Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Урок по развитие речи "Тіл дамыту "

Урок по развитие речи "Тіл дамыту "


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Бүркіттің досы ( тіл дамыту )

Сабақтың мақсаты: Мәтінмен таныса отырып достықты,жолдастықты дәріптеуге,құрметтеуге үйрету.

Міндеттері:

1.Оқушылардың тақырыпқа байланысты білімдерін жинақтау,қорытындылау.

2.Сөздік қорларын пайдалана отырып еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

3.Топ алдында сөйлеуге,топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Стратегиялар: топтастыру, проблемамен саудалас,бес жолды өлең стратегиялары

Көрнекі құралдары: құстардың суреттері, Құсбегілік туралы бейнефильм

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылықты ояту.

Топтастыру стратегиясы.

Сынып үш топқа бөлінеді,топқа берілген сұрақ бойынша топтағы әр оқушы жеке тізім жасайды,жұпта жұмыс,топта пікірлеседі,ортақ ой шығарады.Өз пікірлерін әр топ үлкен қағазға жазып ортаға шығарады.

1 топ – Құстардың түрлері

2 топ – Құстардың пайдасы

3 топ – Құстардың қорегі

ІІ. Мағынаны тану.

Проблемамен саудалас стратегиясы

Оқушы өз ойын жанындағы балаға айтады,содан кейін топқа салады,ортаға әр топтан бір ортақ ой шығады.

Бүркіттің досы (авторы Төлеген Қажыбаев)

(Мәтіннің бірінші бөлігі топтарға таратылып беріледі)

І.Бір бүркіт өзіне сенімді дос іздеп,әлемге хабар беріпті.Құстар жиналып,бүркіттің алдына келіпті.Сонда бүркіт:

- Кімнің қандай қасиеті бар? – деп сұрапты.

Бірінші болып қаз сөйлеген екен.(Әр топ қаздың сөзін айтулары керек)

ІІ.Екінші жапалақ сөйлейді (жапалақтың сөзін айтулары керек)

ІІІ.Құстардың көбі өзін-өзі мақтаған екен.Сонда бүркіт алыстау тұрған сұңқардан:

- Сен неге үндемейсің?Сенің қандай қасиетің бар?-деп сұрапты. Сонда сұңқар ...(Топтар сұңқардың сөзін айтулары керек)

Барлық топқа ортақ сұрақ. Қалай ойлайсыңдар,осы құстардың ішінде бүркіт өзіне дос болуға қайсысын таңдайды?

Құсбегілік туралы бейнефильмінен үзіндіні дыбыссыз көрсету.

Фильмде қандай құс бар?Адам бұл құсты не үшін ұстайды екен?

Бұл құс қайда мекендейді? деген сияқты сұрақтарды қоя отырып білімдерін тексеру.

Олардың білімдерімен сәйкестендіру,толықтыру үшін фильмді дыбысымен қосамын.

Құсбегілік туралы қосымша хабарлама оқылады.

Жазбаша жұмыс

Әр топ алдарындағы қағазға достық,жолдастық туралы мақал-мәтелдердің басын жазып келесі топқа береді,ол топ мақал-мәтелдің жалғасын басқа түсті қаламмен толықтырып жазулары керек.Мақалдағы сын есімді тауып сын есімнің шырай түрлеріне қойып жазу.

Жаман,жамандау,жап-жаман,ең жаман

Досы көппен сыйлас,....

Жүз сом ақшаң болғанша ...

Жаман достан ...



ІІІ. Ой толғаныс.


Бес жолды өлең стратегиясы.

Оқушының берген білімді дұрыс және толық қабылдануына көз жеткізу.

1 жол Зат есім

2 жол Екі сын есім

3 жол Үш етістік

4 жол Төрт сөзден тұратын тұжырымды сөйлем.

5 жол Бірінші жолдағы зат есімге синоним сөз.

Берілетін сөздер: ДОС . ҚҰС.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Құстардың патшасы – бүркіт (іздену жұмысы)








































Автор
Дата добавления 24.11.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров133
Номер материала ДВ-184880
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх