Инфоурок Другое КонспектыУрок по казахскому языку "Тіл білу"

Урок по казахскому языку "Тіл білу"

Скачать материал

Пән: қазақ тілі

Сынып: 5

Күні: 14.04.2017

Сабақ тақырыбы: Тіл білу

Осы сабаққа қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Тіл меңгерудің маңызын түсінеді, таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.

Сабақтың мақсаттары:

Барлығы: Тақырыпты зейін қойып тыңдайды, түсінеді.

Көбі: Тақырыпты зейін қойып, тыңдайды, түсінеді. Күнделікті өмірде қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді. Сұрақ қойып, сұраққа жауап бере алады.

Кейбірі: Тақырыпты зейін қойып, тыңдайды, түсінеді. Күнделікті өмірде қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді. Сұрақ қойып, сұраққа жауап бере алады. Мәтінді оқып, басқаларға өз сөзімен айта алады.

Құндылықты дарыту: Оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым – қатынастарын дамыту. Өз тілін, елін, тарихын құрметтеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ – жауап, әңгімелеу, көрнекілік.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, бейнежазба, аудиожазба, үлестірмелі қағаздар, бағалау парағы, суреттер, сергіту сәті.

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. (сабақ алдында оқушыларды  үш топқа бөлу)

І топ - Ақынның тілі қылыштан өткір

ІІ топ - Сөз – көмек, тіл – құрал

ІІІ топ - Тілсіз жерде тіршілік жоқ. 

ІІ. Жаңа сабақ.

-         Балалар, адамның ең жақсы қасиеті басқа адамдарға жақсылық,

сәттілік тілеу. Бүгінгі сабақта сендерге жақсы көңіл, сәттілік тілеймін!

-         Сендердің назарларыңызға бейнежазба ұсынылады. Оны мұқият

тыңдауды сұраймын.

Н.Ә.Назарбаевтың сөзі - бейнежазба

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл бейнежазба не туралы? Бздің Елбасымыз не туралы айтып жатыр?

-         Сонымен, бүгін сабақта біз не туралы әңгімелесеміз? (тіл туралы)

1 слайд

-         Сабақ тақырыбымыз – Тіл білу.

-         Балалар, қалай ойлайсыңдар, сабақта біз не істейміз? (қазақша

сөйлейміз, тапсырмаларды орындаймыз). Өте жақсы, сонымен қатар аудио және бейне жазбаны тыңдаймыз, сұрақтарға жауап , мәтінмен жұмыс атқарамыз және т.б.

-         Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып алыңдар.

-         Балалар, сендерге бағалау парағы беріледі. Сендер сабақтың әр

орындалған тапсырма бойынша өздеріне ұпай қоясыңдар да, сабақтың соңында ұпайларды қосып бағаны шығарасыңдар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей, сендерге  сауатты сөйлеуге, сауатты жазуға ұмтылу керек. Тілді жақсы білу үшін және сол тілде дұрыс сөйлеу үшін не істеу керек? Осы сұраққа сабақ соңында толық жауап бере аламыз деп ойлаймын.

-         Балалар, қандай тілдерді білесіңдер?

-         Қандай шет тілдерін білесіңдер?

-         Біздің сабағымыз сапалы, нәтижелі болу үшін мына сөздерді

меңгеруіміз керек.

Аудиожазба

2 слайд

-         Оқушылар жаңа сөздерді (Дүние жүзі – мир – world, талап –

требование – reguirement, көркем – красивый - beautiful) аудиожазба арқылы тыңдап, слайдта оқиды.

-         Оқушылар мұқият тыңдайды

-         2 оқушы слайдтан оқып шығады

-         Тіл туралы немесе «тіл» сөзі бар мақал – мәтелдерді айтады.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

Мәтінмен жұмыс.

         Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде халық та, тіл де көп. Ғалымдар дүние жүзінде бес мыңдай тіл бар деп есептейді.

         Қазіргі уақытта көп тіл білу – өмір талабы. Көп тіл білетін адамды полиглот деп атайды.

         Біздің республикамыздың мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі – өте бай, көркем тіл.

3 слайд

1.    Мұғалім мәтінді оқиды, оқушылар мұқият тыңдайды.

-         Балалар, мәтінді мұқият оқып шығыңдар, өйткені осы мәтін

бойынша тапсырма орындайсыңдар. Тапсырманы орындағаннан кейін өздеріңе ұпай қоюға ұмытпаңыз.

2.    Оқушылар мәтінді өз бетінше оқып шығады.

3.    Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру (сұрақтарды сандықшадан

алып жауап береді)

-         Балалар, қазір мен сендерге ең танымал полиглоттар туралы

ақпаратты таратамын. Осы ақпарат бойынша кластер жасайсыңдар. Әр топта ақпарат әр түрлі болады. Тапсырманы орындауға 5 минут беріледі.

Сергіту сәті.

Топтық жұмыс.  Келесі тапсырма – берілген ережелердің арасынан қазақ тілін меңгеру ережелерді таңдап, қағазға жабыстырасыңдар.

(3 минут)  Өздеріңе ұпай қойыңдар.

Жұптық жұмыс. Топтарға әр түрлі диалог ұсынылады, оны толықтыру керек. (2 минут)

Электронды тест тапсырмалары.

Электронды түрде берілген тест тапсырмаларын орындайсыңдар. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. (2 минут)

4 слайд

Тізбе тілші әдісі арқылы сабақты қорытындылау. Әр топтан бір оқушы микрофон алып, келесі топқа тақырып бойынша сұрақ қояды.

-         Сен қай тілдерді білесің? (Мен қазақ, орыс, ағылшын тілдерін

білемін)

-         Қазіргі уақытта өмір талабы қандай? (Өмір талабы – көп тілді

білу)

-         Көп білетін адамды алай атайды? (Көп білетін адамды полиглот

атайды)                                             5 слайд

Бағалау. Сабақ барысында жинаған ұпайларды қосып, бағаны шығарады.

 Рефлексия.  Балалар, сендердің көңіл – күйлеріңе, алған бағаға,  сәйкес смайликті жабыстырасыңдар.

Үй тапсырма беру. «Қазақ тілін меңгеру жолдары» атты эссе жазу.Сонымен сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

 

Өзін – өзі бағалау парағы ________________________      

Сынып _____   Күні  ________                                                                     

 

Мазмұны

Өте жақсы жұмыс істедім (отлично поработал)

 

3 ұпай

 (3 балла)

Жақсы жұмыс істедім

(хорошо работал)

 

2 ұпай

(2 балла)

Қатыстым

(принимал участие)

 

 

1 ұпай

(1 балл)

1

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

 

 

 

2

Топтық жұмыс (Кластер жасау)

 

 

 

3

Топтық жұмыс.   Қазақ тілін меңгеру ережелері

 

 

 

4

Диалог толықтыру

 

 

 

5

Электронды тест сұрақтары

 

 

 

-           

-          10-12 ұпай – «5»

-          7-9 ұпай – «4»

-          4-6 ұпай – «3»

-          4-тен төмен ұпай – «2»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по казахскому языку "Тіл білу""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 053 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.04.2017 966
    • DOCX 23.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Барамбаева Карлыгаш Айтбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Барамбаева Карлыгаш Айтбаевна
    Барамбаева Карлыгаш Айтбаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 21
    • Всего просмотров: 67148
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой