелеу, ынтасын, шығарма-

шылық ізденушілік белсенділігін дамыту.

тәрбиелік :Құнанбайдай әкенің бейнесі арқылы

Абайдың дүниеге көзқарасының қалыптасуын,

саналы өмірінің өсу жолын оқушының зердесіне

құю, адамгершілікке, жағымсыз мінезден аулақ

болуға үйрету.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Әдісі: дамыта оқыту технологиясының элементтері, тест-

интервью, «Еркін жазу» стратегиялары, баяндау,

ішінара іздендіру, проблемалық сұрақтарды шешу

Көрнекілігі: ақын шығармалары, слайдтар

Тех. құрал-жабдық: интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, қазақ тілі

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

III. Өткен оқу материалын қорыту

IV.Жаңа сабақты түсіндіру

V. Жаңа сабақты бекіту

VI. Жаңа сабақты қорытындылау

VIІ.Үйге тапсырма беру

VIІІ.Оқушылардың білімін бағалау



I.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • Романдағы Абай тұлғасы

  • Құнанбайдың тарихтағы шын тұлғасы жайлы тапсырмалар (жеке оқушыларға)

  • Қайтқанда”, “Қат-қабатта “ , “Жолда” , “Шытырманда” бөлімдерін оқу

  • « Абай жолы » ойтолғау

ІІІ. Өткен оқу материалын қорыту

Оқиғаларды сәйкестендіру(кесте)


IV. Жаңа сабақ

Алдын ала іздендіру мақсатында берілген тапсырмалар бойынша жазушы, ғалымдардың «Абай жолы » романы, Құнанбай бейнесі, Құнанбайдың шын тарихтағы тұлғасы жайлы жайлы жазылған естелік , сын , зерттеу мақалалары бойынша дайындаған пікірлерді , еңбектерді тыңдау арқылы романдағы Құнанбай бейнесін ашу.

Құнанбайдың тарихтағы шын тұлғасы жайлы жеке оқушыларға берілген тапсырмалар:

1.Құнанбайдың өмірі мен қайраткерлігі туралы деректер.

2. Абай шығармаларындағы әке бейнесі.

3. Құнанбай – әділ би, шешен, орта жүздің беделді билерінің бірі.

4.Құнанбай – қажы, яғни рухани таза адам. Ораза тұтуға, зекет беруге, намаз

оқуға жұртты міндеттеген.

Абайтанушы Таласбек Әсемқұловтың пікірімен қорытындылау.

Құнанбай бейнесін талдауда романдағы оның портреті,сөйлеу тілі,әр оқиғадағы мінез-құлқы,пішіні,іс- әрекетінен нақты мысалдар келтіру.


Мінезі

Портреті Бірлестігі


Құнанбай



Шешім қабылдауы Сезімі Тіл шеберлігі

Құнанбай –Абай(Әмір мен Үмітей оқиғасына байланысты)

Абай

Құнанбай

Тоқтат! Өлтіртпеймін! Аузыңда Алла, шеңгеліңде қан. Тағы қан!..



Неге өлмейсің тынышыңмен сен,!

Заман сенікі емес,менікі!Нең бар?...


Арам! Шық жоғал көзімнен азғын. Аздырарсың, сен бе?

Аздырарсың! Сенен, бәрі сенен!

Ә,солай дедің бе, жеттің бе, соған?!

Айттым аталық қарғысымды...

(ІІ кітап, 609-бет)

«...Абай кезіндегі қазақ даласында күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні мен Құнанбай бойына жинақтадым. Ал оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар. Сондықтан ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты –ескі мен жаңаның ...қарама - қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болдым. Демек, Құнанбай образы идеялық жағынан алып қарағанда , сол дәуірде қазақ даласында ...келешегі зор жаңаның жолындағы кедергіні – ескіні көрсету нәтижесінде туды».(М.Әуезов сөзімен тұжырымдау)

Романдағы оқиға өмірде қаншалықты шындыққа жанасады?(салыстыру)

Төмендегі оқиғалар өмір шындығынан алынған:

1. Қарашоқыдағы қанды оқиға (40 рулы елге тас лақтыртып, Қодар мен

Қамқаны өлтіруі )

2.Қодардың жеріне өзінің кіріп алуы.

3.Бөжеймен араздығы.Бөжей ауылын шабуы (1846 жыл)

4.Қарқаралыда мешіт салдыруы.

5.Бөжеймен бітісуі кезінде Кәмшаттың берілуі,артынан қайтыс болуы.

6.Қаралы көшті шабуы.

7.Құнанбайды Дәркембайдың (шын аты Әлжан) атпақ болуы.

8.Құнанбайдың үстінен түскен арыздар.

V.Жаңа сабақты бекіту

1-қатардың тапсырмасы:

Құнанбай бейнесі бойынша тест-интервью алу

Құнанбайдың өзіне тән ерекшелігі (ескерту: астын сызу керек; өзің жауап қосуға болады.)

сөзге шешен, ақылды, терең ойлы, қайратты,қатыгез.



Құнанбай бейнесі өзіңе ұнады ма, жоқ па? Неліктен?






Құнанбайдың бейнесі арқылы өзіңнің болашаққа түйген түйінің.







2атардың тапсырмасы:

Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру

Романдағы қатты әсер еткен көрініс

Сол туралы таңдап алған пікіріңіз










3атардың тапсырмасы:

Кесте толтыру


+


Білемін


Y


Үйрендім

?


Білгім келеді












VI. Жаңа сабақты қорыту.

VII. Үйге тапсырма беру

1. Романдағы Құнанбай бейнесі

2. «Құнанбай бүгінгі күні» (ойтолғау)

3.Аналар бейнесі туралы алдын ала іздендіру тапсырмалары

VIII.Оқушылардың білімін бағалау.


Құнанбай бейнесі бойынша тест-интервью алу

Құнанбайдың өзіне тән ерекшелігі (ескерту: астын сызу керек; өзің жауап қосуға болады.)


сөзге шешен, ақылды, терең ойлы, қайратты,қатыгез.

Құнанбай бейнесі өзіңе ұнады ма, жоқ па? Неліктен?






Құнанбайдың бейнесі арқылы өзіңнің болашаққа түйген түйінің.












--------------------------------------------------------------------------------------------------------


Құнанбай бейнесі бойынша тест-интервью алу

Құнанбайдың өзіне тән ерекшелігі (ескерту: астын сызу керек; өзің жауап қосуға болады.)


сөзге шешен, ақылды, терең ойлы, қайратты,қатыгез.

Құнанбай бейнесі өзіңе ұнады ма, жоқ па? Неліктен?






Құнанбайдың бейнесі арқылы өзіңнің болашаққа түйген түйінің.











Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру

Романдағы қатты әсер еткен көрініс

Сол туралы таңдап алған пікіріңіз




































--------------------------------------------------------------------------------------------------------

Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру

Романдағы қатты әсер еткен көрініс

Сол туралы таңдап алған пікіріңіз


































2-қатар Шығарманы модельдеу

І бөлім. Шығарма тақырыбы:

ІІ бөлім. Шығарманың идеясы:

ІІІ бөлім. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер:

ІV бөлім. Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер:

V бөлім. Шығарма жазылған әдеби бағыт:

VІ бөлім. Шығармада суреттелетін салт дәстүр:

VІІ бөлім. Қолданылған мақал-мәтелдер:

VІІІ бөлім. Басқа тілден енген сөздер:

ІХ бөлім. Шығарма құрылысы:

1.Басталуы 2.Байланысуы 3.Дамуы 4.Шиеленісуі 5.Шарықтау

VI. Жаңа сабақты қорыту.

-Құнанбайдай әкеден Абай нендей тағылым көрді?

Құнанбай образынан ұнамды жақтарын аша отырып,Құнанбайдың ұлтымыздың әдет-ғұрпын ,салт-дәстүрін берік ұстанатын, алған бетінен қайтпайтын қайсар,бірбеткей азамат екендігіне көз жеткіздік.Ол үлкен тартыстар үстінде жетілген адам.Сол тартыстарға баласын жетелеп,араластырып отырады.Әкенің әрбір қимылын баласы қадағалап,ұғып,бар жақсы қасиетін бойына сіңіре береді.Көреген әке,оның қаталдығы,ерлігі,ел билеудегі алғырлығы бәрі Абайдың өз өміріне жауапты болуына ықпалын тигізіп,өсіріп отырады.Құнанбайдай ікеден тағылым алған ,оның өмірінің үміт еткен жалғасы Абайдың өсу жолы осындай ұлы әкемен байланысты.

VII. Үйге тапсырма беруе















Байқоныр қаласы
Қ.Қ. Тоқмұхамедов атындағы жалпы

білім беретін №14 орта мектеп

Бекпанова Бағила


Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы.Буын үндестігі

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: оқушыларға үндестік заңы, буын үндестігі туралы

түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша

тапсырмалар арқылы бекіту, фонетика жайындағы,

тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы және

үндестік заңы туралы ұғымдарын кеңейту.

ә)тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке ,еңбекті дәріптеуге, ана

тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

б)дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын

арттыру.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу,.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты слайдтар,үлестірмелер.

Тех.құрал-жабдық: интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ Үй тапсырмасын қорыту

IV Жаңа сабақ

VІ Жаңа сабақты қорыту

VІІ Үйге тапсырма

VІІІ Оқушылардың білімін бағалау

I Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II Үй тапсырмасын тексеру.

1Тасымал туралы түсінік.

2. 313 –жаттығу

Тақтамен жұмыс

1.Тасымалдауға болмайтын сөзді және буынды тап.

Ата – ана, жасырынбақ, ат, шебер, бет, талап, көктем, көк, жаз, ай, жұлдыз, мол, айқын.


2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса

Жұлдыз, Ұлдай.


II Үй тапсырмасын қорыту.«Зымыран» сұрақтар арқылы қорыту


V. Жаңа сабақ. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау. Үндестік заңы туралы түсінік беру.


Буын үндестігін (сингорманизм) түсіндіру.




VІ. Жаңа сабақты бекіту

1.Оқулықпен жұмыс

314- жаттығу (жазбаша)

Жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді екінші бағанға, аралас сөздерді үшінші бағанға жазыңдар.

Жуан сөздер


Жіңішке сөздер

Аралас сөздер







2.«Не артық?» ойыны

Еңбекті, сілеусін, оқушылар, гүл, көктем.

Алатау, Орал, сүйкімді, аналар.

Екібастұз,Гималай, ермексаз, ақжелкен,шәкірт.



3.Оқулықпен жұмыс

315–жаттығу(ауызша)

Кірме сөздерге қосымшалар жалғануындағы үндестік заңының ерекшелігін айту.




4.Шығармашылық жұмыс 1-топтың тапсырмасы «Ана» тақырыбына ойтолғау


2-топтың тапсырмасы Берілген мәтінді оқып шығып,жуан сөздерді бір бөлек,жіңішке сөздерді бір бөлек көшір.

3-топтың тапсырмасы Көп нүктенің орнын тиісті қосымшаларды қойып,жұмбақтың шешеуін тап.

Білімнің дәнін тереді

Балаға тәлім береді.


Сағат сайын қағылады

Тек мектептен табылады.


Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран.


Ойды аяқтап қорытады,

Соңында доп тұрады.


Бір санға өсірді,

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді.


VІ Жаңа сабақты қорыту

«Ашық сабақта»

Тірек сөздер(дауысты дыбыс,буын,бірыңғай жуан,бірыңғай жіңішке,буын үндестігі)арқылы қорыту



1.Оқушылардың білімін бағалау

2.Үйге тапсырма:

1.Үндестік заңы, буын үндестігі туралы түсінік

316– жаттығу.Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып, көшіріп жазыңдар.













Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров922
Номер материала ДВ-366572
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх