Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Урок По Казаскому-Языку на тему "Табиғат- алтын бесік"

Урок По Казаскому-Языку на тему "Табиғат- алтын бесік"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Ашық сабақ 8 сынып, Табиғат- алтын бесік

Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың қазақ тілінде ауызекі сөйлеу тілін дамыту, табиғат туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, табиғатқа байланысты ұғымдарын тереңдету;
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін, тілін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру,топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Қазақ тілі сабағына қызығушылықтарын, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру
Міндеттері:
Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.

Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге үйрену.

Оқушылардың қызығушылығын ояту

Мұғалім үшін оқу нәтижелері:
Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы тақырыпты меңгеру.

Оқушылардың бірін бірі бағалау мүмкіндіктерін жасау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Ой қозғау», «Мағынаны ажырату», «Ой толғаныс» стратегиялары, сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау
Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, бағалау парақтары, әдістемелік құралдар,
үлестірмелі материалдар, флипчарт.
Сабақтың тегі: жаңа білім беру сабағы
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, география
Күтілетін нәтиже:
Тақырып бойынша жаңа ұғымдардың, сөздердің мағыналарын түсініп,сабақта қолданылуы;

Топпен жұмыс істеп, бір-бірінің пікірлерін сыйлауға үйренеді;

Жаңа технология арқылы оқуға деген қызғушылық тудырады;

Еркін ойлауға мүмкіндік береді;

Ақыл-ойын дамытады;

Шығармашылық белсенділігі артады;

Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;

Тіл байлығы жетіледі;

Жан-жақты ізденеді;

Өз ойын жеткізе алады;

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Психологиялық тренинг. (Ролик № 1)
3. Оқушылар интерактивті тақтада берілген ұлағатты сөздерді оқып,
кластер құру (Флипчарт бойынша жұмыс.)

а) Табиғатты сүйем, сұлулыққа бас ием.
Дж.Байрон.
ә) Табиғат қарапайым да біртұтас бірегейлігімен – ақ ғаламат көрікті.
Р.Фейнмен
б) Табиғи дүниенің бәрі сұлу.
Н.Г.Чернышевский
4.Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақтарға жауап беру:
а)Қазақстан жерлеріндегі тауларды атау.
ә)Гималайдың биіктігі?
б)Алматы қаласы қай жерде орналасқан?
в)Қазақстанда қанша көл бар?
г)Ірі көлдерді атау.
ғ)Әлемдегі ең ірі көл?
4. -Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Сондықтан сабаққа белсенді, жұмыла қатысуларыңды сұраймын.
ІІ. «Ой қозғау» сатысы.

Сынып оқушыларын үш топқа бөлу. «Алма», «Алмұрт», «Шие» топтары.
Топтарға топ басшыларын сайлап қою. Бағалау парақтарын тарату.

1. Кластер құру ұпай
Лексикалық ұғымдарды қолдану 1

Грамматикалық ерекшеліктерді сақтау 1


Кластерді қорғау(өз ойларын жеткізу) 1


2. Сөздік бойынша жұмыс
Сөздерді дұрыс айту 1

Сөз тіркестерін құрастыру 1

Сөйлем құру 1


3. Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқу, аудару 1

Сұрақтар құрастыру 1

Мазмұнын айту 1

8-9ұпай - «5», 5-6ұпай – «4», 2-3ұпай – «3».
ІІІ. Жаңа сабақ.
2.Сөздікпен жұмыс

1. Өркештеу – горбиться 8. өрнекті - узорчатый
2. заңғар – высочайщий 9. нәзік - нежный
3. құзды – скалистый, с утесами 10. меруерт -жемчуг
4. жібек –шелк 11. гауһар - бриллиант
5. құлпыру – расцветать 12. көлеңдеу – медленно плавать
6. нұр – луч 13. шыныдай – как стекло
7. қамыс – камыш 14. кеңею - расширять
Сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлемдер құрастыру.
Мысалы:
Сөз тіркестері – жоғары өркештеу, заңғар тау, құзды биіктік, жібек жіп, әдемі құлпыру, күннің нұры, жасыл қамыс, нәзік құс, өрнекті кілем, меруерт моншақ, гауһар тас, көлде көлеңдеу, шыныдай су, тынбай кеңею.
Сөйлемдер – Таулар өркештеп тұр. Алматыда заңғар тау бар. Таудың құзды жерлері көп. Жазда жер жасыл жібектей болады. Гүлдер әдемі құлпырайды. Бөлмеге күннің нұры түсіп тұр. Айнала жасыл қамыс. Еденде өрнекті кілем жатыр. Аққу – нәзік құс. Менде меруерт моншақ бар. Әжемде гауһар тасты сақина бар. Аққулар көлде көлеңдейді. Бұлақтың суы шыныдай мөлдір.
3. Түсіндірме сөздікпен жұмыс.(зеррттеу жұмысы)
Түсінбеген сөздерді тауып, оқулықтан түсіндірмелерін тауып жазу.
Топан, құз, дария, шың, қойнау, бөктер, төбе.
4.Сергіту сәті.
(ролик көрсету)

-Жарайсыңдар, балалар.
5. Енді мәтінмен жұмыс жасайық.(187 бет2-тапсырма)
а) Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару
ә) Сұрақтар құрастыру
6. Жазбаша жұмыс. Фонетикалық талдау. Жұмыс орындалып болған соң, тақтада дұрыс жауабы болады, оқушылар өз қателерін түзетеді.
Адамшылықпен, жамандықтан, білгіштерге.
7. «Ой толғаныс» кестесі бойынша жұмыс .
- Балалар, бүгінгі сабақта қандай жаңа мағлұматтар біліп, қандай мағлұматтар білгілерің келеді? Соның бәрін осы «Ой толғаныс» кестесіне толтырып жазайық.

Білемін Не білдім? Не білгім келеді?


8. Сабақты бекіту. Синквейн.(рефлексия)
1. Зат есім. Табиғат
2. Екі сын есім. Әдемі, көркем.
3. Үш етістік. Құлпырайды, өседі, созылады.
4. Төрт сөзден сөйлем. Қазақстианда таулар өте көп.
5. Ассоциация (синоним) Тіршілік.
9. Бағалау
10. Үй тапсырмасын беру: ” Адам өміріндегі судың маңызы” эссе










Автор
Дата добавления 14.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров66
Номер материала ДБ-080781
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх