Инфоурок Другое Рабочие программыУрок по казахской литературе

Урок по казахской литературе

Скачать материал
Скачать материал "Урок по казахской литературе"

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • XV-XVIII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІжыраулар«Әке толғауы»-әні Ж.Енсепов түсін...

    1 слайд

    XV-XVIII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
    жыраулар
    «Әке толғауы»-әні Ж.Енсепов
    түсініктеме

  • ӘДЕБИ -ТЕОРИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР  ТАРИХИ ЖАҒДАЙЖЫРАУ. ЖЫРШЫ. ТОЛҒАУЖЫРАУЛАР ӨМІРІ, ШЫ...

    2 слайд

    ӘДЕБИ -ТЕОРИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР
    ТАРИХИ ЖАҒДАЙ
    ЖЫРАУ. ЖЫРШЫ. ТОЛҒАУ
    ЖЫРАУЛАР ӨМІРІ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
    1
    2
    3
    4
    5
    ЖЫРАУЛАР ТІЛІНІҢ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ
    6
    ТЕСТ
    Сұрақтар мен
    тапсырмалар

  • ЖЫРАУ. ЖЫРШЫ. ТОЛҒАУЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ...

    3 слайд

    ЖЫРАУ. ЖЫРШЫ. ТОЛҒАУ
    ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
    ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ, ПІКІРЛЕР
    ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
    ТОЛҒАУДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    ЖЫРШЫ МЕН ЖЫРАУ
    ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    1

  • ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ	Қазақ хандығының құрылуына, қазақ тайпа...

    4 слайд

    ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
    Қазақ хандығының құрылуына, қазақ тайпаларының басы бірігіп қауымдасуына байланысты халқымыздың төл әдебиеті қалыптасып дамыды. Оның тарихы XV ғасырдан басталады. Осы кезде жыраулар поэзиясы дүниеге келеді. Жыраулар өткендегі, түркі халықтарға ортақ әдеби мұраларды, кейінгіге жалғастырып дамытып, қазақ әдебиетінің, төл әдебиетіміздің дамып қалыптасуына бастау болды.
    Жыраулар поэзиясы – ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасын жалғап тұрған алтын көпір.
    Жыраулар өздерінің өлең-толғауларында адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өмірдің сан алуан сырын, уақыт кеңістігін жеткізді.
    Жыраулар ақындықтарына қоса, жаугершілікте ел қорғаған батыр, жорықшы жырау, бейбіт күнде қабырғалы шешен, хандардың бас кеңесшілері, қалың елдің ұйытқысы, ел қамын ойлаған қайраткерлер болған.
    Жыраулар поэзиясының құндылығы – халықтың басынан кешірген тарихи оқиғаларды, қилы-қилы кезеңдерді, оның басына түскен ауыртпалықтарды жырлауында ғана емес, елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ой-санасын, дүниетанымын көркем тілмен көрсете білуінде де.
    Жыраулар поэзиясы – тәрбие көзі.
    Жыраулар поэзиясы – қазақ сөз өнеріндегі шынайы ұлттық сипаттың негізгі көркемдік іргетасы.

  • ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ, ПІКІРЛЕР Тақпақ пен мақал тағы артық,
Суырып...

    5 слайд

    ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ, ПІКІРЛЕР
    Тақпақ пен мақал тағы артық,
    Суырып салма жағы артық,
    Айтады олар ойланбай,
    Сыпыра жырау, Шортанбай,
    Үмбетей мен Марабай
    Алды-артына қарамай,
    Соққанда жырды суылдап,
    Жел жетпейтін құландай.
    Ш.Құдайбердіұлы, «Ескі ақындық»
    1 / 5
    Бұқар мен Тәтіқара жырлағанда
    Толқынды тұңғиық боп төгілер жыр.
    М.Жұмабаев, «Батыр Баян»
    Асан қайғы – көшпелілер философы.
    Ш.Уәлиханов
    Асан қайғының шығармалары өз тұсының айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ халқының, мұның, тілегін көрсетеді.
    Б.Кенжебаев

  • М.Әуезов: «Жырау – құр ғана тақылдақ өлең айтпайды: бұл заман сыншысы, сөйле...

    6 слайд

    М.Әуезов: «Жырау – құр ғана тақылдақ өлең айтпайды: бұл заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрін терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құба-жондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жоғалтқан белгісімен келеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып, анықтап бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қылып айтады. Ұғарлық кісі сол жұмбақтан ұғыну керек. Жыраудың сөзі, мақсаты айтылмайды. Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы, не көпке арналған ақыл, өсиеті есебінде айтылады».
    ( «Әдебиет тарихы», 1991 ж. )
    Ә.Дербісәлин: «Жырау көбінесе елдік мәні үлкен, келелі мәселелердің тұсында, халық пен ханға бірдей ақылшы, көпті көрген кемеңгер ойшыл ретінде көрінеді, айтпақ ойларын толғау түрінде пәлсапалық, дидактикалық түйіндер арқылы, өмір құбылыстарын, тарих пен кейінгі өмірді, жақсы мен жаманды, адамдық пен жауыздықты, өмір мен өлімді, т.б. салыстыру арқылы психологиялық параллелизмдер негізінде, патетикалық рухта жеткізеді... Жырау өмірді көбінесе тұспалдап, жанамалай тақпақтап ашық дидактикалық ережелер арқылы көтеріңкі рухта суреттесе, ақын өмір мәселелерін негізінен нақты көтеріп, нақты бейнелейді.
    («XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы», 1982 ж.)
    2 / 5
    ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ, ПІКІРЛЕР

  • Ақын-жыраулар поэзиясындағы бейнелі сөздер жүйесінің, суреттеу, мәнерлеу құр...

    7 слайд

    Ақын-жыраулар поэзиясындағы бейнелі сөздер жүйесінің, суреттеу, мәнерлеу құралдарының, сөз қолдану шеберлігінің, сөз саптау ерекшелігінің, сұлулық әлемінің жұмбақ-құпиялары алабөтен, жаратылысы қызық».
    («Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі» А.,1991 ж.)
    Зерттеуші Қ.Сыдиқов: «Халқымыздың поэзиялық мұрасын атадан балаға ұластырып, айтып жеткізушілер – жыраулар мен ақындар. Ол мұралар ішінде жыраулар мен ақындардың төл шығармалары да, оларға әріден жеткен бағзы жырлар да, сол дәуірде туған эпостық туындылар да болуы мүмкін. Демек, жыраулар мен ақындар желілі жырларды тудыруға атсалысып, өзі қадір тұтқан поэзиялық мұраларды жырлап, таратып отырған. Бұл дәстүр қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, ноғай т.б.халықтарда күні бүгінге дейін сақталып, дами түсуде».
    («Көркемдік өрнектер» 1992 ж.)
    Жазушы-ғалым М.Мағауин: «XV-XVIII ғасырларда жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мұратын бірінші орынға қойды. Өзіндік түр тауып, айқын ұлттық сипатта қалыптасты. Алаштың жайсаң жанын, әр рухын бедерлей таңбалап, келер ұрпақ үшін ешқашан ескірмес үлгілер тудырды. Көркемдік танымның асқар биігіне көтеріліп, әлемдік өредегі ұлы шығармалар қалдырды».
    (Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет-хрестоматия, 1993 ж.)
    3 / 5
    ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ, ПІКІРЛЕР

  • Ғалым С.Негимов: «Ақын-жыраулар халық поэзиясының эстетикалық жүйесі мен көр...

    8 слайд

    Ғалым С.Негимов: «Ақын-жыраулар халық поэзиясының эстетикалық жүйесі мен көркемдік тәжірибесін, әлеуметтік және жалпыхалықтық тенденцияларын, әрі фольклорлық дәстүрлерді, сол қалпында қайталамай, оның сөздік, образдық, бейнелеу құралдарына, өлшем-өрнектеріне сүйене отырып, өзіндік қолтаңбасын туғызған...
    («Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі» А., 1991 ж.)
    Профессор Е.Ысмайлов: «Қазақ поэзиясында творчестволық қызметіне қарай ақынды екі жікке бөлеміз. Бірі өлеңді домбырамен суырып салып айтатын немесе жазып шығарса да жаттап әнге қосып, ауыз әдебиеті дәстүрімен айтатын импровизатор халық ақындары. Екіншісі – оқыған, білімді, өлеңді жазып шығаратын жазба ақындар («поэт»).
    (“Ақындар” монография)
    Ғалым Р.Бердібаев: «Жыраулар өздерінің шығармаларына қоғамдық мәні зор, бүкіл халықтық сипаты анық, ел тағдырына тікелей қатысы бар ірі мәселелерді ғана тақырып еткен. Мұндай жырауларда ерлік, батырлық ерекше серпінмен мадақ етіледі».
    (“Жыршылық дәстүр”. 1980 ж.)
    4 / 5
    ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ, ПІКІРЛЕР

  • Бұқар жырау шығармалары тақырыбы мен мазмұны жағынан Асан қайғының үлгілі шә...

    9 слайд

    Бұқар жырау шығармалары тақырыбы мен мазмұны жағынан Асан қайғының үлгілі шәкірті, өз дәуірінің Асан қайғысы... Бұқар жырау өз тұсындағы қазақ халқының күй-жайын, мұң-тілегін, болашақ тағдырын білдіріп, бірлігін, ынтымағын көкседі.
    Б.Кенжебаев

    Бұқар жырау Абылай ханның заманында ханның бірінші жыршы шешен ақылшысы болған.
    С.Сейфуллин

    Бұқар жырау - Абылайдың жанындағы уәзірі, заман күйін сынға салып, қорытынды айтып, бет нұсқайтын кемел ақылшысы. Абылайдай ханмен бірге қалың елге өсиет айтады. Айтатын сөзінің барлығы да күнде қазақ елінің басына келіп тұрған саяси хал, тарихи дәуірге арналады.
    М.Әуезов
    5 / 5
    ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ, ПІКІРЛЕР

  • Жыраулар поэзиясының тақырыптары:Туған ел тағдырыАдамгершілік қасиеттерБатырл...

    10 слайд

    Жыраулар поэзиясының тақырыптары:
    Туған ел тағдыры
    Адамгершілік қасиеттер
    Батырлар өмірі, ерлік
    Бірлік, ынтымақ, достық
    Өмір, тіршілік

  • ТОЛҒАУДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ	Жыраулардың негізгі жанры - толғау. 
	Толғау...

    11 слайд

    ТОЛҒАУДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    Жыраулардың негізгі жанры - толғау.
    Толғау дегеніміз - қатты толғанысты, ауыр ойды, үлкен саяси - әлеуметтік дағдарысты баяндайтын батырлық және философиялық лирика.
    Толғау – заманындағы әлеуметтік ірі мәселелерді қамти алатын үгіт, дидактикалық өлеңдер. Жыраулар қоғамдық мәні бар үлкен-үлкен тақырыпты алады да, аз сөзге көп мағына сыйғызып, өмір құбылыстарын кеңінен шолады, онда жаңсақ ой болмайды. Толғауда ой желісі үзілмейді, пікірі тұтас, бір қазықтың айналасына түйіледі. Ой жүйесінде шашырандылық жоқ, кесек. Дауын да, шешуін де өзі айтады.

  • ЖЫРШЫ МЕН ЖЫРАУ	Жыршы – ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи,...

    12 слайд

    ЖЫРШЫ МЕН ЖЫРАУ
    Жыршы – ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи, ғашықтық жырларды айтып таратушы. Ірі өнерпаз жыршылар жырларды өзінше өңдеп не суырып салып шығарып та айтатын. Бұл жағынан қарағанда ерте кезден жыршының тұлғасы екі түрлі болған деп ұққан дұрыс. Біреулерінде қандайда қоғамдық-тарихи уақиғаны жырлап айту, суырып салып өлең шығару қабілеті айқын көрінсе, ал басқаларда шығарылған жырды жаттап, өзінше өзгертіп, өңдеп айту, орындаушылық шеберлігі басым болған. Жыршыны негізінде тек бұрыннан белгілі поэзиялық нұсқауларды айтушы, орындаушы деп санау кейінгі кезеңдегі жыршыларға қарап қалыптасқаны сөзсіз. Қазақ поэзиясында суырыпсалма шығармашылық кең өрістеген ертерек замандарда жырды шығарып айтушы мен дайын нұсқаларын орындаушы арасында ондай шек болмаған. Ауыз әдебиетінің бірталай ірі өкілдері – ақындар бір жағынан жыршы, жыр да шығарушы, айтушы болып келеді, ал өнері бәсеңдеген кездерде жырды көбінесе жаттап айту әдетке айнала бастаған. Алайда қай кезеңді айтсақ та, жыршылық өнері жыр айту өзгешелігі ауызша туу, даму заңдылықтарына негізделеді. Бір нұсқаны әр түрлі орындайды. Тіпті бір жыршының өзі де жырдың сөздерін бастан-аяқ дәл сол күйінде ешқашан қайталамайды. Сөзге шешендік пен ой өткірлігі елеулі міндет атқарады.
    Жырау – жыршы емес. Өйткені жыршының бәрі ақын бола бермейді. Өз жанынан еш нәрсе шығармай-ақ біреудің шығарғанын жаттап алып та жыршы атануы мүмкін.
    Жырау - әрі ақын, әрі шешен. Ең алдымен, ырғағы бар, ұйқасы бір белгілі өлшемге жататын өлеңді жыраулардың өздері шығаратын болуы шарт. Екіншіден, жыраудың сөздері терең мағыналы, сырты сұлу шешен сөздер, нақыл сөздер болып келуі керек. Үшіншіден, әлеуметтік өмірде кейінгілерге үлгі боларлықтай терең ойлы пікір айтуы қажет. Сонда ғана ол шын мәнісіндегі жырау атағына ие болады.

  • ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ	Жыраулар поэзиясы өзінің әлеумет...

    13 слайд

    ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    Жыраулар поэзиясы өзінің әлеуметтік, адамгершілік сарынымен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды. Олар сөз өнерін аса қадірлеген, биік санаған. Мысалы, Асан қайғы «таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады, Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады», - десе, Шалкиіз «Жақсылардың өзі өлсе де, сөзі өлмейді», - дейді. Олардың поэзиясы терме, толғау түрінде келеді. Шешендік өрнектері мол.
    Жыраулар толғауларын ауызша айтып шығарған, сондықтан ауыз әдебиеті шығармаларындағыдай қайталаулар ұшырасады, бір жырау толғауларындағы ой-өрнек екінші біреуінде де кездесіп отырады.
    Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне, ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер де аз емес, Арнау түріндегі сөз қолданыстар да баршылық Жыраулар да өз поэзиясында терең философиялық ойды бейнелеу үшін өлеңдерінің ұйқас, ырғақтарын сол мақсатқа орай алған. Оған бірнеше мысал келтірейік:
    Жабағылы жас тайлақ,
    Жардай атан болған жер.
    Жатып қалған бір тоқты
    Жайылып мың қой болған жер.
    (Қазтуған)
    Жырау туған жерге ыстық сезімін білдіру үшін, оқушы сүйіспеншілігін тудыру үшін «ж» дыбысын тамаша сөйлете білген.

    1 / 2

  • Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын...

    14 слайд

    Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. Шын көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен. Мысалы, Жиембет жырау:
    Еңсегей бойлы ер Есім, Ес білгеннен, Есім хан,
    Есім, сені есірткен, Қолыңа болдым сүйесін, -
    Есіл менің кеңесім,
    деп тәж-тағына есірген, Есім ханның қылығын ашу үшін «с» дыбысынан өрнек жасап сөйлеткен.
    Ақтамберді жырау сұрай арнау сияқты көркемдік тәсілді ұтымды пайдаланған. Оның «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауынан:
    Күмбір-күмбір кісінетіп Кіреуке тон киер ме екенбіз?!
    Күреңді мінер ме екенбіз... Төтелеп жүріп жол салып,
    Күдеріден бау тағып, Қолды бір бастар ма екенбіз?!–
    деген жолдар арқылы өлеңнің әсерлілік қуатын күшейткен әрі «к» дыбысын қайталай қолдану нәтижесінде өлеңнің саздылығын үдеткен. Жыраулар психологиялық синтаксистік параллелизмді де шеберлікпен қолданған. Мысалы:
    Уа, қарт Бөгембай! Ақбөкен келіп жығылар,
    Құяр жауын аспаннан,Алдын қазып орласа.
    Қара бұлт торласа. Пенденің бағы ашылмас,
    Пәлекет елде көбейер, Маңдайы қалың сорласа...-
    Жігітті жігіт қорласа.
    деп, Ақтамберді табиғат пен адам тағдырын жарыстыра, салыстыра бейнелей отырып, өлеңнің мән-мазмұнын тереңдеткен, әсерлі еткен. Мұнан жыраулар поэзиясының көркемдік сапасын айқын аңғаруға болады.
    2 / 2

  • АСАН ҚАЙҒЫДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ  ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУБҰҚАР    ЖЫРАУШАЛКИ...

    15 слайд

    АСАН ҚАЙҒЫ
    ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ
    АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ
    ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ
    БҰҚАР ЖЫРАУ
    ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ
    ЖЫРАУЛАР ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУ
    ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ
    2

  • АСАН ҚАЙҒЫ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫАсан қайғы
(ХҮ ғасыр)
	Асан қайғы атанып к...

    16 слайд

    АСАН ҚАЙҒЫ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Асан қайғы
    (ХҮ ғасыр)
    Асан қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы 1361-1370 жылдар аралығында Еділ бойында туса керек. Тарихи аңыздар Асанның әкесі саятшы екен дейді. Қазан төңкерісінен бұрын жасаған қазақ тарихшыларының еңбегіне қарағанда, Асан Алтын Орда ханы Ұлығ-Мұхамедтің ықпалды билерінің бірі болады. ХҮ ғасырдың 20 жылдарында Ұлығ-Мұхамед Ордадан қуылғанда Асан өз әміршісімен бірге кетеді. Көп ұзамай Қазанда билік құрған Ұлығ-Мұхамедтің ақылгөйлері қатарында болған ақын, хан өлген соң Дәшті-Қыпшаққа қайтып оралады. 1450 жылдарда Әбілхайыр ұлысындағы тартыс кезінде Керей, Жәнібек сұлтандарды жақтайды. 1456 жылы Шу алқабында Қазақ Ордасы құрылған кезде Асан жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады. Сірә, Асан қазақтардың бұрынғы Көк Орда жеріндегі үкімі артып, қазіргі Қазақстанның орталық және солтүстік-батыс алқабын қайтадан иеленген уақыты – 1465 жылы әлі тірі болса керек. Аңыздың айтуынша, ақын Сарыарқада – Ұлытауда дүние салыпты.
    1 /9

  • Асан - өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, одан қалған «таз...

    17 слайд

    Асан - өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, одан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек, бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен ірі сөз зергері, терең ойшыл ақын екенін танимыз. Асан атына «қайғы» деген сөз қосылуы да көп нәрсені аңғартады. Мұнан біз оның халық қайғысын, мұң-арманын, оның тағдырын ойлаумен өткен адам екенін аңғарамыз. Асан қайғы туралы халық аңыздары да оны желмаяға мінгзіп, еліне шұрайлы, жайлы қоныс, шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танытады. Асан ел тыныштығын армандаған.
    Мал баққан көшпелі елге керегі – бейбіт тіршілік. Бірақ ол кезде, жаугершілік, басқыншылық, соғыс құнарлы жер үшін ұрыс-қақтығыс жиі болып тұратын.
    Олар ел берекесін кетіріп, күйзеліске ұшыратқан. Жырау халық басына төнген осы ауыртпалықты көре білген.
    Асан қайғы «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің» деген Жәнібек ханға айтқан толғауында «Шабылып жатқан халқың бар, аймағын көздеп көрмейсің» деп күйзелген халқының қамын ойлау орынына «қымыз ішіп қызарып, масаттанып, қызып, өзінен басқа хан жоқтай елеуреп, бақ-дәрежесіне, мансабына мастанған» ханға батыл үн қатады. Жырау бұл жерде ханның мақтаншақ, парықсыз, ұшқалақ мінезін тамаша бейнелеген. Елінің қамын, ертеңін ойламаған ханға жырау «Ойыл көздің жасы еді... Ойылдан елді көшірдің, Жемде кеңес қылмадың, Жемнен де елді көшірдің... Еділ деген қиянға, Еңкейіп келдің тар жерге» деп нали тіл қатады.

    АСАН ҚАЙҒЫ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    2 /9

  • Асан қайғы ел, халық тағдырына, болашағына терең көз жібереді, қабырғасы қай...

    18 слайд

    Асан қайғы ел, халық тағдырына, болашағына терең көз жібереді, қабырғасы қайыса жыр төгеді, болжам жасайды. Жырау ханға:
    Тіл алсаң іздеп қоныс көр,
    Желмая мініп жер шалсам,
    Тапқан жерге ел көшір, - деп ақыл-кеңес береді. Онан әрі ханға:
    Аңдып жүрген көп дұшпан, Өз басына келеді.
    Елге жау боп келеді. Құлың кеп сені өлтірер,
    Құладын қуды өлтірсе, Осыны Асан біледі, - деп, жырау халық көтерілсе, хан басына ауыр күн туарын ескертеді.
    Ақылгөй жырау «ата жұрты бұқара» күшін жоғары бағалайды. «Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа» деп, елді бірлік-ынтымаққа шақырады. Жырда ғибрат өнеге аларлық парасатты ой түйіндері мол. Ол өз тұсындағыларға да, келешек ұрпаққа да биік адамгершілікті уағыздаған.
    Жыраудың: Ашу – дұшпан, артынан
    Түсіп кетсең қайтесің.
    Түбі терең қуысқа, - деп, шалдуарлық теріс мінездерден сақтандырады. Сол сияқты «Ердің құны болса да, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, бұрынғыны қуыспа», - деп, қайырымдылық, ерлік істерге жетелейді. Асан қайғының:
    Арғымаққа міндім деп Достарыңмен санаспа!
    Артқы таптан адаспа! Ғылымым жұрттан асты деп,
    Күнінде өзім болдым деп, Кеңессіз сөз бастама!
    Кең пейілге таласпа! Жеңемін деп біреуді
    Артық үшін айтысып, Өтірік сөбен қостама! – деген жолдарындағы өмір тәжірибесінен парасатты толғам-танымы, философиялық терең ойлары бүгінгілерге де үлгі-өнеге.
    3 /9

  • “Көлде жүрген қоңыр қаз» толғауындағы ғибратнамалық ойлары да тереңділігімен...

    19 слайд

    “Көлде жүрген қоңыр қаз» толғауындағы ғибратнамалық ойлары да тереңділігімен, парасаттылығымен таңдандырады.
    Асан жырлары тек өзінің мазмұнымен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды. Жырау поэзиясы толғау түрінде келеді. Ол өз жырларында синтаксистік параллелизмді шебер қолданған.
    Таза мінсіз асыл тас Су түбінде жатқан тас
    Су түбінде жатады. Жел толқытса шығады.
    Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатқан сөз
    Ой түбінде жатады. Шер толқытса шығады, - деген жолдардан мұны айқын аңғаруға болады. Жырау бұл тәсілді тек көркемдік үшін ғана қолданбаған, сол арқылы терең ой түйіндеген, сөз өнерінің қадірін білдірген: сөз жалаң дүние емес, адам жанының ішкі толғанысының, жан сырының көрінісі екенін тамаша өрнектеген. Ақын поэзиясы дыбыс үндестігіне құрылған.
    Ойыл деген ойынды,
    Отын тапсаң тойыңды...
    Елбең-елбең жүгірген
    Ебелек отқа семірген
    Екі семіз қолға алып,
    Ерлер жортып күн көрген... –
    деген жолдарда жырау көркемдік бұл тәсілде өз ойын айтып беру үшін ұтымды қолданған. Мұндай өрнекті «Қырында киік жайлаған» өлеңінен де кездестіреміз.
    4 /9

  • АСАН ҚАЙҒЫ. ТОЛҒАУЛАРЫ* * *
Таза мінсіз асыл тас                    
Су түбін...

    20 слайд

    АСАН ҚАЙҒЫ. ТОЛҒАУЛАРЫ
    * * *
    Таза мінсіз асыл тас
    Су түбінде жатады
    Таза мінсіз асыл сөз
    Ой түбінде жатады

    Су түбінде жатқан сөз
    Жел толқытса шығады
    Ой түбінде жатқан сөз
    Шер толқытса шығады

    * * *
    Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер,
    Аяғы жоқ, қрлы жоқ, жылан қайтып күн көрер!?
    Шыбын шықса жаз болып, таздар қайтып күн көрер,
    Жалаң аяқ балапан, қаздар қайтып күн көрер!?
    5 /9

  • *  *  *
Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан...

    21 слайд

    * * *
    Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,
    Айтқаныма көнбейсің.
    Шабылып жатқан халқың бар,
    Аймағын көздеп көрмейсің.
    Қымыз ішіп қызарып,
    Мастанып, қызып терлейсің,
    Өзіңнен басқа хан жоқтай
    Елеуреп неге сөйлейсің!?
    Қорған салдың бейнет қып,
    Қызметшің жатыр ішіп-жеп.
    ...Оны неге білмейсің?!
    Қатын алдың қарадан,
    Айрылдың хандық жорадан,
    Ел ұстайтын ұл таппас,
    Айрылар ата мұрадан
    Мұны неге білмейсің!?
    Құладын құстың құлы еді,
    Тышқан жеп жүнін, түледі,-
    Аққу құстың төресі
    Ен жайлап көлді жүр еді.

    Аңдып жүрген көп дұспан
    Елге жау боп келеді:
    Құладын қуды өлтірсе-
    Өз басыңа келеді!
    Құлың көп сені өлтірер,
    Осыны Асан біледі,
    Мұны неге білмейсің?
    ...Тіл алсаң іздеп қоныс көр,
    Желмая мініп жер шалсам,
    Тапқан жерге ел көшір,
    Мұны неге білмейсің!?
    ...Ай, Жәнібек, ойласаң,
    Қилы, қилы заман болмай ма,
    Суда жүрген ақ шортан
    Қарағай басын шалмай ма!?
    Мұны неге білмейсің!
    Хош-аман бол, Жәнібек,
    Енді мені көрмейсің!




    АСАН ҚАЙҒЫ. ТОЛҒАУЛАРЫ
    6 /9

  • АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚТЫ ІЗДЕГЕНІ7 /9

    22 слайд

    АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚТЫ ІЗДЕГЕНІ
    7 /9

  • Асан қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды, көкорай...

    23 слайд

    Асан қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді.
    Асан қайғы Маңғыстауға үш барып, үш қайтыпты:
    «Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас» депті.
    Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың ағашының әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс» депті.
    Осы күнгі Мерке жеріндегі Аспараны көргенде: «Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер!» деп жүріп кетіпті.
    Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай, қой семірмес» деп Асан қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.
    Әулиеатаның батысындағы Жуалы жерін көргенде: «Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер» депті.
    Қарсақбай аймағын көргенде (Жезқезған жері): «Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен. Жұртың ашықпас!» деп жүріп кетіпті.
    Шыңғырлау өзенін көргенде, Асан түсе қалып, Желмаясын суарады: «Жылқының өзі өскен жоқ. Шыңғырлау, сен құт болған екенсің! деп қонып кетіпті.
    Асан шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен. Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты.
    АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ЖЕРҰЙЫҚТЫ ІЗДЕГЕНІ
    8 /9

  • Асан ата бейіті Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты “Бәйгеқұмнан” бес...

    24 слайд

    Асан ата бейіті Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты “Бәйгеқұмнан” бес шақырым жерде тұр. Түбіне қойылған тақтада бұл ескерткіштің XVI ғасыр туындысы екендігі көрсетілген.
    АСАН ҚАЙҒЫ КҮМБЕЗІ
    9 /9

  • ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫҚазтуған жырау
(ХҮ ғасыр)
	Қазақ әдеби...

    25 слайд

    ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Қазтуған жырау
    (ХҮ ғасыр)
    Қазақ әдебиеті төлбасыларының бірі – Қазтуған жырау Сүйінішұлы шамамен ХҮ ғасырдың 20-30 жылдарында Еділ бойында, қазіргі Астрахань облысының Красный Яр қаласының маңында туады. Көшпенді шонжарлар әулетінен шыққан Қазтуған Еділдің салалары Аққұба, Бозан бойын жайлаған түркі тайпаларының рубасы көсемі, әскербасы батыры болады. Дәшті-Қыпшақта ХҮ ғасырдың ұзына бойына созылған бұлғақ кезінде оның кімдерді жақтағаны, не істегені белгісіз. Тек ғасырдың екінші жартысында өз қарауындағы руларымен бірге Еділден ауып, Қазақ Ордасының құрамына өткендігін білеміз. Сірә, бұл қазақтардың қазіргі Қазақстан жерінің орталық және батыс бөлігін түгелге жуық қайта иеленіп, біршама күшейген шағы, яғни 1460-1480 жылдардың арасы болса керек. Жыраудың бұдан соңғы өмірі туралы дерек сақталмаған.
    1 /3
    «Ноғайлынын зары»- Қазтуған

  • Ол өзін «Айдаса қойдың көсемі», «Сөйлесе қызыл тілдің шешені», «Буыршынның б...

    26 слайд

    Ол өзін «Айдаса қойдың көсемі», «Сөйлесе қызыл тілдің шешені», «Буыршынның бұта шайқар азуы», «Бидайықтың көл жайқаған жалғызы» деп таныстырады. Қазтуған жырау тайпалар көсемі, отты биі, әскербасы, орақ тілді шешен, арқалы ақын болған. Қазтуған жырларының арқауы – туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері. Оны ақын тебірене жырға қосады. «Салп-салпыншақ анау үш өзен. Салуалы менің ордам қонған жер», «Жабысы мен тайы тең, Жары менен сайы тең», «Ботташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай, Балығы тайдай тулаған, Шырмауығы шөккен түйе таптырмас, Балығы көлге жылқы қаптырмас, Сөйткен менің, Еділім» деп, Еділіне перзенттік қалтқысыз сезімін емірене өрнектейді. Ақын өз жырларында батырлықты, ерлікті, елдікті дәріптейді. Оның жырындағы:
    Балдағы алтын құрыш болат,
    Ашылып шапсам дем тартар,
    Сусыным қанға қанар деп,
    Азамат ердің баласы
    Жабыққанын білдірмес,
    Жамандар мазақ қылар деп, -
    деген жолдардан мұны байқау қиын емес. Өзі де қылышын «сары жүнге толтырған» батыр болған.
    ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    2 /3

  • ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ             *   *   *
Алаң да алаң, алаң жұрт
Ақал...

    27 слайд

    ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ
    * * *
    Алаң да алаң, алаң жұрт
    Ақала ордам қонған жұрт,
    Атамыз біздің бұ Сүйініш
    Күйеу болып барған жұрт,
    Анамыз біздің Бозтуған
    Келіншек болып түскен жұрт,
    Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,
    Кіндігімді кескен жұрт,
    Кір-қоңымды жуған жұрт,
    Қарағайдан садақ будырып,
    Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
    Жанға сақтау болған жұрт.
    Салп-салпыншақ анау үш өзен,
    Салуалы менің ордам қонған жер,
    Жабағылы жас тайлақ
    Жардай атан болған жер,
    Жатып қалып бір тоқты
    Жайылып мың қой болған жер,
    Жарлысы мен байы тең,
    Жабысы мен тайы тең,
    Жары менен сайы тең,
    Ботташығы бұзаудай,
    Боз сазаны тоқтыдай,
    Балығы тайдай тулаған,
    Бақасы қойдай шулаған,
    Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
    Балығы көлге жылқы жаптырмас,
    Бақасы мен шаяны
    Кежідегі адамға
    Түн ұйқысын таптырмас.
    Қайран менің Еділім,
    Мен салмадым, сен салдың,
    Қайырлы болсын сіздерге
    Менен қалған мынау Еділ жұрт!...



    3 /3

  • ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫДоспамбет жырау
(ХҮІ ғасыр)
	Доспамб...

    28 слайд

    ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Доспамбет жырау
    (ХҮІ ғасыр)
    Доспамбет жырау ХҮ ғасырдың 90 жылдарының орта шенінде Азау қаласында туады. Сол кезде Донның төменгі ағысын, Азау маңын мекендеген Кіші Орданы билеуші әскери шонжарлар тұқымынан шыққан болашақ жырау заманы мен ортасының талабына сай тамаша тәрбие алып өскен сияқты. Доспамбеттің бүкіл Дешті-Қыпшақты жақсы білгені, Стамбұл мен Бақшасарайда да болғаны, сахара тұрмысымен қатар мұсылман кенттерінің жайына да қаныққаны аңғарылады. Өз заманындағы талай әскери жорыққа қатысқан жауынгер жырау туыстас түркі тайпаларының арасындағы көп қырқыстың бірінде, 1523 жылдың бас кезінде Астрахань түбінде қаза табады. Өмірмен қоштасқан сәтінде Доспамбеттің жасы әлі отызға да толмаған еді.

    1 /4
    «Толғау»- Доспамбет

  • ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ	Доспамбет өз заманында жақсы тәрбие...

    29 слайд

    ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Доспамбет өз заманында жақсы тәрбие алған, парасатты білгір адам болған.
    «Азаулының Стамбулдан несі кем» деген жолдарына қарағанда Доспамбеттің көргені, білгені көп, білімді адам екенін аңғарамыз.
    Өз толғауларында ақын өзін «Ер Доспамбет» деп әр тұста таныстырып отырады. Демек, ол «астына қарт күреңді мініп», «болат қылыш асынып» жаумен талай шайқасқан батыр жігіт болған. Ол «күңіреніп күн түбіне жортқан», «садақ толған сайгез оқ өткеріп», «арғымақтың талдай мойнын талдырып» көп жорықтарға бастаған. Сол жорық шайқастарда батыр басына талай қауіп-қатер төнген. Оқ тиіп өлім аузынан қайтқан. Ол жайында ақын:
    Айдаметке оқ тиді, Жара бір қатты, жан тәтті,
    Отыз екі омыртқаның буынынан. Жара аузына қан қатты...
    Зырлап аққан қара қан, Жағдайсыз жаман қалып барамын,
    Тиылмайды жонның уақ тамырдан... Жанымда бір туғанның жоғынан,
    - деп, сол бір қатерлі шақты бейнелеген.
    Доспамбет «Айналайын Ақ жайық» деп, туған Жайығын, бетегелі Сарыарқасын, елін, жерін шексіз сүйген:
    Екі арыстан жау шапса, Бетегелі Сарыарқаның бойында,
    Оқ қылқандай шаншылса... Соғысып өлген өкінбес!
    – деген жолдардан жыраудың еліне, жеріне перзенттік ыстық сезімін тану қиын емес. Ақын «Еділдің бойын ен жайлап, шалғынға бие біз байлап, орындықтай қара сабадан бозбаламен күліп-ойнап қымыз ішер күн қайда?» - деп, сол еліне тыныштық, бейбіт күн іздер шақты армандайды.
    2 /4

  • ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ   *  *  *
   Қоғалы көлдер, қом сулар
   Қоныста...

    30 слайд

    ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ
    * * *
    Қоғалы көлдер, қом сулар
    Қоныстар қонған өкінбес.
    Жұпарын қардай боратып,
    Арулар құшқан өкінбес.
    Торы төбел ат мініп,
    Той тойлаған өкінбес.
    Құрама шапшақ көп қымыз
    Құйып ішкен өкінбес.
    Екі арыстан жау шапса,
    Оқ қылқандай шаншылса,
    Қан жусандай егілсе,
    Аққан судай төгілсе,
    Бетегелі Сарыарқаның бойында
    Соғысып өлген өкінбес!

    * * *
    Тоғай, тоғай, тоғай су,
    Тоғай қондым, өкінбен,
    Толғамалы ала балта қолға алып,
    Топ бастадым, өкінбен,
    Тобыршығы биік жай салып
    Дұспан аттым, өкінбен,
    Туған айдай нұрланып
    Дулыға кидім, өкінбен,
    Зерлі орындық үстінде,
    Ақ шымылдық ішінде
    Тұлымшағын төгілтіп,
    Ару сүйдім өкінбен,
    Өкінбестей болғанмын,
    Ер Мамайдың алдында
    Шаһид кештім өкінбен!...
    3 /4

  • *   *   *
   Айналайын Ақ Жайық,
   Ат салмай өтер күн қайда!
   Еңісі биі...

    31 слайд

    * * *
    Айналайын Ақ Жайық,
    Ат салмай өтер күн қайда!
    Еңісі биік боз орда
    Еңкейе кірер күн қайда!
    Қара бұлан терісін
    Етік қылар күн қайда!
    Күдеріден бау тағып,
    Кіреуке киер күн қайда!
    Күмбір, күмбір кісінетіп
    Күреңді мінер күн қайда!
    Толғамалы ақ балта
    Толғап ұстар күн қайда!
    Алты құлаш ақ найза
    Ұсынып шаншар күн қайда!

    Садақ толған сайгез оқ
    Масағынан өткеріп,
    Басын қолға жеткеріп,
    Созып тартар күн қайда!
    Кет-Бұғадай билерден
    Кеңес сұрар күн қайда!
    Еділдің бойын ел жайлап,
    Шалғынына бие біз байлап,
    Орындықтай қара сабадан
    Бозбаламен күліп, ойнап,
    Қымыз ішер күн қайда!





    ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ
    4 /4

  • ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ	Қазақ жыраулық поэзиясының атасы – Ша...

    32 слайд

    ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Қазақ жыраулық поэзиясының атасы – Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 жыл шамасында Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жыраудың әкесі, сірә, сахара феодалдарының бірі болса керек, ал шешесі кейін Кіші жүздің ұйтқысы болған, орыс деректерінде Сыртқы Орда (Заяицкая Орда) аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы екен. Болашақ жырау үш айлығында анасынан айырылады да, нағашы әжесінің қолына беріледі. Сөйтіп, Шалкиіздің Дәшті-Қыпшақ жерін жайлаған түркі руларының бірінен екіншісіне көшкен бір ғасырға жуық сапары жөргектен басталады. Мұсылманша жақсы білім, сахара салтымен тамаша тәрбие алған Шалкиіз қай атырапта өсіп, ер жетті – бұл жағы белгісіз. Тек айдынды аламан ғана емес, арқалы жырау ретінде де даңқы шыққан Шалкиізді 1490 жылдарда Ноғайлы әміршісі Темір бидің төңірегінен көреміз. Шығармаларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскери жорықтар сапында, бірде әміршісінің нөкері қатарында Қырым, Терістік, Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шығады. Алайда, тәкаппар жырау Темірмен үнемі жарастық таба бермеген. Темір өлгеннен соңғы жерде жырау (тәрізі, осы уақытқа дейін өзімен қырбай болып жүрген) Мұса ұрпақтарымен табысады. Өз заманындағы саяси күрестердің ешқайсысынан сыртқары қалмаған Шалкиіз Ноғайлыда ХҮІ ғасырдың 40 жылдары басталған Жүсіп пен Исмайылдың әйгілі тартысы кезінде Жүсіп партиясын жақтайды. Алайда, дұшпандары тарапынан қуғынға, достары тарапынан күндеуге ұшыраған жырау көп ұзамай нағашыларымен біржола араздасып, Қазақ Ордасына қайта өтеді. Шалкиіз бір ғасырға жуық жасап, 1560 жылдарда қайтыс болды деп шамаланады.
    1 /5

  • ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ	Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясы...

    33 слайд

    ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясындағы орны – ерекше. Ол әйгілі ақын болған. Өз жырларында өмірге терең көз жіберген, аталы ғибратнамалық сөз қалдырған. Шалкиіз талай жорықтарға қатынасқан. Оның жырларынан ерлік сарыны айқын сезіледі. Ол «Дулығамның төбесі туған айдай болмаса, Батыршылық сүрмен-ді», «Дулығалы бас кескен, Ерлердің алдаспаннан игі қолы болар ма!» деп, батырлықты жоғары бағалаған. Елін жауынан, дұшпанынан тек «жалаңаш барып жауға тиер» ер ғана қорғай алады деген түйін жасайды. «Батыр жігіт қол бастар» деп, ерлікті, батырлықты жырына ту еткен.
    Жырау жырларында адамгершілік жайында толғаныстар мол. Ол адамды жақсылыққа сүйсіндіріп, жамандықтан бездірген. Ақын жақсы деген не, ізгілік, парасаттылық неде, адамгершілік қасиет адамның қандай әрекет, қылық-мінезінен көрінеді, міне осы тақырыпта жыр толғаған, ұрпағына өсиет қалдырған. Ақын жырындағы сол тақырыптарға байланысты жолдар парасаттылық ой тереңдігімен ерекшеленеді. Онда ақын жастарға адал достыққа қалтқысыз жолдастыққа үндеген. Осы бір пікірлер – оның жырының өзегі.
    Ақын өз ойын жақсы мен жаманды, жарық пен күңгіртті салыстыра өрнектейді.
    Бір жақсымен дос болсаң, Күндердің күні болғанда
    Азбас-тозбас мүлкі етер. Жімле ғаламға күлкі етер,-
    Бір жаманмен дос болсаң,
    десе, енді бірде:
    Ағайынның ішінде Қаңқалаған көп жаман,
    Бір жақсысы бар болса, Сол жақсыны көре алмас,-
    деп, сол ойын әрі қарай тереңдете жалғастырады. Ақын бұл жерде салыстыру әдісін қолданған.
    2 /5

  • Шалкиіз жырының басты тақырыптарының бірі – ел бірлігі, ынтымағы. Өйткені «Б...

    34 слайд

    Шалкиіз жырының басты тақырыптарының бірі – ел бірлігі, ынтымағы. Өйткені «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деп, халық даналығы айтқандай, жырау да ел бүтіндігі бірлікке байланысты екенін терең ұққан. Сондықтан да ол «Малыңды бер де, басың қос. Басыңды қос та, бек сыйлас», «малыңды бер де, басың қос, бір күні болар керегі», «есендікте малыңды бер де, батыр жи, басыңа қыстау іс түссе, дұшпанның қолы жете алмас» деген тілек айтады. Ақын жамандықтың бір белгісі опасыздық деп біледі, опасызға сыр айтуға болмайды, дұшпаныңа ұстап береді, тұрақтылық жоқ, ел алдында ол жақсының «дәйім бетін қара етер, қор етер» деп түйеді. Демек, ақын пиғылы жаман жаннан без, аулақ бол деген ғибрат айтады. Жырау ел билейтін басшының қауым, әлеумет өміріндегі орнын да дұрыс бағалай білген.
    Алтау болар, бес болар,
    Ішінде абаданы бір болар.
    Абаданынан айырылса,
    Олардың һәр біреуі
    Әрбір итке жем болар...
    Ал сол ел билейтін адам қандай болу керек дегенге, жырау «ғаділ төре ел бастар» деп ел тағдыры, болашағы әділ басшыға байланысты деп даналық ой түйген. Өмір диалектикасын терең пайымдаған жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауында дүние үнемі өзгерісте болатынын, өмірдің бір қалыпта тұрмайтындығын айтып, «мынау жалған дүние кімдерден кейін қалмаған» деп болашақ ұрпаққа өмірден аларыңды алып, береріңді беріп қал деген ой айтады.
    ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    3 /5

  • ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ                    *  *  *
Қоғалы көлдер, қом сула...

    35 слайд

    ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ
    * * *
    Қоғалы көлдер, қом сулар,
    Кімдерге қоныс болмаған,
    Саздауға біткен қара ағаш,
    Кімдерге сайғақ болмаған.
    Жағына жалаң жібек байлаған
    Арулар кімнен қалмаған.
    Жағы түкті жылқы айуан
    Иесін қайда жаяу салмаған.
    Жалп-жалп еткен жапалақ
    Жазыда кімге жолдас болмаған.
    Сар шыпшықтай шырлатып
    Ғазырейіл кімдерге құрық салмаған,
    Сақалына сары шіркей ұялап,
    Миығына қара шыбын балалап,
    Жазыда мал іздеген қазақтың
    Басы қайда қалмаған.
    Күлелік те ойналық,
    Киелік те ішелік,
    Мынау жалған дүние
    Кімдерден кейін қалмаған!!!
    * * *
    Асқар, асқар, асқар тау,
    Асқардан биік тау болмас,
    Басына балапан шарлап ұшып қона алмас,
    Бүркіттен қыран құс болмас,
    Баулуы жетпей бөрі алмас.
    Бидайықтан алғыр құс болмас
    Бұйырмаса екеу түгіл бір де алмас.
    Сұңқардан сұлу құс болмас,
    Қауырсыны қатпай ұша алмас.
    Ағайынның ішінде
    Бір жақсысы бар болса,
    Қоңқалаған көп жаман
    Сол жақсыны көре алмас.
    Сол жаманның басына
    Қиын-қыстау іс келсе,
    Бағанағы жақсысын
    Қос арғымағын қолға алып
    Күнінде іздесе де таба алмас.


    4 /5

  • ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ                    *  *  *
Алаштан байтақ озбаса,...

    36 слайд

    ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ
    * * *
    Алаштан байтақ озбаса,
    Арабыдан атты сайлап мінбен-ді!
    Күлікке тастай болып тимесе,
    Үстіме көбе сайлап кимен-ді!
    Күмістен екі қолтық жоқ болса,
    Сыпайшылық сүрмен-ді!
    Алғаным ару болмаса,
    Алдыма алып сүймен-ді!
    Дулығамның төбесі
    Туған айдай болмаса,
    Батыршылық сүрмен-ді!!
    * * *
    Туырлықсыз қара үйге
    Ту байламақ не керек!
    Туғаны жоқ жалғызға
    Көп ішінде суырылып,
    Жауға шаппақ не керек!
    * * *
    Шығырмақ бұлт жай тастар,
    Ағытқан қойды жол бастар,
    Ақ желкенді жел бастар,
    Ғадыл төре ел бастар,
    Батыр жігіт ел бастар,
    Шешен адам сөз бастар.
    Құсты жисаң бүркіт жи,
    Қыс тоныңды түұлкі етер,
    Бір жақсымен дос болсаң,
    Азбас, тозбас мүлкі етер,
    Бір жаманмен дос болсаң,
    Күндердің күні болғанда,
    Жімле ғаламға күлкі етер.

    * * *
    Алып, алып, ал сақын,
    Аңдып жүрген дұспандан жүз сақын,
    Күле, кіре күңіреніп
    Шыққан достан мың сақын!
    5 /5

  • АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫАқтамберді жырау
(1675-1768)
	Ақтам...

    37 слайд

    АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Ақтамберді жырау
    (1675-1768)
    Ақтамберді жырау Сарыұлы 1675 жылы Оңтүстік Қазақстанда, Қаратау бойында ауқатты жанұяда дүниеге келеді. Болашақ жырау жамағайын туысы Бердіке деген батырдың қолында өседі. Ақындық талантын тым ерте, 10-11 жасында танытқан Ақтамберді 17 жасынан бастап қазақтардың Орта Азия хандықтарымен арадағы соғыстарына қатынасады. Өзінің жанкешті ерлігімен, ақыл-айласымен көпке танылады. Талай рет өлім аузынан қалады. Бірде, тіпті, жортуылда жау қолына түсіп, өлім жазасы орындалар қарсаңда ғана қашып құтылады. 1723 жылы қазақтар ойраттардан ойсырай жеңіліп, бүкіл оңтүстік және шығыс аймақтан айрылған шақта Ақтамберді атақты батыр, Орта жүздің рубасы ақсақалдарының бірі еді. Батыр жырау өзінің белсенді ісімен де, жалынды жырымен де жоңғарға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бел ортасында болады, қазақ жасағының алдыңғы сапында шайқасады. Жоңғар мемлекеті біржола талқандалып, жаудан босаған шығыс бетке қайта қоныстану кезінде Ақтамберді қазақ руларын атамекенге біржола орнықтыру ісінде де зор қызмет атқарады. Батыр жырау 93 жасында, 1768 жылы қайтыс болады. Жыраудың жартылай құлаған күмбезі қазір Семей облысы, Абай ауданы, «Жданов» совхозының шегіндегі Жүрек Жота деген төбенің басында тұр.
    1 /5
    «Толгау»- Актамберді

  • АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ	Ақтамберді жырау басынан талай қил...

    38 слайд

    АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Ақтамберді жырау басынан талай қилы-қилы кезеңдерді кешіреді. Қолына желекті найза ұстап та жаулармен шайқастарға қатынасады, ерлік көрсетеді. Сол шайқастардың бірінде жау қолында қалып, өлім аузынан қайтады. Ойраттармен арадағы соғыста өзінің асқан ерлігімен де, жалынды жырымен де көзге түседі, қазақ жерін жаудан аман алып қалуда ерен қызмет көрсетеді. Ақтамберді өз басынан кешірген сол қиын сәттерді жыр-толғауларында өрнектеген. Ақынның:
    Жапанға біткен терекпін, Балталасаң да айрылман,
    Еңсемнен жел соқса да теңселмен. Сыртым – құрыш, жүзім – болат
    Қарағайға қарсы біткен бұтақпын, Тасқа да салсаң майрылман!- деген жолдардан оның ерлік, батырлық қасиетін әрі қайсар мінезін қапысыз танимыз. Ақын өзінің бар өмірін елі, халқына, оның елдігін, бүтіндігін сақтап қалу жолына арнаған. Жыраудың «ел-жұртты қорғайлап өлімге жүрміз бас байлап» деген жолдарынан мұны айқын аңғарамыз. Ақтамберді өз толғауларында ерлікті, батырлықты жырлаған. Өйткені елдің елдігін сақтар, оны сыртқы жаудан қорғар – батыр ұлы. Ақынның әйгілі Бөгембай батырға жыр арнауы да осыған байланысты. Ол жігіттің жігіттігі де қанды шайқаста сыналады деп біледі.
    Ел шетіне жау келсе, Батырсынған жігіттің
    Алдына, сірә, дау келсе Күшін сонда сынаса!- деп жігіттің сыналар шағы осындай қиын-қыстау кезінде деген тұжырым жасайды.

    2 /5

  • АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ	Көшпелі қазақ тіршілігінде жылқыны...

    39 слайд

    АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Көшпелі қазақ тіршілігінде жылқының алар орны бөлек. Ол сауса сусын, сойса азық. Жорықта ер қанаты, серігі. Ақтамберді жырында жылқы малының осы қасиет-қадірі ерекше жырланған. Ол «Биенің сүті сары бал, Қымыздан асқан ас бар ма, Жылқыдан асқан мал бар ма, Кермеде тұлпар бусанса» деп жылқы малын аса дәріптейді. Ақтамберді сол жылқының сипатын «От басар орны отаудай» өлеңінде тамаша өрнектеген. Сондай «табаны жалпақ тарланды» ер қанаты, серігі тұлпарды армандаған.
    Ақтамберді жыраудың толғауларынан еліне, халқына сүйіспеншілігі айқын сезіледі. Ол: Кеуде бір жерді жол қылсам Құрап жанды көп жиып
    Шөлең бір жерді көл қылсам Өз алдына ел қылсам!- деп, халқының басын құрап ел етуді армандаған.
    Жырау «Күмбір-күмбір кісінетіп» деген толғауында:
    Әділ туған жақсыға Тізесін қисық бұрмаса,
    Екі даугер жүгінер, Әділдігі білінер,- деп ер азамат бойынан қара қылды қақ жарған, теріске бұрмас әділдікті, жоғары адамгершілікті көргісі келген.
    Жырау халық тағдырын терең ойлаған. Ол елдің ел болып, жұрт болуын ел басқарған әкімдердің әділдігімен байланыстырған.
    Халқы тозып кеп болмас,
    Әділ болса ұлығы,- деген жолдарда сол ойын нақтылай айтқан. Ақын «Балаларыма өсиет» өлеңінде кейінгі ұрпаққа бірлікте, татулықта, ынтымақта болуды уағыздаған. Ақтамберді жыраудың «Ел аман болсын лайым» деген жолдарынан да оның еліне сүйіспеншілік сезімі қапысыз танылады.
    3 /5

  • АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ             * * *
 Жағалбай деген ел болар,
 Жа...

    40 слайд

    АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ
    * * *
    Жағалбай деген ел болар,
    Жағалтай деген көл болар,
    Жағалтайдың жағасы
    Жасыл да байтақ ну болар.
    Атадан алтау туғанның
    Жүрегінің бастары
    Алтынменен бу болар.
    Атадан жалғыз туғанның
    Жүрегінің бастары
    Сары да жалқын су болар,
    Жалғыздық сені қайтейін!...

    * * *
    Дұшпаннан көрген қорлығым
    Сары су болды жүреккке.
    Он жетіде құрсанып,
    Қылыш ілдім білекке.
    Жауға қарай аттандым
    Жеткіз деп құдай тілекке!
    * * *
    Еділ, Жайық екі өзен,
    Талсыз болар деймісің,
    Көкшетаудың көп көлі
    Елсіз болар деймісің.
    Ботакөзді бойжеткен
    Жарсыз болар деймісің,
    Абылай қонған кең қоныс
    Елсіз болар деймісің.
    Еркін жайлап қон,ан соң,
    Малсыз болар деймісің,
    Тұлпар туған құлыншақ
    Ерсіз болар дейісің,
    Тебінген тепкі тиген соң
    Терісіз болар деймісің.
    Алқынға арын баспайтын
    Өрсіз болар деймісің,
    Орын тапқан ер жігіт
    Жерсіз болар деймісің,
    Орда тігіп орнаса
    Торсыз болар деймісің!
    4 /5

  • * * *
Күлдір де күлдір кісінетіп,
 Күреңді мінер ме екеміз,
Күде...

    41 слайд

    * * *
    Күлдір де күлдір кісінетіп,
    Күреңді мінер ме екеміз,
    Күдеріден бау тағып,
    Ақ кіреуке киер ме екеміз!
    Жағасы алтын, жеңі жез,
    Шығыршығы торғай көз
    Сауыт киер ме екміз!
    Ор қояндай жүгінтіп,
    Аш күзендей бүгілтіп,
    Жолбарыстай шұбарды
    Таңдап мінер ме екеміз!
    Сол шұбарға мінген соң,
    Қоңыраулы найза қолға алып,
    Қоңыр салқын төске алып,
    Қол төңкерер ме екеміз.
    Жалаулы найза жанға алып,
    Жау қашырар ма екеміз!
    АҚТАМБЕРДІ ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ
    Тобыршықты әндіген
    Толтыра тартар ма екеміз.
    Тобылғы түбі құралай,
    Бытыратып атар ма екеміз!
    Жарлауға біткен жапырақ-
    Жамылсақ тоңар ма екеміз.
    Жазыққа біткен бүлдірген –
    Сұғынсақ тояр ма екеміз!
    Тобылғы сапты қамшы алып,
    Тұмар мойын ат мініп,
    Қоныс та қарар ма екеміз!
    Ел жазылып жайлауда
    Жақсылар кеңес құрғанда
    Мұртымыз өрге шаншылып,
    Бұрын да сөйлер ме екеміз!
    5 /5

  • ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫЖиембет жырау
(ХҮІІ ғасыр)
	Жиембет жы...

    42 слайд

    ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Жиембет жырау
    (ХҮІІ ғасыр)
    Жиембет жырау Бортоғашұлы ХҮІ ғасырдың соңғы ширегі, ХҮІІ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүреді. Алшын руын ежелден билеген ірі феодалдар тұқымынан шыққан Жиембет еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы батыры қызметін атқарады. Есімнің көрші хандықтармен арадағы соғыстарына қатысады, ерлігімен, іскерлігімен танылады. Жиембет әсіресе 1620 жылы ойраттармен арада шыққан соғыста қазақтардың жауды ойсырата жеңуіне мұрындық болады. 1627 жылы Қазақ Ордасы құрамынан бөлініп, өз алдына тәуелсіз хандық құрғысы келген Ташкент ханы Тұрсынның көтерілісін басу кезінде де Жиембет елеулі рөл атқарады. Алайда, көп ұзамай-ақ отарлық үкіметке сөз жүзінде ғана бағынып, Кіші жүзде дербес билік құра бастаған Жиембеттің өзі де ханның қаһарына шалынады. Жыраудың інісі Жолымбеттің өзін де өлтіреді. Жырау ойраттармен шекара шығыс бетке айдалады. Бір деректерге қарағанда, Жиембет сол айдауда өледі, енді бір деректердің айтуынша, жырау 1643 жылы Есім хан дүниеден көшкен соң туған жеріне қайтып оралады.
    1 /4

  • ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ	Жиембет жырау әрі әскербасы, әрі әйгі...

    43 слайд

    ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Жиембет жырау әрі әскербасы, әрі әйгілі ақын болған. Қазақ жерін жаудан қорғауда талай ерлік көрсеткен. Ақын поэзиясынан оның ерлік, өрлік мінезі, ерен батырлығы айқын көрінеді. Жырау өлеңдеріндегі:
    Менімен, ханым, ойнаспа, Жылқыдағы асау тайыңдай,
    Менің ерлігімді сұрасаң. Беріктігімді сұрасаң,
    Жолбарыс пенен аюдай, Қарағай менен қайыңдай...-
    Өрлігімді сұрасаң,
    деген жолдар соған кепіл.
    Жиембет алған бетінен қайтпайтын өжет, қайсар жан болған. Хан-әкімдерге бас имеген. Айтарын батыл айтқан, бас кетер деп, тіл тартпаған, бүкілшіл қанішер ханның теріс, жауыздық мінезін әшкерелеген, қаhарынан қорықпаған.
    Әмірің қатты Есім хан, Қанын ішіп қанбаққа
    Бүлік салып бұйырдың. Жанын отқа салмаққа...
    Басын бер деп батырдың Хан ие ісің жол емес,-
    деп қалың еліне арқа сүйеген батыр ханға өктем сөйлейді. Жырау бейбіт күнде батырсынған ханның «Қалмақтың Бәрі ханы келгенде, «соқыр бурыл байталға жайдақ мінгенсің», «тас қалаға жан сақтап», бас сауғалаған жүрексіз, қорқақ мінезін әшкерелейді. Сол опасыз хан қылығына зығырданы қайнай, ызалы күн көтереді. «Арқаға қарай көшермін, алашыма ұран десермін, ат құйрығын кесермін» деп, қайсар мінезінен батыр еш қайтпайды.

    2 /4

  • ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ	Жыраудың туған жеріне шынайы сүйіспен...

    44 слайд

    ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Жыраудың туған жеріне шынайы сүйіспеншілігі оның толғауларында айқын көрінген. «Ханға қарсы тұрам деп» елінен айдалған батыр Жиембет:
    Қайрылып қадам басарға
    Күн болар ма екен мен сорға
    Өзен, Арал жерлерім?
    Қиядан қолды көрсеткен
    Төбеңе шығар күн бар ма,
    Жотасы биік Дендерім?!-
    деп шер төгеді, солардың бір көруді армандайды. Демек, жырау елі, жері үшін емірене ерлік жыр төккен, сол елдің елдігі, бүтіндігі жолында жырымен де, ерлігімен де қызмет еткен.
    3 /4

  • ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ               * * * 
   Қол-аяғым бұғауда,
   Тары...

    45 слайд

    ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ
    * * *
    Қол-аяғым бұғауда,
    Тарылдым байтақ кең жерім!
    Арманда болып барамын,
    Қоштасуға аял жоқ,
    Қалқаман, Шолан ерлерім!
    Қайрылып, қадам басарға
    Күн болар ма мен сорға,
    Өзен, Арал жерлерім?!
    Қиядан қолды көрсеткен
    Төбеңе шығар күн бар ма,
    Жотасы биік Дендерім?!
    Қайрымсыз болған хандарға
    Тиер ме екен бір күні
    Жолбарыстай шеңгелім!

    * * *
    Басы саудың түгел-дүр
    Толған тоғай малы-дүр.
    Тоқтамай соққан толағай
    Толастар мезгіл жеткей-дүр.
    Керегеге ілінген
    Шабылмаған семсер тұр,
    Жаудан алмай кегімді,
    Есіл де өмір өткен құр.
    Азап шектім аралда
    Ханға қарсы тұрам деп,
    Түн ұйқымды бөлгенмін,
    Жұртымды жөнге салам дкп.
    Бас кессе де басылмай,
    Ақ ісімді жасырмай,
    Атқа мінген ер едік,
    Қашырды бүйтіп елімнен
    Күйеуден безген қатындай.
    4 /4

  • ҮМБЕТЕЙ  ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫҮмбетей жырау
(1706-1778)
	Үмбетей жыр...

    46 слайд

    ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Үмбетей жырау
    (1706-1778)
    Үмбетей жырау 1706 жылдар шамасында туады. Болашақ жыраудың әкесі Тілеу – қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билердің шешендік сөздері мен нақылдарын жақсы білетін шежіреші, сонымен қатар халықтың музыка мұрасына да жетік дәулескер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі мектебі - өз әкесі және сол іспеттес көненің көздері арқылы алған дәріс болады. Ақындық қабілеті ерте байқалған Үмбетей өз ауылдастарының, кейде, тіпті, ағайын-туғандарының теріс істерін әшкерелеген өткір тілді өлеңдер авторы ғана емес, ескі эпикалық жырлардың білгірі ретінде де танылады. Алайда өзіне көне жырауларды үлгі тұтқан Үмбетей уақыт оза келе философиялық-дидактикалық толғауларға ден қояды. Сонымен қатар сырт жаулармен күресте аты шыққан батырларды мадақтау да жырау өнернамасындағы өзекті тақырыптардың біріне айналады. Және осы реттегі жырлары Үмбетейге үлкен даңқ әкеледі. Үмбетей 1778 жылы қазіргі Ақмола облысының Ерейментау ауданында қайтыс болады.
    1 /4

  • ҮМБЕТЕЙ  ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ	Үмбетей жырау – дидактикалық поэзияны...

    47 слайд

    ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Үмбетей жырау – дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Оның осы жолдағы алғашқы ұстазы - өз әкесі. Ол халықтың ауыз әдебиетін, ән өнерін жақсы білген, ел тарихына өте қанық адам болған. Сонан соң халық шежірелерінен, шешендік сөздерінен, халық дастандарынан көп тағлым алған.
    Үмбетей жырау елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» атты толғауларында ол Бөгембай бастаған халық батырларын дәріптеген. «Қашпаған қандай ұрыстан» қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгембай батырдың ерлік бейнесін тамаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке, «темір жұмсап, ол атқан қорғасынға» балайды, «болмашыдай анадан болат тудың, Бөгембай» деп, қастерлейді. Атамекенін жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан-байтақ жерін Баянауыл, Қызыл тау, Абралы, Шыңғыстау – бүкіл Сарыарқа атырауын қалмақтардан аман алып қалған Бөгембай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды. Үмбетей: Қалмақты қуып қашырдың, Ақшәуілге қос тігіп,
    Қара Ертістен өткізіп. Ауыр қол жидырып алдырдың,
    Алтай тауға асырдың! Қалмаққа ойран салдырдың,- деп, халқына Бөгембайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді. Жырау тек Бөгембайды ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы батырлардың – Қаракерей Қабанбайдың, қаз дауысты Қазыбектің, Керейде батыр Жәнібектің, Сары, Баян мен Сағымбайдың ерліктерін де өлең жолдарына қосқан.
    Үмбетей жырау «Бәкеге», «Жауқашқарға» өлеңдерінде жаман қылықтардан сақтандырған, жақсы қылыққа, адамгершілікке, адалдыққа үндеген.
    2 /4

  • ҮМБЕТЕЙ  ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ	Бөгембай өліміне
Уа, Алатаудай Ақшадан
Асыл тудың,...

    48 слайд

    ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ
    Бөгембай өліміне
    Уа, Алатаудай Ақшадан
    Асыл тудың, Бөгембай!
    Болмашыдай анадан
    Болат тудың, Бөгембай!
    Қалақайлап дулатқан,
    Қалдамандап шулатқан,
    Қалмақты алдың, Бөгембай!
    Құбыла көшкен байтақтың
    Ордасындай Бөгембай!
    Темір жұмсап, оқ атқан
    Қорғасындай Бөгембай!
    Қолтығы ала бұғының
    Пәйкесіндей Бөгембай!
    Жалаңқия жерлерден
    Жазбай түсіп түлкі алған,
    Білегі жуан бүркіттің
    Тегеурініндей Бөгенбай!

    Баянауыл , Қызылтау,
    Абыралы Шыңғыстау,
    Қозы Маңрақ, Қой Маңрақ
    Арқасы толған көп қалмақ;
    Қалмақты қуып қашырдың,
    Қара Ертістен өткізіп,
    Алтай тауға асырдың!
    Ақ Шәуліге қос тігіп
    Ауыр қол жидырып алдырдың;
    Қалмаққа ойран салдырдың,
    Қабанбай мен Бөгенбай
    Арғын менен Найманға
    Қоныс қылып қалдырдың!
    3 /4

  • ҮМБЕТЕЙ  ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ	Бұқарға
Үй сыртында ақра тау,
Панасы жоқ болса,
Бұ...

    49 слайд

    ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ
    Бұқарға
    Үй сыртында ақра тау,
    Панасы жоқ болса,
    Бұл шіркіннің несі тау.
    Кетеген болса түйең жау,
    Тебеген болса биең жау,
    Ұрысқақ болса ұлың жау.
    Үйіңдегі ұлың жаман болса,
    Есіктегі құлмен тең.
    Қойныңдағы қатының жаман болса,
    Қаңтардағы мұзбен тең.
    Кей сорлының қатыны
    Күндіз ауру, түнде сау, -
    Арқаңа артқан тұзбен тең.
    * * *
    Ей, Абылай, Абылай,
    Сөзімді тыңда тағы да-ай!
    Өзіңнен біраз жасы үлкен,
    Жасыңда болған сырласың,
    Үлкен де болса құрдасың,
    Сексеннен аса бергенде,
    Қайрылмас қаза келгенде,
    Батырың өлді – Бөгембай!

    Иманын айтып өлерде,
    Иекке жаны келгенде
    Сәлем айтты үш қайта,
    Кеттім деп сізді көре алмай.
    Батырды қолдан өткіздім,
    Сәлемін, міне, жеткіздім.
    Жыламай тыңда, Абылай,
    Жараға жақсы қасқарар.
    Ойбайлап жаман бас салар.
    Көріспей айтты демеңіз,
    Осы еді біздің келген жай.
    4 /4

  • БҰҚАР  ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫБұқар жырау
(1668-1781)
	Қазақ поэзиясын...

    50 слайд

    БҰҚАР ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Бұқар жырау
    (1668-1781)
    Қазақ поэзиясының тарихындағы ең соқталы тұлғалардың бірі Бұқар жырау шамамен 1668 жылдары туады. Жыраудың әкесі Қалқаман батыр, сірә, ел билеуші шонжар емес, жеке басының ерлігімен ғана аты шыққан адам болса керек. Жыраудың қайда оқығаны, қандай өмір мектебінен өткені туралы нақты деректер жоқ. Біз тек оның тым ерте көтеріліп, Тәуке тұсында-ақ хан төңірегіндегі ықпалды билердің бірі болғанын білеміз. Алайда, Бұқардың Тәукеден соңғы әміршілермен тіл табыса алмағаны аңғарылады. Жырау кедейшілікке ұрынады. Тұңғыш биографы Мәшһұр Жүсіптің айтуына қарағанда және өз шығармаларынан да көрінетіндей. Бұқардың, тіпті, сауып ішер малы, мініп түсер аты да болмайды. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағыл халде күн кешеді. Алайда, өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай ғана арқалы жырау, ақылшы аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп отырған қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналады. Жырау бір ғасырдан астам жасап, 1781 жыл шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда, Далба тауының етегінде.
    1 /10
    «Бiлгенге маржан»- Бұқар жырау

  • БҰҚАР  ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ	Бұқардың өз әкесі – Арғын руынан шыққан...

    51 слайд

    БҰҚАР ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Бұқардың өз әкесі – Арғын руынан шыққан Қалқаман батыр. Бұқар жырау Баянауылда туып, Далба тауында дуние салған. Оның ұрпақтары да Баянауыл маңында.
    Бұқар - XVIII ғасырдың екінші жартысында хандық құрған Абылайдың тұстасы, Абылайдан жасы үлкен. Ол Абылайды: «Абылайшам», «Абылайша», - деп сөйлейді екен. Бұқар өзінің «Ей Абылай» деген өлеңінде:

    Ей, Абылай, Абылай! Түркістанда жүр едің,
    Сені мен көргенде, Әбілмәмбет патшаға
    Тұрымтайдай ұл едің, Қызметкер болып тұр едің,-
    дейді.
    Осы өлеңінде ол Абылайды он бір жасынан бастап, ең ақырғы өміріне дейін білетін адам болып сөйледі.
    Тоқсан бес деген тор екен,
    Дүйім жанның қоры екен,- дейді жырау.
    Жыраудың өз жасы туралы осы айтқаны да шындыққа жанасады. Өйткені Абылай 1781 жылы 71 жасында өледі.
    Бұқар халқының, елінің тағдырына терең де ойлы көз жіберген, қабырғасы қайысып тебірене толғау жыр төккен, парасатты ой түйген, қазақтың ұлы ханы Абылайдың ақыл-кеңесшісі, ақылгөй поэзияның ірі өкілі. Бұқар аласапыран заманның тіршілік-болмысын, ел басына төнген қауіп-қатер, екі талай кезеңді жыр өрнегіне түсіріп, халқының тағдырына ортақтасқан.
    2 /10

  • БҰҚАР  ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ	Бұқар жыраудың өз сөздеріне және ел ауз...

    52 слайд

    БҰҚАР ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Бұқар жыраудың өз сөздеріне және ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, ол хат білген адам болса керек. Бірақ оның «Керей, қайда барасың?», «Айналасын жер тұтқан», «Бірінші тілек тілеңіз», «Жал-құйрығы қаба деп», «Асқар таудың өлгені», «Ей Абылай, Абылай», «Сен он бір жасыңда», «Қалданменен ұрысып», «Кәрілік» т.б. өлеңдерінің бәрі де бізге жазба түрде емес, ауызша жеткен. Бұл өлеңдердің дәл Бұқардың өзінікі екендігіне және негізінде дұрыс сақталғанына шек келтіру қиын. Өйткені Бұқар сөздерінің бәрі дерлік Қазақстанның қай жерінде болсын өзгеріссіз, осы қалпында айтылады және оның сөздерін бұрын-соңды заманның жыршылары қатты бағалап, сөз қоспауға, өзгертпеуге тырысқанға ұқсайды. Оның бір себебі Бұқар сөздерін тек қана жыршылар емес, көпшілік оны ақыл, нақыл сөз ретінде тұтынған.
    Бұқар жырлары әлеуметтік мәселелерге арналған және олар белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты туған. Оның толғаулары ой тереңдігімен, білгірлік- парасаттылығымен, аз сөзбен көп мағына бере алуымен ерекшеленеді. Бұқар ақындығы философиялық толғауларында айрықша байқалады.
    Көргені көп, тоқығаны, түйгені мол жырау өмір құбылыстарына іштей бойлап, замана жайын тереңдей зерттеп, кейінгіге өнеге боларлық толғаулар қалдырған. Үлгі-өрнекке толы жырау нақылдары күні бүгінге дейін ел аузында. Бұқар толғаулары афоризмге бай. Оның көпшілігі мақал-мәтелге айналған.
    3 /10

  • БҰҚАР  ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ	Өмір жайлы толғаулары. Бұқар жыраудың ө...

    53 слайд

    БҰҚАР ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Өмір жайлы толғаулары. Бұқар жыраудың өлеңдері («Асқар таудың өлгені» сияқты) ғибрат, үлгі-өнегеге толы. Замана жайлы, өмір жайлы көп толғанған жырау байсалды терең пікірлер қалдырған. Ол өлеңінде табиғат құбылыстарына терең көз жібере отырып, солардың бәрінің де өліп, өшіп, өзгеріп отыратынын нанымды дәлелдейді де, «Өлмегенде не өлмейді?»- деп сұрау қойып, оған: «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», - деп жауап беріп, бүкіл ой-білімін, талант-дарынын, өмірін азаматтың асыл арманы үшін сарп еткен адамдардың есімі де, олардың артына қалдырған аталы сөздері де ғасырларға кете береді деген түйін жасайды.
    Жыраудың адам өмірінің кезең-кезеңдері туралы толғауларында да ғибрат мол. Ақын осы тақырыпқа бірнеше өлең арнаған. Оның «Жиырма деген жасыңыз», «Ей Абылай, Абылай», «Сен он бір жасыңда», «Атам болған жиырма бес» деген өлеңдерінде адам өмірінің әр кезеңі суреттелген. Ол әсіресе жастық шақты сүйсіне жырлайды:
    Жиырма деген жасыңыз Жарға ойнаған лақтай,
    Ағып жатқан бұлақтай, Қырық деген жасыңыз
    Отыз деген жасыңыз Ерттеп қойған құр аттай...-
    деп, адамның қайрат-қуатының да, дүниеге берерінің де, дүниеден аларының да, жасарының да, жаратарының да, қызықтарының да осы «Асуды талқан бұздырған» жастық шақ екенін тамаша айтып берген.
    4 /10

  • БҰҚАР  ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ	Жырау онан әрі бұған қарама-қарсы кәріл...

    54 слайд

    БҰҚАР ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Жырау онан әрі бұған қарама-қарсы кәріліктің мұңды, дәрменсіз шақтарын бейнелейді.
    Тоқсан бес деген тор екен, Түсіп кетсең түбіне,
    Дүйім жанның қоры екен. Түбі жоқ терең көл екен,
    Қарғиын десең екі жағы ор екен. Ел қонбайтын шөл екен,-
    Найза бойы жар екен.
    деп, бір кезде қамал бұзатын, жігер-қайраты мол адамның қартайғанда найза бойы жардан да өте алмастай дәрменсіз болып қалғанын көркем бейнелейді.
    Жастық пен кәрілікті осылай қарама-қарсы қойып суреттеу арқылы жырау жастықтың артықшылығын ұтымды көрсете алған. Жастарға: «Уақытыңды құр бос өткізбе», ол кейін «іздесең де табылмас»,- деп өсиет тастаған.
    Бұқар жақсылық пен жамандық, достық, адалдық туралы – жалпы адамгершілік жайында да құнды пікірлер қалдырған. Ол көңілінде аласы бар «өтірікті шын қылған қызыл көзді пәледен», «сыртындағы қулығымен» амал жасаған сумақ-сұмдардан сақтануға, «Пиғылы жаман залымның тіліне еріп азбасқа», «Кісі ақысын көп жеген» арамдықтан аулақ болуға шақырады. Бұқар «Екі жақсы дос болса, санат емей немене», «Ежелгі дос жау болмас, Айтысқан оның серті бар», - деп, адал достықты жырлайды. «Ер жігітке жарасар қолына алған найзасы»,- деп ерлікті ардақтайды.
    Жаманмен жолдас болсаңыз, Жақсымен жолдас болсаңыз,
    Көрінгенге күлкі етер, Айрылмасқа серт етер,-
    деп ақылгөй жырау жамандықтан бездіріп, жақсылыққа үндейді.
    5 /10

  • БҰҚАР  ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ	Бұқар: «Саумал бермес ішерге»,- деп қай...

    55 слайд

    БҰҚАР ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Бұқар: «Саумал бермес ішерге»,- деп қайырсыз байларды мінеген. Ақын «Ит жүгіртіп, құс салсаң, киген тоның түлкі етер» деп адал кәсіпті дәріптеген, «Сыпайы сырын білдірмес, Ақырын ғана бүлк етер» деп биязы қылыққа үндеген, «Ел иесі құт болса, халқы ала болмайды» деп ел бастар дананы армандаған. «Сөз ұғарлық ер болса, Айтылмас шын сөз болмайды» деп «алтындай асыл сөзді» қадірлеген.
    Бұқар жырау жыры осындай өнегелі-үлгілі ойымен, философиялық тереңдігімен бізді сүйсіндіреді.
    Ел бірлігі – Бұқар толғауларының басты тақырыбы. Бұқар заманындағы қазақ елінің ел болып қалуы үшін ең қажетті болған әлеуметтік үлкен мәселенің бірі – Қытай мен Жоңғар қалмақтарына қарсы күресті ұйымдастыру, жау шапқыншылығына қарсы ел бірлігін берік ұстау, елді сол кездегі қазақтың өз ішінен шыққан беделді, хан, батырлардың айналасына жинастыру болса, бұл тілекті Бұқар – жақсы түсіне білген адам. Жоңғарлардың қазақ елін жаулап алмақ болуы бүкіл қазақ халқының намысына тиді. Жоңғарларға қарсы күрес туының астына халық көпшілігі тегіс жиналуға әзір екені, елдің мақсаты Бұқар жыраудың сөздерінен байқалады. Оның өлеңдері осы жағдайларға байланысты, қазақ елінің қалмақ пен қытайға тәуелсіз болуын, халықтың бірлігін жыр еткен өлеңдер. Демек, Бұқар ел тағдырын, ел бүтіндігін, бейбіт өмірін, тәуелсіздігін өз жырына арқау еткен. Сол елдікті, бірлікті сақтау ниетін жырау:
    Бірі етек, бірі жең болған, Найзасының ұшы алтын
    Ежелден саған ел болған, Кіші жүзден кісің жоқ,-
    Орта жүзден кісің жоқ,
    деп, басқа шығармаларында одан әрі тереңдеткен.
    6 /10

  • БҰҚАР  ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫХалық бірлігі, тыныштығы тұрғысынан ол е...

    56 слайд

    БҰҚАР ЖЫРАУ. ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
    Халық бірлігі, тыныштығы тұрғысынан ол еліне:
    Айнала алмай ат өлсін, Жат бойынан түңілсін
    Айыра алмай жат өлсін, Бәріңіз де бір енеден туғандай болыңыз,-
    деп өсиет айтқан. Мұнан әрі жырау «Ағайынның аразы, елдің сәнін кетірер», «Бұл жалғанда бір жаман – Ағайынның аласы»,- деп толғайды. Ол «Бір ауызды болмаған қас тұрпатты қылықты» сынайды, бірауыздылықты жақтайды. Сонда ғана ел жатқа тізгін бермейді деп біледі.
    7 /10

  • БҰҚАР  ЖЫРАУ.  ТОЛҒАУЛАРЫТілек 
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа.
Е...

    57 слайд

    БҰҚАР ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ
    Тілек
    Бірінші тілек тілеңіз,
    Бір аллаға жазбасқа.
    Екінші тілек тілеңіз,
    Ер шұғыл пасық залымның
    Тіліне еріп азбасқа.
    Үшінші тілек тілеңіз,
    Үшкілсіз көйлек кимеске,
    Төртінші тілек тілеңіз,
    Төрде төсек тартып жатпасқа.
    Бесінші тілек тілеңіз,
    Бес уақытта бес намаз
    Біреуі қаза қалмасқа.
    Алтыншы тілек тілеңіз,
    Алпыс басты ақ орда,
    Ардақтаған аяулың
    Күнінде біреуге
    Тегіннен-тегін олжа болмасқа.
    Жетінші тілек тілеңіз,
    Желкілдеген ту келіп,
    Жер қайысқан қол келіп,
    Сонан сасып тұрмасқа.

    Сегізінші тілек тілеңіз,
    Сегіз қиыр шартарап
    Жер тұлданып тұрмасқа.
    Тоғызыншы тілек тілеңіз,
    Төреңіз тақтан таймасқа,
    Тоқсандағы қарт бабаң
    Топқа жаяу бармасқа.
    Оныншы тілек тілеңіз,
    Он ай сені көтерген,
    Омыртқасы үзілген,
    Аязды күнге айналған,
    Тар құрсағын кеңіткен,
    Тас емшегін жібіткен,
    Анаң бір аңырап қалмасқа.
    Он бірінші тілек тілеңіз
    Он бармағы қыналы,
    Омырауы жұпарлы,
    Исі жұпар аңқыған,
    Даусы қудай саңқыған,
    Назыменен күйдірген,
    Құлқыменен күйдірген,
    Ардақтап жүрген бикешің
    Жылай да жесір қалмасқа.
    8 /10

  • БҰҚАР  ЖЫРАУ.  ТОЛҒАУЛАРЫ       *   *   *
Жиырма деген жасыңыз
Ағып жатқан бұ...

    58 слайд

    БҰҚАР ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ
    * * *
    Жиырма деген жасыңыз
    Ағып жатқан бұлақтай.
    Отыз деген жасыңыз
    Жарға ойнаған лақтай.
    Қырық деген жасыңыз
    Ерттеп қойған құр аттай.
    Елу деген жасыңыз
    О да бір көшкен ел екен,
    Алпыс деген жасыңыз
    Қайғылы-мұңлы күн екен,
    Сексен деген жасыңыз
    Қараңғы тұман түн екен,
    Тоқсан деген жасыңда
    Ажалдан басқа жоқ екен.
    * * *
    Ел бастау қиын емес,
    Қонатын жерден көл табылады.
    Қол бастау қиын емес,
    Шабатын жерден ел табылады.
    Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
    * * *
    Ежелгі дос жау болмас,
    Шірнеуіште хаты бар.
    Ежелгі дұшпан ел болмас,
    Көңілінде кірдің таты бар.
    Ежелгі дос жау болмас,
    Айтысқан оның серті бар.
    Ежелгі дұшпан ел болмас,
    Көңілінде тұрқыр кірі бар.
    9 /10

  • БҰҚАР  ЖЫРАУ.  ТОЛҒАУЛАРЫ        *  *  *
Ал, тілімді алмасаң
Ай, Абылай, Абыл...

    59 слайд

    БҰҚАР ЖЫРАУ. ТОЛҒАУЛАРЫ
    * * *
    Ал, тілімді алмасаң
    Ай, Абылай, Абылай,
    Сен мен көргенде
    Тұрымтайдай ұл едің,
    Түркістанда жүр едің,
    Әбілмәмбет патшаға
    Қызметкер болып тұр едің.
    Қалтақтап жүріп күнелтіп,
    Үйсін төре билердің
    Түйесін баққан құл едің.
    Сен жиырма жасқа жеткен соң,
    Алтын тұғыр үстінде
    Ақ сұңқар құстай түледің.
    Дәулет құсы қонды басыңа,
    Қыдыр келді қасыңа.
    Бақ үйіне түледің,
    Алыстан тоят тіледің.
    Қылышыңды тасқа біледің,
    Алмаған жауың қоймадың,
    Алған сайын тоймадың,
    Несібеңді жаттан тіледің.
    10 /10

  • ӘДЕБИ – ТЕОРИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР	Антитеза (шеңдестіру). Екі зат не құбылыс шендестір...

    60 слайд

    ӘДЕБИ – ТЕОРИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР
    Антитеза (шеңдестіру). Екі зат не құбылыс шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суреті, сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады.
    Гипербола (әсірелеу) - өмірде кездесетін әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асырып айту тәсілі.
    Литота – затты, нәрсені кішірейтіп суреттеу.
    Метафора (ауыстыру) – екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып жақындату негізінде жасалған, астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі.
    Теңеу – құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. Екі нәрсені теңестіру үшін олардан ортақ белгі – сипат, ұқсастық табу шарт. Сол арқылы сырт қарағанда бір-бірінен мүлде алшақ, алыс тұрған нәрселерді, құбылыстарды да жақындастырып салыстыруға мүмкіндік туады.
    Эпитет – белгілі бір құбылысты көз алдына елестету үшін бейнелеп айтылатын сөздер.
    Параллелизм – екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі.
    Нақыл өлең – ғибратты, тағылым берелік мәні бар, ойды ықшамды, ұтымды түрде жеткізетін, өткір нақышты сөздерге негізделетін терме жырлар, өлеңдер.
    Арнау – көпшіліктің көңілін өмірдегі ең бір күрделі құбылысқа, небір адамға аудару мақсатын көздеу, соған арнап арнайы қайырылып сөйлеу.
    3
    1 /2

  • Ұйқас – өлең жырларда тармақтың (өлең жолы) соңындағы бірнеше буынның келесі...

    61 слайд

    Ұйқас – өлең жырларда тармақтың (өлең жолы) соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтағы сәйкес буындармен үйлесуі (дыбыс үндестігі). Ұйқас сан түрлі болып келеді. Ең көп кездесетін ұйқас: егіз ұйқас (аа), шалыс ұйқас немесе кезекті ұйқас (абаб), орама ұйқас (абба). Қазақ поэзиясында аса мол кездесетін ұйқас, әдетте қара өлең ұйқасы деп аталатын асқақ ұйқас (ааба). Бұл әсіресе он бір буынды өлең өлшемінде үнемі дерлік қолданылады. Қазақ поэзиясындағы жыр ұйқасы да өзінше құрылған. Мұны кейде шұбыртпалы ұйқас деп атайды.
    Қайталау – белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта айту. Қайталаудың түрлері:
    1. Жай қайталау - өлең тармақтарында бір сөз әр жолда қайталану.
    2. Анафора - өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол басында қайталану.
    3. Эпифора - өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол аяғында қайталану.
    Жыр – қазақ халық поэзиясының жанрлық түрі, түпкі негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы көлемді поэзиялық шығармалар. Жыр негізінен белгілі бір әуенмен термелеп айтылады.
    Риторикалық сұраулы сөйлем (лепті сұрау) – ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жауабында екіұштылық , шұбалану болмайды, оны оқушы іштей біліп отырады.

    ӘДЕБИ – ТЕОРИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР
    2 /2

  • ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКА
Абадан – қасқыр әуегінің көсемі, бастаушысы.
Адырна – сада...

    62 слайд

    ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
    А
    Абадан – қасқыр әуегінің көсемі, бастаушысы.
    Адырна – садақтың керме қайысы.
    Айбалта – ұзын сапты жарты ай бейнесіндегі кішірек балта.
    Алдаспан – сабында көлденең салынған болат қалқасы бар семсер.
    Арсы-гүрсі – артында зілі жоқ, кектенбейтін (мінез).
    Арыс – 1. үйдің төбесіне көлденең салатын мықты жуан белағаш.
    2. қадірменді ер азамат.
    Атан – 1. төрт жастан асқан піштірілген түйе.
    2. үлкен, зор денелі.
    Ә
    Әндіген – жауынгерлер пайдаланатын ағаштан жонылған баулы ыдыс, саптаяқ.
    Әзірейіл – 1. жан алғышперіште
    2. қызыл көзді пәле, апат, өлім
    Б
    Байсал – тынышьық, тыныш, сабыр.
    Баршын – 1. жолағы бар жібек мата
    2. Ор бір жастағы бүркіт
    Берен – І. қымбат асыл мата
    ІІ. болаттан жасалған батырлар киетін сауыт
    ІІІ. 1. ұңғысы ұзын шиті мылтық. 2. пышақ сияқты қару. 3. (ауыс.) өжет, өткір
    4
    1 /7

  • Берек – (көне) мәуелі ағаштар мен түрлі байлардың үрімі, бұтағы.
Бек – І. фео...

    63 слайд

    Берек – (көне) мәуелі ағаштар мен түрлі байлардың үрімі, бұтағы.
    Бек – І. феодалдық қоғамдағы үстем тап өкілі, ру басы, ел билеушісі.
    ІІ. бекем, мықты, берік.
    Бұғақ – адамның, иек астындағы салпыңқы тұсы, малдың әукесі, күпегі
    Бұлық – ердің былғары көпшігі
    Бұлың – бөлек, бұлтарыс, бөтен
    Буыршын – аруана мен үлкен үлектен туған төрт жасар бура, інген бұзар.
    Боз – 1. ақшыл, қылаң түс.
    2. бетегелі, изенді, селеулі ақ дала.
    Ботташық – шатырша гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
    Д
    Дулыға – (көне) батырлар соғыста киетін темірқалпақ
    Е
    Ебелек – (ауыс).жеңілтек, қалбалақ, ұшқалақ.
    Еңсегей – ұзын бойлы, зор денелі.
    Ж
    Жалқын – 1. балқытылған металл
    2. алқызыл алау.
    Жайын – (ауыс). зор, керемет
    Жампоз – (ауыс). жігіттің төресі, асылы.
    Жабы – қазақ жылқысының нашар, қарабайыр тұқымы.
    Жабу – атқа, түйеге жабылатын жамылғы.
    Жазы – түйенің арқасына жүк батпау үшін қом асынан салынатын арнайы жабдық.
    ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
    2 /7

  • Жаутерек – кегей тұқымдас, таулы өлкеде өсетін майтерек.
Жебе – 1. садақ оғы....

    64 слайд

    Жаутерек – кегей тұқымдас, таулы өлкеде өсетін майтерек.
    Жебе – 1. садақ оғы.
    2. жау жолына құрылған кедергі.
    3. (ауыс). Бір нәрсенің сүйір ұшы.
    Желмая – шөлге төзімді, күшті де жүйрік түйе.
    Жемсау – (ауыс). қарын., құрсақ, құлқын.
    Желең – ер адамның жеңіл, жұқа сырт киімі.
    З
    Зындан – түрме, абақты.
    тұтқындарда жазалау үшін жер астынан қазылған терең ор, апан.
    (ауыс). түнек, қапас, қараңғылық.
    К
    Кежі – қиқар, қыңыр, қырсық.
    Кереге – киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы тор көзді сүйегі, қаңқасы.
    Керме – 1. бір нәрсе ілу, байлау үшін тартатын жіп, арқан.
    2. садақтың тартылған жібі.
    3. (ауыс). қиын-қыстау.
    Көбе – (көне) болаттан немесе темірден жасалған сауыт түрі.
    Көдік – қарағайлы орман, қорыс.
    Көксіген – жерінен жеріген, безген, туған жер, өлкесін тастап кететіндер.
    Көпек – тапал, аласа, кішкене.
    Көрпелдес – жүндес, ет алған марқа қозы.
    Күдері – әбден иі қанып жұмсартылған тері, қайыс.
    ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
    3 /7

  • Күлік –  сәйгүлік, жүйрік, шапшаң.
Кірт – (көне) қоныс, мекен, тұрақ.
Кіреуке...

    65 слайд

    Күлік – сәйгүлік, жүйрік, шапшаң.
    Кірт – (көне) қоныс, мекен, тұрақ.
    Кіреуке – (көне). Оқтан, найзадан, қорғалу үшін жорыққа киетін темір сауыт.
    Қ
    Қаба – қалың, тығыз, қою, қауқиған.
    Қағба – мұсылмандар аспаннан түсті, құдай жіберді деп табынатын Мекедегі үлкен қара тас.
    Қайнар – 1. судың жерден шымырлап шығып жататын көзді жері, бастау.
    2. Ауыс. Береке көзі, молшылық қоры.
    Қалы – түрлі-түсті ою-өрнектермен безендірілген, қымбат бағалы кілем.
    Қамқа – (көне) зер талшықтары қосылып тоқылған жібек мата.
    Қанды ауыз – ұстаған аңын жібермейтін (қақпан, мылтық).
    Қанжыға – бір нәрсеге байлау, бөктеру үшін ердің екі жақ қапталының арт жағына өткізілген жіңішке, ұзын қайыс.
    Қарашы – (көне) хан ордасындағы ақылшы, кеңесші.
    Қармалжық – мойны шымқай қара емес, аздаған көк қылшығы бар қара түлкі.
    Қас – нағыз, тым, аса.
    Қашаған – қашып ұстатпайтын, тұра қашатын.
    Қидасын – әбден бекіген, шыныққан, қайнасып қатқан.
    Қиян – алыс жер, шалғай, жер түбі.
    Қоныс – малды ауылдың жылда қонып жүрген жері.
    Қоспақ – айыр түйе мен нарды будандастырудан алынған түйе тұқымы.
    Қосын – (көне) жауынгерлер тобы, әскер.
    ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
    4 /7

  • Қотан – мал түнейтін орын, қора.
Құба жон – сұрқай тартқан үстірт (дөнес)
Құб...

    66 слайд

    Қотан – мал түнейтін орын, қора.
    Құба жон – сұрқай тартқан үстірт (дөнес)
    Құбыла – намаз оқыған кезде бет қарататын жақ.
    Құладын – қаршыға тұқымдас кішірек келген жыртқыш құс.
    Құлпы – (көне) өні құлпырып тұратын жібек мата.
    Құрық – 1. жылқы ұстау үшін ұшына ілмек жіп бекітілген ұзын сырық.
    2. Ауыс. Айла – шарғы, қулық – сұмдық.
    Қылқан – мәңгі жасыл ағаштарда жапырақ орнына өсетін тікенек.
    Қылшан – (көне) жебе салып жүру үшін жылқының қылынан тоқып жасалған оқ қабы, қорамсақ
    Қылыш – болаттан істелген өткір жүзді.
    Қырмызы – ашық қызыл.
    Л
    Лашық – уақытша тұруға арналған күрке, сиықсыз, кедей қолды баспана.
    М
    Майқан – қырмандағы бастырылған астықты шөп-шаламнан, шарынан тазарту ісі.
    Мамық – құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.
    Масақ – (көне) садақ оғының түп жағы, ұшына кері аша жағы.
    Мұнар – күн ашақ кездегі ауаның күңгірттігі, буалдырлығы.
    Мүритін – діни лауазымды адамдарға қол тапсырып, солардың ісін дәріптеуші шәкірт, ізбасар.
    Н
    Наркескен – болаттан соғылған екі жүзді алмас қылыш.
    ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
    5 /7

  • П
Пақыр – халі мүшкіл байғұс, сорлы.
С
Сайғақ – қару ретінде жұмсайтын қатты...

    67 слайд

    П
    Пақыр – халі мүшкіл байғұс, сорлы.
    С
    Сайғақ – қару ретінде жұмсайтын қатты ағаш, сойыл.
    Сақын – сақтық, қырағылық.
    Салуалы - салауатты
    Саптыаяқ – ағаштан шауып жасалаған аяқ, ыдыс.
    Сауырсын – май жамбас, сауыр
    Сауыт – оқ-найзадан сақтану үшін денеге киетін тор көзді кіреуке.
    Сардар – сарбаздардың басшасы, қолбасы.
    Семсер – болаттан істелген екі жүзді өткір қару.

    Т
    Талыс – өгіз терісі
    Тебінгі – тоқым қысқа болғанда аяқ киім мен шылбыр балағын қорғайтын ер-тұрман құрамына қатысты әбзелдердің бірі.
    Тегеурін – 1. екпін, қарқын, пәрмен.
    2. қыран құстың алдыңғы жембасар үш тырнағына қарсы біткен жалғыз тырнағы, мүйіз сияқты қатты зат.
    Толағай – 1. толассыз соққан жел.
    2. түгі жоқ, тап-тақыр, жалаңаш.
    Төрткүл –сүйірлеу төртбұрышты етіп салынатын өрнек.
    ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
    6 /7

  • Туырлық – киіз үй керегесінің іргесінен уықтың орта беліне дейінгі жерді жауы...

    68 слайд

    Туырлық – киіз үй керегесінің іргесінен уықтың орта беліне дейінгі жерді жауып тұратын киіз.
    Тұғыр – мініске төзімді жабы тұқымдас жылқы.
    Тұлымшақ – өруге келмейтінәдейі қалдырған шаш, тұлым.
    Тұмар – тіл, көз тиюден сақтайды деген ұғыммен құран сөзі жазылған үш бұрышты мата не былғарымен тысталған дұғалық қағаз.
    Түндік – киіз үйдің шаңырағын жауып тұратын, жаңбыр өткізбейтін, күн түсірмейтін төрт бұрышты шағын киіз.
    Ү
    Үшкіл – 1. үшбұрышты зат.
    2. көйлектің етегін кеңейту үшін оған үшбұрыштап қоятын қиықша, шабу.
    Ш
    Шағырмақ – жарқыраған, қызулы
    Шеңгел – саусақтары жартылай бүккендегі алақан аясы.
    Шөншік – жолбарыстың күшігі, бұзау терісі
    Ы
    Ындын – пиғыл, ниет, түпкі мақсат




    ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
    7 /7

  • XVIII ғасырдағы тарихи жағдай.	XVIII ғасыр қазақ халқының тарихындағы өте бір...

    69 слайд

    XVIII ғасырдағы тарихи жағдай.
    XVIII ғасыр қазақ халқының тарихындағы өте бір ауыр кезең. Жоңғар қалмақтары қазақ жерін басып алу мақсатымен талай рет шабуыл жасаған. Сол шабуылдарының ең күштісі, ең үлкені 1723 жылы болды. Бұл жорықтың салдарынан сол жылы қазақ халқы қырғынға қисапсыз күйзелушілікке ұшырады. Қара құрттай қаптаған қалмақтың қалың қолының тұтқиылдан жасаған мейлінше қатал, жойқын шабуылына төтеп бере алмай, соғыста қатты жеңіліс тапқан қазақ рулары үй-жайын, мекенін тастап, босып кетуге мәжбүр болды.
    «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» оқиғасы қазақтың ауыз әдебиетінде де, тарихи әдебиетінде де кең жырланған. Сол кездегі ел басына туған қиын халді көрсететін, күні бүгінге дейін сақталған, жұрттың бәрі білетін өлеңдер бар. Солардың бірі – «Қаратаудың басынан көш келеді» өлеңі.
    Қаратаудың басынан көш келеді,
    Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
    Қарындастан айрылған жаман екен,
    Қара көзден мөлтілдеп жас келеді.
    Мына заман, қай заман – қысқан заман,
    Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман.
    Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
    Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.
    Мына заман, қай заман – бағы заман,
    Баяғыдай бола ма тағы заман?!
    Қарындас пен қара орман қалғаннан соң,
    Көздің жасын көл қылып ағызамын.
    Мұнша қысым қылдың ғой, қатты құдай!
    Қабырғаға қара жер батты құдай!
    Жаяу жүрсем, табаны ауырады,
    Тым болмаса бермедің атты, құдай!
    Мына заман, қай заман – қай-қай заман,
    Ұл айрылған атадан дай-дай заман.
    Бауырынан айрылған жаман екен,
    Күн бар ма екен, көрісер есен-аман?...
    5
    1 /3

  • Алғаш рет қалмақтарды қирата жеңіп, тойтара соққы берген – қанжығалы Бөгемба...

    70 слайд

    Алғаш рет қалмақтарды қирата жеңіп, тойтара соққы берген – қанжығалы Бөгембай батырдың қолы. Қалмақ қолы жеңілмейді-міс деген жалған лақаптың осыдан кейін күлі көкке ұшады. 1726 жылы Бұланты өзенінің бойында болған шайқаста қалмақтар қатты жеңіліп, қырғынға ұшырайды. Одан кейінгі үлкен бір айқас 1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде болады. Бұл жолы да қазақ қолы жеңеді.
    1741 жылы қалмақтар қайта шабуыл жасап, қазақтарды тағы да көп қырғынға ұшыратып, көптеген адамдарын тұтқынға алады.
    Қазақтар Ресей патшалығының көмегімен 1743 тұтқындарын босатып, әр түрлі дипломатиялық қарым-қатынастар жасау арқылы 1755 жылға жетеді. Сол жылы Жоңғар қалмақтарына Қытай шабуыл жасайды. Осыны пайдаланып, қазақтар ақырғы рет қалмаққа тойтара соққы беріп, 1723-1741 жылдар арасында айрылған жерлерін түгелдей қайтарып алады. Сөйтіп, қалмақтарды Алтайдың шекарасына дейін айдап салады. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» оқиғасын олардың өз бастарына туғызады.
    XVIII ғасырдағы тарихи жағдай.
    2 /3

  • Керей – 1456-1473 жылдар.
Жәнібек – 1473 – 1480 жылдар.
Бұрындақ – 1480 – 151...

    71 слайд

    Керей – 1456-1473 жылдар.
    Жәнібек – 1473 – 1480 жылдар.
    Бұрындақ – 1480 – 1511 жылдар.
    Қасым – 1511 – 1518 жылдар.
    Мамаш – 1518 – 1523 жылдар.
    Таhир – 1523 – 1533 жылдар.
    Бұйдаш – 1533 – 1534 жылдар.
    Қожа Мақмұт – 1534 – 1535 жылдар.
    Тоғым – 1535 – 1537 жылдар.
    Хақназар – 1538-1580 жылдар.
    Шығай – 1580 – 1582 жылдар.
    Тәуекел – 1582 – 1598 жылдар.
    Есім – 1598 – 1628 (1645) жылдар.
    Жәңгір (Салқам Жәңгір) – 1628 (1645) – 1652 (1680) жылдар.
    Тәуке – 1680 – 1718 жылдар.

    Қазақ ордасының хандары
    3 /3

  • тест1.Жабағылы жас тайлақ
  Жардай атан болған жер.
  Жатып қалып бір тоқты...

    72 слайд

    тест
    1.Жабағылы жас тайлақ
    Жардай атан болған жер.
    Жатып қалып бір тоқты
    Жайылып мың қой болған жер...
    Қазтуғанның қай өлеңінен алынған үзінді екенін анықтаңыз.
    А) «Белгілі биік көк сеңгір».
    В) «Салп-салпыншақ».
    С) «Мадақ».
    Д) «Еділ».
    2. «Балпаң, балпаң кім баспас» өлеңінің авторын табыңыз.
    А) Жиембет.
    В) Шалкиіз.
    С) Доспамбет.
    Д) Ақтамберді.
    3. Бұқар толғауларының басты тақырыбын көрсетіңіз.
    А) Жақсылық пен жамандық.
    В) Өмір жайлы.
    С) Ел бірлігі.
    Д) Ерлік, батырлық.
    6
    1 /9

  • 4. Қазтуғанның өлеңін табыңыз.
А) «Ағайының көп болса».
В) «Бұл заманда не ға...

    73 слайд

    4. Қазтуғанның өлеңін табыңыз.
    А) «Ағайының көп болса».
    В) «Бұл заманда не ғаріп?».
    С) «Салп-салпыншақ үш өзен».
    Д) «Айналайын Ақ Жайық».
    5. Еңсесі биік ақ орда
    Еміне кірер күн қайда?
    Толғамалы ақ балта
    Толғап ұстар күн қайда?
    А) Доспамбет.
    В) Асан қайғы.
    С) Шалкиіз.
    Д) Қазтуған.
    6. Дұшпаннан көрген қорлығым
    Сарсу болды жүрекке.
    Он жетіде құрсанып,
    Қылыш ілдім білекке, - деген үзіндінің авторын табыңыз.
    А) Жиембет.
    В) Доспамбет.
    С) Ақтамберді.
    Д) Шалкиіз.
    2 /9

  • 7. Қазтуған өзі жайлы қай өлеңінде айтқанын белгілеңіз.
А) «Әрайна, билер, әр...

    74 слайд

    7. Қазтуған өзі жайлы қай өлеңінде айтқанын белгілеңіз.
    А) «Әрайна, билер, әрайна».
    В) «Белгілі биік көк сеңгір».
    С) «Алаң да алаң, алаң жұрт».
    Д) «Мадақ».
    8. Қай жыраудың суреттеуіндегі арғымақ, табыңыз.
    Арыстандай екі бұтын алшайтып,
    Арғымақ мінген өкінбес.
    А) Үмбетей жырау.
    В) Доспамбет жырау.
    С) Ақтамберді жырау.
    Д) Шалкиіз жырау.
    9. Өкпеңменен қабынба,
    Өтіңменен жарылма!
    Орыспенен соғысып,
    Жұртыңа жаулық сағынба, - деп, Бұқар жырау қай ханға айтқандығын көрсетіңіз.
    А) Тәуке хан.
    В) Есім хан.
    С) Хақназар
    Д) Абылай хан.
    3 /9

  • 10. Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде...

    75 слайд

    10. Таза мінсіз асыл тас,
    Су түбінде жатады.
    Таза мінсіз асыл сөз,
    Ой түбінде жатады. Үзінді кімдікі екенін белгілеңіз.
    А) Ақтамберді.
    В) Доспамбет.
    С) Асан қайғы.
    Д) Қазтуған
    11. Қамшыны сипаттаған жырауды табыңыз.
    Қарағайлы көлік бойында,
    Қамшым қалды ойында.
    Дүлдіргесі бұлан терісі,
    Өрімі құнан білдің қайысы,
    Шырмауығы - алтын, сабы - жез...
    А) Ақтамберді.
    В) Доспамбет.
    С) Үмбетей.
    Д) Шалкиіз.
    12. Бұқардың әкесінің атын табыңыз.
    А) Қалқаман.
    В) Айтқожа.
    С) Сүйініш
    Д) Өтеміс.
    4 /9

  • 13. Қазтуған туып-өскен жер аттарын атаңыз.
А) Ертіс, Қарашың.
В) Ақсу, Балқа...

    76 слайд

    13. Қазтуған туып-өскен жер аттарын атаңыз.
    А) Ертіс, Қарашың.
    В) Ақсу, Балқаш.
    С) Еділ, Жайық, Ойыл.
    Д) Ертіс, Жемекей.
    14. Доспамбет жерленген жерді табыңыз.
    А) Атырау.
    В) Азау.
    С) Астрахань.
    Д) Ақтөбе.
    15. Кімнің сөзі екенін белгілеңіз.
    Ағайынның аразы,
    Елдің сәнін кетірер.
    Абысынның аразы,
    Ауыл сәнін кетірер.
    А) Бұқар.
    В) Сырым батыр.
    С) Үмбетей.
    Д) Төле би.
    16. Қазтуған жыраудың шыққан тегін анықтаңыз.
    А) Хан.
    В) Шонжар.
    С) Қара.
    Д) Дана.
    5 /9

  • 17. Екі арыстан жау шапса, 
Оқ қылқандай шаншылса...
Бетегелі  Сарыарқаның бо...

    77 слайд

    17. Екі арыстан жау шапса,
    Оқ қылқандай шаншылса...
    Бетегелі Сарыарқаның бойында
    Соғысып өлген өкінбес! – деген шумақ кімнің өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
    А) Ақтамберді.
    В) Доспамбет.
    С) Бұқар жырау.
    Д) Қазтуған.
    18. «Алаштан байтақ озбаса» кімнің шығармасы екенін анықтаңыз.
    А) Жиембет.
    В) Доспамбет.
    С) Асан қайғы.
    Д) Шалкиіз.
    19. Жағы түкті жылқы айуан
    Иесін қайда жаяу салмаған» - деген жолдар қай шығармадан алынғанын белгілеңіз.
    А) «Жел, жел есер, жел есер».
    В) «Ор, ор қоян, ор қоян».
    С) «Қоғалы көлдер, қом сулар».
    Д) «Шағырмақ бұлт жай тастар».
    20. Бұқар жыраудың батырлық, ерлік туралы өлеңін табыңыз.
    А) «Батырым өтті Бөгембай».
    В) «Тарланым».
    С) «Мінкен ер».
    Д) «Еңсегей бойлы ер Есім».
    6 /9

  • 21. Доспамбет жыраудың қай жерден шыққанын көрсетіңіз.
А) Атырау.
В) Азау.
С)...

    78 слайд

    21. Доспамбет жыраудың қай жерден шыққанын көрсетіңіз.
    А) Атырау.
    В) Азау.
    С) Астрахань.
    Д) Ақтөбе.
    22. Жаманменен жолдас болсаңыз,
    Көрінгенге күлкі етер.
    Жақсыменен жолдас болсаңыз,
    Айырылмасқа серт етер, - деген үзіндінің авторын табыңыз.
    А) Қазтуған
    В) Доспамбет.
    С) Асан қайғы.
    Д) Бұқар жырау.
    23. Айналайын Ақ Жайық,
    Ат салмай өтер күн қайда.
    Еңсесі биік боз орда
    Еңкейе кірер күн қайда, - деген шумақ кімдікі екенін табыңыз.
    А) Жиембеттікі.
    В) Доспамбеттікі.
    С) Шернияздікі.
    Д) Қазтуғандікі.
    7 /9

  • 24. Асан атына қайғы деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз.
А) Ж...

    79 слайд

    24. Асан атына қайғы деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз.
    А) Жай қоя салған.
    В) Халық қайғысын, мұң-зарын ойлаумен өткен адам.
    С) Мұңды адам.
    Д) Өз басында қайғысы бар адам..
    25. Шалкиіз:
    Бір жақсымен дос болсаң,
    Азбас-тозбас мүлкі етер.
    Бір жаманмен дос болсаң,
    ...Жімле ғаламға күлкі етер, - деп қандай мәселені қозғағандығын анықтаңыз.
    А) Ел қорғау.
    В) Ерлік, бірлік.
    С) Достық, жолдастық.
    Д) Сақтық.
    26. Бұқар жыраудың «Сен – бұзау терісі шөншіксің» деп, Керейлерге айтқан сөзіндегі «шөншіктің» мағынасын анықтаңыз.
    А) Бас киім.
    В) Аяқ киім.
    С) Жарғақ қалта.
    Д) Тон.
    8 /9

  • 27. Саздауға біткен сары ағаш,
Кімдерге сайғақ болмаған? – қай шығарманың үзі...

    80 слайд

    27. Саздауға біткен сары ағаш,
    Кімдерге сайғақ болмаған? – қай шығарманың үзіндісі екенін анықтаңыз.
    А) «Жел, жел есер, жел есер».
    В) «Шағырмақ бұлт жай тастар».
    С) «Ор, ор қоян, ор қоян».
    Д) «Қоғалы көлдер, қом сулар».
    28. Жыраулардың шығармашылығына тән ортақ сипатты белгілеңіз.
    А) Мәңгілік өлмес махаббат құдіретін жырлауы.
    В) Қысқа тұжырымдар арқылы берілуі.
    С) Философиялық терең афоризм, шешендік сөз байлығы.
    Д) Тарығу сарыны мол кездесуі.
    29. Үмбетей жыраудың толғауларынан алынған жолдардан эпитетті табыңыз.
    А) Бейіште нұры шалқыған.
    В) Тотықұс жарқанатқа пенде бдлған.
    С) Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай, Қанжығалы Бөгенбай.
    Д) Жылға, сай, батпақ болса, өте алмассың.
    30. Қазтуғанның жырын табыңыз.
    А) «Айналайын, Ақ Жайық».
    В) «Бұл заманда не ғаріп».
    С) «Еділ».
    Д) «Мұнар күн».
    9 /9

  • Сұрақтар мен тапсырмалар Жыраулар поэзиясының басты өкілдерін атаңдар.
 Жыршы...

    81 слайд

    Сұрақтар мен тапсырмалар
    Жыраулар поэзиясының басты өкілдерін атаңдар.
    Жыршы мен жырауды салыстырыңдар.
    Толғаудың ерекшеліктері неде?
    Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыптары мен көтерген мәселелерін баяндаңдар.
    Асанның өмір сүрген кезеңі және Асан атына қайғы сөзінің қосылуы нені аңғартады?
    Қазтуған жырларының тақырыбын атаңдар..
    Доспамбет жыраудың толғауларынан қандай ой түйдіңдер?
    Шалкиіз өз толғауын қай биге арнап жазды?
    Бұқарды неге жырау дейміз?
    Бұқар өмір сүрген кездегі қазақ елінің тарихи жағдайы қандай еді?
    Бұқар өлеңдеріндегі мақал-мәтел, нақыл боп кеткен сөздерді тауып, олардың қандай мәні бар екенін айтып беріңдер.
    Бұқардың Абылай туралы жазған шығармаларын атаңдар.
    І деңгей
    1 /4

  • Жыраулар шығармаларын негізге ала отырып, моделін жаса.ІІ деңгейСұрақтар мен...

    82 слайд

    Жыраулар шығармаларын негізге ала отырып, моделін жаса.
    ІІ деңгей
    Сұрақтар мен тапсырмалар
    2 /4

  • ІІІ деңгейЖыраулар поэзиясының тіліне талдау жаса.Сұрақтар мен тапсырмалар3 /4

    83 слайд

    ІІІ деңгей
    Жыраулар поэзиясының тіліне талдау жаса.
    Сұрақтар мен тапсырмалар
    3 /4

  • ІV деңгей“Жыр жампозы – жыраулар”, “Жыраулар поэзиясы – тәрбие көзі”, “Жыраул...

    84 слайд

    ІV деңгей
    “Жыр жампозы – жыраулар”, “Жыраулар поэзиясы – тәрбие көзі”, “Жыраулар шығармаларындағы адамгершілік мәселесі” тақырыптарының біріне ой толғау жазыңдар.
    Сұрақтар мен тапсырмалар
    4 /4

  • 85 слайд

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 528 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.10.2015 12476
    • PPTX 9.5 мбайт
    • 29 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Габдуллина Гульшехизада Сапаргалиева. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31706
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе