Инфоурок Начальные классы КонспектыУрок по начальному классу на тему "Оюлар әлеміне саяхат"

Урок по начальному классу на тему "Оюлар әлеміне саяхат"

Скачать материал

№5 орта мектеп

 

 

 

 

 

         АШЫҚ САБАҚ

 

 

Сауат ашу

Тақырыбы: «Оюлар әлеміне саяхат»

 

 

 

 

 

 

                                    Өткізген:Бастауыш сынып мұғалімі

                                                                    Аралбаева А.Ж

 

 

 

 

 

 

                                    

 

                             Ақтау-2016ж

 

Сабақтың тақырыбы: Оюлар еліне саяхат

Программалық мазмұны: О дыбысы мен әріпін таныстыру. Құрамында о дыбысы бар сөздерді талдау. О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын-әрпін таныту. Буыннан сөз,сөзден сөйлем құрауға дағдырландыру. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Әдіст-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік,жұмбақ,көркем сөз.

Көрнекілік құралдар: текшелер, суреттер, сөзжұмбақ, таспа.

Сабақтың түрі: саяхат-сабақ.

Пәнаралық байланыс: математика, тіл дамыту, музыка.

 

Сабақтың барысы: Арайлап таң атты

                                 Алтын сәуле таратты

                                 Жарқырайды даламыз

                                 Қайырлы күн, балалар

                                 Қайырлы күн, қонақтар!

Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біздің тобымызға бүгін көп қонақтар келді. Қонақтармен амандасайық. Балалар бүгін ерекше күн болғасын,сабағымызда ерекше болмақ. Көңілді отырып сабағымызды бастайық. Бүгін аптаның қай күні? (жұма)

- Жылдың қай мезгілі? (қыс мезгілі)

- Қыс мезгілінің қай айы? (желтоқсан)

Жарайсыңдар, бүгін бізге сауат ашу сабағына мынадай хабар келді. Ою ханшайымы өзінің сиқырлы оюларын бізге жіберіпті. Тобымыздың ішінде сиқырлы оюлар жасырынған. Ол оюларда тапсырмалар бар екен. Оюларды тауып дұрыс жауап берсек, тәртіпті, білімді, ауызбір болсақ оюлар еліне саяхатқа барамыз.

- Балалар сендер оюлар еліне барғыларын келе ме?

Олай болса оюларды табайық.

Бірінші ою-тапсырма Ойын "Сиқырлы сандар"

Балар қазір біздер сиқырлы сандар ойынын ойнаймыз. Тәртіпті, білімді, ауызбір болсақ сандардың бізге не жасырып тұрғанын білеміз. (тақтада сандар ілулі тұр)

1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

2. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

3. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

4. Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

(Әр сұраққа жауап алынған сайын, сандар астынан суреттер шығады.)

- Балалар ненің суретін көріп тұрмыз? (орындық, ою, от т.б.)

-Бұл сөзжер қандай әріптен басталады?

(О дыбысын 3 рет хормен айтқызу)

Осы дыбысқа сөздер ойлау.

- О дыбысы қандай дыбыс (дауысты)

Сондықтан о дыбысын қандай текшемен белгілейміз?(қызыл текшемен)

- Ол сөздің қай буындарында кездеседі?

-Кім осы дыбыспен мысал келтіреді?

(Балалар мысалдарын тыңдау)

Балаларға текшелермен доп сөзін жаздыру.

Екінші оюды табу. Тапсырма: жұмбақ

- Ал балалар, ойнайық,

  Ойнайық та ойлайық.

  Қандай жұмбақ болсада,

  Шешпей оны қалмайық.

"Оюда" бармын,

"Допта" бармын.

"Түнде" жоқпын.

Мен сонда қандай дыбыспын?

Тапсырма: Ребус шешу. Ребустын жауабы Отан сөзін тауып жазу, оқыу, буынға бөлу. Жарайсыңдар "Отан" сөзінде о дыбысы бар екен.

- Балалар Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Отан туған жеріміз, еліміз, ауылымыз.

- Отан туралы тақпақ білесіз бе?

Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан- ана, Отан- үлкен

Қазақстан - туған ел.

 

- Кім Отан туралы мақал-мәтелдер біледі?

- Отан оттан да ыстық.

- Отан үшін отқа түс күймейсің.

Отан сөзіне дыбыстық талдау жасау.

 

Үшінші оюды табу. Тапсырма.

-  Балалар бізге ою ханшайымы сиқырлы шырша жіберіпті. Егер осы тапсырманы дұрыс орындасақ, ою ханшайымы бізге жаңа жылда үлкен шырша сыйлайды. Жаңа жылда келіп қалды әрине бізге шырша керек. Бұл сиқырлы шыршада қызылды-жасылды шарлар бар, ол шарларда біз білетін әріптерден буындар жазып қойыпты. Шарларға жазылған буындардан сөз құрастырып оқиық. Сөзден сөйлем құрайық.

- ОЙ-НА, ОЙ-ЛА, ТОЙ, ТОП.

 

Сергіту сәті: Оңға, оңға түзу тұр,

                        Солға,солға түзу тұр.

                        Алға қарай бір адым,

                        Артқа қарай бір адым.

                        Жоғары - төмен қарайық

                        Орнымызды табайық!

 

Төртінші оюды табу. 1.Тапсырма. Оюды аяқта.

Балалар бұл тапсырмада ою ханшайымы өзінің сиқырлы оюларын жіберіпті. Оюдың бір бөлігі бар да, екінші бөлігі жоқ. Екінші бөлігін саламыз. О әрпін жазамыз.

 

2. Сөзжұмбақ шешу.

- Ұстасаң қолыңды күйдіреді

   Жалыны тағам пісіреді.

- 9 дан кейінгі сан

- туған жеріміз,еліміз.

 

Міне ою ханшайымының тапсырмасын да орындадық.

Біз қандай ою құрадық? (Қошқар мүйіз)

Көзімізді жұмамыз,ашамыз. Оюлар еліне келдік. Ою ханшайымы шығады, қолында оюлары бар.

- Балалар оюлар еліне қош келдіңіздер!

Сендер өте ақылды,білімді, ауызбір екенсіңдер. Менің тапсырмаларымнан сүрінбей өттіңдер. Сондықтан мен сендерге сиқырлы оюларымды сыйлыққа беремін. Кәне балалар, "Сөз ойла - тез ойла"ойынын ойнайық. Кім "О" дыбысынан келетін сөзді көп ойласа, сол жеңімпаз аталады.

Балаларға оюлар тапсырылады. жеңімпаз анықталады.

Көзімізді жұмамыз, ашамыз. Тобымызға келдік.

-  Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-  Бүгін қайда саяхат жасадық?

-  Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-  О қандай дыбыс?

-  Жақсы жарайсыңдар. (жақсы қатысқан балаларды мадақтау)

-  Балалар қонақтармен қоштасайық.

- Сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по начальному классу на тему "Оюлар әлеміне саяхат""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 755
    • DOCX 15.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аралбаева Акмарал Жилхибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аралбаева Акмарал Жилхибаевна
    Аралбаева Акмарал Жилхибаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4086
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 34 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 35 регионов

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 56 регионов

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 46 регионов

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1048 человек из 82 регионов

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе