Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Урок по Казахскому языку "Зат есім" (6 класс)

Урок по Казахскому языку "Зат есім" (6 класс)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Зат есім. Зат есімнің жасалуы.

Сынып: 6 сынып

Кабинет: 306

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ой қозғау,

Көрнекі-құрал: интерактивті тақта, электронды оқулық, плакат, оқулық

Күні:


Сабақ тақырыбы:

Зат есім. Зат есімнің жасалуы.

6-сынып

Уақыты 9.00-9.45


Басқару жоспары

Жоспардың мазмұны

Сыныппен қалай сәлемдесемін?
Мен сыныппен кабинетке кіргенде сәлемдесемін.
Сабақты қалай бастаймын?
Психологиялық дайындықтан бастаймын.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Мұғалім сөзі:

Балалар, аманбысың, шырақтарым,

Майысып көлге біткен құрақтарым.

Елімнің болашағы өздерің деп,

Білімнің жұмбағынан сыр атқардым.

Үй жұмысын тексеру:

а/Өткен тақырыпты «Кубизм» әдісі арқылы тексеру. Оқушылар берілген текшедегі сұрақтарға жауап береді.

ә/Жазба жұмысын тексеру. Топтар бірлесіп жасаған жұмыстарын қорғайды.

Жаңа тақырып:

Ой қозғау арқылы «Зат есім» тақырыбына ассоция жасау. Оқушылар «Зат есім» тақырыбын топтастырады.

Интерактивті тақтағы тірек-сызба, кесте арқылы жаңа тақырыпты ашады.

Оқушылар тірек- сызба арқылы өз түсінгендерін айтады, бір-біріне түсіндіреді.


Жаттығулармен жұмыс.

1/Электронды оқулықта берілген тапсырманы топпен орындау.Көп нүктенің орнына зат есімдерді қойып жазу.


2/Оқулықпен жұмыс . Мәтіннен 1,2-топ жалпы зат есімдерді, ал 3,4-топ дерексіз зат есімдерді табады.


3/«Миға шабуыл». Жалқы зат есімдерді табу.

1/В,о,у,з,е,м.ә (М.Әуезов)

2/Н,ұ,ф,ғ.,а,и,м,т,с. (Ғ.Мұстафин)

3/В,е,ғ.,ү,с,п,р,о,і,м.

(Ғ.Мүсірепов)

4/ В,қ,а.,а,а,н,е,б,ұ,н. (А.Құнанбаев)



INSERT


V –«білемін»,

(-)- «мен үшін түсініксіз»,

(+)- «мен үшін жаңа ақпарат»,

(?) – «мені таң қалдырады


Оқушыларды қалай топтастырамын?

Кеңсе заттарының суреттері, жер-су аттары, адамның аты - жөні, көкөністердің суреттері арқылы топқа бөлдім.



Мақсаты:

1. Зат есім, оның жасалуы,ерекшеліктері, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру.

2.Сыни тұрғыдан модулін негізге ала отырып, оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту.

3. Оқушылардың топтық жұмыс арқылы бірін –бірі тыңдай білуге,еркін сөйлеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.







Оқушылар нені біледі?

Зат есімнің жасалу жолдарын. Өткен сабаққа байланысты сұрақтарға жауап береді.


Сыныпта оқушылар мақсаты бірдей болып табыла ма?
жаңа тақырыпқа байланысты оқушылар дың алдына қойған мақсаттары бір болады.

Оқушылар сабақ соңында нені жасай алады және нені үйренеді?
Оқушылар өздігінен жұмыс жасай алады.
Оқушылар топ ережесін құрып, оларды сақтауға, топта бірлесіп жұмыс істеуге және интерактивті тақтаны қолдануға үйренеді.

Бағалау процесінде оқушыларды қалай тарта аламын?
Бағалау парағын әр топтың басшысына бердім, ол өзінің тобының оқушыларын бағалап отырды, ал кемшілік пен жетістіктерін айта отыра мұғалім жиынтық бағалау жасайды (формативтік баға әр тапсырмаға жеке – жеке, сабақ аяғында суммативтік баға шығару).


Сабақтың сәтті өткенін қалай білемін?

Оқушылардың көңіл - күйіне және жаттығуды орындау барысында, сабақтың INSERT әдісін және топ басшысының қойған бағасына қарай білемін.


Осы тақырыпта қандай тұжырымдамалық қиындықтар бар?
Уақытты үнемдеу және

білім деңгей төмен оқушының шеттеп қалмауы.

Менің мақсатым:

Жаңа материалды меңгерту. Келешекте білімдерін қолдана алатындай деңгейге жеткізу. Сабақты бекіте отырып, тапсырмаларға толық жауап беру, өз ойларын ашық, анық айта білу.


Қандай келесі жұмыстарды оқушыларға беремін?

Өткенді қайталау сабағында тестік жұмысқа дайындалу.


























Сабақтың тақырыбы: Зат есім.Зат есімнің жасалуы.


Уақыты












Мұғалімнің іс-әрекеті: не істеймін?










Оқушылардың іс-әрекеті










Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар, кітаптар, компьютерлік жабдық және т.б. қажет?

2 мин

















2 мин

Психологиялық дайындық жасалды.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Мұғалім сөзі:

Балалар, аманбысың, шырақтарым,

Майысып көлге біткен құрақтарым.

Елімнің болашағы өздерің деп,

Білімнің жұмбағынан сыр атқардым.





Топқа бөлу: кеңсе заттарының суреттері, жер-су аттары, адамның аты - жөні, көкөністердің суреттері арқылы топқа бөлу, ережені ұстану.




Оқушылар жауап береді















Суреттер арқылы топқа бөлінеді.Әр топқа басшы тағайындалып алдына бағалау парағы беріледі.






















Бағалау парағы

10 мин

Үй жұмысын тексеру:

а/Өткен тақырыпты «Кубизм» әдісі арқылы тексеру.



Жазба жұмысын тексеру


Берілген текшедегі сұрақтарға жауап береді.

Топтар бірлесіп жасаған жұмыстарын қорғайды.


Интерактивті тақта

4 мин





5 мин

Ой қозғау арқылы «Зат есім» тақырыбына ассоция жасау.

Интерактивті тақтағы тірек-сызба, кесте арқылы жаңа тақырыпты ашу.


Оқушылар «Зат есім» тақырыбын топтастырады.



Оқушылар тірек- сызба арқылы өз түсінгендерін айтады, бір-біріне түсіндіреді.




Интерактивті тақта



5мин















5 мин











5 мин

Жаттығулармен жұмыс.

Электронды оқулықта берілген тапсырманы топпен орындау











Оқулықпен жұмыс. Мәтіннен 1,2-топ жалпы зат есімдерді, ал 3,4-топ дерексіз зат есімдерді табады.



«Миға шабуыл». Жалқы зат есімдерді табу.




Әр топ мақал – мәтелдерге деректі зат есімдерді толықтырады. Мақал – мәтелдердің мағынасын ашады.







Әр топ бірлесіп жұмыс істейді, өздерінің жұмыстарын қорғайды.



Оқушылар дыбыстарды тіркестіріп жалқы зат есімдерді табады.






Электронды оқулық

















Плакат, маркер, оқулық









Интерактивті тақта

2 мин

Үйге тапсырма беру.

Плакатқа 10 деректі зат есімнің, 10 жалқы зат есімнің суреттерін салу

Оқушылар дыбыстарды тіркестіріп жалқы зат есімдерді табады.







2 мин

Оқушыларды топ басшысы бағалайды


Топ басшысы бағалау парағы арқылы бағаның

қорытындысын айтады




Бағалау парағы

3 мин

INSERT



V –«білемін»,

(-)- «мен үшін түсініксіз»,

(+)- «мен үшін жаңа ақпарат»,

(?) – «мені таң қалдырады





Интерактивті тақта


Сабақ соңындағы нәтижелер: Менің бүгінгі сабағым өте сәтті, ойдағыдай өтті, мен сабағымда бес модульді қамтыдым. Оқушылар сабаққа толық қатысып, үлгерімі төмен оқушылардың өзі бар ойын салып, белсенділікпен сабаққа қатынасты. Сабақтың жүйелі өтуіне байланысты оқушылар уақытында тапсырмаларды орындап, уақыт үнемделді.Сабақ барысында қиындықтар болған жоқ.Оқушыларда бірауыздылық, ұйымшылдық қалыптасқаннан кейін жұмыс өте сәтті өтті.Сабақ барысында үлгерімі төмен оқушылар:Кушманов Тимур, Ережепов Асан, Капарова Махаббат топтық жұмыста да, үй жұмысын тексерген кезде де сабаққа өте жақсы қатысып отырды, өздерінің ойларын толық, нақты жеткізе білді.Оқушылар топтық ережені сақтап, бір-бірімен пікір алмаса отыра жұмыс жасады. Үй тапсырмасын «Кубизм» әдісін қолдана отырып тексердім. Диалог әдісін қолданған кезде бір-бірімен сөйлеспейтін оқушылар, сұрақ-жауап әдісі арқылы тіл табысып кетті.Оқушылар жаңа тақырыпты сын тұрғысынан ойлау модулінің «Ой қозғау» әдісі арқылы «Зат есім» тақырыбына ассоциация құрастырып және интерактивті тақтадағы тірек-сызба арқылы жаңа тақырыпты ашып, бір – бірімен пікір алысты.Әсіресе дарынды оқушы Шаткенова Зариат бірден тақырыпты жақсы меңгеріп,өз ойын дәл жеткізді және білім деңгейлері төмен оқушыларға бұл тақырыпты түсіне білуіне көмектесті. Сабақ барысында тапсырмаларды орындаған кезде АКТ- ны пайдаландым. Білім беру үшін бағалау және оқыту үшін бағалау модулі бойынша оқушыларды бағалағанда топ басшылары өз топтарын бағалау парағына бағалап, соңынан өзім жиынтық бағаларын шығардым.

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Топта сөйлеп, идея айтқандығын бағала

Белсенді-лігін бағала

Мұғалімнің бағалау



1





2





3





4








Сіз нені дамытар едіңіз? Сабақта мінезі тұйық оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын, топтың барлық мүшелерінің кезекпен сөйлеу дағдысын, өз ойын топ алдында ашық айтып, қорғай білуін,оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін және сыныптынң ұйымшылдығын, қызығушылығын дамытар едім.

Сіз нені өзгерткеңіз келеді? Оқушылардың сабақта өзін еркін сезінуі, топтық жұмыста ойларын ашық айтуын , тұйық оқушыларды ашу.





Сабақты бағалау:

45 минутқа қарастырылған сабақ

Бәрі қалай өтті?

Сабақтың жағымды сәттері: Оқушылардың көңіл-күйлері психологиялық ахуал кезінде көтеріңкі болды. «Зат есім» бойынша ассосация жасаған кезде 4 топ та ұйымшылдық танытып, берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындады. Өздерін топтық жұмыста көрсетіп, өз жұмыстарын жақсы қорғап шықты.

Оқушылар критерийге сәйкес бағаланды. Бағалаудың әдістерін пайдалана отырып, сабақта топ басшысы алған бағаларын критерий бойынша талдап, өзім жиынтық баға шығардым. Сабақ өте жақсы деңгейде өтті деп айтуға болады. Өйткені үлгерімі төмен оқушылар белсене қатынасты.Жалпы алғанда оқушылар сабақты түсінді және белсенділік көрсетті.



Сіз қандай күшті жақтарға сүйенесіз?

Жұмыс қарқынды жүрді, уақытты тиімді пайдаландым. Осы жүргізілген тәжірибиемде бағалаудың критериалды түрі болды. Критерий бойынша бағалау, әр топ формативті бағалайды, мұғалімнің бағасын бағалауымен қоса суммативті баға шығарылады.



Өз мақсатыңызға жетуіңізге не қажет?

Сабақты сапалы жоспарлау және түрлендіріп өткізу. Ақпараттық технологияларды жетік пайдалану. Оқушылардың өткен тақырыпты ұзақ есте сақтаулары.






















Автор
Дата добавления 03.09.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров236
Номер материала ДA-027102
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх