Инфоурок Другое КонспектыУрок по казахской литературе на тему: Төлеген Айбергенов "Ана" өлеңі

Урок по казахской литературе на тему: Төлеген Айбергенов "Ана" өлеңі

Скачать материал

Сабақтың  тақырыбы:  Төлеген  Айбергеновтың “Ана”өлеңі

Мақсаты: - Ақын өмірімен таныстыру, өлеңді оқи  отырып  талдау.

                     - Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ғылыми  тілде сөйлеу    

                      дағдысын  қалыптастыру.

                     - Адамгершілікке, ананы  құрметтеуге, сыйлауға  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа ұғымды меңгерту.

Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ-жауап, өлең құрылысына

                                                                   сатылай кешенді талдау жасау.

Сабақтың көрнекілігі:   Интерактивті тақта,  (слайдтар)

Пәнаралық байланыс:  Биология,  физика, музыка пәндері.

                                   Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

1) Психологиялық дайындық: оқушыларды шеңберге тұрғызу. Балалар, сендердің ең жанашырың, сырласың, аяулы адамың кім?

-Ана. Олай болса, аналарыңның есімінің басқы әрпімен басталатын сөз ойлап бір бірімізге тілек айтайық.

               Бәйшешектің ғұмырындай тағдыр кешкен мәрт батыр,

               Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр,

               Намысынды дәуіріңе еткізбедің қақпақыл.

               Міне содан, ұлтымызды рухсыздан күзетіп,

               Сенің жырың шекарада әлі күнге сапта тұр.

                                                                             М. Шаханов

Оқушылар, бүгін біз сабақта қазақтың маңдайына сыймай кеткен ақын

Т. Айбергеновтің шығармашылығымен танысамыз және ақын өлеңдеріндегі ерекшеліктерге тоқталамыз.

         Ақын Төлеген Айбергенов аз ғана ғұмырында халқына шынайы поэзияның тәтті шырынынан дәм татқызып, терең ой мен мөлдір сезімдерді тек өзіне тән табиғи даралықпен жеткізе білген дарынды суреткер. Ол қазақ өлеңіне тұтас бір бетбұрыс ала келген ірі талант иесі.

Сабағымыздың  мақсатына жету үшін мына міндеттерді  орындаймыз.

Міндетіміз:

1.     Ақынның өмірімен, шығармашылығымен танысу.

2.     Өлеңді оқу және өлең шумақтарына мазмұндық талдау жасау.

3.     Өлеңді құрылысына қарай сатылай кешенді талдау.

Берілген түрлі тапсырмаларды орындау.

ІІІ Материалды түсіндіру

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің атын, сабақтың тақырыбын жазып қойыңдар.

 Үйде өз беттеріңмен Төлеген Айбергеновтың өмір жолымен алдын ала танысып келу тапсырмасы берілген. Сөз кезегі сіздерде! "Түртіп алу" стратегиясын пайдалана отырып, керекті мағлұматтарды қысқаша жазып отырыңдар.

Мұғалім:   Қазақ өлеңдері көбінесе 7, 8 және 11 буынды болып келсе, ақын 18 – 19 буынды өлеңдер жазған. Сөйтіп, ол - өлең құрылысына да жаңалық әкелген ақын. Ол туралы "Аруана-бауыр дүние " өлеңін оқыған кезде кеңірек тоқталамыз.

Ал, енді, оқушылар, Төлеген ақын жайындағы естеліктер не дейді?

• Ақын Төлеген Айбергеновтің 75 жасқа толу мерейтойына арнайы түсірілген «Қазақстан» ұлттық телеарнасында ақыннан қалған жалғыз тұяқ Салтанат Айбергенованың әкесі туралы айтқан естелігінен үзінді тыңдау

Әкеміздің қысқа ғұмырының тарихы.

Мұғалім: Төлеген өмірінің де, оның ақындық шабытының да тым қысқа қайырылуы өте өкінішті. Бірақ мұндай ақынның екінші өмірі ұзақ болады. Оның өлеңдері халқына, болашақ ұрпақтарға рухани күш һәм ләззат беріп, мәңгі жасайды.

                                                                                                     Ыбырайым Юсупов

Жадыңа тұт!

 

Екінші міндетіміз - өлеңді оқу және өлең шумақтарына мазмұндық талдау жасау. Ол үшін ең алдымен сөздікпен жұмыс жүргізейік.                                        Сөздік жұмыс:                                                                                                                         Қас қаққанша-жылдам, тез арада

Пасық-абыройсыз, арсыз, адамшылықтан безген, надан,оңбаған,арам

Құдірет-алып күш, жаратушы.

 Шерменде – қайғы, қасірет, уайым.

Даналық – кемеңгерлік, ойлылық.

Олай болса, өлеңді алдымен өзім оқимын, содан соң оқушыларға оқытамын. Өлең мәтінімен танысып алғаннан кейін шумақтарға мазмұндық талдау жасаймыз.

  АНА

Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,

                            Айға сіңілі, қарындассың қасиетті Жерге сен.

                            Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,

                            Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Бұл  шумақ бойынша оқушыларға мынадай сұрақтар қойылды.

1.     Ақын адам ағзасындағы анатомиялық атаудан неге жүректі алған?

                                                                               

І топ жауабы: Мен бұл сұраққа жауапты Абай атамыздың 17 қарасөзімен дәлелдегім келеді. Онда ақыл, қайрат, жүрек үшеуі өз өнерлерін айтысып-таласып келіп ғылымға жүгінеді. Әрқайсысы өз артықшылығын, адам үшін пайдалысын айтып, ғылымнан төрелік күтеді. Абай ойынан туған идеяда үшеуі де адам үшін пайдалы, бірақ осылардың алды және бағынатыны жүрек болуға тиіс. Себебі ақыл мен қайраттың жақсылыққа да, жамандыққа да қызмет етуі мүмкін, ал жүрек олардың жамандық қырына жүрмейді.Ақын қарасөздің идеясы-жүрек тәрбиесі, адамгершілік пен ізгілікүстем болғанда ғана адам адам болады дегенге саяды. Төлеген Айбергенов те адам ағзасынан жүректі таңдап алуының себебі осында деп ойлайын.

2.     Ана неге Айға сіңілі, Жерге қарындас?

 

 ІІ топ жауабы: Жер - Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар. Адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Оның табиғи серігі-Ай.

3.     Неге ананың қуаты Жердің тарту күшінен мың есе артық?        

ІІІ топ жауабы:  Кез келген затты алып жоғары лақтырсақ, ол басқа жаққа кетіп қалмай, міндетті түрде жер бетіне түседі. Денелердің барлығы жерге тартылады, мысалы тебілген доп та, бұтағынан үзілген алма да Жерге түседі. Демек, денелерге Жер тарапынан күш әрекет етеді. Жер барлық денелерді өзіне тартады.  Осы тартылыс бағынатын заңды ағылшын ғалымы Ньютон анықтап, бүкіл әлемдік тартылыс заңы деп атаған. Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Сондықтан да ананың қуаты Жердің тартылу күшінен мың есе артық деп ойлаймын.

-   Оқушылар, біздің бүгінгі сабақтағы  үшінші міндетіміз не еді?

-   Өлеңді құрылысына қарай талдау. Қазір сатылай кешенді талдау әдісін пайдаланып , өлеңге талдау жасаймыз.

Топпен жұмыс(Т. Төреәлінің орындауында "Ана" әні ойнап тұрады.

-   Өлеңнің алғашқы екі шумағын оқып, құрылысына талдату.

-   Өлеңнен көркемдегіш құралдарды табу.

                                               Өлең

1.  Авторы.

2.  Тақырыбы.

3.  Идеясы.

4.  Жанр түрі.

5.  Шумақ.

6.  Тармақ.

7.  Бунақ.

8.  Буын.

9.  Ұйқас түрі.

10. Әдеби теориялық ұғымдар.

11. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.

ІҮ  Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі

“Ана”өлеңі

1.      Авторы – Төлеген Айбергенов. 8.03.1937 жылы Қарақалпақтың Қоңырат жерінде дүниеге  келген.

2.      Өлеңнің тақырыбы – жер бетіндегі аяулы жан анаға деген ақынның шексіз сүйіспеншілігі, құрметі,  махаббаты.

3.      Өлеңнің идеясы – ананы сыйлауға, құрметтеуге, аялауға шақырады.

4.      Жанр түрі – лирика, өлең.

5.      Өлеңде 6 шумақ бар.

6.      Өлең 26 тармақтан тұр.

7.      Өлең 4 бунақтан тұр.

8.      Өлең 15-16 буынға құрылған. Буын сөздің құрамындағы  дауысты  дыбыстың  санына қарай анықталады.

9.      Өлең егіз ұйқасқа құрылған. ( а а б б )

10.   Әдеби теориялық ұғымдар. 

Эпитеттер – қасиетті жер, сұлу әлем, лапылдаған от, дөңгелек ғұмыр.

Теңеу – аң сияқты

Тұрақты сөз тіркесі – қас қаққанша – тез, жылдам; Тасбауыр – қатыгез, мейірімсіз;

Дисфемизм – пасық

Жай қайталау – ана сөзі

                   Жарлай  арнау  –  ақын көпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе       

                   жеке адамға    да қаратылып айтылады. 

11.  Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні – ананы сүю, қадірлеу.

 

Өлең талданып болған соң оқушылар бейнебаяннан  «Ана жүрегі»

деген ән мен, күйді тыңдайды. Төмендегі тапсырмаларды орындайды.

№ 1. Тапсырма. Өздерініз көрген бейнебаянда болған оқиғалар өлең

жолының  қай шумақтарына сәйкес келетінін табыңыздар.

          Оқушылар жауабы:       Бұл дүниеге онсыздағы кеткен жоқ па көп есең,

О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен!

Тас бауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,

Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?

Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,

Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.

 

Мұғалім: Ана - әлемдегі ең аяулы жан. Сондықтан да ақынның бұл өлеңінде аналарды ардақтап, қастер тұтпаған балаларға және өз баласын тірі жетім етіп тастап кетіп жатқан аналарға қарсы үн қатады.

 

№ 2. Тапсырма. Сұрақ:  -- Қазіргі таңда ана мен бала арасындағы жағдай қоғамда қандай көрініс тауып отыр?

            (Сұрақ бойынша пікір алысу.Диалог құрады.)

№3- Аналарымыздың қоғамдағы рөлі қандай?

Мұғалім: Асыл аналарымызды қадір тұта білейік!

 

Ү  Бекіту кезеңі

11.Мақал –мәтелдің  ізін жалғастыр

     Ағайынның алтын сарайынан....................... Ананың жыртық лашығы артық

      Ата- асқар тау,Ана-баурындағы бұлақ................ Бала – жағасындағы құрақ

     Әке көрген оқ жонар........................................ Шеше көрген тон пішер

     Баланың ұяты әкеге.......................................Қыздың ұяты шешеге

    Алып анадан туады, ......                                  Ат биеден туады

    Ананың ізін қыз басар, ...                                  Атаның ізін ұл басар

   Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да......... қарызынан құтыла алмайсың

   Анасыз өмір.........                                      сөнген көмір

Ана алдында құрмет ...........................                  Ата алдында қызмет

Ана сүтін ақтамағанды.....................                               ешкім мақтамайды

Біз бүгінгі сабағымызды қорытындылай отырып, “Ана, мен саған ризамын” тақырыбына 3 топ өздерінің постерлерін толтырып, қорғап шығады.

 («Топтастыру» стратегиясы) жұмыс жүргізеді.Әр топ өздері құрған стратегияларына түсінік береді.

     1-топ.Ана кім? (қызметіне қарай)

                                                    тәрбиеші

                                                    еңбеккер

     Ана                                     қамқоршы

                                                      пана

                                                   ақылшы

                                                өмірге әкелуші 

 

    2-топ.  Ана кім? (жынысына қарай)

                                                 

                                               қарындас

 


балдыз                                                                                                    қайынбике

 


жар                                                                                                                ене

 


қыз                                                                                                                 перзент

әже                                                                                                                              

                                                                                                                            әпке

апа,шеше                                                                                                   

                                                                                                                  сіңлі

                                  келін                        қайынсіңлі

 

 

 

3-топ.Ана қандай? (қасиетіне қарай)

                                                     ақылды

                                                      асыл

                                                     әдемі

АНА                                             адал

                                                      мейірімді

                                                      рақымшыл 

 

   Мұғалім: Ана... Өмірдегі ең киелі есім.Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. 

-   Рефлексия: Оқушылар, біз бүгінгі сабақта алдымызға қандай мақсат қойған едік?"Бес те бір әдісін" пайдалана отырып, осы сабақтан негізгі бес сөйлем таңдап алу,соның ішінен негізгі түйін сөйлемді табуымыз керек.

-   Төлеген Айбергеновтың өмір жолымен, шығармашылығымен танысу.

“Ана” атты өлеңін оқып, өлеңдегі ақын көтерген өзекті мәселені, оның 

айтпақ болған ойын, көзқарасын анықтау. Сонымен қатар, аталмыш

 өлең мазмұнын ашу барысында  жүргізілетін түрлі тапсырмаларды

орындау, пікірімізді, көзқарасымызды ортаға салу. Біз сабақ барысында

 осы мақсатымызға қол жеткіздік.

-   Олай болса, сабақ мақсатына жетті.

Кері байланыс:                                                                                                 Блоб ағашы тәсiлi - оқушының өзiн-өзi бағалауға арналған тамаша тәсіл. Сабак соңында оқушы сабақта өзiн қалай ұстады, қандай дәрежеде өз бiлiмiн көрсете алды, ағаштан өзiн тауып бояп қояды. Жұппен жақсы жұмыс iстесе құшақтасып отырған екi адамды белгiлейдi. Сабаққа араласпаса жерде бұртиып жатқан баланы бояп қояды.т.с.с.

ҮІ  Үйге тапсырма:  1. Өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп жаттау.  

2. Әркім өз анасына арнаған жыр жолдарын жазу.  

ҮІІ  Бағалау

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по казахской литературе на тему: Төлеген Айбергенов "Ана" өлеңі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 225 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2017 1912
    • DOCX 56.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тауданбекова Гулбахыт Тауданбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2756
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой