Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Урок по казахскому языку "Шешендік өнер" (9 сынып)

Урок по казахскому языку "Шешендік өнер" (9 сынып)



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_72485f4c.gifhello_html_3a083a27.gifhello_html_m5db2d95.gifҚазақ тілі 9 сынып 24.02.2011 жыл

Тақырыбы: Шешендік өнер. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

Мақсаты:

1.Қазақ халқының ұлы тұлғалары, шешен билері жайында мағлұмат беру;

2.Шешендік өнер туралы алған білімдерін шығармашылықта, сайыста қолдана білуге дағдыландыру;

3.Пәнді оқыту барысында оқушының ойын логикалық жағынан дұрыс, анық, қазақтың әдеби тілінің нормасына сай айта білуге үйрету.

Көрнекіліктер мен құралдар:

Сөздіктер, портреттер, кластер, мақал-мәтелдер, газеттер, журналдар, энциклопедия, ойындар, тест сұрақтарыбаға қойылатын кесте, грамматикалық сызба (шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем), карточкалар, анаграммалар, кітаптар, ұран

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы

Сабақтың түрі: саяхат сабақ (сайыс түрінде)

Сабақтың әдістері: оқу, аудару, аналитикалық, қайталау, практикалық, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Жұмыс түрлері: жекеше, топтық, жалпы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу; сабаққа дайындықты байқау. Кезекшілермен сөйлесу:

-Сыныпта кім кезекші?

-Бүгін ақпанның нешесі?

-Бүгін аптаның қай күні?

-Бүгін ауа райы қандай? Неліктен суық?

-Үй жұмысы қандай болды?

1.сөздерді жаттау 2.ережелер 3.монологтар 4.мақал-мәтелдер



-Енді келген қонақтармен амандасыңдар. (психологиялық ахуал: оқушылар келген қонақтармен амандасады).

«Армысыз – қайырымды, Аспан ата,

Армысыз – шұғылалы, Жер ана,

Армысыз – қадірменді апайлар,

Армысыз – қадірлі ұстаздар!»



Мұғалім:

Бүгін біз қазақтың ұлы тұлғаларын, шешен билерін қайталап шығамыз. Қазақтар шешендік өнерді қалай бағалағаны туралы ой бөлісеміз.

Қазақ – табиғатынан шешен халық. Қазақтар шешендікті жоғары бағалаған. Өйткені шешендік сөздер елдің әлеуметтік өмірінде аса маңызды қызмет атқарды. Сондықтан да қазақ тілін жақсы меңгергіңіз келсе, қазақ халқының тұрмысын, мәдениетін түсінгіңіз келсе, қазақтың шешендік өнерімен танысу керек. Әсіресе, билердің шешендік нақылдары мен толғауларын оқысаңыз, одан ата-бабаларыңыздың келер ұрпаққа айтып кеткен өсиетін табасыз.

Сабағымыздың ұраны: «Тілмен жүгірме, Біліммен жүгір». Сабақ барысында ойланыңдар, соңында айтасыңдар. (интерактивтік тақтада ілулі тұр)

Мұғалім:

Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз – саяхат сабағы. Бірақ ол сайыс ретінде өтеді. Біз сендермен түрлі ауылдарға саяхат жасаймыз. Ауылдарды аралап, сол ауылдағы тапсырмаларды жылдам және дұрыс орындауымыз керек. Әрбір тапсырма ұпайлармен бағаланады.

Мұғалім:

Мінеки, екі топқа бөліндік. 1-ші топ – «Билер», 2-ші топ – «Шешендер».



І топ «Билер»



Баға

ІІ топ «Шешендер»



Баға



Индира, Нариман, Ваня, Ричард, Мадина, Анара, Раушан, Миша




Мурат, Женя, Виталий, Инабат, Жанболат, Алина, Ұлзира, Данияр




1 «Өткенге қарайық».

2 «Сөз құпиясы».

3 «Ой қозғау».

4 «Ойланайық, орындайық».

5 «Көкпар».

6.Халық даналығы».

7 «Өзіңді тексер».




1 «Өткенге қарайық».

2 «Сөз құпиясы».

3 «Ой қозғау».

4 «Ойланайық, орындайық».

5 «Көкпар».

6 «Халық даналығы».

7 «Өзіңді тексер».




Қазір дәптерлеріңді ашып, бүгінгі жұлдызынды жазыңдар.

Ақпанның жиырма төрті.

Сынып жұмысы.

ІІ. Ал, енді саяхатқа шығайық. Сәт сапар! (интерактивтік тақтада ілулі тұр)

1-ші ауыл «Өткенге қарайық». Әр сұрақтың жауабына 1-1 ұпайдан беріледі.



1.«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қаділмеген адам толық мәнді интеллегент емес» деген кім?

(М.О.Әуезов)

2. «Шутка» деген сөзді аударыңдар.

(әзіл)

3.Ресейдегі шешендік өнердің негізін салған атақты орыс ғалымы.

(М.В.Ломоносов)

4.Қазақ шешендік сөздердің бастауы –

(мақал-мәтелдер)

5.Шешендік өнер қашан пайда болды?

адам қоғамы пайда болғаннан бері)




1.«Тіл байлығы, тіл тазалығы ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі белгісі ....» деген кім?

(Б.Момышұлы)

2.«Әзіл» деген сөздің синонимі

(сқақ)

3. «Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба»,-деген кім?

( А.Құнанбаев)

4.М.В.Ломоносов орыс тілінде қандай еңбек жазды?

(«Краткое руководство к красноречию»)

5.Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілінде қалай дейді?

(Риторика)




2-ші ауыл «Сөз құпиясы».

Сөздікпен жұмыс. Берілген сөздерді өз бетінше аударып, олармен көбірек сөйлем құрастыру керек. Кім тез және дұрыс орындайды.

Память, общество, находчивый, мысль, вариант, хранить.



3-ші ауыл «Ой қозғау».





Шешендік өнер









4-ші ауыл «Ойланайық, орындайық».

І.Сөйлемге жалпы шолу жасалып, ережелер сұралады.

1.Сөйлем дегеніміз не? 2.Сөйлем неше түрге бөлінеді? 3.Жай сөйлем дегеніміз не? 4.Жай сөйлемнің неше түрі бар? Қандай? 5.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? 6.Құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді? 7.Құрмалас салалас сөйлем неше түрге бөлінеді? Қандай? 8.Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 9.Сабақтас құрмалас неше түрге бөлінеді? 10.Шартты сабақтас құрмалас сөйлемінде баяндауышқа қандай жұрнақ жалғанады?



ІІ.Оқушыларға карточкалар таратылады, берілген шартты сабақтас құрмалас сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау керек. (Дұрыстығын интерактивтік тақтада ілулі тұрған жауабымен салыстырады).



1.Құлан құдыққа құласа, құлағына құрбақа ойнайды.



2.Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін.



1.Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.





2.Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.






5-ші ауыл «Көкпар».

Ал, қазір «Көкпар» ойынын ойнайық. Бұл ойында қай топ ең жылдам, тапқыр болса, сол жеңеді.

1 «Кеше» деген сөздің екінші буынын алыңдар. 2 «Пішен» деген сөздің екінші буынын алыңдар. 3 «Мүмкіндік» деген сөздің жұрнағын алыңдар. Қандай сөз боп шықты, кім айтады? (Шешендік).

Мына топ «Көкпар» ойынды жеңіп шықты. Ең жылдам, тапқыр атанды. Жарайсыңдар! Сендерге 1 ұпай беріледі. Шешендік деген не? Қалай түсінесіңдер?

Ендіше, саяхатты әрі қарай жалғастырайық.



6-шы ауыл «Халық даналығы».

Мақал-мәтелдер, қанатты сөздер бойынша сайыс. Топтар кезектесіп айтады. Қай топ көбірек айтса, сол топ жеңіп, 1 ұпай алады.



7-ші ауыл «Өзіңді тексер».

Оқушылар тест сұрақтарын жазбаша шешеді, болған соң, дәптерлерді ауыстырады да тақтада берілген кілт жауабы бойыншы тексеріп бағалайды.

1 «Краткое руководство к красноречию» еңбегінің авторын белгілеңдер. А)М.А.Шолохов в)М.В.Ломоносов с)М.Горький

2.Шешендік сөздердің түрлерін тап. А)арнау, толғау, дау в) жуан, жіңішке, ашық, қысаң с) аралас, сабақтас, салалас

3.Орта жүздің биін ата. А) Майқы би в) Төле би с) Қазыбек би

4. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдегі жұрнақтар. А) –у үшін, -мақ в) –ып, -іп, -п с) –са, -се

5.Сабақтас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар? А) 5 в) 6 с) 7

6.Ұлы жүздің төбе биін көрсет. А) Төле би в) Қазыбек би с) Әйтеке би

7. «Память» сөздің аудармасын тап. А) нұсқа в) қоғам с) жады

8.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? А) бағыныңқысы басынқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтастың түрі. В) Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі істің шартты болып келетін сабақтастың түрі. С) Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын ьілдіреді.

9.Қазақ шешендік сөздердің бастауы – а) аңыз-әңгімелер в) қоршаған орта с) мақал-мәтелдер

10.Мына ұлағатты сөзді аяқтаңдар: «Жақсы сөйлеу - ...............» а) ардың ісі в) жақсы ойлау деген сөз с) Ұлт қасиетінің негізгі белгісі



Тест кілті:

1.В 6.А

2.А 7.С

3.С 8.В

4.С 9.С

5.В 10.В







ІІІ.Қорытындылау.

-Балалар, біз бүгін қандай тақырыпты өттік? -Балалар, біз бүгін сабақта қандай жұмыс жасадық? -Сабақтың қай кезеңі сендерге ұнады? - Кімнің есінде бар, сабағымыздың ұраны қандай болды? («Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір») -Оны қалай түсінесіңдер?



І\/.Бағалау.

Оқушылардың берген жауаптарына қарай, сабақта белсенділік танытқанына қарай бағалау. Ұпайлар бойынша «.....................» тобы жеңді. Ал жеке бағалары тест бойынша қойылады.



\/.Үйге тапсырма беру:

  1. Ережелер 2) 79 – бет 3 - тапсырма





































«Қырым орта мектебі» ММ.























Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі – Тауқанова С.С.



Ақпан 2011 жыл



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров92
Номер материала ДВ-365555
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх