1033943
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
ИнфоурокФизическая культураСтатьиУрок по национальные народные игры

Урок по национальные народные игры

библиотека
материалов



Тақырыбы: Национальные народные игры.

Эпиграф: «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан-

балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері

бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын – сауықтар қазақтың ұлттық

ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс- тіршілігіне тығыз байланысты туған

екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа,

ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке, тағы басқа әдемі

адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен» (Ахмет Жүнісов

«Фәниден бақиға дейін»- Алматы, «Қайнар», 1994 ж.).


Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық ойындарының шығу тарихы мен

түрлері туралы толық мәлімет беру, олардың ерекшеліктерімен

таныстыру.

Дамытушылық: Сөйлеу мәнерлерін дамыту, жылдамдыққа, ептілікке баулу.

Тәрбиелік: Қазақ халқының ұлттық ойындарына деген сүйіспеншіліктерін

арттырып, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі: ауызша журнал

Көрнекілігі: интерактивті тақта Activ Board 78,3 бағдарламасы, ұлттық ойындарға

арналған слайдтар, бейнефильм, қоржындағы асықтар.


Ауызша журналдың беттері:

  1. «Тарих беттерін парақтай отыра...» (ұлттық ойындардың тарихы туралы).

  2. Ұлттық ойындар туралы ой-пікірлер.

  3. Ұлттық ойындардың түрлері.


Оқытушының кіріспе сөзі:

Сәлеметсіздер ме, оқушылар мен оқытушылар. Бүгін біз «Қазақтың ұлттық ойындары» атты ауызша журнал өткізгелі отырмыз. Ауызша журналымыз 3 беттен тұрады, олар: «Тарих беттерін парақтай отыра...», Ұлттық ойындар туралы ой-пікірлер, Ұлттық ойындардың түрлері.

Бүгінгі біздің мақсатымыз – қазақтың ұлттық ойындары туралы толық мағлұмат алу.


1-бет: «Тарих беттерін парақтай отыра...».

Ең алдымен, қазақтың ұлттық ойындарының тарихына тоқталып өтейік. Этнограф-ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.

«Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған.

2- бет: Ұлттық ойындар туралы ой- пікірлер.

М.О.Әуезов біздің халқымыз өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан өнері бар, «Ойын» көңіл көтеру, жұрттың көзін қуанту, көңіл шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше мағыналары болғанын айтады. Бұл пікір өзі өмір сүрген ортаның шындығынан туындаса керек. Қазақтың тарихи көне жылдарының эпостары мен лироэпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, оның өн бойына халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрыптары, салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Негізгі кейіпкерлері – баланың ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткері ойын үстінде көрінеді, сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.

В.А.Сухомлинскийдің сөзімен: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын – дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты».


3- бет: Ұлттық ойындардың түрлері.

Қазақ ұлттық ойындарының түрлеріне толық сиппатама берейік.

1 – ші студент:

Қазақтың ұлттық ойындары 4 түрге бөлінеді.

Олар:

1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.


2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.


3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, т.б.


4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, көкпар, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, т.б.

Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ.


2 – ші студент: (Алтыбақан ойыны).

Бұл – жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан байланады.

Арқан тартпақ. Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ойын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он-он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату үшін тартады. hello_html_m49a6d017.jpg


3 – ші студент: (Ақсүйек ойыны).

Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған. Ойын бастаушы жылқының бақай сүйегін, ол болмаса қойдың жілігін немесе жауырынын, жамбасын қолына алып, ойынға қатысушыларға көрсетіп, белгілеп алады да, ойыншыларды екі топқа бөліп, алысырақ барады да ақсүйекті лақтырып жібереді. Қай топтың ойыншылары ақсүйекті бірінші болып тапса, сол топ жеңген болып саналады. Сүйек еті мүжіліп, далада жатып күнге күйіп, әбден ағарған болуға тиісті.

4 – ші студент: (Ат сайысы).

Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген. hello_html_m3f0f7319.jpg


5 – ші студент: (Аударыспақ). Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.

6 – шы студент: (Айгөлек ойыны).

Оны қыз-жігіттер екі топқа бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізден сізге кім керек?»-деп сұрайды. Екінші топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден бізге Ақерке керек!»-деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтың бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді. Алтын қабақ. Мергендер сайысы. Жігіттер садақ жебесін нысанаға әрі тез, әрі дәл тигізуге тиісті. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Алтын қабақ сайысының түрлері: жаяу немесе ат үстінен сырық басындағы теңгені атып түсіру, жоғары лақтырылған қалпақты, басқа да заттарды атып түсіру, ат үстінде шауып келе жатып нысанаға дәл тигізу. Мергендер сайысының тағы бір түрі – жамбы ату, садақ тарту.


7 – ші студент: (Аламан бәйге). hello_html_m54897179.png

Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.

8 – ші студент: Ақшамшық (сақина салу).

Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға он-он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене отырып, екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің алақанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», - деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», - деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір кітаптарда сақина тастау ақшамшық емес, ақшымшық деп те жазылып жүр.


9 – шы студент: (Теңге алу).

Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін. hello_html_m20231b4f.jpg

«Қыз қуу». Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.


10 – шы студент: (Көкпар).

Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.
hello_html_43b4edc1.png

11 – ші студент: (Қыз қуу).

Ойын үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, ұшқыр, жүйрік аттарға мініп шығады. Қашықтығы 300, ал ені 30-40 метрлік тегіс, топырағы жұмсақ, ашық алаң таңдалып алынады. Жарыстың басталатын жері – алаңның бір маңдайында қатынасушылар орағытып өту үшін қарақшы қойылады. Бұған көбінесе қызыл жалау қағылады. Жарыс жекелей де өтеді. Егер екі топқа бөлінсе, онда қыздар мен жігіттердің саны тең болуы қажет.

Төрешінің бірінші белгісі бойынша қыз жігіттен 10 метрдей алда тұрып, шабысқа дайындалады. Келесі белгіде олардың екеуі де аттарының басын жіберіп, шаба жөнеледі. Жігіт қызды бұрылысқа дейін қуып жетіп, жең ұшына ілінген орамалды ілгері алып қашуы керек. Егер жігіт сол бетімен – қарақшыдан сөреге дейін қуғыншыға жеткізбесе, онда – жеңгені. Ал егер қыз қуып жетсе, жігіттің атын, әйтпесе өзін қамшының астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептелінеді.
Жарысқа қатынасушыға бір-бірінің атын тоқтатуға, алаңнан сыртқа шығуға, қарақшыға жетпей сөреге оралуға рұқсат етілмейді.
hello_html_m66499293.png


12 – ші студент: (асық ойыны)

Адамзаттың бір жұмбағы деп асықты, кәдімгі қара сирақ балалар күні ұзақ ойнайтын сүйекті айтуға, әбден болады. Асық ойынының (орыстарда -«бабки») түрі, ережесі, шарты әралуан.

«Асық» - малдың жіліктерін жалғастырып тұратын шағын сүйек. Ол көптеген ұлттық ойындардың атрибуты. Асық ойындарында оның жатысына  («бүк», «шік», тәйкі», «алшы») көп мағына беріледі. Асықтың төрт түрлі жатысына қарай оның  мәртебесі арта түседі (картаның төрт түсі сияқты). Ал егер асық төбесімен, не екі «аяғымен» тік тұрса - оны «омпы» деп атайды.

«Асық жатысының мағынасын: 1. адам денесі мүшелерімен салыстыра отырып; 2. адамның белгілі бір жағдайдағы қалпымен; 3. оның қоғамдағы әлеуметтік жағдайымен байланыстыра бейнелеуге болады.

«Шік» (шөк) - жат, шалқаңнан түс, құла дегенді білдіреді. Түйені «шөк» деп шөгеру осы мағынаға жақын. Бұл да асықтың әлсіз жатысының бірі - шалқасынан жатқан адамның кейпін береді. Ондай адам қауқарсыз келеді, ішін жоғары қаратып жатқанынан іш, іші, шік - шалқасынан жату мағынасы туындаған. Асықтың ортасындағы шұқыр кіндік шұқырымен сәйкес. Сондықтан, «шік» дегеніміз ойда құлдырау, берілу, шарасыздық, амалсыздық сияқты ұғымдармен ассоцацияланады.

«Бүк» - иілу, бұғу, көну мағынасын береді. Асықтың бұл жатысында тағдырдың тәлкегіне түскен, жазмышқа көнген, оны толық мойындаған, әрекеті жоқ, бүкірейіп төрттағандап құлаған, басын түсірген қауқарсыз адамның бейнесі бар. Дәлел ретінде қазақтың «бұқ», «бүгіл», «бүктіру» сияқты мағынадағы сөздерін атауға болады.

«Тәйкі» сөзі «тай» (тайып тұр) деген мағынадан шығады. Мысалы, тайғақ, таю, тайғанақ т.с.с. Осыдан «тәйкі» дегеніміз тайғы (тайғақ) сөзінің өзгерген түрі ме дейміз.  Шынында да, асықты осы беті мұз сияқты тегіс, жылтыр келеді. Бұл - жағдайдың сенімді емес, тайғанақ, яғни, мығым емес, қолайсыз, қауіпті екендігін білдіреді. Сондықтан «тәйкі» адамның қолайсыз жағдайын, ортасы орнықсыз екендігінің бейнесі.

«Алшы» - дегеніміз асықтың түсуі ғана емес, ол санада «алушы», «жеңуші», «жаулаушы» т.с.с. мағына туғызады.hello_html_m4565939a.png

«Алшы» - асықтың ең жоғарғы тұрысы, жеңімпаздың, салтанат құрушының оңтайы. Қазақтың көптеген асық ойындары ойынды бастау құқын анықтаудан басталады. Ол үшін әр ойыншы асықты шиіреді. Асығы алшысынан түскен ойыншы ойынды бастайды. Ойын барысында кімнің асығы алшысынан түссе, сол жеңген болап саналады.


Оқытушының қорытынды сөзі.

Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған көне халықтың дәстүрлері, шаруашылық мәдени, өмір тіршілігінің жиынтық белгісі болған. Сол себепті балалар, біз бүгінгі ауызша журналдың әрбір бетінен қазақтың ұлттық ойындары туралы көптеген танымдық мәлімет алдық деп ойлаймын.

Ауызша журналға белсенді қатысқан оқушыларға, сондай-ақ ауызша журналға уақыттарын бөліп келген көрермен қауымға рахмет.












































«Текелі қаласындағы №17 кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесі





hello_html_35ca66b3.jpghello_html_m229c8bbd.png
















(ауызша журнал)











Оқытушы: Қалиев Ж.Қ.






Курс повышения квалификации
Лабиринт
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону N273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» педагогическая деятельность требует от педагога наличия системы специальных знаний в области обучения и воспитания детей с ОВЗ. Поэтому для всех педагогов является актуальным повышение квалификации по этому направлению!

Дистанционный курс «Обучающиеся с ОВЗ: Особенности организации учебной деятельности в соответствии с ФГОС» от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (72 часа).

Подать заявку на курс
Похожие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС медицинских направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Организация тренерской деятельности по физической культуре и спорту»
Курс повышения квалификации «Дополнительное образование в системе спортивного менеджмента по ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация тренерской деятельности по адаптивной физической культуре и спорту»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности помощника-референта руководителя со знанием иностранных языков»
Курс повышения квалификации «Мировая экономика и международные экономические отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и методическое обеспечение процессов физкультурной и спортивной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности специалиста оценщика-эксперта по оценке имущества»
Курс профессиональной переподготовки «Политология: взаимодействие с органами государственной власти и управления, негосударственными и международными организациями»
Курс профессиональной переподготовки «Спортивный менеджмент: управление в области физической культуры и спорта»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и методическое обеспечение процессов физкультурной и спортивной деятельности в отношении лиц с ограниченными возможностями здоровья»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Лабиринт
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.