Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Видеоуроки / Урок по математике на тему "Жай бөлшектерге амалдар қолдану"

Урок по математике на тему "Жай бөлшектерге амалдар қолдану"

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы: 5 «г»

Күні: 14.05.2014 ж

Пәні: Математика

Пән мұғалімі: С.Еңсепова

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану тарауына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Жай бөлшектерге амалдар қолдану тарауы бойынша алған білімдері жинақталып, есептеу дағдылары жетілетін болады. Топпен ұйымдасып жұмыс жасауға дағдыланатын болады.

Күтілетін нәтиже: Натурал сандардың бөлінгіштігі тарауы бойынша алған білімдері жинақталады. Тарау бойынша алған білімдері дамиды, есептеу дағдылары қалыптасады. Топпен ұйымдасып жұмыс жасауға дағдыланады.

Сабақтың әдісі: Жеке, жұптық, топтық жұмыс, қалың-жұқа сұрақтар, тапсырмалар, логикалық есептер. «Маған көрсет» әдісі.

Бағалау: Критерий бойынша, «Басбармақпен» бағалау, топтағы бағалау парақтары, көңіл-күй нышандарымен бағалау, кері байланыс, мадақтау.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Сабақ мазмұны

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру

3 мин

- Сәлемдесу.

- Оқушыларды түгелдеу

- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

-Түрлі-түсті стикерлер арқылы топқа бөлу.

1-топ Қосу

2-топ Азайту

3-топ Көбейту

4-топ Бөлу


Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Бүгінгі сабақта топқа бөлініп, «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарауын қайталайтын боламыз.

-Балалар, қазір қандай мезгіл?

-Көктемде табиғатта серуендеу ұнай ма?

-Олай болса, қазір біз сабақта табиғатқа серуендейміз.

Серуендеуге дайындалу үшін біз дүкенге барып, қажетті заттарымызды сатып аламыз. Ол заттарды сатып алу үшін әрбір затқа сәйкес сұрақтарға жауап береміз. Ол сұрақтар үйге берілген ІІІ тараудан қайталау сұрақтары

Мұғаліммен амандасады.

Сабақтың тақырыбын жазады.

Стикерлерінің түстеріне қарай топқа бөлінеді.



-Көктем мезгілі


-Иа, ұнайды

Үй тапсырмасын тексеру

5 мин

Үйге берілген есептер тексеріледі. Қалың-жұқа сұрақтар беріледі.


hello_html_7f5404d3.png

Бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі

hello_html_m667b559d.png

Өзара кері сандар. Мысал келтір

hello_html_m388f2fb5.png

Жай бөлшектерді, аралас сандарды қалай қосады?

hello_html_m73c1d29f.png

Жай бөлшектерді, аралас сандарды қалай азайтады?

hello_html_m49dede96.png

Аралас санды аралас санға қалай бөледі?

hello_html_m737e8af7.png

Бөлшекті бөлшекке, натурал санды бөлшекке қалай көбейтеді?


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


Білім бекіту

28 мин

Жеке жұмыс.

1. «Фигураның қандай бөлігі боялған?»

Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.

Топ бағалаушысы сұраққа жауап берген, тапсырма орындаған оқушыларға геометриялық фигуралармен белгі қойып отырады.



2. «Логикалық тапсырма»

1) 10 м баған бойымен ұлу көтеріліп барады. Күні бойы ол 5 м жоғары көтеріледі, ал түнде 4 м төмен түседі. Ұлу баған басына жету үшін неше күн қажет?


2) Шегіртке ағашқа қарай бір алға, бір артқа секіріп барады. Алға секіргенде, 3 м алға, ал артқа секіргенде 1 м артқа шегінеді. Егер бастаған жерден ағашқа дейін 21 м болса, онда шегіртке ағашқа жету үшін неше рет секіреді?



-Балалар, сендер серуенге жақсы дайындықпен келіпсіңдер, енді серуенге шығайық.

-Ой, балалар айнала қандай тамаша, мына өсіп тұрған гүлдерді қараңдар. Гүл тергілерің келе ме?

-Мына гүлдерді теру үшін сәйкес сұраққа жауап беру керек, яғни мына фигуралардың қандай бөлігі боялғанын айтуларың керек.


-Мына ұлуды қарайдар, ағашқа мініп бара жатыр. Мен сендерге ұлуға байланысты логикалық есеп айтайын, ал сендер шешіңдер.



-Мына шегірткені қараңдаршы ағашқа қарай секіріп бара жатыр мұғалім шегірткеге байланысты логикалық есеп береді





Оқушылар сұраққа жауап беріп, гүлдерді алады.

Гүлдер

Фигураның қандай бөлігі боялған?

hello_html_m15b999cd.png

hello_html_f1b4ac4.png

hello_html_5c00a114.png

hello_html_64c028c4.png

hello_html_291656c5.png

hello_html_3386bdce.png

hello_html_m30dc36e4.png

hello_html_64937933.png

hello_html_m5078bfc5.png

hello_html_mc286dd9.png

hello_html_ma10338f.png

hello_html_73fb24ae.png

hello_html_7e9424d7.png

hello_html_m4f465a47.png




Оқушылар логикалық есептерді шешеді.






Жұптық жұмыс .

1435 есеп. Жұптар бір-бірін «Басбармақпен» бағалайды.









Жеке жұмыс.

1437, 1438 есептер

Есеп шығарған оқушыларды мұғалім алманың суретімен бағалайды.

«жасыл алма»-есепті қатесіз шығарды

«сары алма»-есепті шығарды, бірақ қате кетті

«қызыл алма»-есепті шығара алмады




-Балалар, мына балапандарды қараңдаршы ұясынан жерге түсіп қалыпты, оған көмектесеміз бе?

Ол үшін мына жұптық жұмысты орындаңдар

d:\Users\Ulan\Desktop\Image10.bmp

-Балалар, мына алма ағаштарын қараңдар, алма тергілерің келе ме? Ол үшін есептер шығарамыз.

Алма теріп болсаңдар, қанша алма жинағанымызды есептейік.d:\Users\Ulan\Desktop\Image11.bmp

Оқушылар жұптық жұмысты дәптерлеріне орындайды, жұптар бір-бірін тексеріп, «Басбармақпен» бағалайды.







-№1437,1438 есептерді дәптерлеріне орындайды. Болған оқушылар тақтаға жазады

Сергіту сәті

1 мин

Сергіту сәті

Видео «Cute Froggy Dance»


-Балалар, тапсырма орындап шаршап қалған шығарсыңдар. Таза ауада мына бір әуенге қосылып билейікші

Оқушылар әуенге қосылып билейді


Білім пысықтау

5 минут

«Маған көрсет» әдісімен сабақты пысықтау


Мұғалім тақтадан есеп көрсетеді. Мұғалім смайликтермен бағалайды

d:\Users\Ulan\Desktop\Image13.bmp

Оқушылар оны планшетке жазып, мұғалімге көрсетеді

Рефлексия

2 мин

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып,

«Білім ағашына» іледі


-Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

-Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?

-Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдың?

d:\Users\Ulan\Desktop\Image12.bmp

Үйге

1 мин

1436,1439 есептер

Тарауды қайталау

Үйге тапсырма береді

Оқушылар күнделіктеріне жазады



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.10.2015
Раздел Математика
Подраздел Видеоуроки
Просмотров191
Номер материала ДВ-040466
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх