Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Урок по казахской литературе в 5 классе на тему "Мен жастарға сенемін"

Урок по казахской литературе в 5 классе на тему "Мен жастарға сенемін"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

5- сынып ---------------------- Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»

Сабақтың мақсатты: Оқушыларды Мағжан  Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, өлеңнің мазмұнын ұғындыру.

Міндеттері:

- оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқу, өлеңнің мазмұн-мағынасы туралы ой бөлісу;

- оқушылардың әдеби тілін дамыту, өлең құрлысының түрлерін ажырата білуге дағдыландыру;

- сын тұрғысынан ойлауға, салыстыруға білуге баулу.

- адамгершілік ізгі қасиеттерге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтын типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс - тәсілдері : түсіндіру, сұрақ-жауап, ойландыру, жаттықтыру, көрнекілік әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: Мағжан Жұмабаевтың портреті, цитата, сөзжұмбақ, жаңа сөздер, «Алтын сақа» ойыны.

Интеграциялық мүмкіндігі: қазақ тілі, ән-күй

Сабақтын барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1. Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрау.

2. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі не туралы?

ІІІ.Жаңа сабақ

а/ Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Балалар, біз алдын-ала үш топқа бөлінеміз.

1 топ – Зерттеушілер

2 топ – Тарихшылар

3 топ – Әдебиетшілер

- Балалар, сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін сөзжұмбақ шешеміз.

Сөзжұмбақ

        1.  МАҚАЛ

        2.  ҚАМБАР

        3. ЛАҒЫМ

        4.   ЖҰМБАҚ

    5.  БОТА

6.  ШОПАН

1. Аз сөзбен көп мағына беретін не?

2. Жылқы иесі кім?

3. Ешкі баласын қалай сүйеді?

4. Адам ойының ұшқырлығын танытатын не?

5. Түйенің баласы не?

6. Қой иесі не?

             1.ЖАҢЫЛТПАШ

     2.БАЙТҰРСЫНОВ

              3.МЕЙІЗ

               4.АУЫЗША

       5.ӘДЕБИЕТ

               6.АБАЙ

               7.ЕРТЕГІ

 8.ДУЛАТОВ

1. Сөздері ұйқасып келеді де, тез айтылады.

2. «Балаларды оқуға шақыру» өлеңінің авторы кім?

3. Мақта қыз не тауып алды?

4. Ауыз әдебиеті қалай сақталған?

5. Сөз асылы не?

6. «Қыс» өлеңнің авторы кім?

7. Адамдардың еңбегі мен тұрмыс тіршілігіне байланысты әдебиеттің қандай түрі?

8. «Шешенің балаларын сүйюі» кімнің өлеңі?

Сонымен сабағымыздың тақырыбы қандай?

Дұрыс, Мағжан Жұмабаев (портретті көрсету).

- Балалар, әр топқа алдын-ала тапсырма берілді.

1-топ Мағжан Жұмабаевтың өмірі туралы

2-топ М. Жұмабаевтың ақындық ортасы туралы

3-топ ақынның шығармалары туралы әңгімелеп береді.

Ал енді, 1-топқа сөз береміз, сендердің мақсаттарың мұқият тыңдалады.

1- топ. Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туды. Ол 4 жасында ауыл мұғалімінен хат таниды.

1905 жылы Петропавл қаласына медресене оқуға түседі.

1910 жылы Уфадағы Ғалия медресесінен дәріс алады.

1926 жылы Мәскеудің әдеби-көркем институтын бітірді.

1938 жылы Мағжан Жұмабаев қайтыс болады.

2- топ. Мағжан Жұмабаевтың ақындық ортасы.

Мағжан Жұмабаев – қазақтың аса көрнекті ақыны.

Ол медреседе Бейімбет Майлинмен танысады.

Семинарияда болашақ ақын Сәкен Сейфуллинмен танысады.

1912 жылдары ол Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтан дәріс алады.

Мағжан Жұмабаев башқұрт халқының аса үлкен жазушысы Сайфий Құдашпен бірге жұмыс істейді.

3 - топ. Мағжан Жұмабаевтың шығармалары.

Мағжан Жұмабаев өлең, поэма, қарасөз, мақалалар жазды.

1912 жылы «Шолпан» атты жинақ шықты.

Оның өлеңі «Бәрінен де сұлу» өлеңі халық арасына кең тараған.

Оның «Батыр Баян», «Ертегі», «Қорқыт», поэмалары бар.

Ақын балаларға арналған «Бесік жыры», «Туған жер», «Бала мен құс» өлеңдері бар.

- Көп рақмет, балалар, үш топ та өте жақсы дайындалған.

Балалар, Мұхтар Әуезовтің Мағжан Жұмабаев туралы осындай тамаша сөзі бар:

«Бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекте бой ұрып артқы күнге анық қалатын сөз – Мағжанның сөзі»

«Ғалымның хаты өлмейді, батырдың аты өлмейді» - дейді халық. Мағжанның жастарға, келешекте қалдырған рухани байлығы қайнар көзі – асыл мұра.

Сөз маржанның шебері өмірден ерте кетсе де артынан өшпес із қалдырған.

Ақын қайда болса да, өлеңмен өмір сүрді, тамаша туындылары өмірге келді.

Сондай өлеңдердің бірімен біз бүгін танысамыз. Сендердің мақсаттарың алфавиттік рет бойынша буындарды жинау.

Тар – Б, мін – Д, мен – А, ға – В, жас – Ә, не – Ғ, се – Г.

Сонымен, балалар, қандай өлең шықты?

Дұрыс, «Мен жастарға сенемін»

Балалар, осы сөйлемде қандай зат есім бар?

Дұрыс, жастар.

Балалар, жастар сөзін естігенде қандай ассоциациялар туады?

Бұл жұмысқа 1 минут беремін. (әр топ өз  ассоциацияларын қағазға жазады және тақтаға іледі)

сұлу               махаббат           

 жастар                            

өлең             көктем                   той-думан       

Балалар,   жастар туралы қандай өлең білесіңдер?

Өлеңмен жұмыс:

а) Мұғалім мәнерлеп оқиды.

Жаңа сөздермен танысу.

Айбатты – грозный

Қайратты – энергичный

Көздерінде от ойнар – на глазах пылающий огонь

Жаннан қымбат оларға ар – честь для них дороже жизни

Мен жастарға сенемін – я верю молодым

б) түсініксіз сөздермен танысу

Балалар, бұл өлеңде қандай түсініксіз сөздер кездеседі, сөздерді қарындашпен сызыңдар.

Жалын – пламя

Жайып – расправив

Ұмтылған – стремится

Көздегені – наметил

Мұғалім оқиды

Хормен оқу

Тізбектеп оқу

Пармен оқу

Балалар, мен мәнерлеп оқимын, ал сендер мұқият тыңдап, жартылай дауыстап оқуға дайындалындар

в) өлеңді аудару (әр топқа бір шумақтан).

д) мәнерлеп оқуға 4минут беремін

(әр топтан 1 оқушы шығып өлеңді мәнерлеп оқыды).

е) өлеңді талдау (әр топқа 1 шумақтан беру).

1 топ – сын есімдері табу, 1 шумақта есімдер кездеседі?

2 топ – көптік жалғауды, фразиологизмдерді табу.

3 топ – етістіктерді табу, лириканың түрін анықтау.

ІҮ. Сабақты бекіту

-Балалар, біз бүгін кіммен таныстық?

-Оның қандай шығармасы бар?

- Дұрыс, келесі жұмысымыздың түрі сұрақтарға жауап беру.

Әр топқа 2 сұрақтан беріледі, сендер 2 минут ішінде сұрақтарға жауап берулерің керек.

1- топ

1.    «Мен жастарға сенемін» авторы кім?

2.    Ақын жастарды неге теңеген?

2- топ

1.    Ақын неліктен жастарға сенеді?

2.    Ол неше жасында мектепке барады?

3- топ

1.    Ақын жастарды қандай көңіл-күймен жырлаған?

2.    Мағжан Жұмабаев қай жерде туды?

Сонымен сабағымыздың қорытындылайық.«Жастар» сөзіне ассоциация жаздыңдар, ал енді, балалар, өлеңмен таныстық, жастар қандай болу керек екенін әр топ 2 минут ойлап, осы сұраққа жауап береді.

Айбатты     күшті      білімді  

                  ЖАСТАР

Жалынды     алғыр     Отанды сүю

2. Олар қандай болуы керек?

Олар: білімді, қайратты, адамгершілігі мол, патриотты, сегіз қырлы, мейірімді, дарынды,  өз Отанын қорғай алатын, намысты жастар. Біз жастарға сенеміз, сенеміз! Жастар - біздің болашақ.

Ү.Үйге тапсырма.

1. Ақынның өмірі мен шығармашылығын оқу

2. «Мен жастарға сенемін» өлеңін жаттау.



Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров184
Номер материала ДВ-369401
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх