Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок по литературному чтению "Құмырсқаның өнері"

Урок по литературному чтению "Құмырсқаның өнері"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Ашық сабақ: Әдебиеттік оқу

Сынып: 2 «Ә»

Мұғалім: Еспаева Гаухар Амангелдіқызы

Сабақтың тақырыбы: Құмырсқаның өнері

Сабақтың мақсаты: «Құмырсқаның өнері» тақырыбымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Еңбекті дәріптеу болған мәтіннің мазмұнын ашу

Оқушыларды түсініп оқуға, өз ойларын қорытып айта білуга дағдыландыру.

Еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

- Амандасу

- түгендеу

- оқушылардың зейінін сабаққа аудару

II. Өткенді тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар

Сұрақ – жауап. Әр оқушыға бір-бір сұрақтан қойылады. Оқушы 3сек ішінде қойылған сұраққа жауап беруі тиіс, сұрақ қайталанып оқылмайды.

  1. Мәтіннің тақырыбы қалай аталады?

  2. Орманды мекендеген құстарды ата?

  3. Көкек пен Сауысқанның нелері болмады?

  4. Олар қай жерді паналап күнеліпті?

  5. Көкек көршілерінің мазасын қалай кетіреді?

  6. Сауысқан Көкекке не дейді?

  7. Көкектің жауабы қандай болды?

  8. Көкек Сауысқанның ұсынысымен келісе ме?

  9. Сауысқан не істейді?

  10. Ол ұясының қабырғасын немен таспалап, берік етіп өрді?

  11. Ұясын немен мықтап байланыстырды?

  12. Іші-тысын немен сылады?

  13. Қақпалы есікті неден жасады?

  14. Ұяның астына не істеді?

  15. Көкектің қақсай-қақсай даусына не болады?

  16. Тілі не ше?

  17. Керек сөзіндегі қай әріпті айта алмайтын болды?

  18. Керек деудің орнына ол не дейтін болды?

  19. Оны кекеткен кім?

  20. Жұрт оны қалай атап кетті?

  21. «Керек-керек» дейтін қай құс?

  22. Екеуіміз бірігіп үй істейік деген қай құс?

  23. Мамықтан төсекті қайда төседі?

III. Тірек сөздер

Құмырсқа, қарға, шырпы, еңбекшіл, ұя, сарай, илеу

IV. Жаңа сабақ. Ж.т.б.қ.қ.с

Жаңа тақырыпты оқу оқушыларға тапсырылады.

1 бетке 4 минут уақыт беріледі. Оқушылар тақырыпты оқып шыққаннан кейін оларға тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар қойылады . Әр оқушыға бір-бір сұрақтан қойылады. Оқушы 3сек ішінде қойылған сұраққа жауап беруі тиіс, сұрақ қайталанып оқылмайды.

  1. Бірнеше құмырсқа жабылып не істеп бара жатты?

  2. Құмырсқаларды не көрді?

  3. Қарға құмырсқаларға не деп келемеждеп күлді?

  4. Құмырсқалар қандай жауап қатты?

  5. Сарай деп нені айт деді?

  6. Құмырсқалар қай уақытқа дейін еңбек етті?

  7. Көп ұзамай көгалды жерде не бой көтерді?

  8. Қарға қай ағаштың басында жұмыртқа басты?

  9. Балапандардың қанаты неден майысты?

  10. Балапандар қайда келіп қонды?

  11. Олар нені байқады?

  12. Балапандардың даусын естіп ұшып келген не?

  13. Енесі нені көрді?

  14. Құмырсқалар қандай екен?

  15. Қарға илеуді көріп не дейді?

  16. Қарғалардың үнін не естиді?

  17. Біздің сарайымыздан не өтпейді дейді?

  18. Құмырсқалардың сарайлары қандай?

  19. Мәтіннің авторы кім?

  20. Егер біз сендей үлкен болсақ не істер едік дейді?

  21. Ақшам дегеніміз не?

  22. Мәтіннің кейіпкерлерін ата.

V. Сын тұрғ. с.

Оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушылар ия, жоқ деп жауап беріп өз жауаптарын айтады.

  1. Мәтіннің авторы Жәди Шәкен (ия)

  2. Бірнеше құмырсқа жабылып өздерінен кішкентай бір шырпыны сүйреп бара жатты. (жоқ)

  3. Сүйреп бара жатқан құмырсқаларды қарға көрді. (ия)

  4. Қарға «Ой, сендер мына шырпыны сүйреп қайтпексіңдер?- деп келемеждей күлді. (ия)

  5. Құмырсқалар ұя саламыз деді. (жоқ)

  6. Сарай деп мынау менің ұямды айт деді. (ия)

  7. Қарға әр күні бозала таңнан ақшамға дейін жанталасып жұмыс істеді. (жоқ)

  8. Көп уақыт өтпей көгалды жерде төңкерген қазандай құмырсқалардың илеу сарайы бой көтеріпті. (ия)

  9. Қарға шырша басындағы ұясында жұмыртқа басыпты. (жоқ)

  10. Қатты желден балапанның қанаты майысыпты (жоқ)

  11. Илеуді көріп қарға таң-тамаша болады. (ия)

  12. «Ой, Алла-ай, құмырсқалардың мұншалық еңбекшіл екенін кім білген» - деді қарға. (ия)

  13. Өздері сондай үлкен болғандықтан біздің ұядан үлкен ұя салыпты, - деп таңданыпты. (жоқ)

  14. Сол кезде бұлардың үнін естіген бір құмырсқа өлең айта жөнеліпті. (жоқ)

  15. Біздің сарайымыздан жазда жаңбыр, қыста қар өтпейді депті. (ия)

  16. Сарайымыз әрі жылы, әрі кең. (ия)

  17. Егер біз сендей үлкен болсақ, таудай сарай салар едік – деген екен. (ия)

  18. Бұл мәтіннің авторы Жәнібек Кәрбозин. (жоқ)

  19. Құмырсқада ұя, қарғада илеу болады. (жоқ)

VI. Сөздік қорларын тексеру.

Тақырып бойынша түсінгендерін оқушыларға жазуға 5 минут уақыт беріледі. Оқушылар бір-бірінің дәптерлерімен алмасып, жанындағы бала неше сөз жазғанын санайды. Жазылған сөздер саны саналып, дәптердің шетіне жазылады, сол бойынша оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма: 147-148 бет оқу, мазмұндау

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 21.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров20
Номер материала ДБ-278643
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх