Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Рабочие программы / Урок по математике на казахском языке на тему" интервалдар "(6 сынып)

Урок по математике на казахском языке на тему" интервалдар "(6 сынып)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Интервалдар.

.Сабақтың мақсаты:1. Сан аралығының түрлерін: интервалды, кесіндіні, жартылай

интервалды, сәулені, ашық сәулені;

-теңсіздіктің шешімдер жиынының координаталық түзуде сан

аралығымен кескінделетінін;

-теңсіздіктердің шешімдер жиынын сан аралығында кескіндеуді;

-теңсіздіктер шешімдерінің жиынын сан аралығымен жазуды

өтілген сабақтарды оқушылар санасында бекіту, пысықтау.

2. Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұжым

намысын жоғары қоюға, еңбекті сүюге, адамгершілікке

тәрбиелеу.Оқушылардың өз бетімен еңбектену сезімдерін және

білімді игеру дағдыларын дамыту.

Сабақ көрнекілігі: Карточкалар, тест тапсырмалары жазылған. Ертегі кейіпкерлерінің суреттерінің артына әр түрлі тапсырмалар жазылған. Интерактивті тақта.


Сабақ түрі: ертегі сабақ.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру;

  2. Үй тапсырмасын тексеру: № 996

  3. Ауызша сұрақтар сұрау:
    1.Қандай сан аралығын білесіңдер?
    2. Қандай сан аралығы интервал деп аталады?
    3. Қандай сан аралығы кесінді деп аталады?
    4. х ≤6 немесе х≥8 теңсіздіктерінің шешімдер жиыны қалай аталады?

  4. -Ал енді қайталанған тақырып бойынша білімдерімізді бекіте түсейік.


Ертегі сабақ: «Ең бақытты адам»


Ертеде бір кедей жігіт алыс жолдан арып-аршып келе жатады. Бір кезде ең далада қонған жалғыз үйге тап болады. Сәлем беріп, ішке кіреді. Үйде кеудіреген бір қария бар екен.

-Ата, су беріңізші?

-Қалқам, су керек болса, ана қоржындағы тапсырманы орында.

Қане, балалар, жігітке қандай тапсырма берілді екен қоржыннан алып, тапсырманы орындауға көмектесейік.



Тапсырма № 1 тест /қайталау/

hello_html_m145460ff.png



«5» - 15-16 ұ. «4» - 12-14 ұ. «3» - 8-11 ұ.

Біз жігітке көмектестік, әрі қарай не болар екен, кәне тындалық.Бірер жұтым су ішіп, таңдайын жібіткен жігіт:

-Бұл үйдің адамдары қайда, ақсақал – деп сұрайды.
-Шырағым, олардың қайда кеткенін өзім де білмеймін,- дейді қария.

Жас шағымда ел қыдырып, саудагерлік жасадым. Бір тиынды далаға есепсіз шығармадым. Сөйтіп,дүниедегі ең бай адам болуды армандадым.

Әбден байыдым. Көздеген ниетіме қолым жеткен кезде, амал не, қартайып қалдым. Араға ұзақ жылдар салып туған жерге келдім. Келсем,ауыл көшіп кетіпті. Жұртта менің қараша үйімді ғана қалдырыпты. Ауылдың қайда барып орын тепкені белгісіз. Байлығыма қызығып, ілесіп келгендердің бәрі де бет-бетіне кетті. Содан жалғызбын. Қажыдым. Қартайдым. Өкініштен өлуге таяндым.

-Иә, жағдайың қиын екен,-деп аяйды жігіт оны.

-Қарағым, саған айтар бір тілегім бар, депті қария. –Сен менің жарты байлығыма өзіңнің жиырма жасыңды сат.

Мұғалім: Балалар, жігіт жасын сата ма? (әр түрлі жауап) . Олай болса, білгеніміздің дұрыс-қатесін тексеру үшін қоржынның ішіндегі есептерді шығара қойыңдар. Қайсын жақсы есептеп, түсіндіре біледі!?

Әрі тапсырманы орындасаңдар ертегіні жалғастырамыз.

Қоржындағы тапсырма /оқулықпен жұмыс/

997

Сандар аралығы

[-10; 8]

(-2; 8)

[-3; 3)

(-5; 4]

Ең үлкен бүтін сан





Ең кіші бүтін сан







- Ақсақал, реңжімеңіз.Олай істей алмаймын. Жиырма жасымды сата алмаймын. Әрі соншама байлықтың маған кажеті жоқ, - деп, жігіт орнынан көтеріледі.Көп жүрді ме, аз жүрді ме, оны ешкім білмейді. Бір күні әлгі жігіт құдықтан қой суарып жатқан қарияға кездесіп сәлем береді.

-Алыс жолдан шөлдеп келем. Құдығыңыздан су ішуге бола ма?

-Балам, қара суға несін рұқсат сұрайсын?! Қауға құдық басында тұр, тарт та, салқын суды қалағаныңша іш! – деп қарт бұрылып жүре береді.

Құдықтан су тартып шығарған жігіт өз көзіне өзі сенбепті.

Қауғаның түбінде жұдырықтай алтын жатыр екен.

Мұғалім:

Жігіттің не істегісі келгенін, алтынды қайткенін білу үшін мына, сиқырлы сандықта есепті карточка бар, сол есепті шығарып және карточка сыртындағы сиқырлы сөзді оқыңдар.


1003


[-3; 5] және

[-1; 9]

(-5; 9] және

[-7; 12)

(-4; 8] және

[0; 10)

(-7; 6] және

[3; 15)

Сан аралығының қиылысуы





Сан аралығының бірігуі






Жігіт әуелі шөлін қандырып, алтынды едәуір жер ұзап кеткен қарияға апарып береді.

-Алтынды тапқан өзің. Ол сенікі – дейді қария. Жігіт көнбейді. Еңбексіз келген алтынға қызықпайды. Біреу жоғалтып алған шығар деп, алтынды құдыққа қайта апарады. Содан бірнеше күн жол жүріп, азығы мен ауыз суы әбден таусылды. Ол тағы да көкорай шалғынға тігілген ақ отауға кез болады. Сәлем беріп, ішке кірсе, дастархан жаюлы. Үстінде әр түрлі тағам жайнап тұр. Төрде бір адам отыр.

-Келіңіз, жоғары шығыңыз, - деп, ол жігітті дастарханға шақырады. Мен сенің тарығып келе жатқанынды біліп отырмын.Ұялма, тойғаныңша ішіп-же, сосын көтергеніңше алып кет!

-Рахмет! Өзегім талып келе жатқаны рас. Бірақ сіздің бұл мәзіріңізді тегіннен-тегін іше алмаймын. Әуелі маған істеп тастайтын бір жұмыс беріңіз.

-Онда, анау тұтқыштағы есепті шығарып, жігітке көмектесейік.


Есеп № 1004


Сан аралығының координаталық түзудегі

кескіні





Сан аралығының белгіленуі






Сан аралығының аты






Қос теңсіздікпен жазылуы







Жігіт әлгі адамға қолғабыс көрсетіп, сонан соң дастарханға келеді. Бір таба нан, бір құты су алады да, қоштасып жолға шығады.

Келесі күні жігіт шаршап, бір теректің көлеңкесіне қисаяды.

Қалғып кеткен екен. Оянса, алдында тұрған бір ару қызды көреді.

Ару қыздың не айтқанын білу үшін қайталауға арналған есептер шығарып келесі тақырыпқа дайындық жасайық.

1007

Теңдеуді шешіңдер:


  1. +=


  1. =+


-Мен бақытпын. Өзіңді іздеп шығып, едім, - дейді қыз.

Бірақ менен бұрын ауру адамның кейпіндегі Денсаулық, алтын ұсынған Адалдық, ағыл-тегіл дастархан жайған Қанағат сені сынап көрген екен.

Енді соның үшеуі де сенімді серігіне айналды. Ал – менің саған еш қажетім жоқ.Әдетте мені жаңағы үш досы жоқ адамдар ғана іздейді.

Қыз солай депті де, көзден ғайып болыпты. Ал жігіт Денсаулық,Адалдық, Қанағатпен қауышып, бақытты өмір сүреді дейді.

Сол сияқты жігітке көмектескен сендердің еңбектерің көп. Сеңдердің денсаулықтарың болып әрдайым қанағатпен, бір-біріңе адал болыңдар дей келе сабақты қорытындылап, білімдерін бағалаймын. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: № 1007 /3,4/


Автор
Дата добавления 06.04.2016
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров65
Номер материала ДБ-013070
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх