Инфоурок Другое Рабочие программыУрок по литературу на тему: "Құтты білік"

Урок по литературу на тему: "Құтты білік"

Скачать материал

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы,

М. Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Курмашева Жумагул Нурлыбаевна

Ұялы тел:87759381381

Сыныбы: 8

Сабақ тақырыбы:   Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» трактаты

Сабақ мақсаты:

Білімділік:              Өмірінен мәлімет беру. «Құтты білік»әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірі, түркі тілдес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат екендігін таныту.

Дамытушылық:     Шығармада адам баласының ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, ел басқару, моральды-эстетикалық, тұрмыстық мәселелерді үлгі өнеге ету.

Тәрбиелік:             Поэманың бүгінгі таңдағы өміршеңдігі, тәрбиелік мәнін

ұғындыру, үлгі өнеге ету.

Сабақ көрнекілігі:Оқулық, көркем әдебиет, слайд, нақыл сөздер, тірек кесте

Сабақ түрі:           Жаңа білімді игеру. Дәстүрлі сабақ.

Сабақ байланысы:Тіл. Тарих

Сабақ әдісі:          Сұрақ –жауап, түсіндіру, топтық, жинақтау,шығармашылық   жұмыс.

Өту формасы:     Топпен

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.

Ә) Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Жаңа сабақ :  Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» трактаты

(сынып оқушыларын жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрышты фигураларды тарату арқылы 3топқа бөлу)

       -1топ адамгершілік тобы

      - 2 топ достық                    

      - 3 топ тіл

Ақын өміріне тоқталу: Оқулықта келтірілген мәліметтер бойынша Жүсіп Баласағұн туралы келтірілген мәліметтерді сұрау, оған тән негізгі ерекшеліктерді топтастыру.Ақын өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Жүсіптің әкесіде ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол бұл іске баласын тартып, Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткен.Осында жүріп қоғамдыққа тән жаратылыстану ғылымдарынан білім алды. Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды ақын ғана емес, ғалым ретінде де танымал болған.Ж.Баласағұн «Құтты білік» дастанын хижра есебінен 462 жылы қазіргі жыл санау бойынша 1070ж жазып бітірген. Дастанның нұсқалары жөнінде тоқталу.

Кітаппен жұмыс: «Құтты білік» трактатын әр топ атауына байланысты өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, мағынасын ашу.

       -1топ адамгершілік тобы

Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,

Есі болса, жұрнақ болса намыстан.

Ұшқалақтық-бірі, екіншісі-сараңдық

Үшіншісі-ашу, оған негіз надандық, -деген үзіндіден адам бойындағы ғұлама көрсеткен адамгершілік, асыл қасиеттер мен азғындық жолға түсірер жағымсыз, қылықтарды топтастыру. Ғұламаның айтпақ ойы қандай екенін  түсіндіру.

      - 2 топ достық     

  Төмендегі үзіндіден адал достық пен амал достықтың сипаттарын анықтап, түсіндір. Ақыл, нақыл, өсиет сөздерін жинақта.

Екі түрлі достықтың бар есебі,

Сол үшін жұрт табысады, сенеді.

Бір достық бар Тәңірді алған араға,

Болмайды онда қалтарыс та, нала да.             

      - 3 топ тіл

Төменде келтірілген үзіндіден ақыл, білім, тіл туралы айтқан ойларына анықтама беру.

Ақыл, білім, тілмашы - тіл, бұл кепіл,

Жарық төгіп, елжіретер тіл деп біл,

Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,

Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.

Дәптермен жұмыс:Ж. Баласағұнның «Құтты білік» өлеңі мен А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстырып, дәптерге жазу

НадандықОвал: Ж. Баласағұн «Құтты білік»
А. Құнанбаевтың 
«Ғылым таппай мақтанба»

                                                                                                                                    Өтірік

Ашу

                                                                                                                                      Өсек

Сараңдық                                                                                                      

            Мал шашу, ұшқалақтық                                                                     Мақтаншақ

                                                                  Еріншектік

Шығармашылық жұмыс:

       -1топ адамгершілік қасиеттер жайында эссе

      - 2 топ достық  туралы эссе                

      - 3 топ тіл туралы эссе жазу керек.

 

Сабақты қорытындылау: (әр топ жеміс ағашын  толтыру).

     Не білемін?   Не білдім?   деген жеміс ағашы бар форматты стикерлер арқылы толтырып, қорғайды.                                 

 

 

 

 

 

 

 


Сабақты қорытындылау:

 1. Шығармашылық орындауымен;

2. Өз ойын еркін жеткізе алуымен;

3. Сөздік қорымен сабаққа қатысқан топ мүшелері бағаланады.

Үй тапсырмасы: Ж. Баласағұнның өмірін оқып келу. «Құтты білік» өлеңінен үзінділер жаттап келу

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по литературу на тему: "Құтты білік""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 020 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2017 559
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курмашева Жумагуль Нурлыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4742
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой