Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Урок по казахской литературе для 8 класса
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Урок по казахской литературе для 8 класса

библиотека
материалов


Ахметкаримова Гульнар Мурзашовна,

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,

6 орта мектеп,

Лисаков қаласы, Қостанай облысы


Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасы бойынша

қазақ әдебиеті сабағы, 8 сынып



Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Аққудың айырылуы»

Сабақтың мақсаты: С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жүйелеу, «Аққудың айырылуы» поэмасының негізгі идея – табиғаттағы үйлесім, шынайы махаббат мәселесін көрсету, әдебиет теориясын қайталау, поэманы талдау; ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін, оқу және ой қорыту дағдыларын дамыту; экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны қорғауға шақыру, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс: биология, география, музыка, орыс тілі мен әдебиеті

Сабақтың түрі: интерактивті тақтаны пайдалану арқылы өткізілетін тақырып бойынша білімдерін жүйелеу сабағы

Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, презентация, Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі, сабақ құрылысының картасы

Әдістері: топпен жұмыс, сұрақ-жауап әдісі, проблемалық және жоба әдістері

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

-сәлемдесу

-оқушыларды түгелдеу

-назарларын сабаққа аудару


ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтау:

Презентация, №1 слайд: С.Сейфуллиннің портреті мен «Сәдуақас» жазуы

-Бұл кімнің портреті?

- Неліктен «Сәдуақас» деген жазуы бар?


Презентация, №1 слайд:

жұмбақ «Болмайды бізді ешқашан ату,

Түсім аппақ, атым - ... » (аққу суреті шығады)


-Сонымен, сабақтың тақырыбы қандай? (Презентация, №1 слайд: ақынның портреті мен аққулар суреті)


Флипчарттың №1 беті: күні, тақырыбы

(флипчарттың әр бетінде күні жазылған ТЕЛЕГРАФТЫ ТАСПА жүріп тұрады)

- Дұрыс, сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Аққудың айырылуы». Балалар, осы тақырып бойынша бүгінгі сабағымыз үшінші сағат екен. Сендер қалай ойлайсыңдар, сабақ барысында не істейміз? Қандай мақсаттқа жетуіміз керек?

(оқушылардың жауаптары)

-Жақсы, енді мен қойған мақсаттармен өз мақсаттарыңды салыстырып көріңдер:

Флипчарттың №2 беті: сабақтың мақсаттары мен міндеттері

-Енді, балалар, С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына шағын шолу жасайық. Сәкен Сейфуллин кім? (оқушылардың жауаптарынан кейін флипчарттың беті ашылады)


Флипчарттың №3 беті: Сәкен Сейфуллин


ІІІ. Ақынның өмірі бойынша білімдерін жүйелеу

-Ақын өмірінің негізгі кезеңдерін естеріңе түсіріндер. Ол үшін «Сандар сөйлейді» ойынын ойнаймыз

Флипчарттың №4 беті: «Сандар сөйлейді» ойыны


Қарағанды облысында туған


зауыт мектебінде оқыған


Ақмола училищесінде оқыды


Омбы мұғалімдер семинариясын бітіріп шықты


«Өткен күндер» алғашқы өлеңдер жинағы шықты (Қазан қаласы)


«Жас қазақ» ұйымында,«Тіршілік газеті» редакциясында қызмет етеді


Қазақстан халық комиссарлары кеңесінің төрағасы, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы


«Еңбек Қызыл ту» ордені берілді


тұтқындалды


репрессия құрбаны болып, қаза тапты


ақынның есімі ақталды

1956

1894

1905

1914

1936

1937




26.02.1938

1922-1925

1908-1913

1913-1916

1917





Бос орындарға керекті кезеңді (жылын) қою. ЖЫЛЖЫТУ аспабы арқылы орындалады.


- Сейфуллиннің шығармашылығы бойынша қандай туындыларын атай аласыңдар? (оқушылардың жауаптарынан кейін флипчарттың №5 бетіне назарларын аударады)

Флипчарттың №5 беті: Шығармашылық жолдары.

Оқушылар берілген шығармаларының жанрын анықтап, ҮЛКЕЙТКІШ аспабы арқылы өздерін тексереді


IV. Поэманы талдау.

Презентация, №2 слайд

  • Бүгін талдайтын шығармаға көшу үшін сатылай кешенді талдау кезеңдерін қайталайық:



  • Бұл талдау парағы әр оқушының алдында бар, сабақ бойында оны толықтырып отырыңдар.

Презентация, №3 слайд: әдеби-теориялық ұғымдармен жұмыс

  • Қазір керекті әдебиет терминдерін қайталаймыз. Берілген сөздік, дәптер және оқулықтардан керекті термин анықтамаларын тауып айтып беріңдер:

Әдеби-теориялық ұғымдардың анықтамалары:

  • Әдебиеттің тектері: эпос, лирика, драма

  • Әдебиеттің жанрлары: роман, эпопея, повесть, әңгіме, поэма, өлең, ертегі, батырлар жыры, трагедия, лиро-эпостық жырлары

  • Лирика – әдебиеттің тегі, шындықты адамның ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін шығармалар

  • Поэма – өмірде болған, болуға тиіс күрделі құбылыстар, оқиғаларды көлемді, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттейтін жанр

  • Сюжет – оқиғалардың біртұтас желіс құруы

  • Композиция – шығарманың ішкі құрылымы



  • Өткен сабақта біз осы поэманы шартты түрде үш бөлімге бөлдік: Презентация, №4 слайд

Оқулықпен топ ішінде жұмыс

  • Поэма мазмұны бойынша топ ішінде келесі тапсырманы орындаңдар:

Презентация, №5 слайд

1-топ

1. Көлді сипаттаған үзіндіні оқулықтан тауып, оқыңдар

2. Автор қандай көркемдегіш тәсілдерді қолданады?

3. Көлді қандай құстар мекендейді? Көлдің көркі неде?

2-топ

1. Аққулар айырылып кеткен соң не болды? (үзіндіні тауып, оқыңдар)

2. “Кім бүйтті екен көлді жарып? Суық жүрек шіркін-ай?”

Суық жүрек” деп кімді атайды?

3-топ

1. Жалғыз қалған аққу мергенге не деп жалынды?(үзіндіні тауып, оқыңдар)

2. Аққу қалай ажалын тапты?

3. Аққу өз өлімімен нені дәлелдеді?



- Сонымен, поэманың негізгі тақырыбы, идеясы қандай?

-Табиғаттың үйлесімін бұзуға болмайды, оны қорғау керек

-Шынайы махаббат мәңгілік, таза болады



Презентация, №6 слайд


V. Жоба әдісі арқылы жұмыс:

Флипчарттың №6 беті: - Аққу қандай? (ИНТЕРАКТИВТІ ҚАЛАМ аспабы арқылы орындайды)


Флипчарттың №7 беті: - Мерген қандай? (ИНТЕРАКТИВТІ ҚАЛАМ аспабы арқылы орындайды)


-Сонымен, балалар, аққу қазақ халқы үшін киелі, сымбатты құс. Сендер дайындаған шағын жобалардан аққулар туралы және аққуларға байланысты мақал-мәтел сөздері бойынша екі жобаны қарайық:

1. Оқушының «Аққулар» презентациясы мен жобасы (Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі орындалуымен бірге)

2. Оқушының «Аққу туралы мақалдар» презентациясы


VІ. Қорытынды. Сабақ бойында толтырған сатылай кешендік талдау парақтары бойынша 3-4 оқушы қорытынды жасайды. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма:

  1. Көл суреті бойнша үзіндіні жаттау

  2. «Аққулар махаббаты» тақырыбына эссе жазу



Автор
Дата добавления 26.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров181
Номер материала ДВ-199176
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх