Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Урок по казахской литературе на тему "Аққулар ұйықтағанда" (8 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Урок по казахской литературе на тему "Аққулар ұйықтағанда" (8 класс)

библиотека
материалов

hello_html_m179a6e90.gifӘбдірахманова Нұржан Айғожақызы

Қарабұлақ ауылының негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда"

Мақсаты: М. Мақатаевтың өмірі жайлы мәлімет беру, ақын поэзиясына талдау жасай отырып, шығармашылық тақырыбы мен идеясын, көркемдік тілін ашу, оқушының сөз байлығын дамыту, өз ойын еркін, толық жеткізе білуге дағдыландыру, туған деген сүйіспеншілікке,т адамгершілік қасиеттерге, мейрімділікке байлу.

Сабақтың көрнекілік: ақынның портреті, кітап көрмесі, үнтаспа, суреттер, карта.

Пәнаралық байланыс: тарих, зоология, география, ән-күй, бейнелеу, қазақ тілі

Сабақтың түрі: баспасөз конференциясы

Сабақтың әдісі: сұхбаттасу, іздене талдау, шығармашылық.

Пайдаланған әдебиет: Шаймерген Әлибекұлы "Тағы бір таң атты"

"Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар" №4-2008;

"Қазақ әдебиеті" Тасмағанбетов.И.И, "Аруна" баспасы, Алматы, 2005;

"Қазақстандағы жануарлар әлемі" А.Ф. Ковшарь Алматы кітап, 2004.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Жаңа материал бойынша істелетін жұмыс.

Жүргізуші:

Жыр әлеміндегі өз ойын, өмір шындығын көркем тілде ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлау екенінңт бірінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты жоғары, өзін жыр жолына арнаған үлкен таланттың ғана қолынан келеді. Сондай таланттың бірі-Мұқағали Мақатаев.

Бүгін біз поэзия патшасы- Мұқағали Мақатаевтың өмірі жайлы және оның сұлулық символы, көгілдір айдын еркесі-аққулар туралы жазған "Аққулар ұйықтағанда" атты шығармасын талдап, ой бөліспексіз.

Алғашқы сөзді тарихшы ғалымға береміз М. Мақатаевтың ғұмыры жайлы әңгімелесеңіз.

Тарихшы: Мұқағали Мақатаев 1931 жылы ақпан айының 9-ы күні Алматы облысының Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алғашқы өлеңдерін 11 жасынан бастап жазған.

1948-1949 жылдары ҚазҰУ-да, 1973-1974 жылдары Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыған.

Тұңғыш өлеңдері "Қырман басында", "Қойшы бала-Әкітай," 1949 жылы Нарынқолд ауданындағы "Советтік шекара" газетінде жарияланған. Американ ақыны У.Уйтменнің "Шөп жапырақтары" (1969) ағылшын ақыны У,Шекспирдің "Құдірет комедиясының" "Тамұқ" бөлімін, орыс ақыны Н. Тихановтың, Евтушенконың, шотландық ақын Р.Бернстің, Ф. Ансаридің, армиян ақындары А. Акопянның, Ф. Морунның өлеңдерін қазақ тіліне аударған. М. Мақатаевтың шығармалары өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған.

Қазақстан Жазушылар одағы 1985 жылдан бері үздік әдеби шығарма авторларына Мұқағали атындағы сыйлық беріп келеді. Алматы қаласындағы Мұқағали атында көше бар. 2002 осы көшеге ескерткіш, тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылған. Қарасаз ауданында Мұқағалидың әдеби мұражай үйі, ескерткіш бар. М.Мақатаевқа Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы берілген.

Жүргізуші: Әңгімеңізге рахмет!

Поэзия патшасы Мұқағали Мақатаевқа арналған жырлар өте көп. Соның бірін назарларыңызға ұсынамыз.

Ақын: Ала алмай жырларының шын бағасын

Талай мәрте соғылды-ау мұңға басың.

Бұл күнде атаң-даққың асқақтаулы,

Сені енді. Мұқа, кімдер тыңдамасын?


Тыңдайды аяғында оралғандар,

Ел-жұртың, сағынысқан Оралмандар.

Өзіңді алған сынды ортасына

Ұлылардың шоғыры-қара ормандар.


Бұрын-соңғы ақында кім барында?

Дейміз де оқып ақын жырларынды.

Өзіңен айналшықтап шыға алмаймыз,

Тани түсіп және бір қырларынды.


Жүргізуші: Түп анамыз аққу құс,

Ата жұртқа жеттің бе?

Асқар да асқар, асқар тау,

Аман-есен өттің бе?- деп өлеңде жарланатын аққу құс жайлы білгіміз келеді.

Зоолог: Аққудың алты түрі бар.

Біздің жерімізді сыбырлақ және сұққылдақ аққулар мекендейді.

Сыбырлақ аққу да сұлу. Сыбырлақ аққу пір мойын болса, сұққылдақ мойнын тік ұстайды. Мойны иілмейді. Даксы ащы. Жүзгенде кеудесін суға батырыңқырап, құйрығын көтеріп жүзеді.

Аққулар 30-40 жыл жасайды. 4 жасқа дейін көгілдір аттанып балапан болып жүреді. Нағыз құстың төресіне айналғанда аталық-аналық боп жұп құрайды. Аналық аққуды атасы ұзатады, аталық аққуды анасы әкеліп қосады. Сол күннен бастап жұбы жазылмайды. Күндіз бірге жайылып, бірге серуендейді, түнде біріне-бірі сүйеіп ұйықтайды. Бұл кезде салмағы 15-20 кг-ға жетіп, қанат қарымы 2 метрге дейін өседі. Жылы жаққа қайтқанда топ бастаушы көсеме еріп 8500-9000 метр биіктікке дейін көтеріп, сағатына 95-100 км жылдамдықпен ұшады.

3-9 жұмыртқы табады. 38-40 кейде 45 күнде балапан өргізеді. Ұясының ені 2 метрге дейін жетеді. Жұмырқа шайқайтын- аналығы. Аталығы жұбайына жем тасумен болады. Олар өте тату. Екеуі бір- бірін үнсіз түсінеседі.

Сұңқылдақ аққу Қазақстанның солтүстігінде, ал сыбырлақ аққу қолайлы су қоймаларында тіршілік етеді.

Жүргізуші: Аққуды халқымыз киелі құс санайды. Оның себебі неде деп ойлайсыздар?

Әдебиетші: Сібір татарлары "Әуелі Көк тәңірі Ақ қошты(Ақ құс-Аққу) жіберіп, Теңіз түбінен топырақ әкелуді бұйырады. Ақ қош мойнын созып жіберіп, бір уыс топыраққа дем салып, ә дегенде шайтандарды жаратты. Жер бетін жын- перілер қаптап, ешкімге құлақ аспай құтыра бастады. Мұны көрген Тәңірі ашуланып, шайтандарды алтаы қырдан асырып, орманға қуып шықты да, Ақ қощтың екінші әкелген топырағынан халық дейтін елді жаратты. Олар бүгінгі түркілердің түп атасы еді. Түркілер үшін Аққудың киелі құс боп саналатын жөні осы",- дейді.

Жүргізуші: Аққулар туралы ән де, күй де жеткілікті. Ал аққулар жайлы М. Мақатаев атамыз <Аққулар ұйықтағанда> атты поэма жазған. Енді осы поэма жайлы ой бөлісейік.

"Кубизм" стратегиясы бойынша жұмыс.

Суретте. Туған жер, Жетімкөлдің сұлулығы, құстар үні, ақын сезімі поэмада қалай берілген?

Поэмада үзінділер оқу:

Асқар белден күн нұры шашырады,

Шашырап, ол да көлге бас ұрады.

Құс аппақ, нұр да аппақ,

Аппақ нұр- аппақ нұрға қосылады.


... Аққулар...

Аққу мойын, сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап.

Айдынның еркелері, білмей тұрмын,

Етермін тағдырыңды кімге аманат?!

Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!

Бір мамығы майысса ауырсынап,

Тарақ етіп тұмсығын, тарайды кеп,

Тарайды кеп, тарайды қауырсынын

Қүм тұрса да бір түйір ауырсынып,

Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!


Ақ қанатын сабалап, асыр салып,

Бірде суға сүңгиді басын малып.

... Ойнасыншы. Ойнасын ерке құстар,

Тыныштығын олардың қашырмалық. (305-306 бет)

Салыстыр: Поэма оқиғаларына немесе тақырыбы мен тіліне ұқсайтын шығарма бар ма?

Өз баласан өлімнен арашалау үшін ана аққуға оқ атады. Бірі айдында жаурап жатса, екіншісі қанатынан жараланады.

Құс аулауға шыққан сумерген аққуды атады.

Бір аққуды атқаннан кейін екіншісін

Атуға жүрегі дауалмайды

С.Сейфулин М. Мақатаев

"Аққудың айырылысуы" "Аққулар ұйықтағанда"



Аққу жайлы шығарма







Зертте: Мұқағали ақын туралы тағы не білесің?

Ақиық ақын Мұқағали тек өлең, поэмалар ғана жазып қоймай, прозаға да батыл қадам істеп, көркем аудармалар да жасаған. Сонымен бірге аз да болса күнделік жазған.

Ақынның осы күнделігінен аз ғана ұзінді айтып берейін.

Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмандар!Өмір тола қауіп, абай болыңыздар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен қараңыздар. Мейірбандықпен жауыздықты жеңуге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, сүйе де, жек көре де біліндер, бірақ әрқашанда адам қалыртарыңызда қалыңыздар! Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді қорғай біліндер.

Қолдан: Ананың психологиялық жай- күйін ақын қалай берген? Тауып оқы. Қандай бейнелі, көркем тіркестерді көріп тұрсың?

Аласұрып, қан ойнап тамырында,

Ана- жүрек тыпыршып қабынуда.

Не қыларын біле алмай жабығуда.

Бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестейді (сурет салу, ой толғау, ақынға хат жазу.)

Ақу-киелі құс! Олар екеу болып ғана өмір сүреді. Өйткені таза да адал махабаттың иелері. Осы екі пәк құсты ана атады, себебі ана: "Балам өлсе, бақыттың керегі не?"-дейді. Баласы осы үшін ана барлық қауіп- қатерден қорықпайды, қандай қатерге болсын дайын тұрады. Поэмада ананың сәбиге деген шексіз махаббаты суреттелген. Сондықтан бұл іс-әрекеті үшін ананы кінәлау орынсыз. Кінәлі-тәуіп.

Талда, қолдан, қарсы шық.

Ананы қасиетке оқ атуға мәжбүр еткен не? Баласаның өлімнен кейінгі ананың күйін ақын қалай жырлайды?

Поэмада ананың баласына деген сүйіспеншілігі, махаббаты суреттеледі. Ана баласы үшін қолынан келгенің бәрін істейді, яғни баласы жазылып кету үшін, тәуіптің айтқанын орындап, аққуды атады. Өйткені анаға өзінің туған баласы аққудан қымбат еді.

М. Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" поэмасынан сахналық көрініс.

Қатысушылар: Автор,әке, бала, ана, тәуіп шал, жылқышы, ауыл адамдары, аққу қыздар.

Автор: Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға,

Таста тұңған жаңбырдың тамшысындай

Қалай біткен мына көл тау басына?!

Ортаймаған "Жетім көл" толмаған да,

Болған өмір ұқсайды болмағанға.

Сызат та жоқ, бетінде сызық та жоқ,

Айдынына аққуы қонбаған ба?

1-көрініс

Сахнада киіз үй, жабдық жасау. Төсекше ауырып, қызуы көтеріліп, сандырақтаған бала. Басында аһлеп-үһлеп есі шыққан әке мен ана.

Ана: Жаңағы бақсы шал да кешікті-ау. Құдай-ай енді қайттім?!

Әке: Асылы құдай, бақсы ата келді, мінеки өзі де келді.

Бақсы келеді, баланың тамырын ұстап дем салады.

Бақсы: Жерден болджы ма?

Күннен болды ма?

Көктен болды ма?

Көлден болды ма?

Судан болды ма?

Жаман тілден болды ма?

Күнбағыстан күншығысұы көш,

Күншығыстан батысқа көш,көш, көш.

Баланы айналып жүгіреді. "Баланы аққудың қанатымен ұшықтау керек, әйтпесе баладан айырыласыңдапр" деп кетеді.

Ана: Жаңағы тәуіп бақсы не деп кетті?

Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті.

"Аққумен баланы ұшықтандар" деді де жөніне жөнеп кетті.

Күйеуіне қарап.

Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған?

Жаңағы бақсы шалдың айтқан сөзі

Ұмытылып кетті санатыңнан.


Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,

Неткен жаңсың санасыз жаратылған?!

Жаңағы бақсы шалдың айқан сөзі

Ұмытылып кеті санатынан.


Әке: Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана,

Оқ атам, қасиетке қалай ғана?!

Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!

Ана: Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі,

Балам өлсе, бақыттың керегі не?!

Мылтық әкел,

Атты ерте,

Жалған бәрі.

Ана кетеді сахна жабылады.


2-көрініс

Сахнада "Жетім көл" бейнеленген. Көл бетінде екі аққу тербеліп жүр. Қолында мылтығы бар анна аққуларды аңдып тығылып отыр. Аққу биі биленеді. Би аяқталған кезде анна мылтық атады. Жалғыз аққу алыс ұрып, өлген аққуды қимай ұшып кетеді. Осы кезде сахнаның бір бұрышынан қолында ұзын құрығы бар жылықышы ата шығады.

Жылқышы: Ей, кімсің? Тірісің бе?

Жаның бар ма?

Аққуды неге атасың, арың бар мА,

Басынды көтердағы келгін бері,

Келгің бері, кеудеңде жаның барда!

Ана үйретіліп орнына тұрып, қартқа қарай бір-екі аттайды.

Ана: Кешір, ата!

Адам емес мен енді жай таулықпын,

Жемісіне тас аттым гәкку бақтың.

Жалғыз ұлым ауырып, амалсыздан

Тәуіптің айтуымен ауды аттым.

Жылқышы: Әй, балам!

Болмады ғой, болдмады ғой.

Тәуіптің айтқаны бәрі өтірік,

Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой.

Автор: Орнында екен "Жетім көл" жоғалмапты,

Ортаймапты немесе тола алмапты.

Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,

Қасиетті аққулар оралмапты.

Бес жолдық өлең.

  1. Зат есім Аққу.

  2. Сын есім. Зат есім. Киелі құс.

  3. Етістік. Еркелейді, сүңгімейді, жүзеді.

  4. Сезіну. Аққу- айдын көл ерексі.

  5. Синоним. Құс.

Қорытынды:

Аққу құс- киелі де қаиетті. Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың батамасы, жақсылықтың жаршысы, сұлулықтың белгісі деп ұғады. Ендеше ақынның құс төресі-аққу жайлы поэмасын оқи отарып, қоршаған ортаға арашашы болу, қамқорлық жасау-біздің міндетіміз.

Интервью

  1. Сабақ сендерге ұнады ма?

  2. Сабақтан қандай әсер алдың?



Бағалау

Үйге:"Аққулар ұйықтағанда" поэмасының оқиғасы бойынша әңгіме жазу, аққулар жайлы ырым-тиым сөздерді жазып келу, "Ақын және аққу" тақырыбына шығарма.

Хормен ән айту.


Аққулар!

Айдын көл еркесі

Аққуды атпайды

Аққуды сақтайды.

Қиялдай қалықтап

Армандай шарықтап

Барады қалықтап

Ерке аққулар

Күтеді оны айдын көл, таулар.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров338
Номер материала ДВ-309921
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх